Қолдану көрсеткіштері
АМОСИН® ересектерде келесі инфекцияларды емдеуге арналған:
• Жедел бактериялық синусит
• Жедел ортаңғы отит
• Жедел стрептококкты тонзиллит және фарингит
• Созылмалы бронхиттің өршуі
• Ауруханадан тыс пневмония
• Жедел цистит
• Жүктілік кезіндегі симтомсыз бактериурия
• Жедел пиелонефрит
• Іш сүзегі және паратифоз
• Тіс абсцессі және флегмона
• Протездеуден кейін буындардың инфекциясы
• Helicobacter pylori эрадикациясы (біріктірілген ем құрамында)
• Лайм ауруы
• Эндокардиттің профилактикасы.
Бактерияға қарсы дәрілерді дұрыс қолдану жөніндегі ресми нұсқаулықты қарастырған жөн.