daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Азилект Таблеткалары 1 Мг №30 | Тева Фармасьютикал Индастриз Лтд

Таразе қаласындағы Азилект Таблеткалары 1 Мг №30 | Тева Фармасьютикал Индастриз Лтд
Сипаттама:

Дөңгелек, жалпақ цилиндр пішінді, бір жағында «GIL1» өрнегі, ойығы бар, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Разагилин Дәрілік түрі, дозасы Таблеткалар, 1 мг Фармакотерапиялық тобы Жүйке жүйесі. Паркинсон ауруына қарсы препараттар. Допаминергиялық  препараттар. Моноаминоксидаза (В типі) тежегіштері. Разагилин. АТХ коды N04BD02

Өндіруші:

Тева Фармасьютикал Индастриз Лтд

Өндіруші ел:

Израиль

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: маннитол, коллоидты кремнийдің қостотығы, жүгері крахмалы, желатинделген жүгері крахмалы, стеарин қышқылы, тальк.

Белсенді заттың дозасы:

1 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: разагилин мезилаты, 1,56 мг (1 мг разагилинге баламалы)

қосымша заттар: маннитол, коллоидты кремнийдің қостотығы, жүгері крахмалы, желатинделген жүгері крахмалы, стеарин қышқылы, тальк.

Қолдану көрсеткіштері

- Паркинсон идиопатиялық ауруының монотерапиясы

- дофамин агонистерін қолдана отырып адъювантты ем

- доза соңының флуктуациясымен науқастарда леводопаны қолдана отырып адъювантты ем.

Қарсы көрсеткіштер

- разагилинге немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- басқа MAO тежегіштерімен (соның ішінде құрамында шілтер жапырақты шайқурай қосылған дәрілік препараттармен және тағамдық қоспаларымен), петидинмен бір мезгілде қолдану. Разагилинді қабылдауды тоқтату мен осы дәрілік препараттармен емдеудің басталуы арасындағы үзіліс 14 күннен кем болмауы тиіс

- орташа және ауыр дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша В және С класы)

- деконгестанттармен, симпатомиметиктермен, декстрометорфанмен біріккен ем

- феохромоцитома

- жүктілік және  лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балаларға

Басқа дәрілік  препараттармен өзара әрекеттесуі

МАО тежегіштері

Разагилинді басқа МАО тежегіштерімен, оның ішінде рецептісіз босатылатын дәрілік препараттармен және тағамдық қоспаларымен мысалы шілтер жапырақты шайқураймен бір мезгілде қолдануға болмайды, себебі МАО іріктелмеген тежеуі салдарынан ауыр гипертониялық криздің даму қаупі бар.

Петидин

Петидин мен МАО тежегіштерін, соның ішінде МАО-В іріктелген  тежегіштерін бір мезгілде қолданғанда күрделі жағымсыз реакциялардың дамуы туралы хабарланды. Разагилин мен петидинді бір мезгілде қолдануға болмайды.

Симпатомиметикалық дәрілік препараттар

Разагилиннің МАО тежеу қасиетіне байланысты, разагилинді деконгестанттар сияқты симпатомиметиктермен немесе ішке қабылданатын суық тиюге қарсы немесе құрамында эфедрин немесе жалғанэфедрин қосылған мұрынға қолданылатын кешенді препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Декстрометорфан

Оларды бір мезгілде қолдану кезінде декстрометорфан мен селективті емес МАО тежегіштерінің өзара әрекеттесуі туралы хабарланған. Разагилиннің МАО тежеу қасиетіне байланысты, разагилинді декстрометорфанмен және құрамында бар біріктірілген дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.

СКҚСТ, СНКҚСТ/трициклді және тетрациклді антидепрессанттар

Разагилинді флуоксетинмен немесе флувоксаминмен бір мезгілде қолданбау керек.

СКҚСТ, СНКҚСТ, трициклді және тетрациклді антидепрессанттарды МАО тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда күрделі жағымсыз реакциялардың дамуы туралы хабарланған. Разагилиннің МАО тежеу қабілетіне байланысты, оны СКҚСТ, СНКҚСТ, трициклді және тетрациклді антидепрессанттармен бір мезгілде қолданғанда сақ болу қажет.

CYP1A2-ге әсер ететін дәрілік заттар

Разагилин метаболизміне қатысатын негізгі фермент Р450 1А2 цитохромы (CYP1A2) болып табылады.

CYP1A2 тежегіштері

Бір мезгілде ципрофлоксацин (CYP1A2 тежегіштері) мен разагилинді қолдану соңғысының AUC мәнін 83% арттырады. Бір мезгілде разагилин мен теофиллинді (CYP1A2 субстраты) қолдану олардың ешқайсысының фармакокинетикасына әсерін тигізген жоқ. Осылайша, CYP1A2 изоферментінің қуатты тежегіштері разагилиннің плазмалық концентрациясын өзгерте алады және бір мезгілде абайлап қолдануды талап етеді.

CYP1A2 индукторлары

CYP1A2 ферментінің индукциясымен байланысты, шылым шегетін пациенттерде қан плазмасындағы разагилин концентрациясының азаюы мүмкін деген қауіп бар.

Р450 басқа изоферменттері

Разагилиннің 1 мкг/мл концентрациясында (Паркинсон ауруымен ауыратын пациенттерде 1 мг разагилинді көп рет қабылданғаннан кейін орташа Cmax (5,9-8,5 нг/мл) мәнінен 160 есе асып түсетін концентрацияға баламалы) CYP1A2, CYP2A6, CYP2C9, CYP2C19, CYP2D6, CYP2E1, CYP3A4 және CYP4A изоферменттерін тежемейтіні көрсетілген.

Паркинсон ауруын емдеуге арналған леводопа және басқа да дәрілік заттар

Леводопамен ұзақ мерзімге емдеу үшін қосымша ем ретінде разагилинді қабылдаған Паркинсон ауруымен ауыратын пациенттерде разагилин клиренсіне леводопаның көмегімен емдеудің клиникалық маңызды әсері жоқ.

Энтакапонды разагилинмен бір мезгілде қолданғанда соңғысының клиренсі 28% жоғарылаған.

Тирамин / разагилиннің өзара әрекеттесуі

Разагилин мен тирамин өзара әрекеттеспейді және разагилинді рационда тираминді шектемей қауіпсіз қолдануға болады.

Арнайы сақтандырулар

Жеңіл дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі кезінде (Чайлд-Пью шкаласы бойынша А класы); серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштерімен (СКҚСТ) (оның ішінде флуоксетинмен, флувоксаминмен), серотонин мен норадреналин кері қармаудың селективті тежегіштерімен (СНКҚСТ), трициклді және тетрациклді антидепрессанттармен, СҮР1А2 изоферментінің қуатты тежегіштерімен бір мезгілде сақтықпен қолдану керек.

Разагилинді және флуоксетинді немесе флувоксаминді бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек. Флуоксетинді тоқтату мен разагилинмен емдеуді бастаудың арасындағы үзіліс кемінде бес апта болуы тиіс. Разагилинді тоқтату және флуоксетинмен немесе флувоксаминмен емді бастаудың арасындағы үзіліс кемінде 14 күнді құрауы тиіс.

Разагилинді және декстрометорфанды немесе деконгестанттар сияқты симпатомиметиктерді немесе ішке қабылданатын суық тиюге қарсы немесе құрамында эфедрин немесе жалғанэфедрин бар мұрынға қолданылатын кешенді препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Разагилинді және леводопаны бір мезгілде қолдану

Разагилин леводопаның әсерін күшейтеді, сондықтан леводопаның жағымсыз әсерлерінің күшеюі, осыған дейін болған дискинезияны асқындыруы мүмкін. Леводопаның дозасын азайту осы жағымсыз әсерді әлсіретуі мүмкін.

Разагилинді леводопамен бір мезгілде қабылдағанда пайда болатын гипотензивті әсері туралы хабарламалар болды. Паркинсон ауруымен ауыратын пациенттер қимыл-қозғалыстың бұрыннан бар проблемаларына байланысты гипотензияның жағымсыз әсеріне көбірек ұшырайды.

Дофаминергиялық әсер

Күндізгі уақытта шамадан тыс ұйқышылдық (EDS) және кенеттен ұйықтап кету эпизоды (SOS)

Разагилин күндізгі ұйқышылдықты, қалғуды, әсіресе басқа дофаминергиялық дәрілік заттармен қолдану кезінде тудыруы мүмкін. Пациенттерді осы әсер туралы хабардар етіп, көлік жүргізу кезінде немесе разагилинмен емдеу барысында механизммен жұмыс істеу кезінде сақтық танытуға кеңес беру керек. Ұйқышылдық және / немесе кенеттен ұйықтап кету эпизоды байқалған пациенттерге көлік жүргізуден немесе көлікпен жұмыс істеуден бас тартқан жөн.

Импульстік бақылаудың бұзылуы (ИББ)

ИББ допамин агонистерін және / немесе дофаминергиялық дәрілерді қабылдаған пациенттерде пайда болуы мүмкін. Пациенттер оянуға қатысты  бұзылыстардың дамуын үнемі бақылауы тиіс. Пациенттер мен олардың қамқоршылары разагилинді қабылдаған пациенттерде байқалған, маза бермейтін ойлар, ойынқұмарлық, либидоның артуы, гиперсексуалдық, импульсивті мінез-құлық, сонымен қатар, ақшаны жұмсауға немесе заттарды сатып алуға патологиялық құмарлықты қоса ой-әрекетіне қатысты  бұзылыстардың мінез-құлықты симптомдары  туралы ескертілуі тиіс.

Меланома

Тері обырының жоғары қаупі (меланома ғана емес) қандай да бір дәрілік заттармен емес, Паркинсон ауруына байланысты. Дегенмен, кез келген күдікті тері зақымдарын маманның бағалауы тиіс.

Бауыр жеткіліксіздігі

Жеңіл бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде разагилинмен емдеуді сақтықпен бастаған жөн. Разагилинді бауыр функциясының орташа бұзылулары бар пациенттерде қолданудан аулақ болу керек. Егер бауыр жеткіліксіздігі жеңілден орташа ауырлық дәрежесіне дейін өршісе, разагилинмен емдеудің тоқтатылуы тиіс.

Көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді  басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Разагилин ұйқышылдықты/кенеттен ұйықтап кету эпизодтарын сезетін пациентерде автокөлікті басқару және механизмдерді қолдану қабілетіне әсер етуі мүмкін.

Пациенттерге разагилиннің оларға теріс әсер етпейтіндігіне сенімділік болмайынша, қауіпті механизмдерді, соның ішінде көлік құралдарын пайдалануда сақтық таныту туралы ескертілуі тиіс.

Разагилинді қабылдап жүрген және ұйқышылдықты/кенеттен ұйықтап кету эпизодтарын сезінген пациенттерді, разагилинді және басқа дофаминергиялық препараттарды қолдануда жеткілікті тәжірибе жинақтағанға және ақыл-ой және/немесе моторлық белсенділікке ықпалы бар-жоқтығы анықталғанға дейін, көлік жүргізуден немесе қырағылықтың нашарлауынан пациенттің өзіне немесе басқа адамдарға ауыр жарақаттар немесе өлім қаупін төндіруі мүмкін жұмыстарға (мысалы, механизмдермен жұмыс істеу кезінде) қатысудан бас тарту қажеттілігі туралы хабардар ету қажет.

Егер күнделікті өмірде ұйқышылдықтың күшеюі және/немесе ұйықтап кетудің жаңа эпизодтары (мысалы, теледидар қарап отырып, машинадағы жолаушы және т.б.) емделу кезінде кез келген уақытта пайда болса, онда пациенттерге автокөлікті басқаруға немесе қауіптілігі зор қызметтерге қатысуға болмайды.

Егер пациенттер бұрын разагилинді пайдаланғанға дейін ұйқышылдықты және/немесе кенеттен ұйықтап кету эпизодтарын сезінсе, олардың автокөлікті басқармауы, машиналарды пайдаланбауы  немесе биік жерде жұмыс істемеуі тиіс.

Пациенттерге разагилинмен біріктіріп қолданғанда немесе разагилиннің плазмадағы деңгейін жоғарылататын дәрілерді (мысалы, ципрофлоксацинді) қатар қабылдағанда, седативтік дәрілік препараттардың, алкогольдің немесе орталық жүйке жүйесінің басқа депрессанттарының (мысалы, бензодиазепиндердің, психозға қарсы препараттардың, антидепрессанттардың) әсерлері күшеюі мүмкін екендігі туралы ескерту керек.

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Тәулігіне 1 рет 1 мг дозада ас ішуге тәуелсіз, ішке қабылданады.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Орташа және ауыр дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде разагилинді қолдануға болмайды.

Разагилинді жеңіл дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданған кезде сақ болу керек. Егер разагилинмен емделу аясында бауыр жеткіліксіздігінің орташа дәрежеге дейін үдеуі байқалса, препаратты қолдануды тоқтату керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: 3 мг-ден 100 мг-ға дейін дозада разагилинмен артық дозаланудан кейін дисфория, гипомания, гипертониялық криз және серотонинді синдром байқалды. Арнайы антидот жоқ.

Емі: артық дозаланған жағдайда пациенттер бақылануы, тиісті симптоматикалық және демеуші емнің көрсетілуі тиіс.

Артық дозалану

Жанама әсерлері

Қауіпсіздік бейінінің түйіні

Паркинсон ауруымен ауыратын пациенттерде жиі хабарланған жағымсыз реакциялар мыналар: монотерапия кезінде бас ауыру, депрессия, бас айналу және тұмау (тұмау және ринит); дискинезия, ортостаздық гипотензия, құлау, іштің ауыруы, жүрек айнуы және құсу, сондай-ақ леводопамен емдеуге қосымша ем кезінде ауыздың кеберсуі; қаңқа-бұлшықеттің ауыруы, арқаның және мойынның ауыруы, сондай-ақ емнің екі режимінде де артралгия. Бұл жағымсыз реакциялар дәрілік заттарды тоқтату жиілігінің жоғарылауына әкелген жоқ.

Жағымсыз реакциялар байқалу жиілігі бойынша көрсетілген: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан <1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000).

Өте жиі

- бас ауыру

Жиі

- тұмау, тері карциномасы, лейкопения, аллергия, депрессия, елестеулер, конъюнктивит, вертиго, стенокардия, ринит, метеоризм, дерматит, қаңқа-бұлшықет ауыруы, мойынның ауыруы, артрит, несеп шығаруға императивті қысылу, қызба, дімкәстік

Жиі емес

- тәбеттің төмендеуі, ми қан айналымының бұзылуы, миокард инфаркты, везикулезді-буллезді бөртпе,

Белгісіз

- импульстік бақылаудың бұзылуы, серотонинді синдром, күндізгі уақытта шамадан тыс ұйқышылдық (EDS), кенеттен ұйықтап кету эпизодтары (SOS), гипертензия

Қосымша ем ретінде қолданған кезде

Өте жиі

- дискинезия

Жиі

- тері меланомасы, депрессия, елестеулер, дистония, білезік өзегінің синдромы, тепе-теңдіктің бұзылуы, ортостаздық гипотензия, іштің ауыруы, іш қатуы, жүрек айнуы және құсу, ауыздың кеберсуі, бөртпе, артралгия, мойынның ауыруы, салмақтың төмендеуі, ортостаздық гипотензия жиірек разагилинмен емдеудің алғашқы екі айында пайда болады және уақыт өте төмендейді

Жиі емес

- тәбеттің төмендеуі, сананың шатасуы, ми қан айналымының бұзылуы, стенокардия

Белгісіз

- импульстік бақылаудың бұзылуы, серотонинді синдром, күндізгі уақытта шамадан тыс ұйқышылдық (EDS), кенеттен ұйықтап кету эпизодтары (SOS), гипертензия

Шығарылу түрі

10 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады. 3 немесе 10 пішінді қаптамадан қолданылуы жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

30 таблеткадан полипропиленнен жасалған құтыларға салады. 1 құтыдан қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыАзилект таблеткалары 1 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube