daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Dulcolax Таблеткалары 5 Мг №30 | Делфарм Реймс

Таразе қаласындағы Dulcolax Таблеткалары 5 Мг №30 | Делфарм Реймс
Сипаттама:

Үсті жалтыр тегіс, ақшыл-сары түсті қантты/ішекте еритін қабықпен қапталған екі беті дөңес дөңгелек таблеткалар. Таблетканың диаметрі 5.8 мм-ден 6.2 мм-ге дейін, қалыңдығы – 3.2 мм-ден 3.8 мм-ге дейін.

Халықаралық атауы:

Бисакодил

Өндіруші:

Делфарм Реймс

Өндіруші ел:

Франция

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза моногидраты, кептірілген жүгері крахмалы, еритін крахмал, глицерин 85%, магний стеараты, қабықтың құрамы: магний стеараты, сахароза, тальк, мамыргүл (ұнтақ), титанның қостотығы (Е 171), метакрил қышқылы және метилметакрилат сополимері (1:1) (Эудрагит L 100), метакрил қышқылы және метилметакрилат сополимері (1 : 2) (Эудрагит S 100), майсана майы, макрогол 6000, темірдің сары тотығы (Е 172), ақ балауыз, карнауб балауызы, шеллак, тазартылған су, сусыз этанол, ацетон.

Белсенді заттың дозасы:

5 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Іш қатуды симптоматикалық емдеу

Қарсы көрсеткіштер

бисакодилге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

организмнің қатты сусыздануы

ішектің жедел қабыну аурулары, ойық жаралы колит, Крон ауруы

жүрек айнуы және құсумен қатар жүретін қатты ауыруды қосқанда, орналасқан жері белгісіз іштің қатты ауыруы, бұл оның күрделі ауру екенін білдіруі мүмкін

окклюзивті және субокклюзивті синдромдар

тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар

6 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Іш қату кезінде дәрі-дәрмектік емдеу мына гигиеналық және диеталық шаралармен бірге жүруі керек:

клетчатка мен сұйықтыққа бай диета

дене жүктемесі бойынша белсенділік ұсыныстарын және дефекацияны қалыпқа келтіру қағидаларын сақтау керек.

Ұзақ (10 күннен артық) қолдану ұсынылмайды, өйткені мыналарды тудыруы мүмкін:

ішектің ауыр функционалды бұзылысы, меланоз, су-электролит теңгерімінің бұзылуы және гипокалиемия.

іш жүргізетін дәрілерді қабылдауға тұрақты қажеттілікпен дәрі-дәрмекке тәуелділік, дозаны арттыру қажеттілігі және тоқтату кезіндегі ауыр іш қатулар. Пациенттердің арасында тәуелділік дамуы ауытқып отырады және оның туындағанын дәрігердің білмеуі де мүмкін.

Сұйықтықты жоғалтудан зардап шегіп жүрген пациенттерде сусыздану қауіпті болуы мүмкін (бүйрек жеткіліксіздігі, егде жастағы пациенттер), ол кезде препаратты қолдануды тоқтата тұру және тек медициналық бақылаумен қайта бастау керек. Сұйықтықты жоғалту сусыздануды тудыруы ықтимал, оның белгілері шөлдеу мен олигурия болуы мүмкін.

Препаратты екі бағыттағы қарыншалық тахикардияны тудыратын дәрілік заттармен бір мезгілде пайдалану ұсынылмайды

Пациенттерде ректоррагия пайда болуы мүмкін (нәжісте қанның бар-жоғын бақылау керек), ол әдетте жеңіл және өздігінен қайтуы мүмкін. Егер сізде ректоррагия байқалса, дәрігермен хабарласу керек.

Дефекация актісімен байланысты деп болжанатын, бас ауыруы мен естен тану жайғдайлары тіркелді.  

Балаларға стимуляциялайтын іш жүргізетін дәрілерді тек ерекше жағдайларда ғана тағайындау керек, өйткені дефекация рефлексінің қалыпты функциясының бұзылу қаупін назарға алу керек.

Басқа іш жүргізетіндермен бір мезгілде пайдалану Дульколакс® препаратының асқазан-ішектік жағымсыз әсерлерін арттыруы мүмкін.

Препаратты тұқым қуалайтын фруктоза немесе галактоза көтере алмаушылығы, Lapp-лактаза немесе сахараза-изомальтаза ферменті тапшылығы, глюкоза және/немесе галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қабылдау ұсынылмайды.

Дульколакс® дәрілік препаратының құрамында майсана майы бар болғандықтан ол асқазан-ішек бұзылыстарын (жеңіл іш жүргізетін әсер, диарея) туғызуы мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Қолайсыз біріктірілімдер

Екі бағыттық қарыншалық тахикардияны тудыратын дәрілер:

антиаритмиялық препараттар: амиодарон, бретилий, дизопирамид, хинидин, соталол

антиаритмиялық емес препараттар: астемизол, бепридил, эритромицин IV, галофантрин, пентамидин, сультропид, терфенадин, винкамин

Стимуляцияламайтын іш жүргізетіндерді пайдалану керек.

Пайдалану кезінде сақтық шараларын талап ететін біріктірілімдер

Құрамында оймақгүл бар дәрілер:

Гипокалиемия құрамында оймақгүл бар дәрілердің уытты әсерін күшейтеді. Қандағы калий деңгейін бақылау және қажет болған жағдайда ЭКГ жүргізу керек. Стимуляцияламайтын іш жүргізетіндерді пайдалану керек.

Калий құрамын төмендететін басқа препараттар:

Гипокалиемиялық диуретиктер (жеке немесе біріктірілімде), В амфотерицині (вена ішіне), кортикостероидтер (глюкокортикоидтар және минералкортикоидтар: жүйелік енгізу жолы), тетракозактид. Гипокалиемияның жоғарылау қаупі (аддитивті әсер). Мониторинг және қажет болсда қандағы калий деңгейін түзету қажет. Стимуляцияламайтын іш жүргізетіндерді пайдалану керек.

Препаратты АІЖ жоғарғы бөлігінің қышқылдығын төмендететін өнімдермен бірге қабылдау,  мысалы: сілтілік препараттар, антацидтер, протонды сорғы тежегіштері немесе сүт, таблетка қабығының төзімділігін төмендетуі, диспепсияға және асқазанның тітіркенуіне әкелуі мүмкін.

Арнайы ескертулер

Жүктілік

Жүктілік кезінде препаратты қабылдау ұсынылмайды, өйткені қолда бар клиникалық және клиникаға дейінгі деректер жеткіліксіз.

Лактация кезеңі

Осы деректерге сәйкес бисакодил де, оның глюкоронидтері де бала емізетін әйелдердің емшек сүтіне өтпейді, тиісінше Дyльколакс® лактация кезінде қолданылуы мүмкін.

Фертильділік

Препараттың адам фертильділігіне әсеріне зерттеулер жүргізілген жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Зерттеулер жүргізілген жоқ. Дегенмен, пациенттер іш қату салдарынан туындаған іштің ауыруы кезінде парасимпатикалық қантамырлық реакцияларға байланысты бас айналу және/немесе естен тануы мүмкін екендігі туралы хабардар болуы тиіс.

Өзара әрекеттесуі

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыDulcolax таблеткалары 5 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube