Қолдану көрсеткіштері
Препарат ұзақ әсер ететін ß2-адреномиметик пен ингаляциялық кортикостероидпен біріктірілген ем көрсетілген пациенттердегі бронх демікпесін емдеуге арналған:
- ұзақ әсер ететін бета-адренорецепторлар агонистерінің демеуші дозаларын және ингаляциялық ГКС алатын пациенттерде
- ингаляциялық ГКС емінің аясында ауру симптомдары сақталатын пациенттерде
- бронходилататорлармен жүйелі ем алатын және ингаляциялық ГКС қажетсінетін пациенттерде.
Ересектердегі созылмалы бронхит пен өкпе эмфиземасын қоса, ӨСОА (өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы) кезіндегі демеуші ем.