Қолдану көрсеткіштері
Келесі жағдайларда ауыруды жеңілдету: бас және тіс ауыруы, бас сақинасы, ауырсындыратын етеккір, невралгия, арқаның ауруы, бұлшықет және ревматизмдік ауырулар.
Тұмау және суық тию аурулары кезіндегі қызбамен болатын жай-күй.
Келесі жағдайларда ауыруды жеңілдету: бас және тіс ауыруы, бас сақинасы, ауырсындыратын етеккір, невралгия, арқаның ауруы, бұлшықет және ревматизмдік ауырулар.
Тұмау және суық тию аурулары кезіндегі қызбамен болатын жай-күй.
ибупрофенге немесе препараттың құрамына кіретін компоненттердің кез келгеніне жоғары сезімталдық
анамнезінде ацетилсалицил қышқылын (салицилаттарды) немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қолдануға байланысты аса жоғары сезімталдық реакцияларының (бронх демікпесі, бронх түйілуі, ринит, риносинусит, мұрынның немесе мұрын маңы қойнауларының қайталанатын полипозы, Квинке ісінуі, есекжем) болуы
белсенді қайталанатын ойық жара ауруы/қан кету немесе қайталанатын ойық жара ауруы/анамнезінде қан кету (расталған ойық жараның немесе қан кетудің екі немесе одан да көп жеке эпизодтары)
қан кету немесе ҚҚСП қолданудан туындаған анамнездегі АІЖ ойық жарасының тесілуі
жүректің ауыр жеткіліксіздігі (NYHA IV класы), бауырдың/ бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
гемофилия және қан ұюының басқа да бұзылулары (оның ішінде гипокоагуляция), геморрагиялық диатездер
жүктілік (үшінші триместр)
12 жастан аспайтын балалар
тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы (сонымен қатар «Арнайы ескертулер» - Қосымша заттар бөлімін қараңыз)
Ибупрофенді келесі дәрілік заттармен бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек:
Ацетилсалицил қышқылы (аспирин)
Ибупрофенді ацетилсалицил қышқылымен біріктірілген емдеу жағымсыз реакциялардың даму қаупінің жоғарылауына байланысты ұсынылмайды. Айрықша жағдайларда дәрігердің ұсынысы бойынша аспириннің төмен (тәулігіне 75 мг-ден аспайтын) дозалары тағайындалуы мүмкін.
Ибупрофен бір мезгілде қабылданған аспириннің төмен дозаларының тромбоциттер агрегациясына әсерін бәсеңдете алады. Тұрақты қолданбау кезінде бұндай клиникалық маңызды әсердің болуы екіталай.
Басқа ҚҚСП, соның ішінде циклооксигеназа-2 селективті тежегіштері (ЦОГ-2)
Жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупінің жоғарылауына байланысты ҚҚСП тобынан екі немесе одан да көп препараттарды бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.
Бір мезгілде келесі дәрілік заттармен сақтықпен қолдану керек:
Кортикостероидтар
АІЖ ойық жарасының пайда болуы мен асқазан-ішектен қан кету қаупінің жоғарылауы.
Гипертензияға қарсы дәрілер (AӨФ тежегіштері және ангиотензин II антагонистері) мен диуретиктер
ҚҚСП осы топтардағы препараттардың тиімділігін төмендетуі мүмкін. Бүйрек функциясы бұзылған кейбір пациенттерде (мысалы, сусыздануы бар пациенттер немесе бүйрек функциясы бұзылған егде жастағы пациенттер) ибупрофенді АӨФ тежегіштерімен немесе ангиотензин II антагонистерімен және циклооксигеназаны тежейтін дәрілік заттармен бірге қабылдау бүйрек функциясының одан әрі нашарлауына, соның ішінде әдетте қайтымды болатын жедел бүйрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін. Бұл өзара әрекеттесулерді коксибті АӨФ тежегіштерімен немесе ангиотензин II антагонистерімен бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде ескеру қажет. Осылайша, препараттар біріктірілімін сақтықпен қабылдау керек; бұл әсіресе егде жастағы пациенттерге қатысты. Пациенттер оңтайлы су теңгерімін сақталуын қадағалап, қатар жүретін ем басталғаннан кейін және одан әрі мезгіл-мезгіл бүйрек функциясын тексеруі керек. Диуретиктер ҚҚСП нефроуыттылық қаупін арттыруы мүмкін.
Антикоагулянттар
ҚҚСП варфарин сияқты антикоагулянттардың әсерін күшейтуі мүмкін.
Антиагреганттар және серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері
Асқазан-ішектен қан кету туындауының жоғары қаупі.
Жүрек гликозидтері
ҚҚСП және жүрек гликозидтерін бір мезгілде тағайындау жүрек жеткіліксіздігінің өршуіне, шумақтық сүзілу жылдамдығының төмендеуіне және қан плазмасындағы жүрек гликозидтері концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Литий препараттары
ҚҚСП қолдану аясында қан плазмасындағы литий концентрациясы жоғарылауының ықтималдығы бар.
Метотрексат
ҚҚСП қолдану аясында қан плазмасындағы метотрексат концентрациясы жоғарылауының ықтималдығы бар.
Циклоспорин
Нефроуыттылық қаупінің жоғарылауы.
Мифепристон
ҚҚСП мифепристон тиімділігін төмендету ықтималдығына байланысты оның қабылдауын мифепристон қабылдағаннан кейін 8-12 күннен ерте бастауға болмайды.
Такролимус
ҚҚСП және такролимусты бір мезгілде тағайындау кезінде нефроуыттылық қаупі жоғарылауы мүмкін.
Зидовудин
ҚҚСП және зидовудинді бір мезгілде қолдану гематоуыттылықтың жоғарылауына әкелуі мүмкін. Зидовудин мен ибупрофенді біріктіре қабылдаған гемофилиясы бар АИТВ-оң пациенттерде гемартроз бен гематомалардың даму қаупі бар.
Хинолон қатарындағы антибиотиктер
ҚҚСП және хинолон қатарындағы антибиотиктерді бірлестіре ем қабылдайтын пациенттерде құрысулардың туындау қаупі жоғарылауы мүмкін.
Аминогликозидтер
Ибупрофен аминогликозидтердің шығарылуын төмендетуі мүмкін.
Пробенецид және сульфинпиразон
Құрамында пробенецид немесе сульфинпиразон бар дәрілік препараттар ибупрофеннің шығарылуын кешіктіруі мүмкін.
Сульфонилмочевина туындылары
Ибупрофенді сульфонилмочевина туындыларымен бірге қолдану кезінде сақтық шарасы ретінде қандағы қант деңгейін тұрақты бақылау қажет.
10 капсуладан поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден (ПВДХ/ПВХ) және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 1 немесе 2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Түпнұсқалық қаптамада, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден