Қолдану көрсеткіштері
- Ановуляция(поликистозды аналық без синдромын қоса алғанда), кломифен цитратын қолдануға сезімтал болмаған әйелдерде;
- экстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКҰ), фаллопий түтігіне гамета трансфері және фаллопия түтігіне зигота трансфері сияқты қосалқы репродукциялық технологияларды (ҚРТ) жүргізер алдында суперовуляция шеңберінде әйел пациенттердегі көптеген фолликулдардың дамуын стимуляциялау;
- лютеиндейтін және фолликулстимуляциялайтын гормондар секрециясының ауыр жеткіліксіздігі бар әйелдерде фолликулдардың дамуын стимуляциялау (лютеиндейтін гормон (ЛГ) препаратымен біріктіріп);
- туа біткен немесе жүре пайда болған гипогонадотропты гипогонадизмі бар еркектердің сперматогенезін стимуляциялау (адамның хориондық гонадотропині (аХГ) препаратымен біріктірілімде).