Қолдану көрсеткіштері
сүт безінің ерте сатыдағы инвазивті гормон-позитивті обыры бар, менопаузадан кейінгі әйелдерде сүт безінің обырын адъювантты түрде емдеу үшін
алдын ала 5 жыл бойы тамоксифенмен стандарты адъювантты ем қабылдаған, сүт безінің ерте сатыдағы инвазивті гормон-позитивті обыры бар, менопаузадан кейінгі әйелдерде адъювантты емді жалғастыру үшін
сүт безінің гормон-позитивті обыры бар, менопаузадан кейінгі әйелдерде бірінші желілік ем ретінде
мұның алдында антиэстрогендермен ем қабылдаған, (табиғи немесе жасанды түрде туындаған) менопаузадан кейінгі әйелдерде қайталанудан немесе өршуден кейін жайылған сүт безі обырында
химиялық емдеу қолайлы ем болып табылмаған және шұғыл операциялық араласым көрсетілмеген жағдайда сүт безінің гормон-позитивті, HER-2 негативті обыры бар менопаузадағы әйелдерді неоадьювантты емдеуде