daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Гипотиазид Таблеткалары 100 Мг №20 | ХИНОИН завод Фармацевтических и Химических Продуктов

Таразе қаласындағы Гипотиазид Таблеткалары 100 Мг №20 | ХИНОИН завод Фармацевтических и Химических Продуктов
Сипаттама:

Бір жағында бөлетін сызығы және екінші жағында - «Н» өрнегі бар ақ немесе ақ түсті дерлік жалпақ таблеткалар (25 мг доза, таблетканы тең жартыға бөлуге болады). Бір жағында бөлу үшін косметикалық сызығы* және екінші жағында - «Н» өрнегі бар ақ немесе ақ түсті дерлік жалпақ таблеткалар (100 мг доза). * сызық таблетканы тең дозаларға (бөліктерге) бөлу үшін емес, препаратты жұтуды жеңілдету үшін сындыруға арналған.

Өндіруші:

ХИНОИН завод Фармацевтических и Химических Продуктов

Өндіруші ел:

Венгрия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: магний стеараты, желатин, тальк, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты.

Белсенді заттың дозасы:

100 мг

Қаптамадағы саны:

20 шт.
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 25 мг немесе 100 мг гидрохлоротиазид,

қосымша заттар: магний стеараты, желатин, тальк, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты.

Қолдану көрсеткіштері

- шығу тегі әртүрлі ісіну синдромы (жүрек, бүйрек немесе бауыр ауруларында, етеккір алдындағы синдромда, дәрілік ісінулерде, мысалы, кортикостероидтармен емдеу нәтижесінде)

- артериялық гипертензияда (аурудың жеңіл түрлерінде монотерапия түрінде немесе гипертензияға қарсы препараттармен біріктіріп)

- парадоксты түрде, көбіне шығу тегі ренальді қантсыз диабетте полиурияны азайту үшін

- гиперкальциурияны төмендету үшін

Қарсы көрсеткіштер

- гидрохлоротиазидке немесе басқа сульфонамидтерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- анурия

- ауыр бүйрек (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) немесе бауыр жеткіліксіздігі

- емге резистентті гипокалиемия немесе гиперкальциемия

- рефрактерлі гипонатриемия

- симптоматикалық гиперурикемия (подагра)

- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

- лактация кезеңі

- 3 жасқа дейінгі балалар (қатты дәрілік түрі)

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Гипотония және су-тұз теңгерімінің бұзылуы

Гипертензияға қарсы емдеудің басқа түрлері жағдайындағы секілді, кейбір пациенттерде симптомдары бар гипотония байқалуы мүмкін. Пациенттер диарея немесе құсу қатарласқан жағдайда туындауы мүмкін су-тұз теңгерімі бұзылуының клиникалық белгілерін (мысалы, АҚК (айналымдағы қан көлемі) тапшылығы), гипонатриемия, гиперхлоремиялық алкалоз, гипомагниемия немесе гипокалиемия) анықтау мақсатында қадағалауда болуы тиіс. Осындай пациенттерде сарысудағы электролиттер деңгейін мезгіл-мезгілімен бақылап отыру керек. Жылдың жылы мезгілінде ісінулері бар пациенттерде дилюциялық гипонатриемияны туындауы мүмкін.

Метаболизмдік және эндокриндік әсерлер

Тиазидтермен емдеу глюкозаға төзімділікті төмендетуі мүмкін. Диабетке қарсы дәрілердің, соның ішінде инсулиннің дозасын түзету қажет болуы мүмкін («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу» бөлімін қараңыз). Тиазидтермен емдеу кезінде жасырын қант диабеті көрініс беруі мүмкін.

Гипотиазид кальцийдің ренальді экскрециясын төмендете, сондай-ақ қан сарысуында кальций деңгейін уақытша және болмашы жоғарылата алады. Айқын гиперкальциемия жасырын гиперпаратиреоздың белгісі болуы мүмкін. Қалқанша маңы бездерінің функциясын зерттемес бұрын Гипотиазид® препаратын қабылдауды тоқтату керек.

Гипотиазид® препаратын қолданған кезде холестерин мен триглицеридтер концентрациясы жоғарылауы мүмкін.

Гипотиазид® препаратымен емдеу кейбір пациенттерде гиперурикемияны және/немесе подаграны тудыруы мүмкін.

Хориоидальді жалқық, салдарлы жедел жабық бұрышты глаукома және/немесе жедел миопия:

Гидрохлоротиазид сульфонамид болып табылады. Сульфонамид немесе сульфонамидтің туындылары көру өрісінің ақауларымен хориоидальді жалқыққа, салдарлы жедел жабық бұрышты глаукомаға және/немесе жедел миопияға әкелуі мүмкін идиосинкразиялық реакцияны туындатуы мүмкін. Симптомдар көру өткірлігінің жедел төмендеуін және/немесе әдетте, препаратты қабылдауды бастағаннан кейін бірнеше сағаттан бірнеше аптаға дейін дамитын көздің ауыруын қамтиды. Емделмеген жедел жабық бұрышты глаукома қайтымсыз көрмей қалуға әкелуі мүмкін.

Бастапқы ем препаратты қабылдауды дереу тоқтатуды қамтиды. Егер көзішілік қысым бақыланбайтын болып қалған жағдайда жылдам дәрі-дәрмектік немесе хирургиялық ем мүмкіндігін қарастыру қажет. Жедел жабық бұрышты глаукоманың даму қаупінің факторы анамнездегі сульфонамидтерге немесе пенициллиндерге аллергия болуы мүмкін («ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар» бөлімін қараңыз).

Бауыр функциясының бұзылуы

Терінің меланомалық емес обыры

Гидрохлоротиазидтің жинақталатын дозасының ұлғаюы кезінде терінің меланомалық емес обырының (ТМЕО) (базальді жасушалық обыр (БЖО) жоғары қаупі мен жалпақ жасушалы обыр (ЖЖО)) Данияның обыр жөніндегі ұлттық тізіліміне негізделген екі эпидемиологиялық зерттеулерде байқалды. ТМЕО дамуының ықтимал механизмі - гидрохлоротиазидтің фотосенсибилизациялық әсері болып табылады.

Гидрохлоротиазидті қабылдаған пациенттерге ТМЕО қаупі туралы ақпарат беріп, теріні кез-келген жаңа зақымдануларға үнемі тексеруді және кез-келген күдікті тері зақымданулары болған кезде дереу хабарлауды ұсыну керек. Тері обырының даму қаупін азайту үшін пациенттерге күн сәулесі мен УК-сәулелері әсерін шектеу және әсер еткен жағдайда теріні тиісті қорғау секілді ықтимал алдын алу шараларын ұсыну қажет. Биопсияның гистологиялық зерттеулерін қоса алғанда, күдікті тері зақымдануларын дереу зерттеу керек. Сондай-ақ, алдыңғы ТМЕО ауруын бастан өткерген пациенттерге гидрохлоротиазидті қолдануды қайта қарау қажет болуы мүмкін. (сондай-ақ, «ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар» бөлімін қараңыз).

Тыныс алу жолдарының жедел токсикологиялық зақымдануы

Гипотиазид® препаратын қабылдау алдында егер бұрын гидрохлоротиазидті қабылдағанда тыныс алуға немесе өкпеге қатысты проблемалар (соның ішінде қабыну немесе өкпе ісінуі) болған болса, өз дәрігеріңізге, фармацевтіңізге немесе медбикеңізге хабарласыңыз. Егер Сізде Гипотиазид® препаратын қабылдағаннан кейін қатты ентігу пайда болса немесе тыныс алу қиындаса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.

Басқалары

Гипотиазид® препаратымен ем алатын пациенттерде аса жоғары сезімталдық реакциялары анамнезінде аллергия немесе бронх демікпесі болған немесе болмаған жағдайларда туындауы мүмкін. Тиазидтерді қолданған кезде жүйелі қызыл жегі ағымының нашарлауы немесе белсенділенуі байқалды.

Тиазидтер келесі зертханалық зерттеулер нәтижелеріне ықпал етуі мүмкін:

- плазмада протеинмен байланысқан йод (РВІ) деңгейін төмендетуі

- қалқанша маңы бездері функциясын зерттеу алдында Гипотиазид® препаратын қабылдауды тоқтату керек

- қан сарысуында бос билирубин концентрациясы жоғарылауы мүмкін

Қосымша заттар

Лактоза жақпаушылығы жағдайында 25 мг Гипотиазид® препаратының бір таблеткасында 63 мг лактоза моногидраты болатынын және 100 мг Гипотиазид® препаратының бір таблеткасында 39 мг лактоза моногидраты болатынын ескеру керек.

Сирек тұқым қуалайтын галактоза, лактаза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер осы препаратты қабылдамауы тиіс.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Дәрілік өзара әрекеттесулер бір мезгілде қолданылған кезде тиазидті диуретиктер мен төменде аталған дәрілік заттар арасында туындайды.

Алкоголь, барбитураттар, есірткілік дәрілер немесе антидепрессанттар:

ортостаздық гипотензияның даму қаупін арттыруы мүмкін.

Диабетке қарсы препараттар (пероральді дәрілік заттар және инсулин):

тиазидтермен емдеу глюкозаға төзімділікті бұзуы мүмкін. Дозаны өзгерту қажет болуы мүмкін. Метформинді гидрохлоротиазидке байланысты функционалдық бүйрек жеткіліксіздігі салдарында лактоацидоз қаупіне орай сақтықпен қолдану керек.

Гипертензияға қарсы басқа да заттар:

аддитивті әсер

Холестирамин және колестипол шайырлары:

анион алмастырушы шайырлар болған кезде асқазан-ішек жолынан гидрохлоротиазидтің сіңуі нашарлайды. Тіпті холестираминнің немесе колестипол шайырларының бір реттік дозасының өзі гидрохлоротиазидті байланыстырып, оның асқазан-ішек жолынан сіңуін тиісінше 85% және 43% төмендетеді.

Прессорлы аминдер (мысалы, адреналин):

прессорлы аминдердің әсері олардың қолданылуын жоққа шығаратындай дәрежеде болмайтындай төмендеуі мүмкін.

Деполяризацияланбайтын миорелаксанттар (мысалы, тубокурарин):

миорелаксантты әсер күшеюі мүмкін.

Литий:

диуретиктер литийдің бүйрек клиренсін төмендетіп, литиймен улану қаупін елеулі түрде арттырады. Оларды бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Подаграға қарсы дәрілік заттар (пробенецид, сульфинпиразон және аллопуринол):

гидрохлоротиазид сарысуда несеп қышқылы деңгейін арттыруы мүмкін болғандықтан, несеп қышқылын шығаруға ықпал ететін дәрілер дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Пробенецид немесе сульфинпиразон дозасын арттыру қажет болуы мүмкін. Тиазидтерді бір мезгілде тағайындау аллопуринолға аса жоғары сезімталдық реакциялар жиілігін арттыруы мүмкін.

Антихолинергиялық дәрілер (мысалы, атропин, бипериден):

асқазан-ішек жолының жиырылуының азаюына және асқазанның босатылу аралығының артуына байланысты тиазид түріндегі диуретиктердің биожетімділігі жоғарылайды.

Цитоуытты дәрілер (мысалы, циклофосфамид, метотрексат):

тиазидтер цитоуытты препараттардың бүйрек арқылы шығарылуын төмендетіп, олардың миелосупрессиялық әсерлерін күшейтуі мүмкін.

Салицилаттар:

салицилаттар дозасы жоғары болған жағдайда гидрохлоротиазид орталық жүйке жүйесіне салицилаттардың уытты әсерін күшейтуі мүмкін.

Метилдопа:

жекелеген жағдайларда гидрохлоротиазид пен метилдопаны бір мезгілде тағайындағанда гемолиздік анемияның дамуы туралы хабарланды.

Циклоспорин:

циклоспоринмен бір мезгілде қолдану гиперурикемияны және подагра түріндегі асқынулардың даму қаупін арттыруы мүмкін.
Оймақгүл гликозидтері:

оймақгүл гликозидтері Гипотиазид® препаратын қолдану нәтижесінде дамыған гипокалиемия және гипомагниемия аясындағы аритмияның дамуына түрткі болуы мүмкін.

Қанда калий деңгейінің өзгеруіне әсер ететін дәрілік препараттар:

Гипокалиемия пируэтті қарыншалық тахикардияның дамуына ықпал ететін фактор болғандықтан, ЭКГ-ны және қан сарысуындағы калий деңгейін мезгіл-мезгілімен бақылау гидрохлоротиазид қандағы калий деңгейінің өзгеруіне әсер ететін дәрілік препараттармен (мысалы, оймақгүл гликозидтерімен, аритмияға қарсы дәрілермен) және пируэтті қарыншалық тахикардияны дамытатын келесі препараттармен (соның ішінде, аритмияға қарсы кейбір дәрілермен) бірге тағайындалған жағдайларда ұсынылады:

- Іа класты аритмияға қарсы дәрілер (мысалы, хинидин, гидрохинидин, дизопирамид)

- ІІІ класты аритмияға қарсы дәрілер (мысалы, амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид)

- кейбір нейролептиктік препараттар (мысалы, тиоридазин, хлорпромазин, левомепромазин, трифлуоперазин, циамемазин, сульпирид, сультоприд, амисульпирид, тиаприд, пимозид, галоперидол, дроперидол)

- басқа дәрілік препараттар (мысалы, бепридил, цисаприд моногидраты, дифеманил, вена ішіне енгізуге арналған эритроцимин, гилофантрин, мизоластин, пентамидин, терфенадин, вена ішіне енгізуге арналған винкамин).

Кальций тұздары:

тиазидті диуретиктер экскрециясының төмендеуі есебінен қан сарысуындағы кальций деңгейін арттырады. Егер құрамында кальций бар қосымша компоненттерді тағайындау қажет болса, онда бұл жағдайда қан сарысуында кальций деңгейін бақылау және соған сәйкес кальцийдің дозасын түзету керек.

Дәрілік препараттар мен зертханалық зерттеулер арасындағы өзара байланыс:

кальций метаболизміне әсер етуіне орай, Гипотиазид қалқанша маңы безінің функциясын зерттеу нәтижелеріне ықпал етуі мүмкін («Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз).

Карбамазепин:

симптоматикалық гипонатриемия қаупіне байланысты клиникалық және зертханалық бақылау қажет.

Құрамында йод бар контрастылы заттар:

диуретиктермен туындаған сусыздану жағдайында, негізінен, құрамында йод бар препараттардың жоғары дозаларын қолдану кезінде жедел бүйрек жеткіліксіздігінің қаупі артады. Бұл жағдайларда йод препараттарын тағайындау алдында пациенттерге регидратацияны жүргізу көрсетілген.

Амфотерицин В (парентеральді), кортикостероидтар, АКТГ және іш жүргізгіш дәрілер:

гидрохлоротиазид электролит теңгерімінің бұзылуын, негізінен, гипокалиемияны күшейтеді.

Арнайы сақтандырулар

Педиатрияда қолдану

Препаратты балаларда қолдану бойынша арнайы ескертулер жоқ.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік кезеңінде, әсіресе жүктіліктің бірінші триместрінде гидрохлоротиазидті қолдану тәжірибесі шектеулі. Клиникаға дейінгі зерттеулер деректері жеткілікті емес, осыған байланысты, препаратты тағайындау ұсынылмайды.

Гипотиазид плаценталық бөгет арқылы өтеді. Жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде пайдаланылғанда гидрохлоротиазид фармакологиялық әсер ету механизміне байланысты фетоплаценталық қан ағымын бұзып, эмбриондық немесе неонатальді сарғаюды, электролит теңгерімінің бұзылуын және тромбоцитопенияны тудыруы мүмкін.

Гипотиазид аурудың ағымына қолайлы әсер етпейтін плазма және плаценталық гипоперфузия көлемінің төмендеу қаупін арттыратын болғандықтан, гестациялық ісінулерді, гестациялық (жүктілікпен туындаған) гипертонияны немесе преэклампсияны емдеу үшін пайдаланылмауы тиіс.

Гипотиазид препараты жүкті әйелдерде, басқа ем қолдануға болмайтын сирек жағдайларды қоспағанда, эссенциальді артериялық гипертензияны емдеуге пайдаланылмауы тиіс.

Жүктілік кезеңінде Гипотиазид® препаратын тағайындау көрсетілмеген, препарат қолданудан болатын пайда ана мен шаранада болатын жағымсыз ықтимал әсерлерден асқанда ғана сирек жағдайларда тағайындалады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Гипотиазид таблеткалар түрінде көлік құралын және аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне қатты ықпал етеді. Оны қолданудың бастапқы сатысында уақыт кезеңі жеке анықталады – көлік құралын басқаруға немесе қауіпті жұмыстарды орындауға тыйым салынады. Әрі қарай тыйым салу дәрежесі препаратқа жеке реакцияны ескерумен анықталуы тиіс.

Арнайы нұсқаулар

Педиатрияда қолдану

Препаратты балаларда қолдану бойынша арнайы ескертулер жоқ.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік кезеңінде, әсіресе жүктіліктің бірінші триместрінде гидрохлоротиазидті қолдану тәжірибесі шектеулі. Клиникаға дейінгі зерттеулер деректері жеткілікті емес, осыған байланысты, препаратты тағайындау ұсынылмайды.

Гипотиазид плаценталық бөгет арқылы өтеді. Жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде пайдаланылғанда гидрохлоротиазид фармакологиялық әсер ету механизміне байланысты фетоплаценталық қан ағымын бұзып, эмбриондық немесе неонатальді сарғаюды, электролит теңгерімінің бұзылуын және тромбоцитопенияны тудыруы мүмкін.

Гипотиазид аурудың ағымына қолайлы әсер етпейтін плазма және плаценталық гипоперфузия көлемінің төмендеу қаупін арттыратын болғандықтан, гестациялық ісінулерді, гестациялық (жүктілікпен туындаған) гипертонияны немесе преэклампсияны емдеу үшін пайдаланылмауы тиіс.

Гипотиазид препараты жүкті әйелдерде, басқа ем қолдануға болмайтын сирек жағдайларды қоспағанда, эссенциальді артериялық гипертензияны емдеуге пайдаланылмауы тиіс.

Жүктілік кезеңінде Гипотиазид® препаратын тағайындау көрсетілмеген, препарат қолданудан болатын пайда ана мен шаранада болатын жағымсыз ықтимал әсерлерден асқанда ғана сирек жағдайларда тағайындалады.

Гидрохлоротиазид емшек сүтіне өтеді; оны лактация кезеңінде тағайындауға болмайды. Егер оны тағайындау қажет болса, бала емізу тоқтатылуы тиіс («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Гипотиазид таблеткалар түрінде көлік құралын және аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне қатты ықпал етеді. Оны қолданудың бастапқы сатысында уақыт кезеңі жеке анықталады – көлік құралын басқаруға немесе қауіпті жұмыстарды орындауға тыйым салынады. Әрі қарай тыйым салу дәрежесі препаратқа жеке реакцияны ескерумен анықталуы тиіс.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Дозаны әркімге жеке таңдау мен қатаң медициналық бақылау талап етіледі. Емдеу кезінде (<3.0 ммоль/л) калий мен магнийдің көп жоғалуына байланысты калий мен магнийдің орнын толтыру қажет болуы мүмкін. Жүрек жеткіліксіздігі, бауыр функциясының бұзылуы және дигиталиспен бір мезгілде емделу кезінде ерекше сақ болу керек.

Ересектер

Ісінулерді емдеу үшін: әсеріне қарай 25-50 мг демеуші дозаға дейін төмендетуге болатын әдеттегі бастапқы доза- тәулігіне бір рет немесе ауыспалы режимде (мысалы, күн ара) 25-100 мг препарат болады.

Кейбір ауыр жағдайларда 200 мг бастапқы доза қажет болуы мүмкін.

Етеккір алдындағы ісіну: әдеттегі доза симптомдардың білінуінен бастап етеккірдің басталуына дейін тәулігіне 25 мг құрауы мүмкін.

Гипертензияға қарсы дәрі ретінде ұсынылатын доза монотерапия түрінде немесе басқа гипертензияға қарсы препараттармен біріктірілімде бір қабылдауда тәулігіне бір рет 25-100 мг құрайды.

Кейбір пациенттерге 12,5 мг бастапқы доза жеткілікті (монотерапияда да, басқа гипотензивті препараттармен біріктірілімде де) болады. Қалаған емдік әсерге тәулігіне 100 мг аспайтын ең аз тиімді дозамен жету немесе онымен демеу керек.

Гипотензивті әсер 3-4 күн ішінде білінеді, алайда, тиімді әсерге жету үшін 3-4 апта қажет болуы мүмкін. Ем аяқталғаннан кейін гипотензивті әсер бір аптаға дейін сақталады.

Біріктірілген ем кезінде - артериялық қысымның күрт төмендеуін болдырмау үшін - әрбір препараттың дозасын тиісінше төмендету керек.

Қантсыз диабетте полиурияны азайту үшін әдеттегі тәуліктік доза 50-150 мг құрайды (бірнеше қабылдауда).

Балалар

Ұсынылатын тәуліктік доза дене салмағының 1-2 мг/кг немесе тәулігіне бір рет 30 - 60 мг/м2 құрайды: 2 жасқа дейінгі балаларға (баланың салмағына қарай)-12.5 - 37.5 мг, 2 жастан 12 жасқа дейін-күніне 37,5-100 мг. 12 жастан асқан балаларға бастапқы доза әдетте күніне 25-100 мг құрайды, демеуші доза 25-50 мг құрайды.

Енгізу әдісі мен жолы

Гипотиазид таблеткаларын тамақтан кейін қабылдаған жөн.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: туындаған симптомдар бірінші кезекте сұйықтықтар мен электролиттерді едәуір жоғалтумен туындаған және жүрек-қантамыр симптоматикасымен (тахикардия, артериялық гипотензия, шок), неврологиялық симптомдармен (әлсіздік, сананың шатасуы, бас айналу, бұлшықеттердің түйілуі, парестезия, шаршау, сана бұзылысы), асқазан-ішек симптомдарымен (жүрек айну, құсу, шөлдеу), бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан болатын симптомдармен (полиурия, олигурия немесе анурия), зертханалық талдаулардағы ауытқулармен (гипокалиемия, гипонатриемия, гипохлоремия, алкалоз, қанда мочевина азоты реакциясының (BUN) жоғарылауымен (негізінен бүйрек жеткіліксіздігінде)) көрініс береді.

Емі: спецификалық антидоты жоқ. Препаратты шығару үшін құсу индукциясы, асқазанды шаю және сіңуді азайту үшін белсендірілген көмірді тағайындау ұсынылады. Гипотензия және шок жағдайында: сұйықтық пен қан электролиттерін (калий, натрий, магний) толықтыру, жағдай қалыпқа келгенге дейін су-электролит теңгерімін және бүйрек функциясын бақылау.

Егер Сізде сұрақтар туындаса, дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгініңіз.

Артық дозалану

Симптомдары: туындаған симптомдар бірінші кезекте сұйықтықтар мен электролиттерді едәуір жоғалтумен туындаған және жүрек-қантамыр симптоматикасымен (тахикардия, артериялық гипотензия, шок), неврологиялық симптомдармен (әлсіздік, сананың шатасуы, бас айналу, бұлшықеттердің түйілуі, парестезия, шаршау, сана бұзылысы), асқазан-ішек симптомдарымен (жүрек айну, құсу, шөлдеу), бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан болатын симптомдармен (полиурия, олигурия немесе анурия), зертханалық талдаулардағы ауытқулармен (гипокалиемия, гипонатриемия, гипохлоремия, алкалоз, қанда мочевина азоты реакциясының (BUN) жоғарылауымен (негізінен бүйрек жеткіліксіздігінде)) көрініс береді.

Емі: спецификалық антидоты жоқ. Препаратты шығару үшін құсу индукциясы, асқазанды шаю және сіңуді азайту үшін белсендірілген көмірді тағайындау ұсынылады. Гипотензия және шок жағдайында: сұйықтық пен қан электролиттерін (калий, натрий, магний) толықтыру, жағдай қалыпқа келгенге дейін су-электролит теңгерімін және бүйрек функциясын бақылау.

Егер Сізде сұрақтар туындаса, дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгініңіз.

Шығарылу түрі

25 мг, 100 мг таблеткалар

25 мг: 20 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

100 мг: 20 таблеткадан ПВХ/ПВДХ үлбірінен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

Пішінді 1 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыГипотиазид таблеткалары 100 мг №20 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube