Қолдану көрсеткіштері
Құрғақ көз синдромы бар ересек пациенттерде жасанды көз жасымен емдеу тиімсіз болған жағдайда ауыр кератитті емдеу үшін.
Құрғақ көз синдромы бар ересек пациенттерде жасанды көз жасымен емдеу тиімсіз болған жағдайда ауыр кератитті емдеу үшін.
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- окулярлық немесе периокулярлық қатерлі ісіктер немесе обыр алды жай-күйлері
- белсенді немесе болжамды окулярлық немесе периокулярлық инфекция.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Икервис® препараты анамнезінде окулярлық герпесі бар пациенттерде зерттелмеген және сондықтан бұндай пациенттерде препаратты сақтықпен қолдану керек.
Икервис® препараты анамнезінде окулярлық герпесі бар пациенттерде зерттелмеген және сондықтан бұндай пациенттерде препаратты сақтықпен қолдану керек.
Иммундық жүйеге әсер ететін басқа препараттармен біріктірілімде қолдану.
Икервис® препаратын құрамында кортикостероидтар бар көзге тамызатын дәрімен бір мезгілде қолдану циклоспориннің иммундық жүйеге әсерін күшейтуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Жасанды көз жасы препараттарымен емдеу аясында жақсару болмаған кезде құрғақ көз синдромы бар 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде ауыр кератитті емдеу үшін циклоспоринді қолданудың жеткілікті тәжірибесі жоқ.
Егде жастағы пациенттер
Препаратты егде жастағы пациенттерде қолдану клиникалық зерттеулерде зерттелген. Дозаны түзету қажет емес.
Бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Циклоспориннің әсері бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттерде зерттелмеген. Дегенмен де, пациенттердің осы топтарында арнайы шаралар қажет емес.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүкті әйелдерде Икервис® препаратын қолдану туралы деректер жоқ. Икервис® препаратын, егер тек анасы үшін болжамды пайдасы шарана үшін потенциалды қаупінен астам болмаса жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды.
Ішке қабылдағаннан кейін циклоспорин емшек сүтіне енеді. Циклоспориннің жаңа туған нәрестелерге/емшектегі сәбилерге әсері туралы ақпарат жеткіліксіз. Сонымен бірге циклоспоринді көзге тамызатын дәріде емдік дозаларда қолданғанда, емшек сүтінде препараттың елеулі мөлшерде болуы екіталай. Бала емізудің пайдасы мен әйел үшін терапияның пайдасын ескере отырып, емшек емізуді тоқтату немесе Икервис® препаратымен емдеуді тоқтату туралы шешім қабылдау қажет.
Бала туу әлеуеті бар әйелдерде
Икервис® препаратын тиімді контрацепцияны пайдаланбайтын, бала туу әлеуеті бар әйелдерге қолдану ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Икервис® препараты көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне қалыпты әсер етеді.
Бұл препарат көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері болатын көздің уақытша бұлыңғырлануын немесе көрудің басқа бұзылуларын туындатуы мүмкін. Пациенттерге көру қабілеті қалыпқа келгенше көлік құралдарын жүргізбеу немесе механизмдермен жұмыс істемеу ұсынылады.
Дозалау режимі
Ұсынылатын доза - ұйықтар алдында зақымданған көзге (көздерге) күніне 1 рет бір тамшыдан.
Емдеудің тиімділігін кем дегенде әр 6 ай сайын бағалау керек.
Дозаны өткізіп алған кезде емдеуді келесі күннен бастап қалыпты режимде жалғастыру керек. Пациенттерге зақымданған көзге(көздерге) бір тамшыдан артық тамызбауды ұсыну қажет.
Қолдану тәсілі
Осы нұсқауларды мұқият орындаңыз және барлық түсініксіз мәселелерді дәрігерден немесе фармацевтен сұраңыз.
0.3 мл препараттан бір дозалы тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған контейнерге салынады.
5 контейнерден қағаз/полиэтилен/алюминий/сополимер дәнекерленген пакетке салынады.
6 пакеттен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30 С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.
Алюминий пакетті ашқаннан кейін бір дозалы контейнерлерді жарықтан сақтау және булануын болдырмау үшін пакетте сақтау керек. Эмульсияның қалдықтары бар ашылған бір дозалы контейнерді қолданғаннан кейін бірден утилизациялау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.