Показания к применению
Жедел немесе созылмалы отит

Жедел немесе созылмалы отит
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- дабыл жарғағының тесілуі
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Жергілікті препараттарды әсіресе ұзақ уақыт бойы қолданғанда сенсибилизацияны тудыруы мүмкін. Бұл жағдайда емдеуді тоқтату керек. Тиісті терапияны таңдау үшін дәрігермен кеңесу керек.
Ауыр және тұрақты инфекцияларды жергілікті емдеуді антибиотиктерді жүйелі қолданумен толықтыру қажет.
Анауран препаратты ұзақ қолдану жүргізілетін емге резистентті суперинфекция дамуына әкелуі мүмкін.
Неомицин құлақ иірімінің зақымдануы салдарынан, әсіресе Корти ағзасының талшықты жасушаларының зақымдануы кезінде тұрақты нейросенсорлық естімей қалудың себебі болуы мүмкін. Препаратты қолдануды 10 күнге шектеу ұсынылады. Бактерияға қарсы препараттарды ұзақ уақыт қолданғанда ототоксикалық даму қаупі артады. Анауран препаратты қабылдауы 10 күннен аспауы тиіс.
Басқа аминогликозидтер туындыларымен айқаспалы аллергия және айқаспалы резистенттілігі туындауы мүмкін.
Анауран құлақ ауруларын тек жергілікті емдеу үшін қолданылады, дененің басқа бөліктеріне препаратты қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың құрамында болуы ескерілуі тиіс қосымша заттар туралы ақпарат
Препарат құрамында бензалконий хлориді (тамшысына 0,001 мг), теріні тітіркендіруі мүмкін.
Препарат құрамында пропиленгликоль (тамшысына 11,6 мг), теріні тітіркендіруі мүмкін.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Өзара әрекеттесу жағдайлары сипатталмаған.
Педиатрияда қолдану
1 жасқа дейінгі балаларға препаратты тек аса қажетті жағдайда және дәрігердің бақылауымен қолдану керек.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты тек аса қажетті жағдайда және дәрігердің бақылауымен қолдану керек.
Препараттың көлік құралдарын жүргізуге және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Өзара әрекеттесу жағдайлары сипатталмаған.
Педиатрияда қолдану
1 жасқа дейінгі балаларға препаратты тек аса қажетті жағдайда және дәрігердің бақылауымен қолдану керек.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты тек аса қажетті жағдайда және дәрігердің бақылауымен қолдану керек.
Препараттың көлік құралдарын жүргізуге және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Дозалау режимі
Ересектерге: 4-5 тамшыдан тәулігіне 2-4 рет.
Балаларға: 2-3 тамшыдан тәулігіне 3-4 рет.
Енгізу тәсілі және жолы
Жергілікті, сыртқы есту жолына арнайы тамшуырдың көмегімен қолдану керек. Тамызғаннан кейін ауырмайтын құлақ жаққа қарай бірнеше минут басты қисайтып ұстау керек.
Құлақ тамшы дәрісін пайдаланар алдында сыртқы есту жолына салқын сұйықтықтың түсуіне байланысты жағымсыз сезімдерден аулақ болу үшін, оны қолда ұстап тұрып, құтыны дене температурасына дейін жылыту ұсынылады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы емдеуге нәтижесінің жылдамдығына байланысты. Емдеу курсы 10 күннен аспауы тиіс.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар
Артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Егер сізге препараттың қолдану жөніндегі нұсқаулар түсініксіз болса, медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну ұсынылады.
25 мл препараттан резеңке тамшылатқышпен және алғашқы ашылуы бақыланатын қақпақпен жабдықталған күңгірт шыныдан жасалған құтыға салынған. Құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Құтыны алғаш ашқаннан кейінгі жарамдылық мерзімі – 3 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.