daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Цефавора Тамшылары 50 Мл | Cefak KG

Таразе қаласындағы Цефавора Тамшылары 50 Мл | Cefak KG
Сипаттама:

Шарап иісі және дәмі бар охра түсті мөлдір сұйықтық. Шығарылу түрі және қаптамасы 50 мл препараттан полиэтилен тамшылатқышы және ақ полиэтилен қақпағы бар қоңыр шыныдан жасалған дөңгелек құтыда. Құтыға заттаңба жапсырылады. 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге жиналмалы картон қорапшаға салынады. Сақтау мерзімі 5 жыл Құтыны ашқаннан кейін 3 ай. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды! Сақтау шарттары 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Өндіруші:

Cefak KG

Өндіруші ел:

Федеративная Республика Германия

Белсенді ингредиент:

қосымша зат - шарап ликері.

Дәрілік түрі:

Тамшылар, 50 мл

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Гомеопатиялық препарат Цефавора® қолданылады:

мынадай симптомдары бар қан айналымының бұзылуын кешенді емдеуде: бас айналу, құлақ шуылы, қол немесе аяқтың шаншуы және аяқтың мұздауын сезіну.

Осы гомеопатиялық дәріні көрсетілген қолдану аймағына пайдалану тек қана гомеопатиялық тәжірибеге негізделеді.

Бұл аурулардың ауыр түрлері кезінде клиникалық құжатталған ем қолданылады.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі

- алкоголизм

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Препарат құрамында 20 % (көлемі/көлемі) алкоголь болуына байланысты, оны маскүнемдер және бауыр ауруымен зардап шегетін адамдар қабылдамауы тиіс, тек дәрігермен кеңескеннен соң ғана қолданылуы мүмкін.

Егер шағымдануы емдеуге қарамастан 7 күннен аса сақталатын болса, немесе өзінің жай-күйін сезінуі нашарлаған жағдайда дәрігердің кеңесі қажет. Жаңа шағымдары (бұрын байқалмаған) туындағанда, препаратты қабылдау тоқтатылуы тиіс.

Гомеопатиялық препараттарды қабылдау кезінде бар симптомдардың уақытша күшеюі (бастапқы реакция) мүмкін. Мұндай жағдайларда препаратты тоқтату керек. Әрі қарай, бастапқы реакция азайған кезде емдеуді жалғастыруға болады. Симптомдар қайта асқынған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі белгісіз.

Гомеопатиялық дәрілік заттардың әсеріне пациенттің өмір салтындағы әдеттегі зақымдаушы факторлар және қоздырғыш дәрілер жағымсыз ықпал етуі мүмкін екендігі гомеопатияда белгілі.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану жөнінде жеткілікті деректердің болмауына байланысты препаратты қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Құрамында алкоголь болғандықтан препаратты жүктілік және емшек емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Қосымша заттар

Бұл дәрілік заттың құрамында глюкоза және фруктоза бар. Сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі проблемалары бар пациенттер Цефавора® препаратын қабылдамауы тиіс.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Құрамында алкогольдің болуы көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі мүмкін (потенциал негізінде әртүрлі реакциялар жекелей әрбір пациентке қарастырылуы тиіс).

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Ересектерге 20-30 тамшыдан күніне 3-4 рет.

Цефавора® тамшысының дәмі жағымды болғандықтан, сұйылтылмаған күйінде қабылдауға болады.

Емдеу ұзақтығын дәрігер жекелей анықтайды – орташа алғанда 2 ай.

Гомеопатиялық препараттарды дәрігердің кеңесінсіз ұзақ уақыт бойы қабылдауға болмайды.

Пациенттердің ерекше тобы

Балалар

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану жөнінде жеткілікті деректердің болмауына байланысты препаратты қолдануға болмайды.

Енгізу әдісі және жолы

Ішуге арналған.

Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар

Қазіргі кезде артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар

Препаратты өткізіп алғанда оны толықтыру үшін қос дозаны қабылдауға болмайды.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер

Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгіну керек.

Жанама әсерлері

Гомеопатиялық препаратты қабылдаған кезде бар симптомдардың (бастапқы реакция) уақытша асқынуы мүмкін. Мұндай жағдайларда емдеуді тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.

Шығарылу түрі

50 мл препараттан полиэтилен тамшылатқышы және ақ полиэтилен қақпағы бар қоңыр шыныдан жасалған дөңгелек құтыда.

Құтыға заттаңба жапсырылады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге жиналмалы картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

5 жыл

Құтыны ашқаннан кейін 3 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Құтыны ашқаннан кейін 3 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

50 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыцефавора тамшылары 50 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube