daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Ангисепт NL Түймедақ Таблеткалары №10 | Жанафарм ТОО

Таразе қаласындағы Ангисепт NL Түймедақ Таблеткалары №10 | Жанафарм ТОО
Сипаттама:

Ашық-сарыдан көк-жасыл түске дейінгі, болар-болмас теңбілдері бар, сызығы мен ойығы бар, диаметрі 12 мм-ге жуық, биіктігі (4,0 ± 0,2) мм жалпақ цилиндр пішінді таблеткалар. Дәмі қышқыл-тәтті, өзіне тән иісі бар.

Өндіруші:

Жанафарм ТОО

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Дәрілік түрі:

Соруға арналған таблеткалар

Қаптамадағы саны:

10 шт.

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Ангисепт НL ересектер мен 6 жастан асқан балаларда келесі ауруларда қолданылады:

- жоғарғы тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы инфекцияларында (ЖРА, ангина, гингивиттер, стоматиттер)

- ауыз қуысы мен тамақтың қабыну ауруларында

- ауыз қуысындағы ойық жаралар мен жараларда

- ауыздағы және тамақтағы жағымсыз сезімдер (құрғауы және жыбырлауы) кезінде

- ауыздан жағымсыз иіс шығатын жағдайда

Қарсы көрсеткіштер

- препараттың белсенді заттарына немесе қандай-да бір қосымша заттарына жоғары сезімталдық

- қант диабеті

- 6 жасқа дейінгі балаларға

- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы, фруктоза жақпаушылығы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттер.

Өзара әрекеттесуі

Басқа препараттармен клиникалық тұрғыдан елеулі өзара әрекеттесулері анықталған жоқ. Препаратты микробқа қарсы басқа жергілікті дәрілермен бір мезгілде қолдануға болады.

Аскорбин қышқылы қандағы пенициллин мен тетрациклиндер концентрациясын жоғарылатады, ішекте темірдің сіңірілуін жақсартады (үш валентті темірді екі валентті темірге айналдырады), дефероксаминмен бір мезгілде қолданғанда темірдің шығарылуын арттыруы мүмкін. Аскорбин қышқылын құрамында алюминий бар антацидтермен бір мезгілде қолдану алюминийдің несеппен шығарылуын арттыруы мүмкін.

Қысқа әсер ететін салицилаттармен және сульфаниламидтермен емдегенде С дәруменін бірге тағайындау қышқылдардың бүйрекпен шығарылуын баяулатады, сілтілік реакциясы бар дәрілік заттардың (оның ішінде алкалоидтардың) шығарылуын жоғарылатады, кристаллурияның даму қаупін арттырады. Аскорбин қышқылы бір мезгілде қолданғанда пероральді контрацептивтердің, тікелей емес антикоагуляторлардың қандағы концентрациясын төмендетеді, этанолдың жалпы клиренсін жоғарылатады, изопреналиннің, В12 дәруменінің, нейролептиктер - фенотиазин туындыларының (мысалы, флуфеназин) емдік әсерін азайтады, трициклдық антидепрессанттардың өзекшелік реабсорбциясын төмендетеді. Барбитураттарды бір мезгілде қабылдау аскорбин қышқылының несеппен шығарылуын арттырады. Индометацин аскорбин қышқылының тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Түймедақ пен варфаринді бір мезгілде қолданғанда өсімдікте гидроксикумариндердің болуы есебінен оның әсері күшеюі мүмкін. Пепсиннің протеолитикалық белсенділігін төмендетеді. Варфарин (кумадин), клопидогрель (плавикс) және аспирин сияқты антикоагулянттық және антиагреганттық препараттармен өзара әрекеттескен кезде қан кетудің даму қаупін арттырады; гипотензиялық дәрілік заттармен олардың әсерін күшейтеді; диабетке қарсы дәрілермен гипогликемияның даму қаупін арттырады; седативтік препараттармен және ұрықтануға қарсы дәрілермен, олардың әсерін күшейтеді; шүйгіншөп, кава немесе мысыққұйрық сияқты шөптермен олардың әсерін күшейтеді. Бүйрек трансплантациясынан кейін ұзақ уақыт бойы (шамамен екі ай) түймедақ гүлдері препараттарының жоғары дозаларын қабылдаған пациенттерде CYP450 әсеріне негізделген өзара әрекеттесулер туралы хабарламалар алынды.

Арнайы ескертулер

Егер ауру симптомдары сақталып қалса, нашарласа немесе жаңалары пайда болса, дәрігермен кеңесу керек.

Прополис сирек аллергия тудырады, бұл оны терінің аллергиялық ауруларын емдеуде де қолдануға мүмкіндік береді. Алайда, жоғары сезімталдықтың пайда болу ықтималдығы бәрібір де бар. Аллергиясы бар адамдарға қолданар алдында аурудың өршуін басатын дәрілер қолда болған жағдайда, тері сынамаларын жүргізу ұсынылады. Аллергенділігінің төмендігі оны қатарлас аурулар жағдайында кешенді емдеуде кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

Аскорбин қышқылын жылдам пролиферацияланатын және қарқынды метастаздалатын ісіктері бар пациенттерге тағайындау үдеріс ағымын ушықтыруы мүмкін. Организмінде темір мөлшері жоғары пациенттерде аскорбин қышқылын ең аз дозада қолдану керек.

Құрамында аскорбин қышқылының болуына байланысты қан ұюы жоғары, полицитемия, лейкемия, тромбофлебит немесе тромбозға бейімділігі, гипероксалуриясы, бүйрек-тас ауруы бар пациенттерге тағайындағанда ерекше сақтық таныту керек. Аскорбин қышқылының жоғары дозаларын қабылдау бүйректе кальций оксалаты тастарының түзілуіне байланысты, сондықтан аскорбин қышқылын гипероксалуриясы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Педиатрияда қолдану

6 жасқа дейінгі балаларға қауіпсіздігі анықталмаған.

Қосымша заттар

Дәрілік препараттың құрамында қант бар, мұны қант диабеті бар пациенттерде ескеру керек.

Жүктілік немесе лактация кезеңінде

Препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде қолданудың қауіпсіздігі жөніндегі деректер жоқ, сондықтан препаратты тек, ана үшін болжамды пайдасы шарана мен балаға төнетін қауіптен асып түсетін жағдайда ғана қолдануға болады.

Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға күніне 3-4 рет 1 таблеткадан.

12 жастан асқан балалар мен ересектерге доза екі еселенеді.

Ең жоғары тәуліктік доза – 8 таблетка.

Паценттердің ерекше топтары

Балалар

6 жасқа дейінгі балаларда қолданылуының қауіпсіздігі анықталмаған.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Дозасын түзету қажет емес.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерге дозасын түзету қажет емес.

Енгізу әдісі мен жолы

Толық ерігенге дейін ауызда баяу сору керек. Препаратты қолданғаннан кейін бірден тамақ ішпеген және 1-2 сағат бойы сусын ішпеген дұрыс.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсы 5-6 күн.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Симптомдары: препаратты ұсынылғанынан артық дозаларда қабылдау асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылуларды туындатуы мүмкін.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату керек. Симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі

Полимер жабыны бар біріктірілген қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада 10 таблеткадан.

250 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тең санымен бірге қораптық картоннан жасалған топтық ыдысқа салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 150 С-ден 250 С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 150 С-ден 250 С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыАнгисепт NL түймедақ таблеткалары №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube