daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Ципрофлоксацин Инфузияға Арналған Ерітінді 0,2% 100 Мл | Келун-Казфарм ТОО

Таразе қаласындағы Ципрофлоксацин Инфузияға Арналған Ерітінді 0,2% 100 Мл | Келун-Казфарм ТОО

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Мөлдір түссіз немесе түссіз дерлік ерітінді.

Халықаралық атауы:

Ципрофлоксацин

Өндіруші:

Келун-Казфарм ТОО

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: натрий хлориді, иньекцияға арналған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Мөлдір түссіз немесе түссіз дерлік ерітінді.

Белсенді заттың дозасы:

0,2%

Қаптамадағы саны:

1 шт

Аналогтары

Нұсқаулық

Құрамы

100 мл препарат құрамында

белсенді зат254.0 мг ципрофлоксацин лактаты (200.0 мг ципрофлоксацинге баламалы),

қосымша заттар: натрий хлориді, иньекцияға арналған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе түссіз дерлік ерітінді.

Қолдану көрсеткіштері

Емнің басқа нұсқалары болмаған жағдайларды қоспағанда, асқынбаған инфекциялары бар пациенттердің фторхинолондарды қабылдауына болмайды!

Емдеуді бастар алдында ципрофлоксацинге төзімділік туралы бүкіл қолжетімді ақпаратқа ерекше көңіл бөлу керек.

Бактерияға қарсы препараттарды тиісті қолдану жөніндегі ресми нұсқауларға назар аудару керек.

Ципрофлоксацин, инфузияға арналған ерітінді, келесі инфекцияларды емдеуге көрсетілген.

Ересектерде:

- грамтеріс бактериялардан туындаған төменгі тыныс жолдарының инфекциялары:

- өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының өршуі;

- муковосцидозда немесе бронхоэктаздар кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары

- пневмония

- созылмалы іріңді ортаңғы отит

- қатерлі сыртқы отит

- созылмалы синуситтің өршуі (егер ол грамтеріс бактериялардан туындаса)

- несеп-жыныс жүйесінің инфекциялары:

- орхоэпидидимит, Neisseria gonorrhoeae туғызған;

- кіші жамбас мүшелерінің қабыну аурулары, Neisseria gonorrhoeae туындаған

асқазан-ішек жолының инфекциялары (мысалы, саяхатшылар диареясы)

- интраабдоминальді инфекциялар

- грамтеріс бактериялардан туындаған тері және жұмсақ тіндер инфекциялары

- сүйек пен буындар инфекциялары

- сібір ойық жарасының өкпелік түрі (қарым-қатынастан кейінгі профилактика және радикальді емдеу)

Ципрофлоксацинді бактериялық инфекция салдары болып табылатын қызбалы нейтропениясы бар пациенттерді емдеуде пайдалануға болады.

Қарсы көрсеткіштер

- ципрофлоксацинге немесе фторхинолондар тобының басқа препараттарына немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық

- қан плазмасында тизанидин концентрациясының жоғарылауымен байланысты клиникалық мәнді жағымсыз әсерлерге орай (артериялық гипотензия, ұйқышылдық), ципрофлоксацин мен тизанидиндерді бір мезгілде қолдану

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

- құрысу шегінің төмендеуі бар орталық жүйке жүйесінің зақымдануы (бассүйек-ми зақымдануынан, инсульттен, ми және ми қабығының қабыну үдерістерінен кейін)

- тендинит (оның ішінде және анамнезінде)

- жүктілік (шаранадағы өсудің шеміршек нүктелерінің зақымдану қаупін толық жоққа шығаруға болмайды)

- лактация кезеңі (балаларда сүйектегі өсудің шеміршек нүктелерінің зақымдану қаупін толық жоққа шығаруға болмайды)

- фторхинолондармен бұрын жүргізілген емде сіңірдің зақымдануы

жалғанжарғақшалы колит

- сіңір зақымдануы (тендовагинитті қоса), сіңір үзілуі, бұлшықет зақымдануы (рабдомиолиз)

- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы

Арнайы нұсқаулар

Ауыр инфекциялар және грамоң әрі анаэробты бактериялар туғызған аралас инфекциялар

Ципрофлоксацинмен монотерапия ауыр инфекцияларды және грамоң немесе анаэробты бактериялар туындатуы мүмкін инфекциялық ауруларды емдеуге сай келмейді. Атап көрсетілген жағдайларда ципрофлоксацин бактерияға қарсы басқа сәйкес препараттармен бір мезгілде тағайындау керек.

Стрептококк инфекциясы (Streptococcus pneumonia қоса)

Ципрофлоксацин жеткіліксіз тиімділігіне байланысты стрептококк инфекцияларын емдеуге ұсынылмайды.

Жыныс-несеп шығару жолдарының инфекциялары

Орхоэпидидимит және кіші жамбас мүшелерінің қабыну ауруларын фторхинолонға төзімді Neisseria gonorrhoeae туындатуы мүмкін. Орхоэпидидимит және кіші жамбас мүшелерінің қабыну ауруларын емдеу үшін ципрофлоксацин, ципрофлоксацинге төзімді Neisseria gonorrhoeae жоққа шығарылуы мүмкін жағдайларды қоспағанда, тек бактерияға қарсы басқа сәйкес препараттармен (мысалы, цефалоспорин) бір мезгілде тағайындалу керек. Егер 3 күн өткенде клиникалық жақсару басталмаса, емді қайта қарау керек.

Несеп шығару жолдарының инфекцияларында ең көп таралған патоген – ішек таяқшасының фторхинолондарға төзімділігі Еуропалық Одақ шегінде ауытқиды. Ішек таяқшасының фторхинолондарға төзімділігінің жергілікті таралуын назарға алуға кеңес беріледі.

Интраабдоминальді инфекциялар

Ципрофлоксациннің операциядан кейінгі интраабдоминальді инфекцияларды емдеу тиімділігі туралы деректер шектеулі.

Саяхатшылар диареясы

Ципрофлоксацинді таңдау кезінде сапарлап барған елдегі сәйкес патогенді микроорганизмнің препаратқа төзімділігі туралы ақпаратты есепке алу қажет.

Сүйек пен буындардың инфекциялық аурулары

Микробиологиялық зерттеу нәтижелеріне қарай, ципрофлоксацинді микробқа қарсы басқа препараттармен біріктіріп тағайындау керек.

Сібір ойық жарасының өкпелік түрі

Емдеуші дәрігер сібір ойық жарасын емдеу бойынша ұлттық және/немесе халықаралық құжаттарды жетекшілікке алу керек.

Несеп жолының асқынған инфекциялары және пиелонефрит

Несеп жолының инфекцияларын ципрофлоксацинмен емдеу мәселесін басқа препараттармен емдеу мүмкін болмайтын жағдайларда қарастыру керек. Ол микробиологиялық зерттеу нәтижелеріне негізделуі тиіс.

Басқа спецификалық ауыр инфекциялар

Ципрофлоксацин қолдануды басқа емді қолдануға болмағанда немесе жалпы қабылданған ем тиімсіз болғанда, пайда/қаупін мұқият бағалаудан кейін немесе ресми нұсқауларға сай басқа ауыр инфекциялар тұсында микробиологиялық зертеу нәтижелері бойынша ақтап алуға болады.

Жоғарыда аталғандарынан тыс, спецификалық ауыр инфекцияларда ципрофлоксацин қолдану бағаланбаған, клиникалық тәжірибе шектеулі. Демек, осындай инфекцияларға шалдыққан пациенттерді емдеуде сақ болуға кеңес беріледі.

Препаратқа жоғары сезімталдық

Препараттың бір реттік дозасын қабылдаудан кейін аллергиялық реакциялар және пациент өміріне қауіпті болуы мүмкін анафилаксиялық және анафилактоидтық реакцияларды қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары туындауы мүмкін. Атап көрсетілген реакциялар туындаған жағдайда ципрофлоксацин қабылдауды тоқтатып, тиісті дәрі-дәрмектік ем тағайындау қажет.

Қаңқа-бұлшықет жүйесі

Ципрофлоксацинді анамнезінде сіңір аурулары және анамнезінде фторхинолондар қолдануға байланысты бұзылулары бар пациенттерге қолдануға болмайды. Ципрофлоксацин қолданғанда ем басталғаннан кейін бірінші сағат ішінде тендинит немесе сіңірдің (көбіне Ахилл сіңірлері), кейде екі жақты үзілуі туындауы мүмкін. Қабыну және сіңір үзілуі ципрофлоксацинмен ем тоқтатылғаннан кейін бірнеше айдан соң да туындауы мүмкін. Егде жастағы пациенттерде және кортикостероидттарды бір мезгілде қолданатын пациенттерде және сондай-ақ бүйрек, жүрек немесе өкпе трансплантациясынан кейінгі пациенттерде тендинопатия қаупі жоғары болуы мүмкін. Тендиниттің кез келген белгілеріне (мысалы, ауырсынатын ісіну, қабыну) күдік туындағанда ципрофлоксацин қолдануды дереу тоқтатып, сіңір үзілу қаупі болғандықтан дене жүктемесін болдырмау керек. Зақымданған аяқ-қолға тыныштық қамтамасыз ету керек.

Ципрофлоксацин гравис миастениясы бар пациенттерде симптомдар өршуі мүмкіндігіне байланысты абайлап қолданылу керек.

Аорта аневризмасы және қатпарлануы, сондай-ақ жүрек клапандарының регургитациясы/жеткіліксіздігі.

Эпидемиологиялық зерттеулерде, әсіресе егде емделушілерде аневризманың және аорта қатпарлануының, сондай-ақ фторхинолондарды қабылдағаннан кейін аорта және митральды қақпақшаның регургитациясының даму қаупі жоғары екені хабарланды.

Фторхинолондарды қабылдау кезінде кейде үзіліспен (оның ішінде өліммен аяқталумен) асқынған аневризманың және қолқа қатпарлануының, сондай-ақ жүрек клапандарының кез келгенінің регургитациясының/жеткіліксіздігінің жағдайлары тіркелген

Демек, фторхинолондарды пайда мен қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін және жүрек қақпақшаларының аневризмасына немесе туа біткен кемістігіне қатысты ауыр отбасылық анамнезі бар пациенттерде, аневризмасы және/немесе аорта қатпарлануы не анамнезінде жүрек қақпақшаларының жеткіліксіздігі бар пациенттерде, сондай-ақ басқа да қауіп факторлары немесе алдын алу жағдайлары болған кезде басқа да емдік мүмкіндіктерді қарастырғаннан кейін ғана пайдалану керек

Екі жағдайда да аневризмада және аортаның стратификациясында, сондай-ақ жүрек қақпақшасының регургитациясында/жеткіліксіздігінде (мысалы, Марфан синдромы немесе Элерс-Данлос синдромы, Тернер синдромы, Бехчет ауруы, гипертензия, ревматоидты артрит), сондай-ақ аневризмада және аортаның стратификациясында (мысалы, Такаясу артериті немесе алып жасушалық артерит немесе белгілі атеросклероз немесе Сьегрен синдромы сияқты тамырлы аурулар), регургитация/жүрек клапанының жеткіліксіздігі (мысалы, инфекциялық эндокардит).

Жүйелі кортикостероидтармен бір мезгілде ем қабылдайтын пациенттерде аневризманың және аортаның қабыршақтану, сондай-ақ жыртылу қаупі артуы мүмкін.

Іштің, кеуденің немесе Арқаның кенеттен ауыруы жағдайында пациенттерге шұғыл көмек алу үшін дереу дәрігерге бару ұсынылады.

Пациенттерге жедел ентігу, алғаш рет жүрек соғысы пайда болған, сондай-ақ іш қуысының немесе аяқ-қолдардың ісінуі дамыған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну ұсынылады.

Фторхинолонды антибиотиктер қолданылмауы тиіс:

- ауыр емес инфекцияларды емдегенде және бактерияға қарсы емсіз жүруі де мүмкін (мысалы, ауыз-жұтқыншақ инфекциялары);

- бактериялық емес инфекцияларды емдегенде, мысалы, бактериялық емес (созылмалы) простатит;

- саяхатшы дияреясын болдырмау үшін немесе төменгі несеп жолдарының қайталану инфекцияларын (қуық төңірегінен әрі қарай таралмайтын инфекциялар);

- орташа бактериялық инфекцияларды емдеуде, егер әдетте ұсынылатын басқа бактерияға қарсы дәрілер пайдалану мүмкіндігі болмаса.

Көру қабілетінің бұзылуы

Көру қабілеті нашарлағанда немесе көру мүшесінің қызметінде кез келген бұзылулар білінгенде дереу окулист кеңесіне жүгінген жөн.

Фотосезімталдық

Ципрофлоксациннің фотосезімталдық реакциясын туындататыны дәлелденген. Ципрофлоксацин қабылдайтын пациенттерге емделу кезінде тіке түсетін күн сәулесінің әсерінен немесе УК-сәулеленуден сақтануға кеңес беру керек.

Орталық жүйке жүйесі

Ципрофлоксацин, басқа хинолондар сияқты, құрысу ұстамасын туындатады немесе құрысу шегін төмендетеді. Эпилепсиялық статус жағдайлары хабарланбаған. Ципрофлоксацин құрысу ұстамаларына түрткі болатын ОЖЖ аурулары бар пациенттерде сақтықпен қолданылу керек. Атап көрсетілген құбылыстар туындаған жағдайда ципрофлоксацин қолдануды тоқтату керек.

Тіпті ципрофлоксацинді алғаш қабылдаудан кейін де психоздық реакциялар туындауы мүмкін. Өте сирек жағдайларда депрессия немесе психоз суицидтік ойларға және өзін-өзі өлтіру немесе оған талпыну сияқты әрекеттерге дейін үдеуі мүмкін. Осы жағдайларда ципрофлоксацин қабылдауды тоқтату керек.

Ципрофлоксацин қабылдаған пациенттерде полинейропатия жағдайлары тіркелген (ауыру, ашыту, сенсорлы бұзылыстар немесе бұлшықет әлсіздігі сияқты неврологиялық симптомдар негізінде, жеке немесе біріктіріп).

Нейропатия симптомдары бар, атап айтқанда, ауыру, ашыту, жағымсыз түйсіктер, ұйып қалу және/немесе әлсіздігі болған пациенттерде қайтымсыз жай-күйлер дамуын болдырмау мақсатында ципрофлоксацин қабылдауды тоқтату керек.

Жүрек бұзылыстары

Ципрофлоксацинді қоса, фторхинолондарды төмендегідей QT аралығын ұзартатын белгілі қауіп факторлары бар пациенттерде абайлап қолдану керек:

- туа біткен QT аралығының ұзару синдромы

- QT аралығын ұзартатыны белгілі дәрілік заттарды бір мезгілде пайдалану (аритмияға қарсы IA және III класс дәрілері, трициклді антидепрессанттары, макролидтер, нейролептиктер)

- өзара байланыссыз электролиттер теңгерімсіздігі (гипокалиемия, гипомагниемия)

- жүрек-қантамыр аурулары (жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия).

Егде жастағы пациенттер және әйелдер QT аралығын ұзартатын дәрілерге аса сезімтал болуы мүмкін. Сондықтан пациенттердің осы тобында, ципрофлоксацинді қоса, фторхинолондарды сақтықпен пайдалану керек.

Гипогликемия

Басқа хинолондар қолдану кезіндегідей, қандағы глюкоза деңгейінің бұзылуы, оның ішінде гипогликемия және гипергликемия жайлы , әдетте пероральді гипогликемиялық дәрілер (мысалы, глибенкламид) немесе инсулинмен қатарлас ем қабылдап жүрген, қант диабетімен ауыратын науқастарда өте жиі хабарланды. Гипогликемиялық кома жағдайлары тіркелген жоқ. Қант диабетімен ауыратын науқастарда қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады.

Асқазан-ішек жолы

Препаратпен емдеу кезінде немесе одан кейін (емдеуден кейінгі бірнеше аптаны қоса) ауыр және персистирленетін диареяның болуы дереу емдеуді талап ететін антибиотиктер қолданумен байланысты колитті (өмірге қатерлі, өліммен аяқталуы мүмкін) көрсетуі мүмкін. Ондай жағдайларда ципрофлоксацинді дереу тоқтатып, тиісінше емдеуді бастау қажет. Аталған жағдайда перистальтикаға қарсы препараттарды тағайындау қарсы көрсетілімді.

Бүйрек және несеп шығару жүйесі

Ципрофлоксацин қолданумен байланысты кристаллурия хабарланған. Ципрофлоксацин қабылдайтын пациенттер жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішу қажет. Несептің шектен тыс сілтіленуінен сақтану керек.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Ципрофлоксацин негізінен организмнен өзгеріссіз күйде бүйрек арқылы шығарылатындықтан, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге ципрофлоксациннің жинақталуы салдарынан болатын жағымсыз реакциялар көбеюінен сақтану үшін, «Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімінде сипатталғандай, дозаны түзету қажет.

Гепатобилиарлы жүйе

Ципрофлоксацин қабылдағанда бауыр некрозының және пациент өміріне қатерлі бауыр жеткіліксіздігінің даму жағдайлары хабарланған. Бауыр ауруларының қандай да бір белгілері мен симптомдары (анорексия, сарғаю, күңгірт несеп, қышыну немесе іштің кернеуі) білінген жағдайда емдеуді тоқтату керек.

Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы

Ципрофлоксацин қабылдағанда глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар пациенттерде гемолиздік реакциялар хабарланған. Осындай пациенттерде ципрофлоксацин қолданбаған дұрыс.

Төзімділігі

Ципрофлоксацинмен емдеу курсы кезінде немесе одан кейін клиникалық тұрғыда анықталған асқын инфекциямен немесе онсыз ципрофлоксацинге төзімді бактериялар бөлініп шығуы мүмкін. Қауіп, әсіресе, ұзақ уақыт емдеу кезінде және нозокомиальді инфекцияларды және/немесе Staphylococcus және Pseudomonas түрлері туғызған инфекцияларды емдеген жағдайларда артады.

P450 цитохромы

Ципрофлоксацин CYP 1A2 бәсеңдетеді, сондықтан да осы ферментпен метаболизденетін, бір мезгілде тағайындалатын заттардың (мысалы, теофиллин, клозапин, оланзапин, ропинирол, тизанидин, дулоксетин, агомелатин) сарысулық концентрацияларының артуын туындатуы мүмкін.

Сондықтан атап көрсетілген заттарды ципрофлоксацинмен бір мезгілде қабылдайтын пациенттер артық дозаланудың клиникалық белгілерін анықтау мақсатында медициналық бақылауда болуы тиіс. Сарысулық концентрацияларды (мысалы, теофиллин) анықтау қажеттілігі де туындауы мүмкін. Бір мезгілде ципрофлоксацин мен тизанидин тағайындау қарсы көрсетілімді.

Метотрексат

Ципрофлоксацин мен метотрексатты бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды.

Зертханалық талдаулар нәтижелеріне әсері

Бактериологиялық тест нәтижелерін бағалау кезіндегі ципрофлоксациннің Mycobacterium tuberculosis қарсы in vitro белсенділігі ципрофлоксацин қабылдайтын пациенттерден алынған үлгілерде жалған-теріс нәтиже беруі мүмкін.

Енгізген жердегі реакциялар

Инъекция аумағындағы жергілікті реакциялар ципрофлоксацин вена ішіне енгізілгенде тіркелген. Ондай реакциялар, егер инъекция 30 минуттан аз уақытқа созылса, жиірек білінді. Аталған реакциялар инфузия аяқталған соң тез басылатын терінің жергілікті реакциялары ретінде көрініс беруі мүмкін. Егер жергілікті реакциялар қайта пайда болған немесе өршіп кеткен жағдайда, келесі жолы вена ішіне енгізу қарсы көрсетілімді емес.

Педиатрияда қолданылуы

Ципрофлоксацинді 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Балада сүйектегі өсудің шеміршек нүктелерінің зақымдану қаупі бар болғандықтан жүкті және емізетін әйелдерге ципрофлоксацинді қолдануға болмайды.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Бас айналуы, бас ауыруы, ұйқышылдық және көрудің бұзылуы сияқты препараттың кейбір жағымсыз әсерлері психомоторлық реакцияларды және концентрацияға ықпалын төмендетуі мүмкін және осыған байланысты бұл әсерлері ерекше маңызды болатын (мысалы, автомобильді немесе басқа да механизмдерді басқаруда) жағдайлардағы қаупін арттыруы мүмкін.

Алкоголь пайдаланғанда бұл жағымсыз әсерлер күшейеді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Доза инфекцияның типіне, ауырлығына және орналасқан жеріне, қоздырғыштардың ципрофлоксацинге сезімталдығына, пациенттің бүйрек функциясына сәйкес белгіленеді.

Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлық дәрежесіне, клиникалық және бактериологиялық нәтижелерге байланысты.

Венаішілік ем басталған соң ципрофлоксацинмен емдеуді клиникалық көрсетілімдерге және дәрігер нұсқауына қарай ішу арқылы қабылдауға (таблеткалар) немесе суспензияға ауыстыруға болады. Венаішілік емді мүмкіндігінше ертерек ішу арқылы қолдануға ауыстыру керек.

Ауыр жағдайларда немесе пациенттің таблеткаларды қабылдау мүмкіндігі болмағанда (мысалы, энтеральді қорек алатын пациенттер) емдеуді ішу арқылы қолдануға көшу мүмкіндігіне дейін ципрофлоксацинді вена ішіне енгізуден бастау ұсынылады.

Белгілі бір Pseudomonas aeruginosa, Acinetobacter немесе Staphylococci бактериялары туғызған инфекцияларды емдеу ципрофлоксациннің жоғарырақ дозаларын қолдануды және бактерияға қарсы басқа қажетті препараттарды бір мезгілде тағайындауды талап етуі мүмкін.

Кейбір инфекцияларды (мысалы, кіші жамбас мүшелерінің қабыну ауруларын, интраабдоминальді инфекцияларды, нейтропениясы бар пациенттердегі инфекцияларды, сүйек пен буын инфекцияларын) емдеуде анықталған патогендер түрлеріне қарай бактерияға қарсы басқа қажетті препараттарды бір мезгілде тағайындауды талап етуі мүмкін.

Ересектер

Артық дозалану

препаратты қабылдау салдарынан артық дозаланудың жеңіл уыттану симптомдарына алып келетіні хабарланған. қабылдау салдарынан жедел артық дозалану бүйректің жедел жеткіліксіздігінің дамуына әкелген.

Симптомдары: бас айналу, тремор, бас ауыру, шаршау сезімі, құрысулар, елестеулер, сананың шатасуы, іштегі жағымсыз түйсіктер, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі, қайтымды нефроуыттану, кристаллурия және гематурия.

Емі - арнайы антидоты жоқ. Науқастың жай-күйін мұқият бақылау, сұйықтықтың жеткілікті түсуін қамтамасыз ету және басқа шұғыл көмек шараларын жүргізу (мысалы, асқазанды шаю, артынан белсендірілген көмір енгізу) қажет. Бүйрек функциясын бақылау, атап айтқанда, несепте pH мөлшерін анықтау, қажет болса, кристаллурияны болдырмау үшін оның қышқылдылығын арттыру ұсынылады. Құрамында кальций немесе магний бар антацидтер ципрофлоксациннің сіңуін артық дозаланғанда теориялық тұрғыда азайтуы мүмкін.

Гемодиализ немесе перитонеальді диализ көмегімен ципрофлоксациннің аздаған мөлшері ғана шығарылады (<10%).

Артық дозалану жағдайында симптоматикалық ем жүргізген жөн. QT аралығының ұзару мүмкіндігіне орай, ЭКГ мониторингін өткізу керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

Осы препаратты қабылдау бойынша қандай да бір сұрақтар туындаса өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Жанама әсерлері

Жиі хабарланатын дәрілік препаратқа жағымсыз реакциялар (ДЖР) жүрек айнуы және диарея болып табылады.

Төменде тізбеленген жағымсыз реакциялар келесі үлгіде жіктелген: өте жиі (≥ 10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (≤ 10000), жиілігі белгісіз.

Маркетингтен кейінгі бақылаулар барысында ғана тіркелген және жиілігі бағаланбаған жағымсыз реакциялар «жиілігі белгісіз» болып белгіленген.

Жиі

- жүрек айнуы

- диарея

- инъекция және инфузия орнындағы реакциялар (тек вена ішіне енгізу)

Жиі емес

- зеңдік суперинфекциялар

- эозинофилия

- тәбеттің төмендеуі

- психомоторлық аса жоғары белсенділік/ажитация

- бас ауыруы, бас айналуы, ұйқының бұзылуы, дәм сезу бұзылуы

- құсу, асқазан-ішек және іштің ауыруы, диспепсия, метеоризм

- трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы, билирубин деңгейінің жоғарылауы

- бөртпе, қышыну, есекжем

- сүйек-бұлшықет ауыруы (мысалы, аяқ-қол ауыруы, арқаның ауыруы, кеуденің ауыруы), артралгия

- бүйрек жеткіліксіздігі

- астения, қызба

- қандағы сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы

Сирек

- лейкопения, анемия, нейтропения, лейкоцитоз, тромбоцитопения, тромбоцитемия

- аллергиялық реакциялар, аллергиялық ісіну/ангионевроздық ісіну

- гипергликемия, гипогликемия

- сананың шатасуы және бағдардан жаңылу, үрейлену, түс көру бұзылуы (түнгі шым-шытырық), депрессия (өзіне зақым келтіру мақсатындағы мінез-құлықтың күшеюі, суицидтік әрекеттер/ойлар сияқты, сондай-ақ суицид жасауға ұмтылыс немесе орындалған суицид), елестеулер

- парестезия және дизестезия, гипестезия, тремор, құрысулар (эпилепсия ұстамаларын қоса), вертиго

- көру бұзылыстары (диплопия)

- құлақтағы шуыл, естімей қалу, естудің бұзылуы

- тахикардия

- қан тамырларының кеңеюі, гипотензия, естен тану

- ентігу (астматикалық жағдайларды қоса)

- антибиотиктермен байланысты колит (өте сирек жағдайларда өліммен аяқталуы мүмкін)

- бауыр функциясының бұзылуы, сарғаю, гепатит (инфекциялық емес)

- фотосезімталдық реакциялары

- миалгия, артрит, бұлшықет тонусының артуы және құрысулар

- бүйрек жеткіліксіздігі, гематурия, кристаллурия, тубулоинтерстициальді нефрит

- ісінулер, қатты тершеңдік

- амилаза деңгейінің жоғарылауы

Өте сирек

- гемолиздік анемия, агранулоцитоз, панцитопения (өмірге қауіпті), сүйек кемігінің бәсеңдеуі (өмірге қауіпті)

- анафилаксиялық реакциялар, анафилаксиялық шок (өмірге қауіпті), сарысу ауруына ұқсас реакция

- психоздық реакциялар (өзіне зақым келтіру мақсатындағы мінез-құлықтың күшеюі, суицидтік әрекеттер/ойлар сияқты, сондай-ақ суицид ұмтылысы немесе орындалған суицид)

- бас сақинасы, координацияның бұзылуы, жүрістің бұзылуы, иіс сезу жүйкесінің бұзылуы, бассүйекішілік гипертензия және псевдотуморлы церебральды гипертензия

- түрлі түсті айырып-ажырата алмау

- васкулит

- панкреатит

- бауыр тінінің некрозы (сирек жағдайларда өмірге қауіпті болуға дейін үдейтін бауыр жеткіліксіздігі)

- петехиялар, мультиформалы эритема, түйінді эритема, Стивенс-Джонсон синдромы (өмірге ықтимал қауіпті), уытты эпидермальды некролиз (өмірге ықтимал қауіпті)

- бұлшықет әлсіздігі, тендинит, сіңір үзілуі (көбіне ахилл сіңірі), миастения симптомдарының өршуі

Жиілігі белгісіз

- мания, гипомания

- шеткері нейропатия және полинейропатия

- QT аралығының ұзаруы, қарыншалық аритмия, оның ішінде «пируэт» типті (QT аралығы ұзаруының дамуына бейімі бар пациенттерде жиі)

- жедел жайылған пустулезді экзантема, эозинофилиясы және жүйелік білінулері бар (DRESS-синдромы) дәрілік реакциялар

- халықаралық қалыптасқан қатынас (ХҚҚ) жоғарылауы (К дәруменінің антагонистерін қабылдайтын пациенттерде)

- антидиуретикалық гормонның жеткіліксіз секреция синдромы (SIADH)

- гипогликемиялық кома.

Шығарылу түрі

100 мл препараттан резеңке төсемесі бар полипропилен қақпақпен тығындалған және құтыға дәнекерленген, ашуға арналған жұлып алынатын сақинасы бар қалпақшамен жабдықталған, ілмек-ұстатқышы бар 100 бөліктерге бөлінген полипропиленнен жасалған құтыларда.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға немесе 120 құтыдан қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады, немесе қағаз жүзіндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтың орнына, бастапқы қаптаманың жапсырмасына немесе картон қорапшаға QR-код түсіріледі, онда сканерленгеннен кейін тұтынушыға электронды түрде қазақ және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық қолжетімді болады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

100 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыципрофлоксацин инфузияға арналған ерітінді 0,2% 100 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube