Қолдану көрсеткіштері
Доксициклинге сезімтал микроорганизмдер туындатқан инфекциялар:
тыныс алу жолдары мен ЛОР-ағзалары инфекциялары: өршу сатысындағы созылмалы бронхит, синусит, ортаңғы отит, микоплазмалар, риккетсиялар немесе хламидиялар туындатқан пневмония
несеп шығару жолдарының инфекциялары: хламидиялар және Ureaplasma urealyticum туындатқан уретрит, жедел простатит, асқынбаған соз (әсіресе хламидиялармен бір уақытта жұқтырғанда), әйел жыныс мүшелерінің инфекциялары, мерез (пенициллиндерге аллергия кезінде), несеп шығару жолдарының инфекциялары (қоздырғыштардың сезімталдығы дәлелденгенде ғана)
асқазан-ішек жолының инфекциялары: холера, иерсиниялар, кампилобактерлер, шигеллалар туындатқан инфекциялар, сезімталдығы дәлелденгенде
өт шығару жолдарының инфекциялары (амбулаториялық ем)
тері инфекциялары: күрделі безеу ауруы (антибиотиктермен емдеу қажет болғанда)
хламидиялық конъюнктивит және трахома
боррелиоз (созылмалы көшпелі эритема немесе Лайм ауруы)
сирек инфекциялар (бруцеллёз, орнитоз, бартонеллёз, листериоз, риккетсиоз, мелиоидоз, оба, шап гранулёмасы)
мальабсорбция синдромы (тропикалық Спру және Уиппл ауруы)
Доксициклин ШТАДА® препаратын қолданғанда антибактериялық препараттарды тиісті қолдану жөніндегі ресми нұсқаулықтарды назарға алу керек.