daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Ferlatum Fol Ішуге Арналған Ерітінді 800 Мг/15 Мл №10 | Italfarmaco Sp A

Таразе қаласындағы Ferlatum Fol Ішуге Арналған Ерітінді 800 Мг/15 Мл №10 | Italfarmaco Sp A

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Жағымды тән иісі бар мөлдір қоңыр ерітінді.

Өндіруші:

Italfarmaco Sp A

Өндіруші ел:

Королевство Испания

Белсенді ингредиент:

кальций фолинатының гидраты 0,235 мг (0,185 мг фолин қышқылына баламалы) қосымша заттар: сорбитол (E420), пропиленгликоль (Е-1520), натрий метилпарагидроксибензоаты (Е-219), натрий пропилпарагидроксибензоаты (Е-217), қарабүлдірген иістендіргіші (құрамында пропиленгликоль бар), натрий сахарині, натрий гидроксиді және тазартылған су. Резервуар қақпағының құрамында: маннитол (Е-421).

Белсенді заттың дозасы:

800 мг

Қаптамадағы саны:

10 шт

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Темір мен фолат жетіспеушілігі жағдайын алдын алу және емдеу:

- гипохромды немесе нормохромды анемия

- темірдің жеткіліксіз түсуінен немесе тұтынылуынан, сондай-ақ фолаттардың жеткіліксіз түсуінен немесе синтезделуінен туындаған макроциттік немесе балалар мегалобласттық анемиясының кейбір түрлері;

- жүктілік, босанғаннан кейінгі кезең немесе бала емізу кезіндегі анемия.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші заттарға немесе 6.1-бөлімде санамаланған қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- гемосидероз, гемохроматоз,

- апластикалық, гемолитикалық немесе сидеробластикалық (темірдің бұзылған утилизациясы) анемия

- В12 дәрумені тапшылығынан туындаған мегалобластикалық анемия (егер дәруменмен біріктіріп тағайындалмаса),

- созылмалы панкреатит,

- гемохроматозға байланысты бауыр циррозы.

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Сипатталмаған

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Темір тетрациклиндердің, бисфосфонаттардың, хинолондардың, пеницилламиннің, тироксиннің, леводоптардың, карбидоптардың, альфа-метилдоптардың сіңуін немесе биожетімділігін төмендетуі мүмкін. Сондықтан Ферлатум Фолды осы препараттардың кез келгенін қабылдағаннан кейін 2 сағат аралықпен қабылдау керек.

Темірдің сіңірілуі 200 мг астам аскорбин қышқылын бір мезгілде қолданған кезде артуы немесе антацидтерді бір мезгілде қолданған кезде төмендеуі мүмкін. Хлорамфеникол темір препараттарымен емдеуге кешіктірілген кері реакцияны тудыруы мүмкін.

Препаратты H2-гистаминдік рецепторлардың блокаторларымен бір мезгілде қолданғанда фармакологиялық өзара әрекеттеспейді.

Көкөністерде, сүтте, кофеде және шайда болатын темірді құрайтын кешендер (фосфаттар, фитаттар және оксалаттар секілді) темірдің сіңуін тежейді. Сондықтан, Ферлатум Фолды осы өнімдердің немесе сусындардың кез-келгенін қабылдағаннан кейін 2 сағат аралықта пайдалану керек.

Кейбір ісікке қарсы және лейкозға қарсы дәрілер (аминоптерин, метотрексат және птериннің басқа туындылары) өздерін фолаттардың бәсекелес антагонистері ретінде ұстайды.

Соған сәйкес, Ферлатум Фол және фолий немесе фолин қышқылына негізделген барлық басқа препараттар неопластикалық аурулары бар немесе антифолат препараттарын қабылдайтын лейкемиямен ауыратын пациенттерге тағайындалмауы керек.

Ұқсас антагонистік әсерге байланысты осы препаратты кейбір бактерияға қарсы препараттармен (сульфаниламидтермен немесе триметоприм секілді диаминобензолпиримидиндермен) бірге тағайындауға болмайды, себебі, ерітінді олардың тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер: дәрігердің ұсыныстарына сәйкес күніне 1-2 құты (40-80 мгFe3+ немесе 0,235-0,470 мг кальций фолинатының гидраты сәйкес келетін) , екі рет, тамақтанар алдында.

Балалар: күніне 1,5 мл / кг (күніне 4 мг/кг-ға Fe3+ балама) екі рет, дәрігермен басқаша тағайындамаса, тамақтанар алдында пайдаланған жөн

Енгізу әдісі мен жолы

Бір реттік құтының ішіндегісін тікелей құтыдан қабылдауға немесе газдалмаған сумен сұйылтуға болады.

Контейнерді ашу үшін қақпақты шешіп алып, ұнтақ ерітіндіге түспегенге дейін резервуар қақпақты басып тұру керек. Ерітіндіні толық ерігенге дейін шайқап, резервуардың қақпағын ашып, ерітіндіні тікелей бір дозалы контейнерден ішу немесе сумен сұйылту керек .

Дайындағаннан кейін ерітіндіні 24 сағат ішінде қабылдау керек.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсын ағзадағы темір қалыпты деңгейге келгенге дейін жалғастыру керек (әдетте екі-үш ай).

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Темір тұздарының жоғары дозаларын қабылдағаннан кейін эпигастрийде ауырсыну жағдайы орын алып, жүрек айну, құсу, диарея және қанды құсу пайда болуы мүмкін, көбінесе ұйқышылдық, бозару, цианоз, комаға дейінгі шок жағдайы дамуы мүмкін. Емдеу құсықты келтіретін дәріні дереу қабылдаумен жүргізіледі, содан кейін, қажет болған жағдайда, асқазанды шаю секілді және басқа да қосымша шаралар қолданылуы мүмкін. Қажет болған кезде дезферриоксамин секілді темірмен күрделі қосылыстарды түзетін препараттар қабылдануы мүмкін.

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы тиісті шаралар

Өте сирек, максималды доза қабылдағанда

Асқазан-ішек бұзылыстары:

-іш қату

-диарея

- жүрек айнуы

- эпигастрийдегі ауырсыну.

Бұл құбылыстар дозаны төмендету немесе препаратты қолдануды тоқтату арқылы жойылады.

Құрамында темір бар заттар нәжісті қара түске немесе қою сұр түске бояуы мүмкін.

Шығарылу түрі

15 мл препарат ішіне мөлшерлегіш-қалпақша жабыстырылған, ашуға арналған жолағы бар созылғыш полимерлі қақпақпен тығындалған түссіз күңгірт полиэтиленді құтыға салынады.

10 құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Көлемі

15 мл (ампула)

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыFerlatum Fol ішуге арналған ерітінді 800 мг/15 мл №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube