daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Хиконцил Бөтелкесі 250 Мг/5 Мл 100 Мл №1 | KRKA d.d., Novo mesto

Қоймада жоқ
Таразе қаласындағы Хиконцил Бөтелкесі 250 Мг/5 Мл 100 Мл №1 | KRKA d.d., Novo mesto
Сипаттама:

Ақтан сәл сарғыш түске дейінгі ұнтақ. Дайындалған суспензия – ақтан сәл сарғыш түске дейін.

Халықаралық атауы:

Амоксициллин

Өндіруші:

KRKA d.d., Novo mesto

Өндіруші ел:

Республика Словения

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лимон қышқылы, натрий бензоаты, аспартам (Е951), тальк, сусыз натрий цитраты, лимон ұнтағы хош иістендіргіші, шабдалы-өрік ұнтағы хош иістендіргіші, апельсин ұнтағы хош иістендіргіші, галактоманнанды гуар шайыры, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, тұнбаға түскен кремний қостотығы Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақтан сәл сарғыш түске дейінгі ұнтақ. Дайындалған суспензия – ақтан сәл сарғыш түске дейін.

Белсенді заттың дозасы:

250 мг/5 мл

Қаптамадағы саны:

1 шт

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Хиконцил ересектерге, балаларға және жасөспірімдерге төмендегі ауруларды емдеу үшін көрсетілімде:

жедел бактериялық синусит

жедел ортаңғы отит

жедел стрептококктық тонзиллит және фарингит

жедел асқынған созылмалы бронхит

ауруханадан тыс пневмония

жедел цистит

жүктілік кезіндегі симптомсыз бактериурия

жедел пиелонефрит

ішсүзегі және паратиф

целлюлит жайылған дентальді абсцесс

протезделген буын инфекция

- Helicobacter pylori эрадикациясы

- Лайм ауруында

Қарсы көрсеткіштер

- амоксициллинге, пенициллин қатарының басқа да антибиотиктеріне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- анамнезде аллергиялық реакциялардың болуы, поллиноз, бронх демікпесі

- инфекциялы мононуклеозы және лимфалық бездердің қатерлі аурулары (лимфосаркома, лимфоцитарлы лейкоз) бар пациенттер

- фенилкетонурия (Феллинг ауруы)

- анамнезде асқазан-ішек жолының аурулары (әсіресе антибиотиктерді қолдануға байланысты болатын колит)

Өзара әрекеттесуі

Бір мезгілде қолданғанда Хиконцил кейбір пероральді контрацептивтік дәрілердің тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Аллопуринолды амоксициллинмен бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде тері бөртпесі өте жиі пайда болады.

Клавулан қышқылымен бір мезгілде қолдану амоксициллиннің әсерін күшейтеді

Амоксициллиннің басқа антибиотиктермен біріктірілімі

Амоксициллинді бактериостатикалық антибиотиктермен (макролидтер, тетрациклиндер) және басқа да бета-лактамды антибиотиктермен (цефалоспориндер, монобактамдар, пенемдер) біріктірмеу керек.

Бактериостатикалық әсері бар антибиотиктер амоксициллиннің тиімділігін төмендетеді.

Егер сіз метотрексатты қабылдап жүрсеңіз (обырды және псориаздың ауыр түрін емдеу үшін қолданылатын), пенициллиндер метотрексаттың шығарылуын азайтуы мүмкін, ол жағымсыз әсерлердің күшеюіне алып келуі мүмкін. Амоксициллинмен біріктіріп қолданғанда антикоагулянттардың әсері күшейеді, бұл қан кетуді туындатуы мүмкін.

Амоксициллинмен емдеу кезінде Кумбс реакциясында және несептегі глюкоза концентрациясын анықтауда жалған оң нәтижелер алынуы мүмкін. Пробенецидті бір мезгілде қолдану амоксициллиннің өттегі деңгейін арттырады. Пробенецидті бір мезгілде қолдану (подагра кезінде пайдаланылатын) амоксициллиннің шығарылуын азайтуы мүмкін және, сәйкесінше, ұсынылмайды. Пробенецид бүйрек арқылы амоксициллиннің өзекшелік секрециясын төмендетеді. Пробенецидті бір мезгілде қолдану қандағы амоксициллин деңгейінің жоғарылауына, соның ішінде ұзаққа созылуына әкелуі мүмкін.

Амоксициллинді аминогликозидтермен біріктіріп қолдануға болады. Бірігуі синергиялық әсер береді. Сондай-ақ, амоксициллинді хинолондармен бір мезгілде қолдануға болады.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Хиконцилді қабылдау арасындағы аралық өте ауқымды. Дозаны, қабылдау жиілігін және емдеу ұзақтығын ауруға және пациенттің хал-жағдайына байланысты түзеткен жөн.

Ересектерге және дене салмағы 40 кг-ден асатын балаларға әдеттегі доза тәулігіне үш рет 250 мг-ден 500 мг-ге дейінгі немесе күніне екі рет 500 мг-ден 1000 мг-ге дейінгі Хиконцилді құрайды. Синуситте, пневмонияда және басқа да ауыр инфекцияларда тәулігіне үш рет 500 мг-ден 1000 мг-ге дейінгі дозада қолданған жөн. Ең жоғары тәуліктік дозасы 6 г құрайды.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қабылдауға арналған.

Хиконцилді ас қабылдауға қарамай-ақ қолдануға болады.

Хиконцилмен емделу кезінде пациенттер сұйықтықты әдеттегіден көбірек ішуі керек.

Суспензияны қоса берілген өлшеуіш қасықпен өлшеп, сұйықтықпен ішу керек. Ұнтақтан суспензия дайындау үшін тек таза (қайнаған) суды пайдалану керек.

100 мл суспензияны (250 мг/5 мл) дайындау үшін 92 мл су қажет.

Судың қажетті мөлшерінің (92 мл-ден) төрттен бірін ішінде ұнтағы бар құтыға қосады да, құтыны жауып, сілкілеп араластыру керек. Содан кейін қалған суды қосып, құтыны сілкілеп араластырады. Әзірленген суспензия құтыдағы белгіленген сызыққа дейін жетуі тиіс. Пайдаланып болғаннан кейін құтыны жақсылап жапқан жөн.

Қабылдау уақытын көрсете отырып, қолдану жиілігі

Ересектерге және дене салмағы 40 кг-ден асатын балаларға әдеттегі доза тәулігіне үш рет 250 мг-ден 500 мг-ге дейінгі немесе күніне екі рет 500 мг-ден 1000 мг-ге дейінгі Хиконцилді құрайды. Синуситте, пневмонияда және басқа да ауыр инфекцияларда тәулігіне үш рет 500 мг-ден 1000 мг-ге дейінгі дозада қолдану керек. Ең жоғары тәуліктік дозасы 6 г құрайды.

Лайм ауруы: ересектер және дене салмағы 40 кг-ден асатын балалар тәулігіне 3 рет 1000 мг қабылдау керек.

Helicobacter pylori эрадикациялау үшін Хиконцилді басқа дәрілік заттармен біріктіріп қолдану керек. Ересектер тәулігіне 2 рет 1000 мг, балалар тәулігіне 2 рет, дене салмағының әр кг шаққанда 50 мг Хиконцилден қабылдайды.

Эндокардиттің профилактикасы үшін ересектерге хирургиялық араласымға дейін 1 сағат бұрын 3 г және кейін 6 сағаттан соң – 1,5 г Хиконцил қолданылады.

Балаларда қолдану

Дене салмағы 40 кг-ден төмен балаларға әдеттегі доза тәулігіне 3 қабылдау, дене салмағының 1 кг-ге шаққанда 20 мг-ден 40 мг-ге дейінгі немесе тәулігіне екі рет 25 мг-ден 45 мг/кг-ге дейінгі Хиноцилді құрайды.

Резистентті Streptococcus pneumonias әсерінен болған инфекциялар қаупі жоғары болатын балаларға Хиконцилді өте жоғары дозаларда қолдану керек – нәрестенің дене салмағының әр кг шаққанда 80 мг күн сайын 3 қабылдау немесе 90 мг/кг күн сайын 2 қабылдау. Балалар үшін ең жоғары тәуліктік дозасы кг дене салмағына 100 мг құрайды (тәулігіне 3 г асырмай).

Лайм ауруы: дене салмағы 40 кг-ден төмен балаларға тәулігіне үш қабылдауға бөлінген, кг дене салмағына 50 мг дозада қолдану керек.

Эндокардиттің профилактикасы үшін балаларға емшараға дейін дене салмағының әр кг шаққанда 50 мг және емшарадан кейін 25 мг қолданады.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы инфекцияның ауырлығына және типіне байланысты.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар

Симптомдары: жүректің айнуы, құсу, диарея, орталық жүйке жүйесі қозғыштығының жоғарылауы, сананың шатасуы, құрысулар.

Кейбір жағдайларда бүйрек жеткіліксіздігіне әкелетін амоксициллинді кристаллуриясы байқалды.

Емі: симптоматикалық ем. Әдетте бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде сұйықтықтың мол мөлшерін пайдаланған жағдайда асқынулар пайда болмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде амоксициллин шығарылу үшін гемодиализ ұсынылады.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар

Егер сіз препаратты қабылдауды өткізіп алсаңыз, есіңізге түскен бойда қабылдаңыз.

Келесі дозаны ертерек қабылдауға болмайды, келесі қабылдауға дейін шамамен 4 сағат күту керек.

Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін дозаны екі еселеп қабылдауға болмайды.

Тоқтату симптомдары қаупінің бар екендігі туралы нұсқау

Сіз өзіңізді жақсы сезінсеңіз де Хиконцилді дәрігердің тағайындауы бойынша қабылдауды жалғастыра беріңіз. Инфекциямен күресу үшін сізге препараттың әр дозасы қажет болады. Егер бактериялардың бірі аман қалса, инфекцияның қайталануына түрткі болуы мүмкін.

Егер емдеудің соңында сіз өзіңізді әлі нашар сезінсеңіз, дәрігерге қаралуыңыз керек.

Хиконцилді ұзақ уақыт қолданғанда микоз (организмнің шырышты қабықтарының зеңдік ауруы, ол ауырсынумен, қышынумен және ақ түсті бөліністермен қатар жүруі мүмкін) дамуы мүмкін. Бұндай жағдай дамыса, емдеуші дәрігерге айту керек.

Егер сіз Хиконцилді ұзақ уақыт бойы қабылдаған болсаңыз, дәрігер бүйрек, бауыр және қан функциясын тексеру үшін қосымша зерттеулерге тапсырыс бере алады.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар

Осы препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған кезде емдеуші дәрігерге немесе фармацевтке қаралу керек.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қолдану керек шаралар

Жиі

- диарея және жүректің айнуы

- тері бөртпесі

Сирек

- құсу

- есекжем және қышыну

Өте сирек

- тері және шырышты қабықтың кандидозы

- қайтымды лейкопения (агранулоцитоз немесе ауыр нейтропения, қайтымды гемолиздік анемия және тромбоцитопения, қан кету уақыты мен протромбин уақытының ұлғаюын қоса

- ангионевроздық ісінуді қоса, ауыр аллергиялық реакциялар, анафилаксия, сарысу ауруы және аллергиялық васкулит

-гиперкинезия, бас айналу, асептикалық менингит, құрысулар

антибиотик-астасқан колит (жалған жарғақшалы колит және геморрагиялық колит, қара «түкті» тілді қоса

гепатит және холестаздық сарғаю, АСТ және / немесе АЛТ орташа жоғарылауы

мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, буллезді және эксфолиативті дерматит, жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP) және дәрілік заттарға аса жоғары сезімталдық синдромы (DRESS) сияқты тері реакциялары

интерстициальді нефрит, кристаллурия

Белгісіз

- Яриш-Герксхаймер реакциясы

- Коунис синдромы

- дәрілік препарат индукциялаған энтероколит синдромы (Drug-induced enterocolitis syndrome - DIES): DIES негізінен амоксициллин қабылдаған балаларда тіркелген. Бұл қайталанатын құсудың жетекші симптомы бар аллергиялық реакцияның бір түрі (препаратты қолданғаннан кейін 1-4 сағаттан кейін). Қосымша белгілер іштің ауыруы, летаргия, диарея және төмен артериялық қысымды қамтуы мүмкін.

- жедел бүйрек жеткіліксіздігіне әкелетін несептегі кристалдар

- ортасында қыртыстары бар немесе інжу тізбегі түрінде орналасқан күлдіреуіктері бар тері бөртпесі (IgA тәуелді желілік дерматоз)

- ми мен жұлынды қоршап тұрған шырыштың қабықтың қабынуы (асептикалық менингит).

Шығарылу түрі

11,0 г ұнтақ күңгірт шыныдан жасалған, сыйымдылығы 133 мл, 100 мл деңгейінде айналдыра сызығы бар, полипропиленнен / полиэтиленнен жасалған, бірінші ашылуы бақыланатын және тығыздағыш жарғақшасы бар тығынмен тығындалған (басып + бұрау жүйесі) шыны құтыларға салынады.

1 құты 5 мл пластик қасығымен және медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Дайын суспензия –2 °С – 8 °С температурада 14 тәулік.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Көлемі

100 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыХиконцил бөтелкесі 250 мг/5 мл 100 мл №1 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube