Қарсы көрсеткіштер
әсер етуші затқа немеcе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жеделі вирустық, бактериялық және жүйелі зеңді инфекцияларда (спецификалық ем болмаған кезде)
әсер етуші затқа немеcе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жеделі вирустық, бактериялық және жүйелі зеңді инфекцияларда (спецификалық ем болмаған кезде)
Эстрогендер (мысалы, пероральді контрацептивтер): глюкокортикоидтардың жартылай шығарылу кезеңі ұзаруы мүмкін. Сондықтан кортикостероидтардың әсері күшеюі мүмкін.
Рифампицин, фенитоин, карбамазепин, барбитураттар және примидон сияқты CYP3A4 индукциялайтын препараттар: кортикостероидтардың әсері төмендеуі мүмкін.
CYP3A4 тежегіштері (кетоконазолды, итраконазолды, ритонавирді және кобицистатты қоса) дексаметазон клиренсін төмендетуі мүмкін, бұл бүйрек үсті бездері функциясының/Кушинг синдромының күшеюіне және бәсеңдеуіне әкелуі мүмкін. Емдеудің пайдасы кортикостероидтардың жүйелі жағымсыз әсерлерінің даму қаупінің жоғарылауынан жоғары болған жағдайларды қоспағанда, осы біріктірілімнен аулақ болу керек. Бұл жағдайда пациенттер кортикостероидтардың жүйелі әсерінің пайда болу мәніне бақылауда болуы тиіс.
Эфедрин: глюкокортикоидтардың метаболизмі жеделдетілуі мүмкін, сондықтан олардың тиімділігі төмендейді.
АӨФ тежегіштері: қан көрсеткіштерінің өзгеру қаупі жоғары.
Жүрек гликозидтері: гликозидтердің әсері калий тапшылығы кезінде күшеюі мүмкін.
Салуретиктер/іш жүргізетін дәрілер: калий экскрециясының жоғарылауы мүмкін.
Гипогликемиялық препараттар: гипогликемиялық әсердің төмендеуі мүмкін.
Кумарин туындылары: антикоагулянтты әсердің төмендеуі немесе артуы мүмкін. Бірге қолданған кезде антикоагулянт дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП), салицилаттар және индометацин: асқазан-ішек ойық жаралары мен қан кетудің даму қаупі артады.
Деполяризацияламайтын миорелаксанттар: миорелаксантты әсердің ұзаруы мүмкін.
Атропин, басқа антихолинергиялық препараттар: бір мезгілде қолданған кезде көзішілік қысымның қосымша жоғарылауы мүмкін.
Празиквантел: кортикостероидтар қандағы празиквантел концентрациясының төмендеуін туындатуы мүмкін.
Хлорохин, гидроксихлорохин, мефлохин: миопатия мен кардиомиопатияның даму қаупі жоғары.
Протирелин: протирелинмен емдеу кезінде тиреотропты гормон (ТТГ) деңгейінің төмендеуі мүмкін.
Иммуносупрессиялық препараттар: инфекцияларға сезімталдықтың жоғарылауы және латентті инфекциялардың асқыну немесе белсенуі мүмкін. Сонымен қатар, циклоспорин үшін: қандағы циклоспорин мөлшерінің жоғарылауы: құрысулардың жоғары қаупі бар.
Фторхинолондар сіңір ауруларының даму қаупін арттыруы мүмкін.
Зерттеу әдістеріне әсері: аллергиялық тесттерді жүргізу кезінде тері реакцияларының айқындылық деңгейінің төмендеуі.
айнуы мен құсудың профилактикасы үшін тиімді болып табылады.
Үйлесімсіздік
Препаратты глюкоза ерітіндісінен және физиологиялық ерітіндіден басқа препараттармен араластыруға болмайды.
Дексаметазонды хлорпромазинмен, дифенгидраминмен, доксапраммен, доксорубицинмен, даунорубицинмен, идарубицинмен, гидроморфонмен, ондансетронмен, прохлорперазинмен, галлий нитратымен және ванкомицинмен араластырған кезде тұнба байқалады.
Шамамен 16% дексаметазонның 2,5% глюкоза және 0,9% NaCl ерітіндісінде амикацинмен ыдырауы байқалды.
Кейбір препараттарды, мысалы, лоразепамды дексаметазонмен шыны құтыларда араластыру керек, бірақ пластикалық пакеттерде емес (ерітінді бөлме температурасында поливинилхлоридті пакеттерде 3-4 сағаттан кейін лоразепамның концентрациясы 90% - дан аз төмендеді).
Дексаметазонды кейбір препараттармен, мысалы, метараминолмен араластырған кезде үйлесімсіздік 24 сағат ішінде баяу дамиды.
Дексаметазон және гликопирролат: ерітіндінің соңғы рН 6,4 құрайды, бұл тұрақтылық ауқымының шегінен шығады.
Дозалау режимі
Доза аурудың сипатына, ауырлығына және пациенттің жүргізілетін емделуге жеке реакциясына байланысты. Әдетте салыстырмалы түрде жоғары бастапқы дозалар енгізіледі және созылмалы ауруларға қарағанда жедел ауыр түрлерінде елеулі жоғары болуы тиіс.
Егер өзгеше тағайындалмаса, дозалау бойынша мынадай ұсынымдар қолданылады:
Ақ нүктесі және ампуланы ашуға арналған жасыл түсті сақинасы бар күңгірт шыныдан жасалған ампулаларда 1 мл-ден. Ампулаға өздігінен желімделетін заттаңбаны жапсырады.
Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 ампуладан салынады.
5 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
Комментарий: Огромная благодарность центральной социальной аптеке, нашли препарат, который долго не могли найти по всему городу.
Комментарий: Большое спасибо, дексаметазон просто отличного качества, сразу взяла две упаковки.
Комментарий: 1, не 25 ампул.
Достоинства: Качество отличное, получили быстро!
Достоинства: Покупала для попугая. Спасает от судорог, что очень помогает, практически от гибели спасает пташку.
Достоинства: Хороший препарат, не такой густой, как индийского производства, и вводится легче.
Достоинства: Помогает при артрите, уменьшает воспаление, боль и скованность в суставах.
Достоинства: Отличное средство от боли в пояснице из-за грыжи.
Достоинства: Помогает при ревматоидном артрите рук, ног. Снимает воспаление и боль в мышцах.
Достоинства: Высокое качество и приемлемая цена!
Достоинства: Хорошее недорогое лекарство.
Комментарий: Хороший и доступный по цене.