Қолдану көрсеткіштері
Тыныс жолдарының созылмалы обструкциялық ауруларында тыныстың
тарылуын емдеу және профилактикасы үшін:
аллергиялық және аллергиялық емес (эндогендік) бронх демікпесі, дене жүктемесінен болатын бронх демікпесі, эмфиземамен және онсыз созылмалы обструкциялық бронхит
«өкпені ашуға» дайындық және кортикостероидтармен, секретомуколитиктермен, гипертониялық тұзды ерітіндімен, кромоглиций қышқылымен (ДНКГ) және антибиотиктермен демеуші ингаляциялық ем үшін
Ескертпе:
Ұзаққа созылатын дәрі-дәрмекпен ем қажет болса, ол үнемі қабынуға қарсы еммен қатар жүргізілуі тиіс.