Құрамы
100 мл препараттың құрамында
белсенді зат - 10 г долана жемістері
қосымша зат - 70 % этил спирті
100 мл препараттың құрамында
белсенді зат - 10 г долана жемістері
қосымша зат - 70 % этил спирті
Кешенді ем құрамында:
жүрек қызметінің функционалдық бұзылыстары
климакстық синдром
кардиалгия
астено-невроздық жағдай
артериялық гипертензия
- әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
- артериялық қысымның төмендеуі
- жүрек ырғағының бұзылуы
- жүктілік және лактация кезеңі
- алкоголизммен зардап шегетін адамдар
- бауыр аурулары
- эпилепсия
- бассүйек-ми жарақаты
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Препаратты және жүрек гликозидтерін (строфантин, дигоксин және т. б.) біріктіріп қолданғанда кардиотонустық әсердің күшеюі болады; β-адреноблокаторлармен-гипотензиялық әсердің күшеюі мүмкін.
III класты аритмияға қарсы дәрілермен, сондай-ақ цизапридпен бір мезгілде қолдануға болмайды. Жағымсыз кешендер түзілуі мүмкіндігіне байланысты алкалоидтар тұздарымен бірге қабылдау ұсынылмайды.
Арнайы сақтандырулар
Компоненттерімен өзара әрекеттесуін болдырмас үшін препаратты тамақтану кезінде қабылдау ұсынылмайды. Бауыр аурулары мен бассүйек-ми жарақаттары кезінде абай болу керек.
Жүктілік немесе лактация кезеңінде
Препаратты қолдануға болмайды.
Алкоголизмге, эпилепсияға шалдыққан адамдарға, бауыр аурулары бар науқастарға препаратты қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану препарат құрамында этил спиртінің болуына байланысты автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етеді.
Компоненттерімен өзара әрекеттесуін болдырмас үшін препаратты тамақтану кезінде қабылдау ұсынылмайды. Бауыр аурулары мен бассүйек-ми жарақаттары кезінде абай болу керек.
Жүктілік немесе лактация кезеңінде
Препаратты қолдануға болмайды.
Алкоголизмге, эпилепсияға шалдыққан адамдарға, бауыр аурулары бар науқастарға препаратты қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану препарат құрамында этил спиртінің болуына байланысты автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етеді.
Дозалау режимі
Ішуге арналған
Қолданар алдында шайқау керек.
Долана тұндырмасын ішке тамаққа дейін қабылдайды. Ересектерге, ¼ стакан суға ерітілген тұндырманы, тұрақты емдік әсерге жеткенге дейін 20-30 тамшыдан күніне 3 рет қабылдау ұсынылады (артериялық қысымды қалыпқа келтіру, жүрек соғуын азайту). Тұндырманы құрамында этанолдың болуына байланысты ұзақ уақыт бойы қолдануға болмайды. Емдеу кезінде құрамында этанол бар басқа заттарды қабылдаудан аулақ болу қажет.
Бауыр және/немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде қолдану: сақтықпен тағайындау.
Егде жастағы пациенттерде қолдану: сақтықпен тағайындау.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер аурудың ерекшеліктерін, дәрілік заттың жағымдылығын және қол жеткізілген әсерді ескере отырып анықтайды.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Симптомдары - артериялық қысымның төмендеуі, бас айналу, ұйқышылдық, брадикардия.
Емі - симптоматикалық ем.
Симптомдары - артериялық қысымның төмендеуі, бас айналу, ұйқышылдық, брадикардия.
Емі - симптоматикалық ем.
Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
4 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.