Қолдану көрсеткіштері
- жедел және созылмалы ревматоидты артрит, остеоартрит, остеоартроз, шорбуынданатын спондилит, псориаздық полиартрит, подагралық артритті кешенді емдеуде қосымша дәрі ретінде
- тірек-қимыл аппаратының буыннан тыс ревматизмінің жергілікті түрлері: тендинит, синовит, тендовагинит, фасция және буын байламдарының қабынуы, бурсит
- тірек-қимыл аппаратының жарақаттанудан кейінгі зақымданулары (созылулар, шығып кетулер, соғылулар) кезіндегі қабынуды, ауыру мен ісінуді жергілікті симптоматикалық емдеуде.
Индометациннің жергілікті қолданылатын түрлерін препараттың қатты дәрілік түрлерімен кешенді емде, ересектер мен 14 жастан асқан жасөспірімдерге қолдану ұсынылады.