Қолдану көрсеткіштері
Декарис асқазан-ішек гельминттерінің келесі түрлерінен туындаған инфекцияларды емдеуге арналған: Ascaris lumbricoides, Necator americanus және Ancylostoma duodenale.
Декарис асқазан-ішек гельминттерінің келесі түрлерінен туындаған инфекцияларды емдеуге арналған: Ascaris lumbricoides, Necator americanus және Ancylostoma duodenale.
препараттың әсер етуші затына немесе кез келген қосымша затына жоғары сезімталдық
18 жасқа дейінгі балаларға (осы дәрілік түрінде левамизол мөлшерінің жоғарылығына байланысты)
жүктілік және лактация кезеңі
лактозаны тұқым қуалайтын көтере алмаушылық, лактаза тапшылығы, фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза тапшылығы.
Алкоголь
Декарис препаратын спирттік ішімдіктермен бір мезгілде қабылдағанда дисульфирамтәрізді құбылыстар байқалады. Препаратты спирттік ішімдіктермен бір мезгілде қолданбаған жөн.
Антикоагулянттар
Левамизол кумаринтәрізді антикоагулянттардың әсерін күшейтуі мүмкін. Антикоагулянттардың әсерін мұқият қадағалауда ұстау қажет.
Басқа да гельминтке қарсы препараттар
Альбендазол сульфоксидінің «концентрация-уақыт» (AUC) қисығының астындағы ауданы Декарис пен альбендазолды бір мезгілде қабылдаған кезде айтарлықтай азаяды.
Декарис пен альбендазолды бір мезгілде қабылдаудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.
Декарис препаратты мен ивермектинді бір мезгілде қолданғанда, ивермектиннің AUC едәуір артады. Декарис пен ивермектинді бір мезгілде қабылдаудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.
Фенитоин
Левамизол қан плазмасындағы фенитоин деңгейін арттыруы мүмкін, сондықтан олар бір мезгілде қолданылғанда қандағы фенитоин деңгейін бақылау қажет.
Дозалау режимі
Ересектер: бір реттік дозасы 150 мг (1 таблетка).
Балалар: Декарис, 150 мг таблеткалар, осы дәрілік түрінде левамизол мөлшерінің жоғарылығына байланысты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді емдеу үшін қолданылмауы тиіс.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдау үшін.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Препаратты кешке, тамақтанудан кейін аздаған су мөлшерімен іше отырып, бір рет қабылдаған дұрыс.
Емдеу кезінде іш жүргізетін дәрілерді қабылдау және арнайы диета ұстану қажет емес.
Емдеу ұзақтығы
Қажет болған жағдайда 7-14 күндік үзілістен соң емдеуді қайталауға болады.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Симптомдары: клиникалық зерттеулер барысында левамизолдың жоғары дозаларын (600 мг асатын) қабылдағаннан кейін келесі симптомдар байқалған: жүрек айнуы, құсу, ұйқышылдық, құрысулар, іш өтуі, бас ауруы, бас айналуы, сананың шатасуы.
Ұсынылған дозалары арттырылғанда құрысу, лейкопения, нейтропения/агранулоцитоз жағдайлары білінген.
Емі: демеуші ем және организмнің тіршілік үшін маңызы бар функцияларына мониторинг жүргізу. Антихолинэстеразалық симптомдар туындаған жағдайда, атропинді қолдануды қарастыруға болады.
Симптомдары: клиникалық зерттеулер барысында левамизолдың жоғары дозаларын (600 мг асатын) қабылдағаннан кейін келесі симптомдар байқалған: жүрек айнуы, құсу, ұйқышылдық, құрысулар, іш өтуі, бас ауруы, бас айналуы, сананың шатасуы.
Ұсынылған дозалары арттырылғанда құрысу, лейкопения, нейтропения/агранулоцитоз жағдайлары білінген.
Емі: демеуші ем және организмнің тіршілік үшін маңызы бар функцияларына мониторинг жүргізу. Антихолинэстеразалық симптомдар туындаған жағдайда, атропинді қолдануды қарастыруға болады.
1 таблеткадан поливинилхлорид үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
15 ºС-ден 25 0С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.