daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Cephanorm Капсулалары 4 Мг №30 | Cefak KG

Таразе қаласындағы Cephanorm Капсулалары 4 Мг №30 | Cefak KG
Сипаттама:

Өлшемі №3, өзі де, қақпағы да ақ түсті қатты мөлдір емес желантинді капсулалар. Капсула ішіндегісі – өзіне тән хош иісі мен сәл ащылау дәмі бар ашық –қоңыр түсті ұнтақ. Шығарылу түрі және қаптамасы 10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Өндіруші:

Cefak KG

Өндіруші ел:

Федеративная Республика Германия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: глюкоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, лактоза моногидраты, магний стеараты, жүгері крахмалы, тальк, капсула қабығының құрамы: желатин, натрий лаурилсульфаты, титанның қостотығы (Е171), тазартылған су.

Белсенді заттың дозасы:

4 мг

Дәрілік түрі:

Капсулалар

Қаптамадағы саны:

30 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- етеккір циклінің бұзылуы

- мастодиния

- етеккір алдындағы синдром

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- гипофиз ісігі

- сүт безі обыры

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Цефанорм препаратын қолданар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Аллергиялық реакциялар жағдайында препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігермен кеңесу қажет.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Цефанорм препаратының басқа да дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі осы уақытқа дейін белгісіз. Дофаминді рецепторлар антагонистерімен (домперидон, ) бір мезгілде қолданғанда өзара әсері әлсіреуі мүмкін.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

Препарат 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға арналмаған.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Цефанорм препараты клиникалық деректердің жеткіліксіздігіне байланысты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану үшін ұсынылмаған.

Жануарларға жүргізілген тәжірибелерде жатаған изен (витекс) жемістерін енгізу кезінде сүт түзілуінің бұзылуы байқалды.

Қосымша заттар

Бұл дәрілік заттың құрамында глюкоза және лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактозаға жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы проблемалары бар пациенттер препаратты қабылдамауы тиіс.

Цефанорм құрамында бір реттік дозада кемінде 1 ммоль (23 мг) натрий бар, яғни ол натрийден бос препарат болып саналады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Өзара әрекеттесуі

Цефанорм препаратының басқа да дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі осы уақытқа дейін белгісіз. Дофаминді рецепторлар антагонистерімен (домперидон, ) бір мезгілде қолданғанда өзара әсері әлсіреуі мүмкін.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

Препарат 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға арналмаған.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Цефанорм препараты клиникалық деректердің жеткіліксіздігіне байланысты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану үшін ұсынылмаған.

Жануарларға жүргізілген тәжірибелерде жатаған изен (витекс) жемістерін енгізу кезінде сүт түзілуінің бұзылуы байқалды.

Қосымша заттар

Бұл дәрілік заттың құрамында глюкоза және лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактозаға жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы проблемалары бар пациенттер препаратты қабылдамауы тиіс.

Цефанорм құрамында бір реттік дозада кемінде 1 ммоль (23 мг) натрий бар, яғни ол натрийден бос препарат болып саналады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Ішке, таңертең тамақтану кезінде, шайнамай, судың аздаған мөлшерімен 1 капсуладан күніне 1 рет қабылдау керек. Капсулаларды күннің белгілі бір уақытында қабылдау ұсынылады.

Емдеуді етеккір кезінде үзбестен, 3 ай бойы жүргізіледі.

Егер препаратты тоқтатқаннан кейін шағымдар қайтадан болатын болса, дәрігермен кеңесу қажет; ұсыным бойынша емдеуді жалғастыруға болады.

Пациенттердің ерекше тобы

Балалар

Препарат 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға арналмаған.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қабылдауға арналған.

Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар

Ұсынылған дозалау режимі сақталғанда Цефанорм препаратымен артық дозалану жағдайы сипатталмаған.

Артық дозалану жағдайларында төменде аталған жағымсыз әсерлері туындауы мүмкін. Алдағы уақытта қандай шаралар қабылдануы тиіс екендігін шешіп алу үшін дәрігермен кеңесу қажет.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар

Өткізіп алған дозаны толықтыру үшін қос дозаны қабылдауға болмайды.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер

Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгіну керек.

Жанама әсерлері

Жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін)

- бас ауыруы

- жүрек айнуы, іштің ауыруы

- тері реакциялары (қышыну, экзантема, есекжем, беттің ісінуі)

- ентігу

- жұтудың қиындауы

Шығарылу түрі

10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыcephanorm капсулалары 4 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube