Қолдану көрсеткіштері
Инфлюцид-тұмау инфекциясына ұқсас қызбамен қатар жүретін суық тию ауруларын емдеуге арналған гомеопатиялық дәрілік зат.
Инфлюцид-тұмау инфекциясына ұқсас қызбамен қатар жүретін суық тию ауруларын емдеуге арналған гомеопатиялық дәрілік зат.
-препарат ингредиенттерінің кез келгеніне белгілі аса жоғары сезімталдық, мысалы, Eupatorium perfoliatum (шілтер жапырақты иткендір) немесе (Аsteraceae/Сompositae) күрделігүлділер тұқымдастардың басқа түрлеріне.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Гомеопатиялық дәрілік заттарды қабылдау кезінде аурудың бар симптомдарының өтпелі күшеюі мүмкін (алғашқы нашарлау); мұндай жағдайда препарат қабылдауды тоқтатып, дәрігермен кеңесу керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Егер сіз басқа дәрілік заттарды, соның ішінде рецептісіз сатып алуға болатын дәрілік заттарды қабылдасаңыз, жақында қабылдаған болсаңыз немесе қабылдағыңыз келсе, дәрігерге немесе фармацевтке хабарлауыңыз керек.
Гомеопатиялық дәрілік заттардың әсеріне салауатты емес өмір салтының теріс факторлары, сондай-ақ ынталандырушы және тітіркендіргіш заттар теріс әсер етуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Егер қызба 3 күннен артық сақталса немесе температура 39 °C-ден жоғары болса, сондай-ақ кез-келген түсініксіз немесе тұрақты симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу керек, өйткені бұл медициналық нақтылауды қажет ететін аурулар болуы мүмкін.
Дәрілік препараттың құрамында лактоза және бидай крахмалы бар. Препаратты тұқым қуалайтын лактоза көтере алмаушылығы, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы кезінде қабылдауға болмайды.
Бидай крахмалдың құрамында глютен болуы мүмкін, бірақ аз ғана мөлшерде, сондықтан ол целиакиясы бар адамдар үшін қауіпсіз деп саналады. Бидайға аллергиясы бар пациенттерге (целиакиядан өзгеше) бұл препаратты қабылдауға болмайды.
Егер кейбір қанттар жақпаушылығы болса, осы дәрілік затты қабылдаудан бұрын дәрігермен кеңесіңіз.
Педиатрияда қолдану
Инфлюцидті 1 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды, өйткені оны қолдану осы жас тобында жеткіліксіз зерттелген.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және лактация кезеңінде ана үшін күтілетін пайдасы мен шаранаға/балаға төнетін ықтимал қаупі арасындағы арақатынасты мұқият бағалауымен дәрігердің кеңесінен кейін ғана Инфлюцидті қабылдауға болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.

Дозалау режимі
Өзге нұсқамалар болмағанда Инфлюцид төмендегідей қолданылады:
Ересектер мен 12 жастан асқан және одан үлкен балалар: жедел симптомдар кезінде әр жарты сағат/сағат сайын 1 таблеткадан қабылдайды (бірақ күніне 6 реттен артық емес).
Бір аптадан астам уақыт бойы жиі қолдану гомеопат дәрігермен кеңескеннен кейін ғана жүзеге асырылуы керек.
Симптомдар жеңілдеген сайын ересектер мен 12 жастан асқан және одан үлкен балалар күніне 1-ден 3 ретке дейін 1 таблеткадан қабылдауы тиіс. Симптомдар жақсарған кезде препаратты қабылдау жиілігін азайту керек.
20 таблеткадан ПВХ/ПВДХ үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.