Қолдану көрсеткіштері
Ересектерде офлоксацинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялық-қабыну ауруларын емдеу:
жедел пиелонефрит және несеп-жыныс жүйесінің асқынған инфекциялары
бактериялық простатит және орхоэпидидимит
бактерияға қарсы басқа препараттармен біріктірілімде кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары
Төмендегі инфекциялар үшін офлоксацинді әдетте осы инфекцияларды бастапқы емдеуге ұсынылатын бактерияға қарсы препараттарды қолдану қолайсыз деп саналған кезде ғана қолдану керек-
- несеп шығару жолдарының асқынбаған инфекциялары, оның ішінде цистит
- тері және жұмсақ тіндердің инфекциялары
- сүйектер мен буындардың инфекциялары
- созылмалы бронхиттің өршуі, ауруханадан тыс пневмония
- нейтропениясы бар пациенттерде бактериялық инфекцияның профилактикасы.
Препаратты қолданған кезде бактерияға қарсы препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми ұсынымдарды, сондай-ақ патогенді микроорганизмдердің сезімталдығын ескеру керек.