Қолдану көрсеткіштері
Препарат ересектерде қолданылады.
Амоксициллинге сезімтал микроорганизмдерден болған инфекцияларда:
тыныс жолдарының жоғарғы бөлімдерінің инфекцияларында (ортаңғы құлақ отиті, синусит, фарингит, тонзиллит)
тыныс жолдарының төменгі бөлімдерінің инфекцияларында (жедел бактериялық бронхит, созылмалы бактериялық бронхиттің өршуі, пневмония)
несеп-жыныс жолдарының инфекцияларында (уретрит, цистит, пиелонефрит, пиелит)
асқазан-ішек жолының инфекцияларында (сальмонеллез, Salmonella typhi амоксициллинге сезімтал болғанда)
асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасында Helicobacter pylori эрадикациялауға
Лайм ауруында (боррелиоз)
ауыз қуысында және жоғарғы тыныс жолдарындағы хирургиялық араласуларда бактериялық эндокардиттің профилактикасы