daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Флузамед Капсулалары 150 Мг №1 | Е.И.П.И.Ко.

Халықаралық атауы:

Флуконазол

Өндіруші:

Е.И.П.И.Ко.

Өндіруші ел:

Арабская Республика Египет

Белсенді ингредиент:

флуконазолды күніне 400 мг немесе одан жоғары дозаларда бірнеше рет қабылдайтын пациенттерге терфенадинді бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді, бұл флуконазол мен терфенадиннің көп реттік дозаларының өзара әрекеттесуін зерттеу негізінде белгіленген; QT аралығын ұзартатын және цизаприд, астемизол, пимозид, хинидин және эритромицин сияқты P450 (CYP) 3A4 цитохромының ферменті арқылы метаболизденетін басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану флуконазол қабылдайтын пациенттер үшін қарсы көрсетілімді; 6 жасқа дейінгі балалар. Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары Егер сізде флуконазолды қабылдағаннан кейін қатты тері бөртпесі немесе терінің қабыршақтануы, қышынуы және/немесе ауыздағы ойық жаралар пайда болса, Флузамед препаратын қабылдағанға дейін дәрігермен кеңесіңіз. Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі Келесі дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді: Цизаприд: «пируэт» типті қарыншалық тахикардияны қоса, жүрек тарапынан жағымсыз реакциялар болуы мүмкін. Бақыланатын зерттеуде флуконазолды күніне 1 рет 200 мг дозада және цизапридті күніне 4 рет 20 мг дозада бір мезгілде қолдану қан плазмасында цизаприд деңгейлерінің едәуір жоғарылауына және QTc аралығының ұзаруына әкелді. Терфенадин: QTc аралығының ұзаруы салдарынан күрделі жүрек аритмияларының туындауына байланысты терфенадинмен емделу кезінде күніне 400 мг немесе одан жоғары дозаларда флуконазолдың бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді. Флуконазолды күніне 400 мг-ден төмен дозаларда терфенадинмен бір мезгілде қабылдау мұқият қадағалаумен жүргізілуі тиіс. Астемизол: бір мезгілде қолдану астемизол клиренсін төмендетеді. Плазмадағы астемизолдың жоғары концентрациялары QT аралығының ұзаруына, ал сирек жағдайларда – «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның пайда болуына әкелуі мүмкін. Пимозид: бір мезгілде қолдану пимозид метаболизмінің тежелуіне әкелуі мүмкін. Қан плазмасында пимозид концентрациясының жоғарылауы QT аралығының ұзаруына, ал сирек жағдайларда – «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның туындауына әкелуі мүмкін. Хинидин: бір мезгілде қолдану хинидин метаболизмінің бәсеңдеуіне әкелуі мүмкін. Хинидинді қолдану QT аралығының ұзаруымен және сирек жағдайларда – «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның туындауымен қатар жүрді. Эритромицин: флуконазол мен эритромицинді бір мезгілде қолданудың кардиоуыттылық қаупін (QT аралығының ұзаруы, «пируэт» типті қарыншалық тахикардия) және онымен байланысты өлімге ұшырауды арттыру ықтималдығы зор. Келесі дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды: Галофантрин: флуконазол CYP3A4 тежеу әсеріне орай қан плазмасында галофантрин концентрациясын арттыруы мүмкін. Флуконазол мен галофантринді бір мезгілде қолданудың кардиоуыттылық қаупін (QT аралығының ұзаруы, «пируэт» типті қарыншалық тахикардия) және онымен байланысты өлімге ұшырауды арттыру қабілеті зор. Сақтықпен қолдану қажет болатын дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану: Амиодарон: бір мезгілде қолдану QT аралығын ұзартуы мүмкін. Флуконазол мен амиодаронды бір мезгілде қолдану қажет болса, әсіресе, флуконазолдың жоғары (800 мг) дозаларын қабылдағанда сақтық таныту керек. Келесі дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану сақтық шараларын қадағалауды және дозаларын түзетуді талап етеді: Басқа дәрілік заттардың флуконазолға әсері Рифампицин: бір мезгілде қолдану «концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан (AUC) мәнінің 25% төмендеуіне және флуконазолдың жартылай шығарылу кезеңінің 20% қысқаруына әкелді. Рифампицинді бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге флуконазол дозасын арттыру мүмкіндігін қарастыру керек. Өзара әрекеттесу зерттеулері флуконазолды тамақпен, циметидинмен, антацидтермен пероральді қолданғанда немесе сүйек кемігін трансплантациялау кезінде денені жалпы сәулелендіруден соң флуконазол сіңірілуінің клиникалық мәнді бұзылуы байқалмайтынын көрсетті. Гидрохлоротиазид: фармакокинетикалық өзара әрекеттесу зерттеуінде флуконазол қабылдап жүрген дені сау еріктілерде гидрохлоротиазидтің көп реттік дозаларын бір мезгілде қолдану қан плазмасында флуконазол концентрациясын 40% арттырды. Осындай әсері айқын білінгенде диуретиктерді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде флуконазолды дозалау режимін өзгерту қажет емес. Флуконазолдың басқа дәрілік заттарға әсері Флуконазол P450 (CYP) цитохромы 2C9 және 3A4 изоферменттерінің орташа тежегіші болып табылады. Флуконазол сонымен қатар CYP2C19 изоферментінің күшті тежегіші болып табылады. Төменде көрсетілген бақыланған/құжатталған өзара әрекеттесулерге қосымша, флуконазолмен бір мезгілде қолданылатын CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 арқылы метаболизденетін басқа заттардың қан плазмасындағы концентрацияларының жоғарылау қаупі бар. Сол себепті, осындай біріктірілімдерді қолдану кезінде сақтық шарасын қадағалау керек және пациенттердің жай-күйін мұқият бақылап отыру керек. Флуконазолдың жартылай шығарылу кезеңінің ұзаққа созылуы себепті оның ферменттерді тежеу әсері емді тоқтатудан кейін 4-5 күн бойы сақталады. Альфентанил: флуконазол (400 мг) альфентанилді вена ішіне енгізумен (20 мкг/кг) бір мезгілде қолданылғанда дені сау еріктілерде, СҮР3А4 тежеу ықтималдығына орай, альфентанил AUC10 2 есе жоғарылауы байқалды. Альфентанил дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Амитриптилин, нортриптилин: флуконазол амитриптилин мен нортриптилин әсерін күшейтеді. Біріктірілген емнің басында және 1 апта өткенде 5-нортриптилин және/немесе S-амитриптилин концентрациясын өлшеу ұсынылады. Қажет болған жағдайда амитриптилин/нортриптилин дозасын түзету керек. Амфотерицин В: флуконазол мен В амфотерицинін иммунитеті қалыпты және төмен, инфекция жұқтырған тышқандарға бір мезгілде енгізгенде С. albicans жүйелі инфекциясы кезіндегі аздаған зеңге қарсы аддитивті әсер, Cryptococcus neoformans бассүйекішілік инфекциясы кезінде өзара әрекеттесудің болмауы және Aspergillus fumigatus жүйелі инфекциясы кезінде екі препараттың антагонизмі анықталды. Осы зерттеулер барысында алынған нәтижелердің клиникалық маңызы белгісіз. Антикоагулянттар: тіркеуден кейінгі қолдану кезінде, басқа зеңге қарсы азол дәрілерімен болған жағдайдағы сияқты, флуконазолды варфаринмен бір мезгілде қабылдаған пациенттерде протромбин уақытының ұзаруымен қатар жүретін геморрагиялық құбылыстар (көгеру, мұрыннан қан кету, асқазан-ішектен қан кету, гематурия және мелена) байқалды. Флуконазол мен варфаринді бір мезгілде қолданғанда протромбин уақытының, CYP2C9 арқылы варфарин метаболизмінің тежелуі салдарынан, ықтималды түрде, 2 еселік мәнге дейін ұзаруы байқалды. Кумарин типті антикоагулянттарды немесе индандион антикоагулянттарын флуконазолмен бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде протромбин уақытына мұқият мониторинг өткізу қажет. Антикоагулянт дозасын түзету қажет болуы мүмкін Қысқа әсер ететін бензодиазепиндер (мысалы, мидазолам, триазолам): мидазоламды пероральді қолданудан кейін флуконазол тағайындау мидазолам концентрациясының едәуір артуына және психомоторлық әсерлерінің күшеюіне әкелді. Флуконазолды 200 мг және мидазоламды 7,5 мг бір мезгілде пероральді қолдану мидазолам AUC және жартылай шығарылу кезеңінің, тиісінше, 3,7 есе және 2,2 есе артуын туындатты. Пероральді 0,25 мг триазоламмен бір мезгілде қолданылатын тәулігіне 200 мг флуконазол триазоламның AUC және жартылай шығарылу кезеңін, тиісінше, 4,4 есе және 2,3 есе арттырды. Триазоламды флуконазолмен бір мезгілде қолданғанда триазолам әсерінің күшеюі және ұзаққа созылуы байқалды. Егер флуконазолмен емделіп жүрген пациенттерге бензодиазепиндерді бір мезгілде қолдану қажет болса, бензодиазепиндер дозасын азайту мүмкіндігін қарастыру және пациенттердің жай-күйіне тиісті мониторинг өткізу керек. Карбамазепин: флуконазол карбамазепин метаболизмін бәсеңдетеді және қан сарысуында карбамазепин деңгейінің 30% артуына алып келеді. Карбамазепин тарапынан уыттылық көріністерінің даму қаупі бар. Карбамазепин дозасын препараттың концентрация деңгейіне және оның әсеріне қарай түзету қажет болуы мүмкін. Кальций өзекшелерінің блокаторлары: кейбір кальций өзекшелерінің антагонистері (нифедипин, исрадипин, амлодипин, верапамил және фелодипин) CYP3A4 ферментімен метаболизденеді. Флуконазол кальций өзекшелері антагонистерінің жүйелік әсерін арттыруы мүмкін. Жағымсыз реакцияларға мұқият мониторинг өткізу ұсынылады. Целекоксиб: флуконазол (күніне 200 мг) мен целекоксиб (200 мг) бір мезгілде қолданылғанда целекоксиб Сmaх және AUC мәндері, тиісінше, 68% және 134% жоғарылады. Флуконазолды бір мезгілде қолданғанда целекоксиб дозасын екі есе азайту қажет болуы мүмкін. Циклофосфамид: Циклофосфамид пен флуконазолды бір мезгілде қолдану қан сарысуында билирубин мен креатинин деңгейлерінің жоғарылауына әкеледі. Бұл препараттарды қан сарысуындағы билирубин мен креатинин концентрацияларының жоғарылау қаупін ескеріп, бір мезгілде қолдануға болады. Фентанил: фентанил мен флуконазол арасында болуы мүмкін өзара әрекеттесу салдарынан өліммен аяқталған фентанилмен уыттанудың бір жағдайы хабарланды. Флуконазолдың дені сау еріктілерде фентанил элиминациясын едәуір баяулататыны анықталды. Фентанил концентрациясының жоғарылауы тыныстың тарылуына әкелуі мүмкін, сондықтан пациенттің жай-күйін мұқият бақылап отыру керек. Фентанил дозасын түзету қажет болуы мүмкін. ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері: Флуконазол мен CYP3A4 (аторвастатин және симвастатин) арқылы немесе CYP2C9 (флувастатин) арқылы метаболизденетін ГМК-КоА-редуктаза тежегіштерін бір мезгілде қолдану миопатия мен рабдомиолиздің даму қаупін арттырады. Осы препараттарды бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда миопатия және рабдомиолиз симптомдарының туындауына қатысты пациентті мұқият қадағалап, креатинкиназа деңгейіне мониторинг өткізу керек. Креатинкиназа деңгейі едәуір жоғарылаған жағдайда, сондай-ақ миопатия/рабдомиолиз диагностикаланғанда немесе күмән тудырғанда ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін қолдануды тоқтату керек. Ибрутиниб: флуконазол сияқты орташа CYP3A4 тежегіштері плазмадағы ибрутиниб концентрациясын жоғарылатады және уыттылық қаупін арттыруы мүмкін. Егер осындай біріктірілімді қолданбау мүмкін болмаса, тежегішті қолдану кезеңінде ибрутиниб дозасын тәулігіне 1 рет 280 мг (екі капсулаға) дейін азайту және мұқият клиникалық бақылауды қамтамасыз ету керек. Ивакафтор: муковисцидоздық жарғақша арқылы өткізгіштік реттегішін (CFTR) күшейтуші - ивакафтормен бір мезгілде қолдану ивакафтор әсерін 3 есе, ал гидроксиметил-ивакафтор (M1) әсерін 1,9 есе арттырды. Флуконазол және эритромицин сияқты орташа CYP3A тежегіштерін бір мезгілде қабылдайтын пациенттер үшін күніне 1 рет ивакафтор дозасын 150 мг дейін азайту ұсынылады. Олапариб: флуконазол сияқты CYP3A4 орташа тежегіштері плазмада олапариб концентрациясын арттырады; осындай біріктірілімді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Егер біріктірілімді болдырмау мүмкін болмаса, олапариб дозасын күніне 2 рет 200 мг дейін шектеу керек. Циклоспорин: флуконазол циклоспорин AUC және концентрациясын едәуір арттырады. Күніне 200 мг флуконазолмен циклоспоринді (күніне 2,7 мг/кг) бір мезгілде қолданғанда циклоспорин АUC 1,8 есе артуы байқалды. Осы біріктірілімді циклоспорин дозасын азайту кезінде оның концентрациясына қарай қолдануға болады. Эверолимус: in vivo немесе in vitro зерттеулері жүргізілмесе де, флуконазол CYP3A4 тежелуі салдарынан қан сарысуында эверолимус концентрациясын арттыруы мүмкін. Сиролимус: флуконазол CYP3A4 және P-гликопротеин әсер етуімен сиролимус метаболизмін бәсеңдету арқылы, ықтималды түрде, қан плазмасында сиролимус концентрациясын арттырады. Бұл препараттарды концентрация деңгейіне және препараттың әсеріне қарай сиролимус дозасын түзету шартымен бір мезгілде қолдануға болады. Такролимус: флуконазол CYP3A4 әсерімен ішекте такролимус метаболизмін тежеу нәтижесінде қан сарысуында пероральді қолданылған такролимус концентрациясын 5 есеге дейін арттыра алады. Такролимус вена ішіне қолданылғанда фармакокинетикасының елеулі өзгерістері байқалмады. Такролимустың жоғары деңгейлері нефроуыттылықпен байланысты болды. Такролимустың пероральді дозасын оның концентрациясына қарай төмендету керек. Лозартан: флуконазол лозартанды қолдану кезінде ангиотензин II рецепторларына антагонизмнің көп бөлігіне жауапты лозартанның өзінің белсенді метаболитіне (Е-31 74) дейінгі метаболизмін бәсеңдетеді. Пациенттердің артериялық қысымына тұрақты мониторинг өткізуге кеңес беріледі. Метадон: флуконазол қан сарысуындағы метадон концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. Метадон дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП): флурбипрофен монотерапиясымен салыстырғанда, флуконазолмен бір мезгілде қолдану кезінде флурбипрофеннің ең жоғары концентрациясы (Сmах) мен AUC мәндері, тиісінше, 23% және 81% артты. Осыған ұқсас фармакологиялық белсенді изомер [S-(+) – ибупрофен] Сmах және AUC мәндері флуконазолды ракемиялық ибупрофенмен (400 мг) бір мезгілде қолданғанда, рацемиялық ибупрофен монотерапиясымен салыстырғанда, тиісінше, 15% және 82% жоғарылады. Флуконазолдың CYP2C9 арқылы метаболизденетін басқа ҚҚСП (мысалы, напроксен, лорноксикам, мелоксикам, диклофенак) жүйелік әсерін арттыру қабілеті зор. ҚҚСП-мен байланысты жағымсыз реакцияларына және уыттылығына жиі мониторинг өткізу ұсынылды. ҚҚСП дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Фенитоин: флуконазол бауырдағы фенитоин метаболизмін бәсеңдетеді. Вена ішіне 200 мг флуконазол мен 250 мг фенитоинді бір мезгілде көп рет қолдану фенитоин AUC24 75% және Сmin 128% артуын туындатты. Препараттарды бірге қолдану кезінде фенитоин уыттылығынан сақтану үшін қан сарысуында фенитоин концентрациясын бақылап отыру қажет. Преднизон: бауыр трансплантациясынан кейін пациентте преднизон қолдану аясында флуконазолмен емдеудің үш айлық курсын тоқтатудан кейін туындаған бүйрек үсті бездері қыртысының жедел жеткіліксіздігі дамыған жағдай хабарланды. Флуконазолды тоқтату СУР3А4 белсенділігінің күшеюін туғызуы ықтимал, бұл преднизон метаболизмінің жеделдеуіне әкелді. Флуконазолмен және преднизонмен ұзақ мерзімді емнен өтетін пациенттер бүйрек үсті бездері қыртысының жеткіліксіздігін анықтау мақсатында флуконазолды тоқтату кезінде мұқият қадғалауда болуы тиіс. Рифабутин: флуконазол сарысуда рифабутин концентрациясын арттырады, бұл рифабутиннің AUC мәнінің 80% дейін артуына алып келеді. Флуконазол мен рифабутинді бір мезгілде қолданған пациенттерде увеит жағдайлары хабарланды. Біріктіріп емдеу кезінде рифабутиннің уытты әсер ету симптомдарына назар аудару қажет. Саквинавир: CYP3A4 ферментімен бауырда саквинавир метаболизмінің бәсеңдеуі салдарынан және Р-гликопротеинді тежеу арқылы флуконазол саквинавирдің AUC және Cmax мәндерін, тиісінше, шамамен 50% және 55% арттырады. Саквинавир/ритонавирмен өзара әрекеттесу зерттелмеді, сондықтан ол өте айқын сипатта болуы мүмкін. Саквинавир дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Сульфонилмочевина препараттары: флуконазол дені сау еріктілерде бір мезгілде пероральді қолданылатын сульфонилмочевина препараттарының (хлорпропамид, глибенкламид, глипизид, толбутамид) қан сарысуынан жартылай шығарылу кезеңін ұзартты. Қандағы глюкоза деңгейін жүйеді бақылап отыру, ал қажет болғанда сульфонилмочевина препараттарының дозасын дер мезгілінде азайту ұсынылады. Теофиллин: өзара әрекеттесудің плацебо-бақыланатын зерттеуінде флуконазолды 14 күн бойы 200 мг дозада қолдану қан плазмасынан теофиллин клиренсінің орташа жылдамдығының 18% төмендеуіне әкелді. Теофиллиннің жоғары дозаларын қабылдайтын немесе өзге жағдайда теофиллиннің уытты әсерінің жоғары қаупіне ұшырайтын пациенттер флуконазолды қолдану кезінде теофиллиннің уыттылық белгілерін анықтау үшін қадағалауда болуы тиіс. Егер уыттылық белгілері пайда болса, емдеуді өзгерту қажет. Тофацитиниб: тофацитиниб әсері оны бір мезгілде CYP3A4 орташа тежелуін және CYP2C19 күшті тежелуін қамтамасыз ететін дәрілік препараттармен (мысалы, флуконазолмен) бірге қолданғанда артады. Сол себепті, осындай препараттармен бір мезгілде қолданғанда тофацитиниб дозасын тәулігіне 1 рет 5 мг дейін азайту ұсынылады. Қабіршөп алкалоидтары: флуконазол ықтималды түрде CYP3A4 тежелуіне орай, қан плазмасындағы қабіршөп алкалоидтары (мысалы, винкристин және винбластин) концентрациясының және нейроуытты әсерлерінің артуына әкелуі мүмкін. А дәрумені: транс-ретиной қышқылын (А дәруменінің қышқыл түрі) және флуконазолды бір мезгілде толық қолданған бір пациентте флуконазолды тоқтатудан кейін жоғалып кеткен мидың жалған ісігі түрінде орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) тарапынан жағымсыз реакциялар байқалуы хабарланды. Бұл дәрілік заттарды бір мезгілде қолдануға болады, ОЖЖ тарапынан жағымсыз реакцияларға мониторинг өткізу ұсынылады. Вориконазол (CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 тежегіші): ер жынысты дені сау еріктінің сегізінде вориконазол (1 күні әр 12 сағат сайын 400 мг, ал одан кейін 2,5 күн бойы әр 12 сағат сайын 200 мг) мен флуконазолды (1 күні 400 мг, одан кейін 4 күн бойы әр 24 сағат сайын 200 мг) бір мезгілде пероральді қолдану вориконазол Cmax және AUCτ мәндерінің, тиісінше, орта есеппен 57% (90% СА: 20%, 107%) және 79% (90% СА: 40%, 128%) артуына алып келді. Осындай әсерін жоюға болатын вориконазол мен флуконазол дозасын және/немесе қолдану жиілігін төмендету белгіленбеді. Флуконазолдан кейін вориконазол қолданылғанда вориконазолдың жағымсыз әсерлеріне мониторинг өткізу керек. Зидовудин: флуконазол зидовудиннің Сmах және AUC мәндерін, тиісінше, 84% және 74% арттырады, бұл пероральді қабылдағанда зидовудин клиренсінің шамамен 45% төмендеуімен байланысты. Флуконазолмен біріктірілімде қолданудан кейін зидовудиннің жартылай шығарылу кезеңі шамамен 128% ұзарды. Осы біріктірілімді қабылдайтын пациенттер зидовудинмен байланысты қолайсыз реакцияларды мониторингтеу үшін қадағалауда болуы тиіс. Зидовудин дозасын азайту мәселесі қарастырылу керек. Азитромицин: дені сау 18 еріктінің қатысуымен ашық рандомизацияланған үш жақты айқаспалы зерттеуде азитромициннің 1200 мг бір реттік пероральді дозасының флуконазолдың 800 мг бір реттік пероральді дозасының фармакокинетикасына әсері, сондай-ақ флуконазолдың азитромицин фармакокинетикасына әсерлері бағаланды. Флуконазол мен азитромицин арасында елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесу болмады. Пероральді контрацептивтер: флуконазолды бірнеше рет қабылдау аясында біріктірілген пероральді контрацептивті қолданумен екі фармакокинетикалық зерттеу жүргізілді. Флуконазолды 50 мг дозада қолданғанда гормондар деңгейлеріне айтарлықтай әсері болмады, алайда күніне 200 мг қолданғанда этинил эстрадиол және левоноргестрел AUC мәндерінің, тиісінше, 40% және 24% жоғарылауы байқалды. Осылайша, флуконазолдың атап көрсетілген дозаларын бірнеше рет қабылдаудың біріктірілген пероральді контрацептивтер тиімділігіне ықпалын тигізуі екіталай. Арнайы сақтандырулар Бастың шаш бөлігінің трихофитиясы Флуконазол балалардағы бастың шаш бөлігінің трихофитиясын емдеуде зерттелді. Флуконазол тиімділігі гризеофулвин тиімділігінен басым болмайды, ал жалпы тиімділік көрсеткіші 20%-дан аз құрайды. Сол себепті, Флузамедті бастың шаш бөлігінің трихофитиясын емдеуге қолдануға болмайды. Криптококкоз Флуконазолдың басқа ағзалар криптококкозын (мысалы, өкпе және тері криптококкозы) емдеу тиімділігі туралы деректер жеткіліксіз, сондықтан осындай ауруларды емдеуде препаратты дозалау жөнінде ұсынымдар жоқ. Кандидоз Зерттеулер Candida штамдарының инфекцияларының C. albicans-тен өзгеше екенін көрсетті. Олар көбінесе тұрақтылықты көрсетеді (мысалы, C. krusei және C. auris) немесе флуконазолға сезімталдықтың төмендеуі (C. glabrata). Мұндай инфекциялар флуконазолмен тиімсіз емдеу кезінде балама зеңге қарсы емді қажет етуі мүмкін. Дәрігерлерге әр түрлі Candida түрлерінің флуконазолға резистенттілігінің таралуын ескеру ұсынылады. Терең эндемиялық микоздар Паракокцидиоидомикоз, лимфа-терілік споротрихоз және гистоплазмоз сияқты эндемиялық микоздардың басқа түрлерін емдеуде флуконазол тиімділігі туралы деректер жеткіліксіз, сондықтан осындай ауруларды емдеуде препаратты дозалау жөнінде ұсынымдар жоқ. Несеп бөлу жүйесі Флузамедті бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде абайлап қолдану керек. Бүйрек үсті бездерінің жеткіліксіздігі Кетоконазолдың бүйрек үсті бездерінің жеткіліксіздігін туындататыны көрсетілген; сирек жағдайларда бұл флуконазолды қолданғанда да байқалды. Преднизонды бір мезгілде қолданумен байланысты бүйрек үсті бездерінің жеткіліксіздігі «Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі» бөлімінде сипатталды. Гепатобилиарлық жүйе Сирек жағдайларда флуконазолды қолдану көбінесе қатарлас күрделі аурулары бар пациенттерде бауыр тарапынан, оның ішінде өліммен аяқталатын күрделі уытты реакциялардың дамуымен қатар жүрді. Флуконазолмен байланысты гепатоуыттылық туындағанда жалпы тәуліктік дозамен, емдеу ұзақтығымен, пациенттердің жынысымен және жасымен айқын өзара байланыс байқалмады. Флуконазолдың гепатоуытты әсері, әдетте, емдеуді тоқтатқанда қайтымды болды. Флуконазолмен емдеу кезінде бауыр функциясын талдау нәтижелерінің қалып шегінен ауытқулары болған пациенттер бауырдың өте күрделі зақымдану белгілерін анықтау мақсатында мұқият қадағалануы тиіс. Пациенттерді бауыр тарапынан күрделі бұзылуларды (қатты астения, анорексия, үнемі жүрек айну, құсу және сарғаю) көрсететін симптомдардан хабардар ету қажет. Атап көрсетілген жағдайларда флуконазол қабылдауды дереу тоқтатып, дәрігерге қаралу керек. Жүрек-қантамыр жүйесі Кейбір азолдар, флуконазолды қоса, электрокардиограммада QT аралығының ұзаруын туындатты. Флуконазол түзеткіш калий өзекшелері (Ikr) бойымен иондар ағынын тежеу жолымен QT аралығының ұзаруын тудырады. Басқа препараттардан (амиодарон сияқты) болған QT аралығының ұзаруын P450 (CYP) 3A4 цитохромын тежеу арқылы күшейтуге болады. Тіркеуден кейінгі бақылау кезінде флуконазол қабылдайтын пациенттерде QT аралығы ұзаруының және «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның өте сирек жағдайлары болды. Аталған жағдайлар құрылымдық жүрек аурулары, электролит теңгерімінің бұзылулары сияқты көптеген қатарлас қауіп факторлары бар ауыр науқас пациенттерде, сондай-ақ осы асқынулардың туындауына ықпал етуі мүмкін басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану кезінде тіркелді. Гипокалиемия және үдемелі жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер өмірге қауіпті қарыншалық аритмиялардың және «пируэт» типті тахикардияның жоғары туындау қаупіне ұшырайды. Флузамед аритмияны дамытатын қауіп факторлары бар пациенттерде абайлап қолданылу керек. QT аралығын ұзартатын және P450 (CYP) 3A4 цитохромы ферментімен метаболизденетін препараттармен бір мезгілде емдеу қарсы көрсетілімді. Галофантрин ұсынылған емдік дозаларында QTc аралығын ұзартады және CYP3A4 субстраты болып табылады. Сол себепті флуконазол мен галофантрин бір мезгілде қолдануға ұсынылмайды. Дерматологиялық реакциялар Сирек жағдайларда флуконазолмен емдеу кезінде пациенттерде Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз сияқты эксфолиативті тері реакциялары дамыды. ЖИТС бар пациенттер көп дәрежеде терінің ауыр реакцияларының дамуына бейім. Флуконазол қолданумен байланысты болуы мүмкін бөртпе пайда болғанда беткейлік зең инфекциясы бар пациенттерде препаратты қолдануды тоқтату керек. Егер инвазиялық/жүйелі зең инфекциялары бар пациенттерде бөртпе пайда болса, оның жай-күйін мұқият қадағалау, ал буллездік зақымданулар немесе көп пішінді эритема дамығанда флуконазолды тоқтату қажет. Флуконазолды қолдану кезінде эозинофилиямен және жүйелік көріністермен дәрілік реакцияны (DRESS) қоса алғанда, елеулі тері реакцияларының дамуы туралы хабарланды. Флуконазол препаратын қабылдауды тоқтатыңыз және егер Сіз кең таралған бөртпені, дене температурасының жоғарылауын және үлкейген лимфа түйіндерін (DRESS синдромы немесе дәрілік аса жоғары сезімталдық синдромы) байқасаңыз, дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Аса жоғары сезімталдық Сирек жағдайларда анафилаксия дамуы хабарланды. P450 цитохромы Флуконазол – CYP2C9 және CYP3A4 орташа тежегіші. Флуконазол сонымен қатар CYP2C19 изоферментінің күшті тежегіші болып табылады. Флуконазол алатын және CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 арқылы метаболизденетін емдік диапазоны тар дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттердің жай-күйіне мониторинг өткізу керек. Терфенадин Флуконазолды күніне 400 мг-ден төмен дозаларда және терфенадинді бір мезгілде қолданғанда пациенттің жай-күйін мұқият қадағалау керек. Қосымша заттар Препарат құрамында лактоза моногидраты бар. Галактоза жақпаушылығының сирек тұқым қуалайтын аурулары, Лаппа лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге осы дәрілік препаратты қабылдауға болмайды. Препарат құрамында аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін бояғыш кармоизин бар. Препарат құрамында капсуласына 1 ммоль-ден аз (23 мг) натрий бар, яғни іс жүзінде «құрамында натрий жоқ». Жүктілік немесе лактация кезінде Обсервациялық зерттеу нәтижелері жүктіліктің бірінші триместрінде флуконазол қабылдайтын әйелдерде өздігінен түсік тастау қаупінің артуын көрсетті. Жаңа туған нәрестелерде көптеген даму ақауларының жағдайлары (брахицефалия, құлақ қалқандарының дисплазиясын, алдыңғы бала еңбегінің шамадан тыс ұлғаюын, жамбастың қисаюын, иық-шынтақ синостозын қоса) сипатталды, олардың аналары кокцидиоидомикозды емдеу үшін үш немесе одан көп ай бойы флуконазолды жоғары дозаларда (күніне 400-800 мг) қабылдады. Осы жағдайлардың флуконазол қабылдаумен себеп-салдарлы байланысы түсініксіз. Флуконазол, күтілетін пайдасы қаупінен едәуір асып кететін жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде стандартты дозаларда және қысқа мерзімді емдеу үшін пайдаланылмауы тиіс. Флуконазолды, өмірге қатері зор инфекцияларды емдеуді қоспағанда, жүктілік кезінде жоғары дозаларда және/немесе ұзақ уақыт қолдану үшін пайдалануға болмайды. Флуконазол емшек сүтіне енеді, онда плазмадағы концентрацияларына ұқсас концентрацияларға жетеді. Флуконазолдың 150 мг бір реттік стандартты дозасынан кейін бала емізуді жалғастыруға болады. Флуконазолды бірнеше рет қолданудан кейін және жоғары дозаларда қабылдағанда бала емізуге кеңес берілмейді. Емшек емудің сәбидің дамуы мен денсаулығына пайдасы ана үшін препаратты қолданудың клиникалық қажеттілігімен және препараттың немесе ананың негізгі ауруының емшектегі сәбиге қатысты барлық ықтималды қолайсыз әсерлерімен бір мезгілде қарастырылу керек. Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Флуконазолдың автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуіне зерттеулер жүргізілмеді. Флузамед қолдану кезінде бас айналу немесе құрысулар туындауы мүмкін екенін және осыған ұқсас симптомдар пайда болғанда автокөлік жүргізуден және механизмдерді басқарудан бас тарту қажеттілігін пациенттерге ескерту қажет.

Белсенді заттың дозасы:

150 мг

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Флузамед ересектерде келесі ауруларды емдеуге көрсетілген:

- криптококкты менингит;

- кокцидиоидомикоз;

- инвазиялық кандидоз;

- шырышты қабықтар кандидозы, ауыз-жұтқыншақ, өңеш кандидозын, кандидурия мен терінің және шырышты қабықтардың созылмалы кандидозын қоса;

- тіс гигиенасын қадағалау немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болған кездегі ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протездерін тағумен байланысты);

- жедел және қайталамалы қынаптық кандидзозда жергілікті емдеу қолайсыз болғанда;

- кандидозды баланитте жергілікті емдеу қолайсыз болғанда;

- жүйелі емдеуге көрсетілімдер кезіндегі табанның, тегіс терінің, шат аралығының дерматофитиясын қоса, дерматомикоздар, түрлі-түсті теміреткі және терінің кандидозды инфекциялары;

- тырнақ дерматомикозы (онихомикоз). басқа дәрілік заттарды тағайындау қолайсыз болғанда

Флузамед ересектерде келесі аурулардың профилактикасы үшін көрсетілген:

- қайталану қаупі жоғары пациенттерде криптококкты менингиттің қайталануы;

- қайталану қаупі жоғары АИТВ бар пациенттерде ауыз-жұтқыншақ немесе өңеш кандидозының қайталануы;

- қынаптық кандидоз қайталануларының (жылына 4 немесе одан көп көріністер) туындау жиілігін төмендету үшін;

- ұзаққа созылатын нейтропениясы бар пациенттердегі (химиялық емнен өткізілген қатерлі гематологиялық аурулары бар пациенттер немесе гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялаудан өткен пациенттер сияқты) кандидозды инфекциялар.

Мерзіміне жетіп туған нәрестелер, сәбилер, кіші және орта жастағы балалар, жасөспірімдерде (0-ден 17 жасқа дейін):

Флузамед иммунитеті әлсіреген пациенттерде кандидозды шырышты қабықтар кандидозын (ауыз-жұтқыншақ, өңеш), инвазиялық кандидоз, криптококкты менингитті емдеу үшін және кандидозды инфекциялардың профилактикасында қолданылады. Флузамедті қайталану қаупі жоғары балаларда криптококкты менингит қайталануын болдырмау үшін демеуші ем ретінде пайдалануға болады.

Емдеуді өсірінділік және өзге зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алуға дейін бастауға болады. Нәтижелерді алудан кейін инфекцияға қарсы емді тиісті үлгіде түзету керек.

Зеңге қарсы дәрілерді талапқа сай қолдану жөніндегі ресми нұсқаулардың ақпаратын ескеру керек.

Қарсы көрсеткіштер

белсенді затқа, басқа азол қосылыстарына немесе препарат құрамына кіретін қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;

флуконазолды күніне 400 мг немесе одан жоғары дозаларда бірнеше рет қабылдайтын пациенттерге терфенадинді бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді, бұл флуконазол мен терфенадиннің көп реттік дозаларының өзара әрекеттесуін зерттеу негізінде белгіленген;

QT аралығын ұзартатын және цизаприд, астемизол, пимозид, хинидин және эритромицин сияқты P450 (CYP) 3A4 цитохромының ферменті арқылы метаболизденетін басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану флуконазол қабылдайтын пациенттер үшін қарсы көрсетілімді;

6 жасқа дейінгі балалар.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Егер сізде флуконазолды қабылдағаннан кейін қатты тері бөртпесі немесе терінің қабыршақтануы, қышынуы және/немесе ауыздағы ойық жаралар пайда болса, Флузамед препаратын қабылдағанға дейін дәрігермен кеңесіңіз.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Келесі дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді:

Цизаприд: «пируэт» типті қарыншалық тахикардияны қоса, жүрек тарапынан жағымсыз реакциялар болуы мүмкін. Бақыланатын зерттеуде флуконазолды күніне 1 рет 200 мг дозада және цизапридті күніне 4 рет 20 мг дозада бір мезгілде қолдану қан плазмасында цизаприд деңгейлерінің едәуір жоғарылауына және QTc аралығының ұзаруына әкелді.

Терфенадин: QTc аралығының ұзаруы салдарынан күрделі жүрек аритмияларының туындауына байланысты терфенадинмен емделу кезінде күніне 400 мг немесе одан жоғары дозаларда флуконазолдың бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді. Флуконазолды күніне 400 мг-ден төмен дозаларда терфенадинмен бір мезгілде қабылдау мұқият қадағалаумен жүргізілуі тиіс.

Астемизол: бір мезгілде қолдану астемизол клиренсін төмендетеді. Плазмадағы астемизолдың жоғары концентрациялары QT аралығының ұзаруына, ал сирек жағдайларда – «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның пайда болуына әкелуі мүмкін.

Пимозид: бір мезгілде қолдану пимозид метаболизмінің тежелуіне әкелуі мүмкін. Қан плазмасында пимозид концентрациясының жоғарылауы QT аралығының ұзаруына, ал сирек жағдайларда – «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның туындауына әкелуі мүмкін.

Хинидин: бір мезгілде қолдану хинидин метаболизмінің бәсеңдеуіне әкелуі мүмкін. Хинидинді қолдану QT аралығының ұзаруымен және сирек жағдайларда – «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның туындауымен қатар жүрді.

Эритромицин: флуконазол мен эритромицинді бір мезгілде қолданудың кардиоуыттылық қаупін (QT аралығының ұзаруы, «пируэт» типті қарыншалық тахикардия) және онымен байланысты өлімге ұшырауды арттыру ықтималдығы зор.

Келесі дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды:

Галофантрин: флуконазол CYP3A4 тежеу әсеріне орай қан плазмасында галофантрин концентрациясын арттыруы мүмкін. Флуконазол мен галофантринді бір мезгілде қолданудың кардиоуыттылық қаупін (QT аралығының ұзаруы, «пируэт» типті қарыншалық тахикардия) және онымен байланысты өлімге ұшырауды арттыру қабілеті зор.

Сақтықпен қолдану қажет болатын дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану:

Амиодарон: бір мезгілде қолдану QT аралығын ұзартуы мүмкін. Флуконазол мен амиодаронды бір мезгілде қолдану қажет болса, әсіресе, флуконазолдың жоғары (800 мг) дозаларын қабылдағанда сақтық таныту керек.

Келесі дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану сақтық шараларын қадағалауды және дозаларын түзетуді талап етеді:

Басқа дәрілік заттардың флуконазолға әсері

Рифампицин: бір мезгілде қолдану «концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан (AUC) мәнінің 25% төмендеуіне және флуконазолдың жартылай шығарылу кезеңінің 20% қысқаруына әкелді. Рифампицинді бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге флуконазол дозасын арттыру мүмкіндігін қарастыру керек.

Өзара әрекеттесу зерттеулері флуконазолды тамақпен, циметидинмен, антацидтермен пероральді қолданғанда немесе сүйек кемігін трансплантациялау кезінде денені жалпы сәулелендіруден соң флуконазол сіңірілуінің клиникалық мәнді бұзылуы байқалмайтынын көрсетті.

Гидрохлоротиазид: фармакокинетикалық өзара әрекеттесу зерттеуінде флуконазол қабылдап жүрген дені сау еріктілерде гидрохлоротиазидтің көп реттік дозаларын бір мезгілде қолдану қан плазмасында флуконазол концентрациясын 40% арттырды. Осындай әсері айқын білінгенде диуретиктерді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде флуконазолды дозалау режимін өзгерту қажет емес.

Флуконазолдың басқа дәрілік заттарға әсері

Флуконазол P450 (CYP) цитохромы 2C9 және 3A4 изоферменттерінің орташа тежегіші болып табылады. Флуконазол сонымен қатар CYP2C19 изоферментінің күшті тежегіші болып табылады. Төменде көрсетілген бақыланған/құжатталған өзара әрекеттесулерге қосымша, флуконазолмен бір мезгілде қолданылатын CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 арқылы метаболизденетін басқа заттардың қан плазмасындағы концентрацияларының жоғарылау қаупі бар. Сол себепті, осындай біріктірілімдерді қолдану кезінде сақтық шарасын қадағалау керек және пациенттердің жай-күйін мұқият бақылап отыру керек. Флуконазолдың жартылай шығарылу кезеңінің ұзаққа созылуы себепті оның ферменттерді тежеу әсері емді тоқтатудан кейін 4-5 күн бойы сақталады.

Альфентанил: флуконазол (400 мг) альфентанилді вена ішіне енгізумен (20 мкг/кг) бір мезгілде қолданылғанда дені сау еріктілерде, СҮР3А4 тежеу ықтималдығына орай, альфентанил AUC10 2 есе жоғарылауы байқалды. Альфентанил дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Амитриптилин, нортриптилин: флуконазол амитриптилин мен нортриптилин әсерін күшейтеді. Біріктірілген емнің басында және 1 апта өткенде 5-нортриптилин және/немесе S-амитриптилин концентрациясын өлшеу ұсынылады. Қажет болған жағдайда амитриптилин/нортриптилин дозасын түзету керек.

Амфотерицин В: флуконазол мен В амфотерицинін иммунитеті қалыпты және төмен, инфекция жұқтырған тышқандарға бір мезгілде енгізгенде С. albicans жүйелі инфекциясы кезіндегі аздаған зеңге қарсы аддитивті әсер, Cryptococcus neoformans бассүйекішілік инфекциясы кезінде өзара әрекеттесудің болмауы және Aspergillus fumigatus жүйелі инфекциясы кезінде екі препараттың антагонизмі анықталды. Осы зерттеулер барысында алынған нәтижелердің клиникалық маңызы белгісіз.

Антикоагулянттар: тіркеуден кейінгі қолдану кезінде, басқа зеңге қарсы азол дәрілерімен болған жағдайдағы сияқты, флуконазолды варфаринмен бір мезгілде қабылдаған пациенттерде протромбин уақытының ұзаруымен қатар жүретін геморрагиялық құбылыстар (көгеру, мұрыннан қан кету, асқазан-ішектен қан кету, гематурия және мелена) байқалды. Флуконазол мен варфаринді бір мезгілде қолданғанда протромбин уақытының, CYP2C9 арқылы варфарин метаболизмінің тежелуі салдарынан, ықтималды түрде, 2 еселік мәнге дейін ұзаруы байқалды. Кумарин типті антикоагулянттарды немесе индандион антикоагулянттарын флуконазолмен бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде протромбин уақытына мұқият мониторинг өткізу қажет. Антикоагулянт дозасын түзету қажет болуы мүмкін

Қысқа әсер ететін бензодиазепиндер (мысалы, мидазолам, триазолам): мидазоламды пероральді қолданудан кейін флуконазол тағайындау мидазолам концентрациясының едәуір артуына және психомоторлық әсерлерінің күшеюіне әкелді. Флуконазолды 200 мг және мидазоламды 7,5 мг бір мезгілде пероральді қолдану мидазолам AUC және жартылай шығарылу кезеңінің, тиісінше, 3,7 есе және 2,2 есе артуын туындатты. Пероральді 0,25 мг триазоламмен бір мезгілде қолданылатын тәулігіне 200 мг флуконазол триазоламның AUC және жартылай шығарылу кезеңін, тиісінше, 4,4 есе және 2,3 есе арттырды. Триазоламды флуконазолмен бір мезгілде қолданғанда триазолам әсерінің күшеюі және ұзаққа созылуы байқалды. Егер флуконазолмен емделіп жүрген пациенттерге бензодиазепиндерді бір мезгілде қолдану қажет болса, бензодиазепиндер дозасын азайту мүмкіндігін қарастыру және пациенттердің жай-күйіне тиісті мониторинг өткізу керек.

Карбамазепин: флуконазол карбамазепин метаболизмін бәсеңдетеді және қан сарысуында карбамазепин деңгейінің 30% артуына алып келеді. Карбамазепин тарапынан уыттылық көріністерінің даму қаупі бар. Карбамазепин дозасын препараттың концентрация деңгейіне және оның әсеріне қарай түзету қажет болуы мүмкін.

Кальций өзекшелерінің блокаторлары: кейбір кальций өзекшелерінің антагонистері (нифедипин, исрадипин, амлодипин, верапамил және фелодипин) CYP3A4 ферментімен метаболизденеді. Флуконазол кальций өзекшелері антагонистерінің жүйелік әсерін арттыруы мүмкін. Жағымсыз реакцияларға мұқият мониторинг өткізу ұсынылады.

Целекоксиб: флуконазол (күніне 200 мг) мен целекоксиб (200 мг) бір мезгілде қолданылғанда целекоксиб Сmaх және AUC мәндері, тиісінше, 68% және 134% жоғарылады. Флуконазолды бір мезгілде қолданғанда целекоксиб дозасын екі есе азайту қажет болуы мүмкін.

Циклофосфамид: Циклофосфамид пен флуконазолды бір мезгілде қолдану қан сарысуында билирубин мен креатинин деңгейлерінің жоғарылауына әкеледі. Бұл препараттарды қан сарысуындағы билирубин мен креатинин концентрацияларының жоғарылау қаупін ескеріп, бір мезгілде қолдануға болады.

Фентанил: фентанил мен флуконазол арасында болуы мүмкін өзара әрекеттесу салдарынан өліммен аяқталған фентанилмен уыттанудың бір жағдайы хабарланды. Флуконазолдың дені сау еріктілерде фентанил элиминациясын едәуір баяулататыны анықталды. Фентанил концентрациясының жоғарылауы тыныстың тарылуына әкелуі мүмкін, сондықтан пациенттің жай-күйін мұқият бақылап отыру керек. Фентанил дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері: Флуконазол мен CYP3A4 (аторвастатин және симвастатин) арқылы немесе CYP2C9 (флувастатин) арқылы метаболизденетін ГМК-КоА-редуктаза тежегіштерін бір мезгілде қолдану миопатия мен рабдомиолиздің даму қаупін арттырады. Осы препараттарды бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда миопатия және рабдомиолиз симптомдарының туындауына қатысты пациентті мұқият қадағалап, креатинкиназа деңгейіне мониторинг өткізу керек. Креатинкиназа деңгейі едәуір жоғарылаған жағдайда, сондай-ақ миопатия/рабдомиолиз диагностикаланғанда немесе күмән тудырғанда ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін қолдануды тоқтату керек.

Ибрутиниб: флуконазол сияқты орташа CYP3A4 тежегіштері плазмадағы ибрутиниб концентрациясын жоғарылатады және уыттылық қаупін арттыруы мүмкін. Егер осындай біріктірілімді қолданбау мүмкін болмаса, тежегішті қолдану кезеңінде ибрутиниб дозасын тәулігіне 1 рет 280 мг (екі капсулаға) дейін азайту және мұқият клиникалық бақылауды қамтамасыз ету керек.

Ивакафтор: муковисцидоздық жарғақша арқылы өткізгіштік реттегішін (CFTR) күшейтуші - ивакафтормен бір мезгілде қолдану ивакафтор әсерін 3 есе, ал гидроксиметил-ивакафтор (M1) әсерін 1,9 есе арттырды. Флуконазол және эритромицин сияқты орташа CYP3A тежегіштерін бір мезгілде қабылдайтын пациенттер үшін күніне 1 рет ивакафтор дозасын 150 мг дейін азайту ұсынылады.

Олапариб: флуконазол сияқты CYP3A4 орташа тежегіштері плазмада олапариб концентрациясын арттырады; осындай біріктірілімді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Егер біріктірілімді болдырмау мүмкін болмаса, олапариб дозасын күніне 2 рет 200 мг дейін шектеу керек.

Циклоспорин: флуконазол циклоспорин AUC және концентрациясын едәуір арттырады. Күніне 200 мг флуконазолмен циклоспоринді (күніне 2,7 мг/кг) бір мезгілде қолданғанда циклоспорин АUC 1,8 есе артуы байқалды. Осы біріктірілімді циклоспорин дозасын азайту кезінде оның концентрациясына қарай қолдануға болады.

Эверолимус: in vivo немесе in vitro зерттеулері жүргізілмесе де, флуконазол CYP3A4 тежелуі салдарынан қан сарысуында эверолимус концентрациясын арттыруы мүмкін.

Сиролимус: флуконазол CYP3A4 және P-гликопротеин әсер етуімен сиролимус метаболизмін бәсеңдету арқылы, ықтималды түрде, қан плазмасында сиролимус концентрациясын арттырады. Бұл препараттарды концентрация деңгейіне және препараттың әсеріне қарай сиролимус дозасын түзету шартымен бір мезгілде қолдануға болады.

Такролимус: флуконазол CYP3A4 әсерімен ішекте такролимус метаболизмін тежеу нәтижесінде қан сарысуында пероральді қолданылған такролимус концентрациясын 5 есеге дейін арттыра алады. Такролимус вена ішіне қолданылғанда фармакокинетикасының елеулі өзгерістері байқалмады. Такролимустың жоғары деңгейлері нефроуыттылықпен байланысты болды. Такролимустың пероральді дозасын оның концентрациясына қарай төмендету керек.

Лозартан: флуконазол лозартанды қолдану кезінде ангиотензин II рецепторларына антагонизмнің көп бөлігіне жауапты лозартанның өзінің белсенді метаболитіне (Е-31 74) дейінгі метаболизмін бәсеңдетеді. Пациенттердің артериялық қысымына тұрақты мониторинг өткізуге кеңес беріледі.

Метадон: флуконазол қан сарысуындағы метадон концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. Метадон дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП): флурбипрофен монотерапиясымен салыстырғанда, флуконазолмен бір мезгілде қолдану кезінде флурбипрофеннің ең жоғары концентрациясы (Сmах) мен AUC мәндері, тиісінше, 23% және 81% артты. Осыған ұқсас фармакологиялық белсенді изомер [S-(+) – ибупрофен] Сmах және AUC мәндері флуконазолды ракемиялық ибупрофенмен (400 мг) бір мезгілде қолданғанда, рацемиялық ибупрофен монотерапиясымен салыстырғанда, тиісінше, 15% және 82% жоғарылады.

Флуконазолдың CYP2C9 арқылы метаболизденетін басқа ҚҚСП (мысалы, напроксен, лорноксикам, мелоксикам, диклофенак) жүйелік әсерін арттыру қабілеті зор. ҚҚСП-мен байланысты жағымсыз реакцияларына және уыттылығына жиі мониторинг өткізу ұсынылды. ҚҚСП дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Фенитоин: флуконазол бауырдағы фенитоин метаболизмін бәсеңдетеді. Вена ішіне 200 мг флуконазол мен 250 мг фенитоинді бір мезгілде көп рет қолдану фенитоин AUC24 75% және Сmin 128% артуын туындатты. Препараттарды бірге қолдану кезінде фенитоин уыттылығынан сақтану үшін қан сарысуында фенитоин концентрациясын бақылап отыру қажет.

Преднизон: бауыр трансплантациясынан кейін пациентте преднизон қолдану аясында флуконазолмен емдеудің үш айлық курсын тоқтатудан кейін туындаған бүйрек үсті бездері қыртысының жедел жеткіліксіздігі дамыған жағдай хабарланды. Флуконазолды тоқтату СУР3А4 белсенділігінің күшеюін туғызуы ықтимал, бұл преднизон метаболизмінің жеделдеуіне әкелді. Флуконазолмен және преднизонмен ұзақ мерзімді емнен өтетін пациенттер бүйрек үсті бездері қыртысының жеткіліксіздігін анықтау мақсатында флуконазолды тоқтату кезінде мұқият қадғалауда болуы тиіс.

Рифабутин: флуконазол сарысуда рифабутин концентрациясын арттырады, бұл рифабутиннің AUC мәнінің 80% дейін артуына алып келеді. Флуконазол мен рифабутинді бір мезгілде қолданған пациенттерде увеит жағдайлары хабарланды. Біріктіріп емдеу кезінде рифабутиннің уытты әсер ету симптомдарына назар аудару қажет.

Саквинавир: CYP3A4 ферментімен бауырда саквинавир метаболизмінің бәсеңдеуі салдарынан және Р-гликопротеинді тежеу арқылы флуконазол саквинавирдің AUC және Cmax мәндерін, тиісінше, шамамен 50% және 55% арттырады. Саквинавир/ритонавирмен өзара әрекеттесу зерттелмеді, сондықтан ол өте айқын сипатта болуы мүмкін. Саквинавир дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Сульфонилмочевина препараттары: флуконазол дені сау еріктілерде бір мезгілде пероральді қолданылатын сульфонилмочевина препараттарының (хлорпропамид, глибенкламид, глипизид, толбутамид) қан сарысуынан жартылай шығарылу кезеңін ұзартты. Қандағы глюкоза деңгейін жүйеді бақылап отыру, ал қажет болғанда сульфонилмочевина препараттарының дозасын дер мезгілінде азайту ұсынылады.

Теофиллин: өзара әрекеттесудің плацебо-бақыланатын зерттеуінде флуконазолды 14 күн бойы 200 мг дозада қолдану қан плазмасынан теофиллин клиренсінің орташа жылдамдығының 18% төмендеуіне әкелді. Теофиллиннің жоғары дозаларын қабылдайтын немесе өзге жағдайда теофиллиннің уытты әсерінің жоғары қаупіне ұшырайтын пациенттер флуконазолды қолдану кезінде теофиллиннің уыттылық белгілерін анықтау үшін қадағалауда болуы тиіс. Егер уыттылық белгілері пайда болса, емдеуді өзгерту қажет.

Тофацитиниб: тофацитиниб әсері оны бір мезгілде CYP3A4 орташа тежелуін және CYP2C19 күшті тежелуін қамтамасыз ететін дәрілік препараттармен (мысалы, флуконазолмен) бірге қолданғанда артады. Сол себепті, осындай препараттармен бір мезгілде қолданғанда тофацитиниб дозасын тәулігіне 1 рет 5 мг дейін азайту ұсынылады.

Қабіршөп алкалоидтары: флуконазол ықтималды түрде CYP3A4 тежелуіне орай, қан плазмасындағы қабіршөп алкалоидтары (мысалы, винкристин және винбластин) концентрациясының және нейроуытты әсерлерінің артуына әкелуі мүмкін.

А дәрумені: транс-ретиной қышқылын (А дәруменінің қышқыл түрі) және флуконазолды бір мезгілде толық қолданған бір пациентте флуконазолды тоқтатудан кейін жоғалып кеткен мидың жалған ісігі түрінде орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) тарапынан жағымсыз реакциялар байқалуы хабарланды. Бұл дәрілік заттарды бір мезгілде қолдануға болады, ОЖЖ тарапынан жағымсыз реакцияларға мониторинг өткізу ұсынылады.

Вориконазол (CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 тежегіші): ер жынысты дені сау еріктінің сегізінде вориконазол (1 күні әр 12 сағат сайын 400 мг, ал одан кейін 2,5 күн бойы әр 12 сағат сайын 200 мг) мен флуконазолды (1 күні 400 мг, одан кейін 4 күн бойы әр 24 сағат сайын 200 мг) бір мезгілде пероральді қолдану вориконазол Cmax және AUCτ мәндерінің, тиісінше, орта есеппен 57% (90% СА: 20%, 107%) және 79% (90% СА: 40%, 128%) артуына алып келді. Осындай әсерін жоюға болатын вориконазол мен флуконазол дозасын және/немесе қолдану жиілігін төмендету белгіленбеді. Флуконазолдан кейін вориконазол қолданылғанда вориконазолдың жағымсыз әсерлеріне мониторинг өткізу керек.

Зидовудин: флуконазол зидовудиннің Сmах және AUC мәндерін, тиісінше, 84% және 74% арттырады, бұл пероральді қабылдағанда зидовудин клиренсінің шамамен 45% төмендеуімен байланысты. Флуконазолмен біріктірілімде қолданудан кейін зидовудиннің жартылай шығарылу кезеңі шамамен 128% ұзарды. Осы біріктірілімді қабылдайтын пациенттер зидовудинмен байланысты қолайсыз реакцияларды мониторингтеу үшін қадағалауда болуы тиіс. Зидовудин дозасын азайту мәселесі қарастырылу керек.

Азитромицин: дені сау 18 еріктінің қатысуымен ашық рандомизацияланған үш жақты айқаспалы зерттеуде азитромициннің 1200 мг бір реттік пероральді дозасының флуконазолдың 800 мг бір реттік пероральді дозасының фармакокинетикасына әсері, сондай-ақ флуконазолдың азитромицин фармакокинетикасына әсерлері бағаланды. Флуконазол мен азитромицин арасында елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесу болмады.

Пероральді контрацептивтер: флуконазолды бірнеше рет қабылдау аясында біріктірілген пероральді контрацептивті қолданумен екі фармакокинетикалық зерттеу жүргізілді. Флуконазолды 50 мг дозада қолданғанда гормондар деңгейлеріне айтарлықтай әсері болмады, алайда күніне 200 мг қолданғанда этинил эстрадиол және левоноргестрел AUC мәндерінің, тиісінше, 40% және 24% жоғарылауы байқалды. Осылайша, флуконазолдың атап көрсетілген дозаларын бірнеше рет қабылдаудың біріктірілген пероральді контрацептивтер тиімділігіне ықпалын тигізуі екіталай.

Арнайы сақтандырулар

Бастың шаш бөлігінің трихофитиясы

Флуконазол балалардағы бастың шаш бөлігінің трихофитиясын емдеуде зерттелді. Флуконазол тиімділігі гризеофулвин тиімділігінен басым болмайды, ал жалпы тиімділік көрсеткіші 20%-дан аз құрайды. Сол себепті, Флузамедті бастың шаш бөлігінің трихофитиясын емдеуге қолдануға болмайды.

Криптококкоз

Флуконазолдың басқа ағзалар криптококкозын (мысалы, өкпе және тері криптококкозы) емдеу тиімділігі туралы деректер жеткіліксіз, сондықтан осындай ауруларды емдеуде препаратты дозалау жөнінде ұсынымдар жоқ.

Кандидоз

Зерттеулер Candida штамдарының инфекцияларының C. albicans-тен өзгеше екенін көрсетті. Олар көбінесе тұрақтылықты көрсетеді (мысалы, C. krusei және C. auris) немесе флуконазолға сезімталдықтың төмендеуі (C. glabrata). Мұндай инфекциялар флуконазолмен тиімсіз емдеу кезінде балама зеңге қарсы емді қажет етуі мүмкін. Дәрігерлерге әр түрлі Candida түрлерінің флуконазолға резистенттілігінің таралуын ескеру ұсынылады.

Терең эндемиялық микоздар

Паракокцидиоидомикоз, лимфа-терілік споротрихоз және гистоплазмоз сияқты эндемиялық микоздардың басқа түрлерін емдеуде флуконазол тиімділігі туралы деректер жеткіліксіз, сондықтан осындай ауруларды емдеуде препаратты дозалау жөнінде ұсынымдар жоқ.

Несеп бөлу жүйесі

Флузамедті бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде абайлап қолдану керек.

Бүйрек үсті бездерінің жеткіліксіздігі

Кетоконазолдың бүйрек үсті бездерінің жеткіліксіздігін туындататыны көрсетілген; сирек жағдайларда бұл флуконазолды қолданғанда да байқалды. Преднизонды бір мезгілде қолданумен байланысты бүйрек үсті бездерінің жеткіліксіздігі «Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі» бөлімінде сипатталды.

Гепатобилиарлық жүйе

Сирек жағдайларда флуконазолды қолдану көбінесе қатарлас күрделі аурулары бар пациенттерде бауыр тарапынан, оның ішінде өліммен аяқталатын күрделі уытты реакциялардың дамуымен қатар жүрді. Флуконазолмен байланысты гепатоуыттылық туындағанда жалпы тәуліктік дозамен, емдеу ұзақтығымен, пациенттердің жынысымен және жасымен айқын өзара байланыс байқалмады. Флуконазолдың гепатоуытты әсері, әдетте, емдеуді тоқтатқанда қайтымды болды.

Флуконазолмен емдеу кезінде бауыр функциясын талдау нәтижелерінің қалып шегінен ауытқулары болған пациенттер бауырдың өте күрделі зақымдану белгілерін анықтау мақсатында мұқият қадағалануы тиіс.

Пациенттерді бауыр тарапынан күрделі бұзылуларды (қатты астения, анорексия, үнемі жүрек айну, құсу және сарғаю) көрсететін симптомдардан хабардар ету қажет. Атап көрсетілген жағдайларда флуконазол қабылдауды дереу тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.

Жүрек-қантамыр жүйесі

Кейбір азолдар, флуконазолды қоса, электрокардиограммада QT аралығының ұзаруын туындатты. Флуконазол түзеткіш калий өзекшелері (Ikr) бойымен иондар ағынын тежеу жолымен QT аралығының ұзаруын тудырады. Басқа препараттардан (амиодарон сияқты) болған QT аралығының ұзаруын P450 (CYP) 3A4 цитохромын тежеу арқылы күшейтуге болады. Тіркеуден кейінгі бақылау кезінде флуконазол қабылдайтын пациенттерде QT аралығы ұзаруының және «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның өте сирек жағдайлары болды. Аталған жағдайлар құрылымдық жүрек аурулары, электролит теңгерімінің бұзылулары сияқты көптеген қатарлас қауіп факторлары бар ауыр науқас пациенттерде, сондай-ақ осы асқынулардың туындауына ықпал етуі мүмкін басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану кезінде тіркелді. Гипокалиемия және үдемелі жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер өмірге қауіпті қарыншалық аритмиялардың және «пируэт» типті тахикардияның жоғары туындау қаупіне ұшырайды.

Флузамед аритмияны дамытатын қауіп факторлары бар пациенттерде абайлап қолданылу керек. QT аралығын ұзартатын және P450 (CYP) 3A4 цитохромы ферментімен метаболизденетін препараттармен бір мезгілде емдеу қарсы көрсетілімді.

Галофантрин ұсынылған емдік дозаларында QTc аралығын ұзартады және CYP3A4 субстраты болып табылады. Сол себепті флуконазол мен галофантрин бір мезгілде қолдануға ұсынылмайды.

Дерматологиялық реакциялар

Сирек жағдайларда флуконазолмен емдеу кезінде пациенттерде Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз сияқты эксфолиативті тері реакциялары дамыды. ЖИТС бар пациенттер көп дәрежеде терінің ауыр реакцияларының дамуына бейім. Флуконазол қолданумен байланысты болуы мүмкін бөртпе пайда болғанда беткейлік зең инфекциясы бар пациенттерде препаратты қолдануды тоқтату керек. Егер инвазиялық/жүйелі зең инфекциялары бар пациенттерде бөртпе пайда болса, оның жай-күйін мұқият қадағалау, ал буллездік зақымданулар немесе көп пішінді эритема дамығанда флуконазолды тоқтату қажет.

Флуконазолды қолдану кезінде эозинофилиямен және жүйелік көріністермен дәрілік реакцияны (DRESS) қоса алғанда, елеулі тері реакцияларының дамуы туралы хабарланды. Флуконазол препаратын қабылдауды тоқтатыңыз және егер Сіз кең таралған бөртпені, дене температурасының жоғарылауын және үлкейген лимфа түйіндерін (DRESS синдромы немесе дәрілік аса жоғары сезімталдық синдромы) байқасаңыз, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.

Аса жоғары сезімталдық

Сирек жағдайларда анафилаксия дамуы хабарланды.

P450 цитохромы

Флуконазол – CYP2C9 және CYP3A4 орташа тежегіші. Флуконазол сонымен қатар CYP2C19 изоферментінің күшті тежегіші болып табылады. Флуконазол алатын және CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 арқылы метаболизденетін емдік диапазоны тар дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттердің жай-күйіне мониторинг өткізу керек.

Терфенадин

Флуконазолды күніне 400 мг-ден төмен дозаларда және терфенадинді бір мезгілде қолданғанда пациенттің жай-күйін мұқият қадағалау керек.

Қосымша заттар

Препарат құрамында лактоза моногидраты бар. Галактоза жақпаушылығының сирек тұқым қуалайтын аурулары, Лаппа лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге осы дәрілік препаратты қабылдауға болмайды.

Препарат құрамында аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін бояғыш кармоизин бар.

Препарат құрамында капсуласына 1 ммоль-ден аз (23 мг) натрий бар, яғни іс жүзінде «құрамында натрий жоқ».

Жүктілік немесе лактация кезінде

Обсервациялық зерттеу нәтижелері жүктіліктің бірінші триместрінде флуконазол қабылдайтын әйелдерде өздігінен түсік тастау қаупінің артуын көрсетті.

Жаңа туған нәрестелерде көптеген даму ақауларының жағдайлары (брахицефалия, құлақ қалқандарының дисплазиясын, алдыңғы бала еңбегінің шамадан тыс ұлғаюын, жамбастың қисаюын, иық-шынтақ синостозын қоса) сипатталды, олардың аналары кокцидиоидомикозды емдеу үшін үш немесе одан көп ай бойы флуконазолды жоғары дозаларда (күніне 400-800 мг) қабылдады. Осы жағдайлардың флуконазол қабылдаумен себеп-салдарлы байланысы түсініксіз.

Флуконазол, күтілетін пайдасы қаупінен едәуір асып кететін жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде стандартты дозаларда және қысқа мерзімді емдеу үшін пайдаланылмауы тиіс.

Флуконазолды, өмірге қатері зор инфекцияларды емдеуді қоспағанда, жүктілік кезінде жоғары дозаларда және/немесе ұзақ уақыт қолдану үшін пайдалануға болмайды.

Флуконазол емшек сүтіне енеді, онда плазмадағы концентрацияларына ұқсас концентрацияларға жетеді. Флуконазолдың 150 мг бір реттік стандартты дозасынан кейін бала емізуді жалғастыруға болады. Флуконазолды бірнеше рет қолданудан кейін және жоғары дозаларда қабылдағанда бала емізуге кеңес берілмейді. Емшек емудің сәбидің дамуы мен денсаулығына пайдасы ана үшін препаратты қолданудың клиникалық қажеттілігімен және препараттың немесе ананың негізгі ауруының емшектегі сәбиге қатысты барлық ықтималды қолайсыз әсерлерімен бір мезгілде қарастырылу керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Флуконазолдың автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуіне зерттеулер жүргізілмеді.

Флузамед қолдану кезінде бас айналу немесе құрысулар туындауы мүмкін екенін және осыған ұқсас симптомдар пайда болғанда автокөлік жүргізуден және механизмдерді басқарудан бас тарту қажеттілігін пациенттерге ескерту қажет.

Сақтық шаралары

Өзара әрекеттесуі

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Флуконазол дозасы зең инфекциясының сипаты мен ауырлығына байланысты. Көп рет дозалар қабылдау қажет болатын инфекцияларды емдеуді клиникалық параметрлер немесе зертханалық тестілер белсенді зең инфекциясының бәсеңдеуін көрсететін сәтке дейін жалғастыру қажет. Емдеу ұзақтығының жеткіліксіз болуы зең инфекциясының қайталануына әкелуі мүмкін.

Ересектер

This document was truncated here because it was created in the Evaluation Mode.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыФлузамед капсулалары 150 мг №1 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube