daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Дротаверин Таблеткалары 40 Мг №50 | Ирбитский ХФЗ

Қоймада жоқ
Таразе қаласындағы Дротаверин Таблеткалары 40 Мг №50 | Ирбитский ХФЗ
Сипаттама:

Ойығы бар жалпақ цилиндрлі, жасылдау реңді сары түсті таблеткалар

Халықаралық атауы:

Дротаверин

Өндіруші:

Ирбитский ХФЗ

Өндіруші ел:

Российская Федерация

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза моногидраты (сүтті қант), картоп крахмалы, повидон (медициналық төмен молекулалы поливинилпирролидон), магний стеараты, тальк. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ойығы бар жалпақ цилиндрлі, жасылдау реңді сары түсті таблеткалар

Белсенді заттың дозасы:

40 мг

Қаптамадағы саны:

50 шт

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

өт шығару жолының ауруларымен байланысты тегіс бұлшықеттердің түйілулерінде: холецистолитиаз, холенгиолитиаз, холецистит, перихолицестит, холангит, папиллит

несеп шығару жолдарының тегіс бұлшықеттерінің түйілулерінде: нефролитиаз, уретеролитиаз, пиелит, цистит, қуық тенезмдері

Қосымша ем ретінде:

асқазан-ішек жолдары тегіс бұлшықеттерінің түйілуінде: асқазан және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы, гастрит, кардия мен асқазан қақпасының түйілуі, энтерит, колит, тітіркенген ішек синдромының спазмдық іш қатулармен немесе метеоризммен жүретін формалары

бастың кернеп ауыруында

гинекологиялық ауруларда: дисменорея (ауыр жүретін етеккір)

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- бүйрек немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- жүректің ауыр жеткіліксіздігі (жүректің лықсыту төмендігі синдромы), II-III дәрежелі AV блокада

- лактация кезеңі

- галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы аурулары немесе глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы

- 12 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

– артериялық гипотензияда

– балаларда (клиникалық қолдану тәжірибесінің жеткіліксіздігі)

– жүктілік кезеңінде

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Бір мезгілде қолданғанда папаверин, бендазол және басқа спазмолитиктердің (соның ішінде м-холиноблокаторлардың) әсерін күшейтеді.

Трициклды антидепрессанттар, хинидин және прокаинамид дротаверинмен бір мезгілде қолданылғанда олардың гипотензиялық әсері күшейеді.

Фосфодиэстераза тежегіштері (папаверин, дротаверин сияқты) леводопаның паркинсон ауруына қарсы тиімділігін әлсіретеді. Дротаверинді леводопамен бірге қолданған кезде соңғысының паркинсонизмге қарсы әсері төмендейді және тремор мен сіреспеліктің күшеюі байқалады.

Арнайы ескертулер

Коронарлық артериялардың айқын атеросклерозы, қуық асты безі аденомасы, глаукомасы бар пациенттерге препарат сақтықпен тағайындалады.

Препараттың құрамында лактоза бар. Тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы аурулары немесе глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы бар пациенттерге препаратты қабылдауға ұсынылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Пероральді ретроспективті клиникалық зерттеулер және жануарларға зерттеулер жүктілік кезеңіне, эмбриональді дамуға, босануға немесе босанғаннан кейінгі дамуға тікелей немесе жанама жағымсыз әсер етпеді. Дегенмен, жүктілік кезінде препаратты қолдану сақ болуды талап етеді.

Бала емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Пациенттер препаратты қабылдағаннан кейін бас айналу пайда болған кезде көлік құралын немесе басқа механизмдерді басқару сияқты ықтимал қауіпті қызметтен бас тарту ұсынылатыны туралы хабардар болуы тиіс.

Өзара әрекеттесуі

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 немесе 5 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

4 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыДротаверин таблеткалары 40 мг №50 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube