Құрамы
Бір ампуланың ішінде
белсенді зат – 73.800 мг декскетопрофен трометамолы
(50 мг декскетопрофенге баламалы)
қосымша заттар: 96% этанол, натрий хлориді, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.

- препаратты пероральді түрде қолдану мақсатқа сай болмаған жағдайда – мысалы, операциядан кейінгі ауыруда, бүйрек шаншығанда және арқаның төменгі бөлігі (бел) ауырғанда қарқындылығы орташа және жоғары дәрежедегі жедел ауыруды қысқа мерзімдік симптомдық емдеуде
- әсер етуші затына, кез келген басқа ҚҚСД немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- егер әсері ұқсас заттар (мысалы, ацетилсалицил қышқылы және басқа ҚҚСД) демікпе ұстамаларының, бронх түйілуінің, жедел риниттің дамуына түрткі болса немесе мұрын полиптерінің дамуын, есекжемнің немесе ангионевроздық ісінудің дамуын туғызса
- кетопрофенмен немесе фибраттармен емдеу кезіндегі фотоаллергиялық немесе фотоуытты реакциялар
- ойық жара ауруының белсенді фазасында/қан кетулерде, оларға күдіктенгенде немесе анамнезде қайталанған ойық жара ауруында/қан кетулерде (ойық жараның немесе қан кетулердің кем дегенде екі расталған фактісі)
- созылмалы диспепсияда
- асқазан-ішектік қан кетулерде, басқа да қан кетулердің белсенді фазасында немесе қан кетулер ұлғайғанда
- бұның алдында ҚҚСД-мен емделумен байланысты, анамнездегі асқазан-ішектік қан кетулерде немесе тесілулерде
- Крон ауруында немесе спецификалық емес ойық жаралы колитте
- жүректің ауыр жеткіліксіздігінде
- бүйрек функциясының орташа немесе ауыр дәрежедегі (креатинин клиренсі <59 мл/мин) бұзылуларында
- геморрагиялық диатезде және қан ұюдың басқа да бұзылуларында
- айқын дегидратацияда (құсудың, диареяның немесе сұйықтықты аз ішудің нәтижесінде)
- жүктіліктің үшінші триместрі және лактация кезеңінде
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 10-15 балл)
Препараттың құрамында алкоголь бар болғандықтан, Декетонды нейроаксиальді (интратекальді немесе эпидуральді) пайдалануға болмайды.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Анамнезінде алллергиялық жағдайлар көрсетілген науқастарға сақтықпен қолдану керек.
Декетонды ҚҚСД-мен, соның ішінде циклооксигеназа-2 іріктелген тежегіштерімен біріктіріп қолдануға жол бермеген жөн.
Жағдайды жақсарту үшін қажетті ең аз уақыт ішінде тиімді ең төмен дозаны пайдалану есебінен, жағымсыз әсерлерді қысқартуға болады.
Қолданылуының асқазан-ішек жолына қатысты қауіпсіздігі
Асқазан-ішектен қан кету, кей жағдайларда өлімге соқтыратын ойық жараның түзілуі немесе тесілуі, ізашар симптомдардың болуына немесе анамнезінде АІЖ тарапынан күрделі патологияның болуына қарамастан, емдеудің түрлі сатыларында барлық ҚҚСД үшін байқалған. Қолдану аясында асқазан-ішектен қан кету немесе ойық жаралар дамыған жағдайда Декетон препаратын тоқтату керек.
Асқазан-ішектен қан кету, ойық жараның түзілуі немесе тесілуі қаупі анамнезінде әсіресе қан кетумен немесе тесілумен асқынған ойық жарасы бар науқастарда ҚҚСД дозасын арттырған кезде, сондай-ақ, егде жастағы пациенттерде жоғарылай түседі.
Егде жастағы пациенттерде ҚҚСД жағымсыз әсерлері, кейде өліммен аяқталатын - әсіресе асқазан-ішектік қан кетулер және тесілулер жиілігі жоғарылайды.
Мұндай пациенттерді емдеуді мүмкіндігінше ең аз дозадан бастаған жөн.
ҚҚСД анамнезінде асқазан-ішектік аурулары (спецификалық емес ойық жара колиті, Крон ауруы) бар науқастарға сақтықпен тағайындаған жөн, өйткені оларда жағдайдың нашарлау қаупі бар.
Декскетопрофен трометамолымен емдеуді бастар алдында және анамнезінде эзофагит, гастрит және/немесе ойық жара ауруы бар болғанда, басқа ҚҚСД жағдайларындағы сияқты, осы аурулардың ремиссия сатысында екеніне көз жеткізген жөн. АІЖ патологиясының симптомдары бар және асқазан-ішек аурулары анамнезінде көрсетілген науқастарда ас қорыту жолы тарапынан бұзылуларды, әсіресе асқазан-ішектік қан кетулер тұрғысында бақылау жүргізу қажет.
Осы пациенттер үшін, сондай-ақ аспирин немесе АІЖ тарапынан жағымсыз әсерлер қаупін арттыратын басқа да дәрілер қабылдап жүргендер үшін препарат-протекторлармен (мысалы, мизопростолмен немесе протонды сорғы тежегіштерімен) біріктіріп емдеу мүмкіндігін қарастырған жөн.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясының бұзылуы бар науқастарға препаратты абайлап тағайындау керек, өйткені ҚҚСД қолдану аясында бүйрек функциясы нашарлауы, организмде сұйықтық іркілуі немесе ісінулер болуы мүмкін. Нефроуыттылық қаупі жоғары болғандықтан, диуретиктермен емдеу кезінде, сондай-ақ, гиповолемия дамуы мүмкін пациенттерге препаратты абайлап тағайындау керек.
Емдеу кезінде бүйрекке уытты әсерінің күшеюіне алып келуі мүмкін сусыздануды болдырмау үшін, организм сұйықтықты жеткілікті мөлшерде қабылдауға тиіс.
Барлық ҚҚСД сияқты, препарат қан плазмасындағы мочевина азоты мен креатинин концентрациясын жоғарылатуға қабілетті. Простагландиндер синтезінің басқа тежегіштері сияқты, оны қолдану бүйрек тарапынан гломерулонефритке, интерстициальді нефритке, папиллярлық некрозға, нефроздық синдромға және бүйректің жедел жеткіліксіздігіне алып келетін жағымсыз әсерлермен қатар жүруі мүмкін.
Егде жастағы адамдар бүйрек функциясының бұзылуларына көбірек ұшырайды.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясының бұзылуы бар науқастарға препаратты сақтықпен тағайындау керек. Басқа ҚҚСД сияқты, препарат бауырдың кейбір көрсеткіштерінің уақытша және елеусіз жоғарылауын, сондай-ақ, АСТ және АЛТ белсенділігінің айқын жоғарылауын туғызуы мүмкін. Аталған көрсеткіштер сәйкесінше артқан жағдайда, емдеуді тоқтату керек.
Егде жастағы адамдар бауыр функциясының бұзылуларына көбірек ұшырайды.
Қолданылуының жүрек-қантамыр жүйесі мен ми қанайналымына қатысты қауіпсіздігі
Анамнезінде гипертензиясы және/немесе жүректің ауырлық дәрежесі жеңілден орташаға дейінгі жеткіліксіздігі бар науқастарды тиісінше бақылау және ұсынымдар беру қажет.
Анамнезінде жүрек аурулары бар, атап айтқанда, осының алдында жүрек жеткіліксіздігінің көріністері болған науқастарды емдегенде айрықша сақтық таныту қажет, өйткені ҚҚСД емі жүрек жеткіліксіздігінің даму қаупін жоғарылатуға қабілетті; ҚҚСД қабылдаумен байланысты сұйықтық іркілуі мен ісіну жағдайлары сипатталған.
Клиникалық зерттеулердің нәтижелері мен эпидемиологиялық мәліметтерге сәйкес, кейбір ҚҚСД, әсіресе жоғары дозаларында және ұзақ уақыт бойы қолдану артериялық тромбоздар (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) қаупінің біраз жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін. Декскетопрофен трометамолын қолданғандағы мұндай қауіпті жоққа шығару үшін мәліметтер жеткіліксіз.
Демек, бақыланбайтын артериялық гипертензия, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артериялардың және/немесе ми қантамырларының ауруларында декскетопрофен трометамолын тек, науқастың жағдайын мұқият бағалаудан кейін ғана тағайындау керек. Дәл осы мәселелер жүрек-қантамыр ауруларының қауіп факторлары (мысалы, гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті, шылым шегу) бар пациенттерді ұзақ уақыт емдеуді бастар алдында шешімін табуға тиіс.
Іріктелмеген ҚҚСД простагландиндер синтезін бәсеңдетудің есебінен тромбоциттер агрегациясын азайтуға және қан кету уақытын ұзартуға қабілетті. Сондықтан, декскетопрофен трометамолын гемостазға әсер ететін препараттарды, мысалы, варфарин немесе басқа кумариндерді немесе гепариндерді қабылдап жүрген науқастарға тағайындау ұсынылмайды.
Егде жастағы пациенттердің жүрек-қантамыр жүйесі функциясының бұзылуларына ұшырау дәрежесі жоғарырақ.
Тері реакциялары
ҚҚСД қолданумен өзара байланыстырылып терінің ауыр, кейде өлімге соқтыратын реакцияларының, мысалы, эксфолиативтік дерматиттің, Стивенс-Джонсон синдромының және уытты эпидермалық некролиздің аса сирек жағдайлары сипатталған. Шамалағанымыздай, терінің уытты реакциялары дамуының ең жоғарғы қаупі емдеудің бастапқы кезеңінде, өйткені көпшілік жағдайларда тері реакциялары емдеудің алғашқы айы ішінде дамиды. Тері бөртпесінің, шырышты қабықтардың зақымдануының ағашқы белілері немесе аса жоғары сезімталдықтың басқа симптомдары білінген жағдайда, Декетон препаратын тоқтату керек.
Басқа да ақпараттар
Препаратты келесі науқастарға тағайындағанда айрықша сақтық таныту қажет:
- порфирин метаболизмінің туа біткен бұзылулары бар (мысалы, ұстамалы жедел порфирия жағдайында);
- сусыздануы бар;
- ауқымды хирургиялық араласулардан кейін дереу.
Егер дәрігер, декскетопрофенді ұзақ уақыт қолдану қажет деп есептесе, бауыр мен бүйрек функциясын жүйелі түрде бақылап отыру керек.
Аса сирек жағдайларда аса жоғары сезімталдықтың ауыр жедел реакциялары (мысалы, анафилаксиялық шок) байқалған. Аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакция алғашқы белгілері білінген жағдайда, Декетон препаратын қабылдауды тоқтату және симптомдарына байланысты қажетті емдеу шараларын қабылдау үшін, дәрігерге қаралу қажет.
Созылмалы ринитпен, созылмалы синуситпен және/немесе мұрын полиптерімен бірлескен демікпеден зардап шегіп жүрген пациенттердің халықтың қалған бөлігіне қарағанда, ацетилсалицил қышқылына және/немесе ҚҚСД аллергия қаупіне ұшырауы жоғарырақ. Бұл дәрілік затты енгізу, әсіресе, ацетилсалицил қышқылына немесе ҚҚСД аллергиясы бар пациенттерде демікпе ұстамаларын немесе бронх түйілуін туғызуы мүмкін.
Айрықша жағдайларда желшешек аясында тері мен жұмсақ тіндер тарапынан ауыр инфекциялық асқынулар дамуы мүмкін. Бүгінде ҚҚСД ондай инфекциялық асқынуардың дамуымен өзара байланыстылығы ықтималдығын толықтай жоққа шығару мүмкін емес. Сондықтан, желшешек кезінде Декетон препаратын қабылдаудан аулақ болу керек.
Декетон препаратын қан түзілуінің бұзылулары, жүйелі қызыл жегі немесе дәнекер тіндердің аралас ауруы кезінде сақтықпен қолдану қажет.
Басқа ҚҚСД сияқты, декскетопрофен инфекциялық аурулардың симптомдарын бүркемелеуге қабілетті. Жекелеген жағдайларда ҚҚСД қолдану кезінде жұмсақ тіндер инфекциясының өршуі анықталды. Осылайша, егер ем кезінде бактериялық инфекция симптомдары пайда болса немесе нашарласа, пациент дереу дәрігерге көрінуі керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Әрі қарай барлық қабынуға қарсы стероидтық емес дәрілер (ҚҚСД) үшін өзара әрекеттесулердің жалпы түрлері сипатталған:
Келесі дәрілерді ҚҚСД-мен бірге қолдану ұсынылмайды:
- басқа да ҚҚСД, соның ішінде жоғары дозалардағы (тәулігіне 3 г) салицилаттар. Бірнеше ҚҚСД бірге қолданғанда осы препараттар әсерінің өзара күшеюі салдарынан ойық жараның және асқазан-ішектік қан кетулердің қаупі жоғарылайды;
- антикоагулянттар: ҚҚСД, декскетопрофеннің плазма ақуыздарымен байланысуының жоғары дәрежеде болуы, сондай-ақ тромбоциттер функциясының басылуы және асқазан мен он екі елі ішектің шырышты қабықтарының зақымдануы салдарынан, антикоагулянттардың, мысалы варфариннің әсерін күшейтеді. Егер бірге қолдану қажет болса, ол дәрігердің мұқият қадағалауымен және зертханалық көрсеткіштерді бақылай отырып жүргізілуге тиіс;
- гепарин: қан кетулер қаупі ұлғаяды (тромбоциттер функциясының басылуы және асқазан мен он екі елі ішектің шырышты қабығының зақымдануына байланысты). Егер бірге қолдану қажет болса, ол дәрігердің мұқият қадағалауымен және зертханалық көрсеткіштерді бақылай отырып жүргізілуге тиіс;
- кортикостероидтар: ойық жараның және асқазан-ішектік қан кетулердің даму қаупі ұлғаяды.
- литий (бірнеше ҚҚСД үшін сипатталған): ҚҚСД қандағы литий деңгейін арттырады, бұл уыттануға (литийдің бүйрек арқылы шығарылуының төмендеуіне) әкелуі мүмкін. Сондықтан декскетопрофенді қолдануды бастағанда, дозаны түзеткенде және препарат қабылдауды тоқтатқанда литий деңгейін бақылау қажет;
- жоғары дозалардағы (аптасына 15 мг немесе одан жоғары) метотрексат. Қабынуға қарсы дәрілерді қолдану аясында метотрексаттың бүйректік клиренсінің азаюы есебінен жалпы оның қан жүйесіне зиянды әсері күшейеді;
- гидантоин туындылары және сульфонамидтер: осы заттардың уытты қасиеттері күшеюі мүмкін.
Келесі дәрілерді ҚҚСД-мен бірге абайлап қолдану ұсынылады:
- диуретиктер, АӨФ тежегіштері, антибиотиктер-аминогликозидтер және ангиотензин II рецепторларының антагонистері. Декскетопрофен диуретиктердің және гипертензияға қарсы басқа да дәрілердің әсерін бәсеңдетеді. Бүйрек функциясы бұзылған кейбір науқастарда (мысалы, сусызданғанда немесе егде жастағыларда) циклооксигеназаны бәсеңдететін әсер беретін заттарды АӨФ тежегіштерімен, ангиотензин II рецепторларының антагонистерімен немесе антибиотиктермен-аминогликозидтермен бірге қолдану әдетте қайтымды үдеріс болып табылатын жағдайды өршітуі мүмкін. Декскетопрофенді қандай да болсын диуретикпен біріктіріп тағайындағанда пациенттің сусызданбағанына көз жеткізу, ал емдеудің бас кезінде бүйрек функциясын бақылау қажет
- төмен дозалардағы (аптасына 15 мг-ден азырақ) метотрексат: қабынуға қарсы дәрілерді қолдану аясында метотрексаттың бүйректік клиренсінің азаюы есебінен, жалпы оның қан жүйесіне зиянды әсері күшейеді. Бірге қолданудың алғашқы аптасында апта сайын қанға талдау жасау қажет. Тіпті бүйрек функциясы аздап бұзылғанның өзінде, сондай-ақ егде жастағы науқастарда емдеуді дәрігердің қатаң бақылауымен жүргізген жөн;
- пентоксифиллин: қан кетулер қаупі ұлғаяды. Бақылауды күшейту және қан кету уақыты сияқты көрсеткіштерді жиі тексеру қажет;
- зидовудин: ретикулоциттерге ықпал етуі есебінен, эритроциттерге уытты әсерді күшейту қаупі бар, бұл ҚҚСД қолданудың алғашқы аптасынан кейін ауыр анемияға әкеледі. ҚҚСД қолдануды бастағаннан кейін бір-екі апта ішінде қанға жалпы талдау жасау және ретикулоциттердің мөлшерін тексеру керек;
- сульфонилмочевина препараттары: ҚҚСД осы дәрілердің гипогликемиялық әсерін, олардың плазма ақуыздарымен қосылыстарындағы орын алмастыру есебінен, күшейтуге қабілетті.
Келесі дәрілерді пайдаланғанда өзара әсерлердің болуы мүмкін екенін ескерген жөн:
- бета-блокаторлар: ҚҚСД простагландиндер синтезін басу есебінен, олардың гипертензияға қарсы әсерін бәсеңдетуге қабілетті;
- циклоспорин және такролимус: бүйректік простагландиндерге ҚҚСД әсер етуі есебінен, нефроуыттылық күшеюі мүмкін. Біріктіріп емдеген кезде бүйрек функциясын бақылау керек;
- тромболитикалық дәрілер: қан кетулер қаупі ұлғаяды;
- антиагреганттар және серотонинді кері қармап қалатын іріктелген тежегіштер: асқазан-ішектік қан кетулер қаупі ұлғаяды;
- пробенецид: плазмада декскетопрофеннің концентрациялары артуы мүмкін, бұл, сірә, препараттың глюкурон қышқылымен өзекшелік сөлінісінің және конъюгациясының басылуымен іске асады және декскетопрофен дозасын түзетуді қажет етеді;
- жүрек гликозидтері: ҚҚСД плазмада гликозидтердің концентрациясын арттыруға қабілетті;
- мифепристон: простагландинсинтетаза тежегіштерінің әсер етуімен мифепристонның тиімділігін теориялық тұрғыдан төмендетуі мүмкін болғандықтан, ҚҚСД-ні мифепристонмен емдеуден кейін 8–12 күннен соң ғана тағайындаған жөн;
- хинолонды антибиотиктер: зерттеу нәтижелері жоғары дозалардағы хинолон туындыларын ҚҚСД-мен біріктіргенде құрысулар қаупінің ұлғаятындығын көрсетті.
- теновир: ҚҚСД-мен бірге қолдану қан плазмасындағы мочевина азоты мен креатининді жоғарылатуы мүмкін, бүйрек функциясына ықтимал синэнергиялық әсерін қадағалап отыру үшін, бүйрек функциясын бақылауда ұстау қажет.
- деферозирокс: ҚҚСД-мен бірге қолдану асқазан-ішектік уыттылығы қаупін арттыруы мүмкін. Деферозироксты аталған заттармен біріктіргенде қатаң клиникалық бақылау жүргізу қажет.
- пеметрексед: ҚҚСД-мен бірге қолдану пеметрекседтің шығарылуын азайтуы мүмкін, сондықтан, ҚҚСД жоғарырақ дозаларын қолданғанда сақтық таныту қажет. Бүйректің жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі 45-тен 79 мл/минутқа дейін) пациенттерде пеметрекседті қабылдағанға дейін 2 күн және қабылдағаннан кейін 2 күн бойы пеметрекседтің ҚҚСД-мен бірге қолданылуын болдырмау қажет.
Арнайы сақтандырулар
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзету әдетте қажет емес. Алайда бүйрек функциясының физиологиялық төмендеуімен байланысты, препараттың өте төмен дозасы ұсынылады: егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының жеңіл бұзылуларында ең жоғары тәуліктік доза 50 мг.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауырдың ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 5–9 балл) патологиясы бар науқастар үшін ең жоғары тәуліктік дозаны 50 мг-ге дейін қысқартқан және бауыр функциясын мұқият қадағалаған жөн. Декетонды бауырдың ауыр дисфункциясы бар (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 10–15 балл) пациенттерге қолдануға болмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек функциясы жеңіл дәрежеде бұзылған (креатинин клиренсі 60–89 мл/мин) науқастар үшін тәуліктік жиынтық дозаны 50 мг-ге дейін қысқартқан жөн. Декетонды бүйрек функциясының орташа және ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі ≤ 59 мл/мин) пациенттерге қолдануға болмайды.
Декетон препаратының бір ампуласында 200 мг этанол бар, бұл доза 5 мл сыраға немесе 2,08 мл шарапқа сәйкес келеді.
Этанолдың бар екендігін жүктілік және емшек емізу кезеңінде, балаларға және қауіп тобындағы пациенттерге, мысалы, бауыр ауруларында, сондай-ақ эпилепсиядан зардап шегіп жүргендерге тағайындағанда ескеру керек.
Препараттың құрамында дозаға шаққанда 1 ммольден азырақ (23 мг) натрий («бос натрий») бар.
Педиатрияда қолдану
Балалар мен жасөспірімдерде қолданудың қауіпсіздігі анықталмаған. Декетонды балалар мен жасөспірімдерге қолданбау керек.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Декетон препаратын жүктіліктің үшінші триместрінде және лактация кезеңінде тағайындауға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Декетон препаратын қабылдағанда бас айналуы, көрудің бұзылулары немесе ұйқышылдық сияқты жағымсыз әсерлер пайда болуы мүмкін. Сондықтан ол реакцияға және көлік құралдарын басқару қабілетіне және механизмдермен жұмыс істеуге әлсіз немесе орташа әсер береді.

Дозалану режимі
Ұсынылатын доза 8–12 сағаттық аралықпен 50 мг құрайды. Қажет болған кезде қайталанатын дозаны 6 сағаттан соң енгізеді. Ең жоғары тәуліктік доза 150 мг-ден аспауға тиіс.
Жағдайды жақсарту үшін жағымсыз әсерлерді қажетті ең аз уақыт ішінде тиімді ең аз дозаларды пайдалану есебінен қысқартуға болады.
Операциядан кейінгі қарқындылығы орташа және айқын ауырулар кезінде, көрсетілімдер бойынша, ересектерге апиындық анальгетиктермен біріктіріп ұсынылған дозаларда қолдануға болады.
Енгізу әдісі және жолы
Декетонды бұлшықет ішіне немесе вена ішіне енгізеді.
Бұлшықет ішіне егізу.
Препараттың бір ампуласының (2 мл) ішіндегіні бұлшықетке терең етіп баяу енгізеді.
Вена ішіне енгізу:
- вена ішіне инфузия: сұйылтылған ерітіндіні вена ішіне 10–30 мин бойы баяу енгізеді. Ерітіндіні күндізгі табиғи жарықтың әсеріне қалдыруға болмайды;
- вена ішіне инъекция (болюстік енгізу): қажет болғанда Декетон препаратының бір ампуласының (2 мл) ішіндегіні вена ішіне кем дегенде 15 секунд бойы енгізеді.
Емдеу ұзақтығы
Декетон қысқа мерзімдік қолдануға арналған: оны жедел ауыру кезеңінде (екі тәуліктен аспайды) ғана пайдаланған жөн. Пациенттерді, мүмкіндігінше, пероральді анальгетиктерге ауыстыру керек.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Симптомдары: белгісіз. Осыған ұқсас дәрілік препараттар асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылуларды (құсу, анорексия, іштің ауыруы) және жүйке жүйесі тарапынан бұзылуларды (ұйқышылдық, бас айналу, бағдардан адасу, бас ауыру) туындатады.
Емі: байқамай артық дозаланған жағдайда науқастың жағдайына сәйкес симптомдық емді кідіртпей бастаған жөн.
Декскетопрофен трометамолы организмнен диализдің көмегімен жойылады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алу жөніндегі ұсынымдар
Препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда дәрігер немесе фармацевттен кеңес алыңыз.

2 мл препараттан ашылуына арналған белгісі бар, мөлдір янтарь шыныдан жасалған ампулаларға құйылған. 3 немесе 6 ампула пластик пішінді қаптамаға салынған.
1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.