Қолдану көрсеткіштері
Бактерияға қарсы агенттерді тиісінше пайдалану жөніндегі ресми нұсқаулықтарды ескеру керек.
Ересектер
- грамтеріс бактериялардан туындаған төменгі тыныс жолдарының инфекцияларында
- өкпенің обструктивті созылмалы ауруының өршуінде
- муковисцидоздағы бронх-өкпе инфекцияларында немесе бронхоэктазияда
- пневмонияда
- созылмалы іріңді ортаңғы отитте
- созылмалы синуситтің жедел өршуінде, әсіресе егер грамтеріс бактериялардан туындаған болса
- несеп шығару жолдарының инфекцияларында (пиелонефрит, цистит, простатит, аднексит, эндометритті қоса)
- жыныс ағзаларының және кіші жамбас ағзаларының инфекцияларында (Neisseria gonorrhoeae сезімталдығы жағдайларын қоса, созда, жұмсақ шанкр, простатит, аднексит, сальпингит, оофорит, эндометрит, тубулярлық іріңдік, пельвиоперитонит, хламидиозда)
- құрсақ қуысының инфекцияларында: АІЖ бактериялық, өт жолдарының инфекцияларында, перитонитте, құрсақішілік іріңдіктерде, сальмонеллезде, іш сүзегінде, кампилобактериозда, иерсиниозда, шигеллезде, тырысқақта
- тері және жұмсақ тіндердің инфекциялары инфекцияланған ойықжара, жаралар, күйіктерде (іріңдеген атеромада, іріңдіктерде, фурункулда)
- қатерлі сыртқы отитте
- сүйек пен буын инфекцияларында: остеомиелитте, септикалық артритте, сепсисте
- сібір ойық жарасының өкпедегі түрі (жанасудан кейінгі профилактика және емдік ем)
Ципрофлоксацин бактериялық инфекциялардан туындағаны болжанған қызбасы бар нейтропениялық пациенттерді емдеуде қолданылуы мүмкін.
Балалық және жасөспірімдік жас
- Pseudomonas aeruginosa туындаған муковисцидоздағы бронх-өкпе инфекцияларында
- несеп шығару жолдарының асқынған инфекцияларында және пиелонефритте
- сібір ойық жарасының өкпедегі түрі (жанасудан кейінгі профилактика және емдік ем)
Ципрофлоксацин сондай-ақ қажет саналған кезде балалар мен жасөспірімдердегі ауыр инфекцияларды емдеу үшін қолданылуы мүмкін.
Емдеуді тек қана балалар мен жасөспірімдердегі муковисцидозді және/немесе ауыр инфекцияларды емдеуде тәжірибесі бар дәрігер бастауы тиіс.