Қолдану көрсеткіштері
- жүрек айнуы және құсу симптомдарын жеңілдету үшін
- жүрек айнуы және құсу симптомдарын жеңілдету үшін
- домперидонға немесе Дониум-ТК құрамына кіретін қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- бауыр функциясының ауырлық дәрежесі ауыр және орташа бұзылыстары
- жүрек өткізгіштігінің, атап айтқанда QT аралықтарының ұзаруы диагностикаланған, электролиттік теңгерімі едәуір бұзылған немесе іркілісті жүрек жеткіліксіздігі сияқты жүрек ауруларымен пациенттер
- QT аралығы ұзаруының белгілі қауіп факторлары бар басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану
- CYP3A4 күшті тежегіштерімен бір мезгілде қолдану
- пролактин-рилизинг гипофиз ісігі (пролактинома)
- асқазан-ішектен қан кету
- механикалық түйілу немесе тесілу, бұл жағдайларда асқазанның қозғалыс функциясын ынталандыру қауіпті болуы мүмкін
- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, Lарр-лактоза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
- 12 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік және лактация кезеңі
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Айқын электролиттік бұзылулары бар (гипо - және гиперкалиемия, гипомагнезиемия) пациенттерде немесе созылмалы жүрек жеткіліксіздігі сияқты жүрек аурулары бар пациенттерде домперидонды және QT аралығын ұзартуға қабілетті басқа препараттарды қолдану ұсынылмайды.
Дозалану режимі
Ішке.
Домперидон жүрек айнуы мен құсуды бақылауға алу үшін қажетті аса қысқа уақыт мерзімі ішінде ең төменгі тиімді дозасында пайдаланылуы тиіс.
Препаратты тамаққа дейін қабылдау ұсынылады, оны тамақтан кейін қабылдаған жағдайда домперидонның сіңірілуі баяулауы мүмкін.
Препаратты дәрігер жазып берген уақытта қабылдау ұсынылады. Дозасын өткізіп алған жағдайда, препараттың келесі дозасын әдеттегі уақытта қабылдау қажет. Өткізіліп алған дозасының орнын толтыру мақсатында дозасын екі еселеуге болмайды.
Препаратты үздіксіз қолданудың ұзақтығы 7 күннен аспауы тиіс.
Ересектер мен 12 жастан асқан және дене салмағы 35 кг және одан жоғары балалар: тәулігіне 3 рет 10 мг 1 таблетка. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы 30 мг.
Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерде қолданылуы
Препаратты бауыр функциясының орташа және ауыр дәрежедегі бұзылулары кезінде қолдануға болмайды. Бауыр функциясының жеңіл бұзылулары кезінде дозасын түзету қажет емес.
Бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде қолданылуы
Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары кезінде препараттың жартылай шығарылу кезеңі жоғарылайтындықтан, қайталап қабылдағанда препаратты қабылдаудың жиілігі тәулігіне 1-2 ретке дейін азайтылуы тиіс, бұзылулардың ауырлығына байланысты дозасын төмендету де қажет болуы мүмкін. Мұндай пациенттерге жүйелі түрде тексеру жүргізу керек.
Дәрілік затпен артық дозаланған жағдайда пациентке дереу симптоматикалық ем тағайындау, QT аралығының ұзаруы мүмкіндігі салдарынан ЭКГ мониторингін жүргізу қажет.
Симптомдары
Артық дозалануы негізінен нәрестелер мен балаларда тіркелген. Артық дозалану симптомдары қозудан, сананың өзгеруінен, құрысудан, бағдарсыздықтан, ұйқышылдықтан және экстрапирамидалы реакциялардан тұрады.
Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмірді қолдану және мұқият бақылау ұсынылады. Экстрапирамидтік реакциялар пайда болған кезде антихолинергиялық заттарды, антигистаминдік препараттарды, паркинсонизмді емдеуге арналған препараттарды тағайындауға болады.
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және/немесе баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
1 немесе 3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Тұтынушымен келісу бойынша пішінді ұяшықты қаптаманы медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың тиісті санымен бірге қорапшаға салмай топтық ыдысқа қаптауға жол беріледі.
Жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.