Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді зат - бисакодил 10 мг,
қосымша зат - қатты май.
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді зат - бисакодил 10 мг,
қосымша зат - қатты май.
- ересектер мен 12 жастан асқан балалардағы іш қатуды симптоматикалық емдеуде.
бисакодилге немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
ішек бітелісі (салдануы)
ішектің обструкциясы (стеноз)
аппендицитті қоса, жедел абдоминальдік жай-күй
жүрек айнуы мен құсумен байланысты іштің қатты ауыруы, бұл жоғарыда аталған ауыр патологиялық жағдайларды көрсетуі мүмкін
асқазан-ішек жолдарының жедел қабыну аурулары
шығу тегі белгісіз ректальді қан кетулер
организмнің ауыр сусыздануы
шырышты қабықтың зақымдалуы болатын анустың сызаты немесе ойық жаралы проктит
12 жасқа дейінгі балалар.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Басқа іш жүргізетін препараттар сияқты, Бисакодилді іш қатудың себебін анықтамай, күнделікті немесе ұзақ уақыт бойы үздіксіз қолдануға болмайды.
Келесілердің даму қаупі артуын ескеру қажет:
іш жүргізетін дәрілерді шамадан тыс (жиі немесе ұзақ уақыт немесе шамадан тыс дозаларда қолдану) пайдалану кезінде кейіннен судың, минералды тұздардың (әсіресе калий) және басқа да қажетті қоректік факторлардың жоғалуы болатын тұрақты диареяда.
ауырлау жағдайларда, жүрек немесе жүйке-бұлшықет дисфункциясының дамуына ықпал ететін сусыздану немесе гипокалиемия, әсіресе жүрек гликозидтерімен, диуретиктермен немесе кортикостероидтармен бір мезгілде емдегенде.
ішектен сұйықтық жоғалтқандағы сусыздану. Симптомдарына шөлдеу және олигурия жатады. Сусыздану қауіпті болуы мүмкін пациенттерде (бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер, егде жастағы пациенттер) Бисакодил препаратын қолдануды тоқтату керек және қолдануды тек дәрігер бақылауымен ғана қайта жаңғыртуға болады.
- үйренісу (және, демек, дозаны біртіндеп жоғарылату қажеттілігінің мүмкіндігі), созылмалы іш қату және ішектің қалыпты функциясының бұзылуы (ішек атониясы) іш жүргізетін дәрілерді, әсіресе жанаспалыларды (стимуляциялаушы іш жүргізетін дәрілерді) шамадан тыс пайдалану кезінде.
Қант диабеті
Қант диабетінде тек дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолданыңыз.
Басқа жай-күйлер
Гипертонияда немесе жүрек аурулары кезінде дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолданыңыз.
Пациенттерде гематохезия (нәжістегі қан), бақылануы мүмкін, ол әдетте жеңіл болады және өздігінен өтеді.
Бисакодилді қолданғаннан кейін бас айналу және/немесе естен тану жағдайлары туралы хабарланды.
Бұл жағдайлар үшін қол жетімді деректер осы құбылыстардың бисакодилді қолданумен байланыстылығы міндетті еместігін болжауға мүмкіндік береді, оларды "дефекациялық есте тану" көрінісі (дефекация әрекетінің күшеюімен шартталған) немесе іш қатудың өзіне байланысты іштің ауырсынуына вазовагальді реакция ретінде түсіндіруге болады.
Суппозиторийлерді қолдану, атап айтқанда анус сызаттары мн ойық жаралы проктиті бар пациенттерде аноректальді аумақта ауырсыну сезімдеріне және жергілікті тітіркенуге әкелуі мүмкін.
Стимуляциялайтын іш жүргізетін препараттар, оның ішінде Бисакодил салмақ төмендетуге ықпал етпейді .
Созылмалы немесе қайталанатын іш қатуды емдеу әрдайым диагноз қою, препараттарды тағайындау және емдеу курсы барысын бақылау үшін дәрігердің араласуын талап етеді.
Егер іш жүргізетін дәрінің қажеттілігі екі аптадан астам уақытқа созылған бұрынғы үлкен дәрет әдеттерінің (дефекацияның жиілігі мен сипаттамалары) кенеттен өзгеруіне байланысты болса немесе іш жүргізетін дәріні қолдану әсер етпесе, дәрігермен кеңесу керек.
Сондай ақ, егде жастағы адамға немесе денсаулығы нашар адамға дәріні қолданар алдында дәрігерден кеңес алу дұрыс болады.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Диуретиктермен немесе адренокортикостероидтармен бірге қолдану бисакодилдің шамадан тыс дозаларын қолдану кезінде электролиттік теңгерімсіздік қаупін арттыруы мүмкін.
Электролиттік теңгерімсіздік жүрек гликозидтеріне жоғары сезімталдыққа әкелуі мүмкін.
Басқа іш жүргізетін дәрілермен бір мезгілде қолдану Бисакодил препаратының асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз әсерлерін күшейтуі мүмкін.
Антацидтер мен сүт өнімдерін бір мезгілде қолдану таблетка қабығының төзімділігін төмендетіп, диспепсия мен асқазанның тітіркенуін тудыруы мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Препарат 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану үшін қарсы көрсетілімде.
Егде жастағы пациенттер
Бұл жас тобына қатысты арнаулы ұсыныстар жоқ. Клиникалық зерттеулерге 65 жастан асқан пациенттер қамтылды және осы жас тобына тән жағымсыз реакциялар туралы хабарланған жоқ.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүкті әйелдерде препаратты қолдану бойынша талапқа сай және қатаң бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ.
Осылайша, жүктілік кезінде қолданғанда қандай да бір жағымсыз немесе уытты әсерлер туралы ешқашан хабарланбағанына қарамастан, Бисакодилді, барлық басқа дәрілік заттар сияқты, тек қажет болған жағдайда ғана дәрігердің тікелей бақылауымен, ана үшін күтілетін пайдасы мен шарана үшін болуы мүмкін қауіптің арақатынасын бағалағаннан кейін қолдану керек.
Клиникалық деректерге сәйкес, бисакодилдің белсенді метаболиті де бис-(п-гидроксифенил) пиридил-2-метан (БГПМ) де, оның глюкурон туындылары да ана сүтіне бөлінбейді, алайда Бисакодилді бала емізу кезінде қажет болған жағдайда ғана, дәрігердің тікелей бақылауымен, анасы үшін күтілетін пайдасы мен сәби үшін болжамды қауіптің күтілетін арақатынасын бағалағаннан кейін ғана қолдану керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсерін зерттеу жүргізілген жоқ. Дегенмен, пациенттер вазовагальді реакцияға байланысты (мысалы, абдоминальді түйілу нәтижесінде) бас айналу және/немесе естен тану туындау болуының мүмкіндігінен хабардар болуы тиіс. Абдоминальді түйілулер пайда болған жағдайда пациенттер автокөлікті басқаруды немесе механизмдермен жұмыс істеуді қоса, қауіптілігі зор қызмет түрлерінен аулақ болуы керек.

Дозалау режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: тәулігіне 1 суппозиторийден (10 мг).
Ең жоғары тәуліктік дозадан асыруға болмайды.
Үлкен дәреттің реттелуін қалпына келтіргеннен кейін іш қатуды емдеу кезінде дозаны азайту керек және оны әдетте тоқтатуға болады.
Енгізу әдісі және жолы
Ректальді.
Суппозиторийді пішінді ұяшықты қаптамадан босатып, тікішекке сүйір ұшын алға қаратып енгізу керек.
Суппозиторийдің әсері әдетте шамамен 20 минуттан кейін басталады (10-нан 30 минутқа дейін). Іш жүргізетін әсерінің қолданғаннан кейін 45 минуттан соң болғаны сирек хабарланды.
Ұсынылған дозадан асырмау керек.
Емдеу ұзақтығы
Іш жүргізетін дәріні мүмкіндігінше сирек және жеті күннен асырмай қолдану керек.
Ұзақ уақыт бойы пайдалану жеке жағдайды талапқа сай бағалағаннан кейінгі дәрігердің тағайындауын талап етеді.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Симптомдары
Бисакодилдің шамадан тыс дозаларын қолдану диареяны, іштің ауырсынуын/түйілуін және сұйықтықтың, калийдің және басқа электролиттердің клиникалық елеулі жойылуын тудыруы мүмкін.
Бисакодил препаратының басқа іш жүргізетін дәрілер сияқты созылмалы артық дозалануы, созылмалы диареяға, іштің ауырсынуына, гипокалиемияға, салдарлы гиперальдостеронизмге және несеп-тас ауруына әкелуі мүмкін.
Сондай-ақ, іш жүргізетін дәрілерді үнемі шамадан тыс пайдалануға байланысты бүйрек түтікшелерінің зақымдануы, метаболизмдік алкалоз және гипокалиемияға қатысты салдарлы болатын бұлшықет әлсіздігі жағдайлары сипатталған.
Емі: симптоматикалық. Су және электролит теңгерімсіздігін қалпына келтіру қажет болуы мүмкін, бұл әсіресе егде жастағы пациенттер мен балалар үшін маңызды. Спазмолитиктерді тағайындау тиімді болуы мүмкін.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдамаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаған жағдайда, емдеуші дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз

5 суппозиторийден полиэтилинмен ламинацияланған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15 oC-ден 25 oC-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.