Қолдану көрсеткіштері
Антибиотикке төзімді стафилококктардан туындаған ауруларды кешенді ем құрамында емдеу:
күйіктер, трофикалық ойық жаралар
жатыр мойнының эрозиясы
асқазан-ішек жолдарының инфекциялық аурулары (ішекте стафилококктар бар болғанда)
Антибиотикке төзімді стафилококктардан туындаған ауруларды кешенді ем құрамында емдеу:
күйіктер, трофикалық ойық жаралар
жатыр мойнының эрозиясы
асқазан-ішек жолдарының инфекциялық аурулары (ішекте стафилококктар бар болғанда)
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
алкогольге немесе есірткіге тәуелділіктің дамуына бейімділік, алкоголизм
эпилепсия
бауыр аурулары немесе бауыр функциясының айқын бұзылулары бар науқастар
қант диабеті
жүктілік және лактация кезеңі
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Антисептикалық препараттар мен антибиотиктердің әсерін күшейтеді. Препарат құрамында 96% этил спирті бар, сондықтан бір мезгілде қабылдаған кезде психотропты, миорелаксациялайтын дәрілер мен алкогольдің әсерін күшейтуі мүмкін. Жарада сутегі асқын тотығының қалдығы қалған кезде хлорофиллипт тұнбаға түседі, сондықтан жараны сутегі асқын тотығымен жуғаннан кейін оның қалдығын натрий хлоридінің стерильді изотониялық ерітіндісімен кетіру қажет.
Арнайы ескертулер
Емді бастар алдында таңдалған қолдану тәсіліне қарамастан, хлорофиллиптке сезімталдықты анықтайды, ол үшін науқас 1 ас қасық суға сұйылтылған препараттың 25 тамшысын ішеді. 6-8 сағаттан соң аллергия белгілері (еріннің, аңқа шырышының ісінуі және т.б.) болмаса, препаратты қолдануға болады.
Дәрілік препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат құрамында этил спирті болғандықтан, ем кезінде жоғары зейін шоғырландыруды қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерінен бас тарту керек.
100 мл алғашқы ашылуы бақыланатын қақпақпен тығындалған, мойны бұрандалы күңгірт-қоңыр мөлдір емес полимерден жасалған сыйымдылығы 125 мл құтыларда. Құтыға өздігінен желімделетін заттаңба жапсырылады.
Әр құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
