daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы 10 Мг/5 Мг/10 Мг Капсула Эквамері №30 | ОАО «Гедеон Рихтер»

Таразе қаласындағы 10 Мг/5 Мг/10 Мг Капсула Эквамері №30 | ОАО «Гедеон Рихтер»
Сипаттама:

10 мг/5 мг / 10 мг доза Қатты желатинді ашық қызғылт түсті капсулалар, өлшемі №1. Капсулалардың ішіндегісі - 1 дөңгелек, екі беті дөңес ақ түсті таблетка (құрамында лизиноприл және амлодипин бар) және 1 дөңгелек, екі беті дөңес, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблетка (құрамында розувастатин бар). 10 мг/5 мг / 20 мг доза Қатты желатинді қызғылт түсті капсулалар, өлшемі № 1. Капсулалардың ішіндегісі - 1 дөңгелек, екі беті дөңес ақ түсті таблетка (құрамында лизиноприл және амлодипин бар) және 2 дөңгелек, екі беті дөңес, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблетка (құрамында розувастатин бар). 20 мг/10 мг / 10 мг доза Қатты желатинді күлгін түсті капсулалар, өлшемі № 1. Капсулалардың ішіндегісі - 2 дөңгелек, екі беті дөңес ақ түсті таблетка (құрамында лизиноприл және амлодипин бар) және 1 дөңгелек, екі беті дөңес, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблетка (құрамында розувастатин бар). 20 мг/10 мг / 20 мг доза Қатты желатинді қою күлгін түсті капсулалар, өлшемі № 0. Капсулалардың ішіндегісі - 2 дөңгелек, екі беті дөңес ақ түсті таблеткалар (құрамында лизиноприл және амлодипин бар) және 2 дөңгелек, екі беті дөңес, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблетка (құрамында розувастатин бар).

Өндіруші:

ОАО «Гедеон Рихтер»

Өндіруші ел:

Венгрия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (12 тип), микрокристалды целлюлоза (101 тип), лактоза моногидраты, натрий крахмалы гликоляты (А типі), магний гидроксиді, магний стеараты, Опадрай II 85f32410 сары (құрамында: поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 3350, тальк, темірдің сары тотығы (Е 172)). қатты желатинді капсуланың құрамы: патенттелген көк (Е 131), азорубин (Е 122), «күн батар түстес» сары (Е 110), титанның қостотығы (Е 171), желатин. 10 мг/5 мг / 20 мг доза қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (12 тип), микрокристалды целлюлоза (101 тип), лактоза моногидраты, натрий крахмалы гликоляты (А типі), магний гидроксиді, магний стеараты, Опадрай II 85f32410 сары (құрамында: поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 3350, тальк, темірдің сары тотығы (Е 172)). қатты желатинді капсуланың құрамы: азорубин (Е 122), титанның қостотығы (Е 171), желатин. 20 мг/10 мг / 10 мг доза қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (12 тип), микрокристалды целлюлоза (101 тип), лактоза моногидраты, натрий крахмалы гликоляты (А типі), магний гидроксиді, магний стеараты, Опадрай II 85f32410 сары (құрамында: поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 3350, тальк, темірдің сары тотығы (Е 172)). қатты желатинді капсуланың құрамы: азорубин (Е 122), индигокармин (Е 132), титанның қостотығы (Е 171), желатин. 20 мг/10 мг / 20 мг доза қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (12 тип), микрокристалды целлюлоза (101 тип), лактоза моногидраты, натрий крахмалы гликоляты (А типі), магний гидроксиді, магний стеараты, Опадрай II 85f32410 сары (құрамында: поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 3350, тальк, темірдің сары тотығы (Е 172)). қатты желатинді капсуланың құрамы: патенттелген көк (Е 131), азорубин (Е 122), «күн батар түстес» сары (Е 110), титанның қостотығы (Е 171), желатин.

Белсенді заттың дозасы:

10 мг/5 мг/10 мг

Дәрілік түрі:

Капсулалар, 10 мг/5 мг/10мг, 10 мг/5 мг/20 мг, 20 мг/10 мг/10 мг, 20 мг/10 мг/20 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

10 мг/5 мг / 10 мг доза

белсенді заттар: лизиноприл – 10,00 мг (10,88 мг лизиноприл дигидраты түрінде), амлодипин – 5,00 мг (6,94 мг амлодипин бесилаты түрінде), розувастатин - 10,00 мг (10,40 мг кальций розувастатині түрінде).

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (12 тип), микрокристалды целлюлоза (101 тип), лактоза моногидраты, натрий крахмалы гликоляты (А типі), магний гидроксиді, магний стеараты, Опадрай II 85f32410 сары (құрамында: поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 3350, тальк, темірдің сары тотығы (Е 172)).

қатты желатинді капсуланың құрамы: патенттелген көк (Е 131), азорубин (Е 122), «күн батар түстес» сары (Е 110), титанның қостотығы (Е 171), желатин.

10 мг/5 мг / 20 мг доза

белсенді заттар: лизиноприл – 10,00 мг (10,88 мг лизиноприл дигидраты түрінде), амлодипин – 5,00 мг (6,94 мг амлодипин бесилаты түрінде), розувастатин - 20,00 мг (20,80 мг кальций розувастатині түрінде).

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (12 тип), микрокристалды целлюлоза (101 тип), лактоза моногидраты, натрий крахмалы гликоляты (А типі), магний гидроксиді, магний стеараты, Опадрай II 85f32410 сары (құрамында: поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 3350, тальк, темірдің сары тотығы (Е 172)).

қатты желатинді капсуланың құрамы: азорубин (Е 122), титанның қостотығы (Е 171), желатин.

20 мг/10 мг / 10 мг доза

белсенді заттар: лизиноприл – 20,00 мг (21,76 мг лизиноприл дигидраты түрінде ), амлодипин – 10,00 мг (13,88 мг амлодипин бесилаты түрінде), розувастатин – 10,00 мг (10,40 мг кальций розувастатині түрінде).

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (12 тип), микрокристалды целлюлоза (101 тип), лактоза моногидраты, натрий крахмалы гликоляты (А типі), магний гидроксиді, магний стеараты, Опадрай II 85f32410 сары (құрамында: поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 3350, тальк, темірдің сары тотығы (Е 172)).

қатты желатинді капсуланың құрамы: азорубин (Е 122), индигокармин (Е 132), титанның қостотығы (Е 171), желатин.

20 мг/10 мг / 20 мг доза

белсенді заттар: лизиноприл – 20,00 мг (21,76 мг лизиноприл дигидраты түрінде), амлодипин – 10,00 мг (13,88 мг амлодипин бесилаты түрінде), розувастатин – 20,00 мг (20,80 мг кальций розувастатині түрінде).

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (12 тип), микрокристалды целлюлоза (101 тип), лактоза моногидраты, натрий крахмалы гликоляты (А типі), магний гидроксиді, магний стеараты, Опадрай II 85f32410 сары (құрамында: поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 3350, тальк, темірдің сары тотығы (Е 172)).

қатты желатинді капсуланың құрамы: патенттелген көк (Е 131), азорубин (Е 122), «күн батар түстес» сары (Е 110), титанның қостотығы (Е 171), желатин.

Қолдану көрсеткіштері

Эквамер препараты артериялық гипертензияны және қатар жүретін дислипидемияны емдеуде Эквамер препаратының құрамындағыдай бірдей дозада амлодипин, лизиноприл және розувастатинді қабылдаумен жағдайы адекватты бақыланатын ересек пациенттерде орын басатын терапия ретінде көрсетілген:

бастапқы гиперхолестеринемия (отбасылық гетерозиготалы гиперхолестеринемияны қоспағанда, Фредриксон жіктеуі бойынша IIа типі) немесе аралас гиперхолестеринемия (Фредриксон жіктеуі бойынша IIb типі), диета және басқа дәрілік емес әдістер (мысалы, жаттығу, дене салмағының төмендеуі) жеткіліксіз болған кезде;

отбасылық гомозиготалы гиперхолестеринемия диеталық терапияға және басқа липидті төмендететін терапияға қосымша ретінде немесе диета не басқа липидті төмендететін терапия (мысалы, ТТЛП-аферез) жеткілікті тиімді болмаған кезде;

басқа қауіп факторларын түзетуге қосымша ретінде пациенттердегі жоғары қауіпті негізгі жүрек-қантамыр асқынуларының бастапқы профилактикасы.

Қарсы көрсеткіштер

Амлодипинге немесе дигидропиридиннің басқа туындыларына жоғары сезімталдық.

Лизиноприлге немесе ангиотензин өзгертетін ферменттің (АӨФ) басқа тежегіштеріне жоғары сезімталдық.

Розувастатинге жоғары сезімталдық.

Препараттың қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық.

Анамнезінде ангионевроздық ісіну, оның ішінде АӨФ тежегіштерін қолданудан болған.

Тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну.

Ауыр артериялық гипотензия (систолалық артериялық қысым (АҚ) 90 мм с.б. төмен).

Шок (кардиогендік шокты қоса)

Солжақ қарыншаның шығару жолының обструкциясы (аортаның ауыр стенозын қоса)

Жедел миокард инфарктісінен кейінгі жүрек функциясының гемодинамикалық тұрақсыз жеткіліксіздігі.

Қантты диабет немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар (шумақтық сүзіліс жылдамдығы (ШСЖ) 60 мл/мин/1,73 м 2-ден аз) пациенттерде Эквамер препаратын құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану.

Ангионевроздық ісінудің даму қаупіне байланысты бейтарап эндопептидаза тежегіштерімен (мысалы, құрамында сакубитрил бар препараттармен) бір мезгілде қолдану.

Белсенді фазадағы бауыр ауруы, соның ішінде қан сарысуындағы трансаминазалар белсенділігінің тұрақты жоғарылауын, сондай-ақ трансаминазалар белсенділігінің кез келген жоғарылауын (қалыптың жоғарғы шегінен 3 еседен астам) қоса.

Бүйрек функциясының ауыр бұзылыстары (креатинин клиренсі (КК) 30 мл/мин аз).

Миопатия.

Циклоспоринді бір мезгілде қабылдау.

Софосбувир/велпатасвир/воксилапревир біріктірілімімен бір мезгілде қолдану (4.5- бөлімді қараңыз).

Миоуытты асқынулардың дамуына бейімділік.

Әйелдерде: жүктілік, бала емізу кезеңі, контрацепцияның адекватты әдістерінің болмауы.

18 жасқа дейінгі балалар (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған).

Лактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.

Бауыр  функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Чайлд-Пью шкаласы бойынша 9 баллдан жоғары пациенттерде розувастатинді қолдану тәжірибесі жоқ.

Сақтық шаралары

Төменде көрсетілген жағдайлардың/аурулардың кез келгені болған жағдайда препаратты қабылдауды бастамас бұрын емдеуші дәрігермен кеңесу қажет:

Аорталық стеноз, митральдік стеноз, гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия, артериялық гипотензия, цереброваскулярлық аурулар (соның ішінде, ми қанайналымының жеткіліксіздігі), жүректің ишемиялық ауруы, коронарлық жеткіліксіздік, NYHA жіктеуі бойынша III‒IV функционалдық классты этиологиясы ишемиялық емес жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі (ЖСЖ), жедел миокард инфаркті (және жедел миокард инфарктінен кейін 1 ай ішінде), Принцметал стенокардиясы, синус түйінінің әлсіздігі синдромы (айқын тахикардия немесе брадикардия), дәнекер тіннің ауыр аутоиммунды жүйелі аурулары (оның ішінде жүйелі қызыл жегі, склеродермия), миелосупрессия, қантты диабет, калий жинақтайтын диуретиктерді, калий препараттарын және калий негізіндегі тұз алмастырғыштарды қабылдау, гиперкалиемия, гипонатриемия, бүйрек артериясының екі жақты стенозы, жалғыз бүйрек артериясының стенозы, бүйрек трансплантациясынан кейінгі жағдай, бүйрек функциясының жеңіл және орташа дәрежелі ауырлықтағы жеткіліксіздігі (КК 30-80 мл/мин), азотемия, өткізгіштігі жоғары жарғақшаларды пайдалана отырып гемодиализ, алғашқы гиперальдостеронизм, ас тұзын шектейтін диета, айналымдағы қан көлемінің (АҚК) төмендеуімен жүретін жағдай (соның ішінде, құсу, диарея), егде жастағылар, бауыр функциясының жеңіл ауырлық дәрежесіндегі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 5-6 балл) және орташа ауырлық дәрежесіндегі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 7-9 балл) жеткіліксіздігі, CYP3A4 изоферментінің тежегіштерімен немесе индукторларымен бір мезгілде қолдану, алискиренмен немесе құрамында алискирен бар препараттармен, немесе АРА II (РААЖ қосарлы блокадасы кезінде артериялық гипотензияның, гиперкалиемияның және бүйрек функциясы жеткіліксіздігі дамуының жоғары қаупі) бір мезгілде қолдану, гипотиреоз, тұқым қуалайтын бұлшықет ауруларының жеке немесе отбасылық анамнезі және HMG-CoA-редуктазаның басқа тежегіштерін немесе фибраттарды қолданған кездегі бұлшықет уыттылығының алдыңғы анамнезі, алкогольді шамадан көп пайдалану, розувастатиннің плазмалық концентрациясы жоғарылағаны байқалған жағдай, нәсілдік тиістілік (қара және монгол нәсілді пациенттер), фибраттарды бір мезгілде қабылдау, анамнезіндегі бауыр аурулары, сепсис, ауқымды хирургиялық араласулар, жарақат, ауыр метаболизмдік, эндокриндік немесе су-электролиттік бұзылыстар, бақыланбайтын құрысу ұстамалары.

Арнайы нұсқаулар

Стационарға жатқызу кезінде дәрігерге Эквамер препаратын қабылдағаныңыз туралы хабарлау қажет.

Эквамер препаратын қабылдау уақытын өткізіп алған кезде келесі капсуланы әдеттегі уақытта қабылдау керек. Препаратты қабылдауды өткізіп алғанның орнын толықтыру үшін қосарлы дозаны қабылдауға болмайды.

Эквамер препаратын қолданған кезде төменде егжей-тегжейлі сипатталған препараттың жекелеген компоненттерін қолдану бойынша ұсынымдарды ескеру қажет.

Амлодипинмен байланысты

Гипертониялық криз кезінде амлодипинді қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Жүрек функциясының жеткіліксіздігі

Жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерді амлодипинмен емдеу сақтықпен жүргізілуі керек. Амлодипин қабылдаған жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде (NYHA жіктеуі бойынша III-IV функционалды класс) өкпенің ісіну жағдайларының жоғарылағаны анықталды. Кальций өзекшелерінің «баяу» блокаторларын, амлодипинді қоса, жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеу үшін сақтықпен қолдану керек, өйткені олар жүрек-қантамырлары асқынуларының даму қаупін және пациенттердің осы тобында өлімді арттыруы мүмкін.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде амлодипиннің жартылай шығарылу кезеңі және AUC мәндері артады, мұндай пациенттер үшін ұсынылған дозалар белгіленбеген. Амлодипинмен емдеуді ең аз дозалардан бастау керек. Емдеудің басында және дозаны жоғарылату кезінде абай болу керек. Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны титрлеу баяу және дәрігердің мұқият бақылауымен жүргізілуі керек.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде дозаны сақтықпен жоғарылату керек.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Пациенттердің бұл тобында амлодипинді әдеттегі дозада қолдануға болады. Амлодипиннің қан плазмасындағы концентрациясының өзгеруі бүйрек функциясының жеткіліксіздік дәрежесімен өзара байланысты емес. Амлодипин гемодиализдің көмегімен шығарылмайды.

Лизиноприлмен байланысты

Симптоматикалық артериялық гипотензия

Симптоматикалық гипотензия асқынбаған артериялық гипертензиясы бар пациенттерде сирек туындайды. АҚ айқын төмендеуі көбінесе диуретикпен терапиядан, тағамдағы ас тұзын азайтудан, диализден, диареядан және құсудан АҚК төмендеген кезде немесе ренинге тәуелді ауыр гипертензиясы бар пациенттерде туындайды. ЖСЖ бар пациенттерде қатар жүретін бүйрек жеткіліксіздігі болған кезде де, ол болмаған кезде де симптоматикалық артериялық гипотензияның дамуы мүмкін. Ол жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде «ілмекті» диуретиктердің үлкен дозаларын қолдану, гипонатриемия немесе бүйрек функциясының бұзылуы нәтижесінде жиі анықталды. Мұндай пациенттерде терапияны дәрігердің қатаң бақылауымен бастау керек (лизиноприл мен диуретиктердің дозасын сақтықпен таңдау керек). Жүректің ишемиялық ауруы, цереброваскулярлық жеткіліксіздігі бар, АҚ-тың күрт төмендеуі миокард инфарктісіне немесе инсультке әкелуі мүмкін пациенттерге лизиноприлді тағайындаған кезде осындай ережелерді сақтау қажет.

Егер артериялық гипотензия пайда болса, пациентті көлденең жатқызу керек, қажет болған жағдайда 0,9% натрий хлориді ерітіндісін вена ішіне енгізу ұсынылады. Өтпелі артериялық гипотензия, әдетте, препаратпен әрі қарай емдеу үшін қарсы көрсетілім болып табылмайды; гиповолемияны түзету нәтижесінде артериялық қысымды қалпына келтіргеннен кейін одан әрі емдеу әдетте асқынусыз өтеді.

Жүрек жеткіліксіздігі бар және артериялық қысымы қалыпты немесе төмен кейбір пациенттерде лизиноприлді қолданған кезде жүйелі артериялық қысым қосымша төмендеуі мүмкін. Бұл әсердің болуы мүмкін және ол емдеуді тоқтатуға себеп емес. Егер гипотензия клиникалық көріністерге әкелсе, онда лизиноприл препаратының дозасын төмендету немесе қабылдауды тоқтату ұсынылуы мүмкін.

Жедел миокард инфарктісі кезіндегі артериялық гипотензия

Лизиноприл терапиясын вазодилататорларды қолданғаннан кейін одан әрі ауыр гемодинамикалық нашарлау қаупі бар жедел миокард инфарктісі бар пациенттерде (систолалық АҚ 100 мм сын.бағ. немесе одан да төмен, кардиогенді шокпен ауыратын пациенттер) бастауға болмайды. Миокард инфарктісінен кейінгі алғашқы 3 күн ішінде систолалық АҚ – 120 мм сын.бағ. немесе одан да төмен болса, лизиноприл препаратының дозасын азайту керек.. Егер систолалық АҚ 100 мм сын.бағ. немесе одан да төмен болса, лизиноприлдің демеуші дозалары 5 мг- ға дейін немесе уақытша 2,5 мг-ға дейін азайтылуы керек. Егер артериялық гипотензия сақталса (систолалық АҚ 1 сағаттан артық 90 мм с. б. аз болса), лизиноприлді қолдануды жалғастыруға болмайды.

Аорта және митральды қақпақшалардың стенозы/ гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия

Басқа АӨФ тежегіштері сияқты, лизиноприл митральды қақпақшаның стенозы және солжақ қарыншаның шығару жолының бітелуі (аорталық стеноз немесе гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия) бар пациенттерге сақтықпен тағайындалуы керек.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясы бұзылған кезде (КК <80 мл/мин) лизиноприлдің бастапқы дозасы КК-ға, содан кейін пациенттің терапияға клиникалық жауабына байланысты таңдалуы керек. Қан сарысуындағы калий мен креатинин концентрациясын дағдылы бақылау мұндай пациенттерді жүргізудің стандартты медициналық практикасының бөлігі болып табылады.

Жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде АӨФ тежегіштерін тағайындағаннан кейін артериялық гипотензия бүйрек функциясының одан әрі нашарлауына әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда, әдетте қайтымды бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігінің дамуы туралы хабарланды.

Бүйрек артериясының екі жақты стенозы немесе жалғыз бүйрек артериясының стенозы бар, АӨФ тежегіштерін қабылдаған кейбір пациенттерде қан мочевинасы мен қан сарысуындағы креатининнің жоғарылауы байқалды, әдетте терапия тоқтатылғаннан кейін қайтымды болды. Бұл әсер көбірек ықтималдықпен бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде байқалады. Қатар жүретін реноваскулярлық гипертензия болған кезде ауыр артериялық гипотензия және бүйрек жеткіліксіздігі қаупі артады. Мұндай пациенттерде емдеуді төмен дозаларды қолданып, дозаны мұқият титрлеу арқылы мұқият медициналық бақылаудан бастау керек. Диуретиктер бұл жағдайды нашарлатуы мүмкін болғандықтан, лизиноприл терапиясының алғашқы апталарында оларды тоқтату және бүйрек функциясын бақылау керек.

Артериялық гипертензиясы бар, бүйректің қатар жүретін кез-келген тамыр аурулары жоқ кейбір пациенттерде қан сарысуындағы мочевина мен креатинин концентрациясының жоғарылауы байқалды, әдетте шамалы және қысқа мерзімді, әсіресе лизиноприл мен диуретикті бір мезгілде қолданғанда. Бұл әсер көбірек ықтималдықпен бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде байқалады. Диуретиктің және/немесе лизиноприлдің дозасын азайту және/немесе тоқтату қажет болуы мүмкін.

Қан сарысуындағы креатинин концентрациясы 177 мкмоль/л-ден көп және/немесе протеинурия 500 мг/24 сағатта көп анықталатын бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде жедел миокард инфарктісі кезінде лизиноприлмен емдеуді бастауға болмайды. Емдеу кезінде бүйрек функциясының бұзылуы туындаған жағдайда (сарысудағы креатинин концентрациясы 265 мкмоль/л-ден жоғары немесе бастапқы деңгеймен салыстырғанда екі есе жоғары) дәрігер лизиноприлді тоқтату мүмкіндігін қарастыруы керек.

Аса жоғары сезімталдық/ангионевроздық ісіну

Сирек жағдайларда АӨФ тежегіштерін, лизиноприлді қоса, қолданғанда беттің, аяқ-қолдың, еріннің, тілдің, дауыс саңылауының және/немесе көмейдің ангиневроздық ісінуінің дамуы туралы хабарланды. Ісіну емдеудің кез келген уақытында дамуы мүмкін. Бұл жағдайда лизиноприлді дереу тоқтату керек, пациент тиісті ем қабылдауы және симптоматика толық шешілгенге дейін стационарда медициналық бақылауда болуы керек. Ісіну тыныс алу функциясы бұзылмастан, тек тіл аймағында пайда болған жағдайда да, пациентке ұзақ мерзімді бақылау қажет болуы мүмкін, өйткені антигистаминдік препараттармен және кортикостероидтармен емдеу жеткіліксіз болуы мүмкін.

Өте сирек жағдайларда көмейдің немесе тілдің ангионевроздық ісінуінің дамуына байланысты өлім туралы хабарланды. Тіл, дауыс саңылауы немесе көмей қамтылған пациенттерде тыныс алу жолдарының бітелу қаупі жоғары, әсіресе анамнезінде тыныс алу жолдарына хирургиялық араласу болған кезде. Мұндай жағдайларда жедел терапия көрсетіледі, ол адреналинді енгізуді және / немесе тыныс алу жолдарының өткізгіштігін сақтауды қамтуы мүмкін. Пациент симптомдар толық және тұрақты шешілгенге дейін қатаң медициналық бақылауда болуы керек.

Ангиотензинді өзгертетін фермент тежегіштері басқа нәсілдерге қарағанда қара нәсілге жататын пациенттерде ангионевроздық ісінуді жиі тудыруы мүмкін.

Бұрын АӨФ тежегіштерімен емдеуге қатысы жоқ ангионевроздық ісіну байқалған пациенттерде АӨФ тежегіштерін қабылдаған кезде ангионевроздық ісінудің даму қаупі жоғары болуы мүмкін.

Ангионевроздық ісінудің даму қаупінің артуына байланысты құрамында сакубитрил (неприлизин тежегіші) бар препараттармен АӨФ тежегіштерін бір мезгілде қабылдауға болмайды. Құрамында сакубитрил (неприлизин тежегіші) бар препараттың бірінші дозасын лизиноприлдің соңғы дозасынан кейін 36 сағаттан ерте қабылдамау керек. Емдеуді құрамында сакубитрил бар препараттың соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 36 сағаттан ерте бастамау керек.

АӨФ тежегіштерін рацекадотрилмен, mTOR тежегіштерімен (мысалы, сиролимус, эверолимус, темсиролимус), сондай-ақ вилдаглиптинмен бір мезгілде қабылдау ангионевроздық ісінудің даму қаупін арттыруы мүмкін (мысалы, тыныс алу жолдарының немесе тілдің ісінуі, тыныс алу жеткіліксіздігімен немесе онсыз). АӨФ тежегіштерін қабылдайтын пациенттерде рацекадотрилмен, mTOR тежегіштерімен, сондай-ақ вилдаглиптинмен емдеуді сақтықпен бастау керек.

Гемодиализде жүрген пациенттердегі анафилактоидты реакциялар

Өткізгіштігі жоғары жоғары ағынды диализ жарғақшаларын (мысалы, AN69) пайдалана отырып, гемодиализде жүрген және бір мезгілде АӨФ тежегішін қабылдайтын пациенттерде анафилактоидты реакциялар туралы хабарланады. Мұндай пациенттерде диализдік жарғақшаның басқа түрін немесе басқа кластағы гипотензивті препаратты қолдануға назар аудару керек.

Тығыздығы төмен липопротеиннің (ТТЛП) аферезі кезіндегі анафилактоидты реакциялар

Сирек жағдайларда декстран сульфатын қолданумен ТТЛП аферезі кезінде АӨФ тежегіштерін қабылдайтын пациенттерде өмірге қауіп төндіретін анафилактоидты реакциялардың дамуы мүмкін. Егер аферезді әр жүргізер алдында АӨФ тежегішін қабылдауды уақытша тоқтатса, мұндай реакцияларды болдырмауға болады.

Десенсибилизация

Десенсибилизация кезінде (мысалы, жәндіктердің уы), АӨФ тежегішін қабылдайтын пациенттерде тұрақты анафилактоидты реакциялар байқалады. Сол пациенттерде АӨФ тежегіштерімен терапияны уақытша тоқтата тұрған кезде мұндай реакцияларды тудырмауға мүмкіндік болды, бірақ олар осы препараттарды кездейсоқ қабылдаған кезде қайта пайда болды.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Өте сирек жағдайларда АӨФ тежегіштерімен терапия аясында синдром дамыды, ол холестаздық сарғаюдан басталып, фульминантты некрозға дейін дамыды және (кейде) өлімге әкелді. Бұл синдромның даму механизмі зерттелмеген. Егер сарғаю белгілері пайда болса немесе «бауыр» ферменттерінің белсенділігі едәуір артса, лизиноприлмен емдеуді тоқтату қажет, пациенттер тиісті медициналық бақылауда болуы керек.

Нейтропения/агранулоцитоз

АӨФ тежегіштерін қабылдайтын пациенттерде нейтропения/агранулоцитоз, тромбоцитопения және анемияның дамығаны туралы хабарланды. Бүйрек функциясы қалыпты, басқа ауырлататын факторлары жоқ пациенттерде нейтропения сирек дамиды. Нейтропения мен агранулоцитоз АӨФ тежегіштерімен емдеуді тоқтатқаннан кейін жойылды. Лизиноприлді дәнекер тінінің жүйелі аурулары бар пациенттерде, сондай-ақ иммуносупрессивті терапияны, аллопуринолды немесе прокаинамидті қабылдайтын немесе осы асқыну факторларының үйлесімі бар пациенттерде, әсіресе бүйрек функциясының бұзылуы болса, аса сақтықпен қолдану керек. Кейбір мұндай пациенттерде ауыр инфекциялар дамыды, олар кейбір жағдайларда антибиотикпен қарқынды терапияға жауап бермеді. Егер мұндай пациенттерде лизиноприл қолданылса, онда лейкоциттер санын мезгіл-мезгіл бақылау ұсынылады; сонымен қатар, пациенттерге инфекцияның кез келген белгілері туралы хабарлау қажеттілігі түсіндірілуі керек.

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы

АӨФ тежегіштері, ангиотензин II рецепторларының блокаторлары немесе алискиренді қатар қолданудың артериялық гипотензия, гиперкалиемия және бүйрек функциясының төмендеу (бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігін қоса) қаупін арттырғаны туралы деректер алынды. АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II рецепторларының блокаторларын немесе алискиренді біріктіріп қолдану арқылы жүретін РААЖ қосарлы блокадасы осы себепті ұсынылмайды.

Егер қосарлы блокада өте қажет болса, онда мұндай емдеу бүйрек функциясын, электролит мөлшерін және артериялық қысымды жиі мұқият бақылау арқылы дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек. Диабеттік нефропатиясы бар пациенттерде АӨФ тежегіштерімен және ангиотензин II рецепторларының блокаторларымен біріктірілген терапияны қолдануға болмайды.

Нәсілі

Ангиотензин өзгертетін ферменттің тежегіштері басқа нәсілді пациенттерге қарағанда қара нәсілді пациенттерде ангионевроздық ісінуді жиі тудырады.

АӨФ басқа тежегіштері сияқты, лизиноприл басқа нәсілді пациенттерге қарағанда қара нәсілді пациенттерде артериялық қысымды төмендетуде тиімділігі төмен болуы мүмкін, бұл артериялық гипертензияға шалдыққан қара нәсілді пациенттерде ренин деңгейі төмен жағдайлардың жоғары жиілігіне байланысты болуы мүмкін.

Жөтел

АӨФ тежегіштерімен емдеу кезінде жөтелдің пайда болуы туралы хабарланды. Жөтел әдетте құрғақ, тұрақты және препаратты тоқтатқаннан кейін тоқтаған. Жөтелді дифференциациялық диагностикалау кезінде жөтелдің АӨФ тежегіштерінен туындау мүмкіндігін ескеру қажет.

Хирургиялық араласу / анестезия

Кеңейтілген хирургиялық араласу жүргізілетін немесе артериялық гипотензияға әкелетін препараттармен жалпы анестезия кезінде пациенттерде лизиноприл рениннің компенсаторлық шығарылуынан кейін ангиотензин II түзілуін бөгеуі мүмкін. Егер артериялық гипотензия дамыса, жоғарыда аталған механизмнің нәтижесінде айналымдағы қан көлемінің ұлғаюымен түзетулер енгізуге болады.

Гиперкалиемия

АӨФ тежегіштері қан сарысуындағы калий мөлшерінің жоғарылауына әкелуі мүмкін, өйткені олар альдостеронның босап шығуын бөгейді. Әдетте, бұл әсер бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде клиникалық тұрғыдан білінбейді. Дегенмен, бүйрек функциясы бұзылған, 2 типті қантты диабеті бар пациенттерде немесе құрамында калий бар тағамдық қоспаларды (соның ішінде құрамында калий бар тұз алмастырғыштарды), калий жинақтайтын диуретиктерді (мысалы, спиронолактон, триамтерен немесе амилорид) қабылдайтын пациенттерде және қан сарысуындағы калий мөлшерінің жоғарылауына әкелуі мүмкін басқа препараттарды қабылдайтын пациенттерде (мысалы, гепарин, триметоприм немесе триметоприм/сульфаметоксазол біріктірілген препараты, сонымен қатар ко-тримоксазол деген атаумен белгілі және әсіресе, альдостерон антагонистері немесе ангиотензин рецепторларының блокаторлары) гиперкалиемия байқалуы мүмкін. Калий жинақтайтын диуретиктер мен ангиотензин рецепторларының блокаторларын АӨФ тежегіштерін қабылдайтын пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Жоғарыда аталған препараттарды бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда қан сарысуындағы калий мөлшері мен бүйрек функциясына тұрақты бақылау жүргізу қажет.

Қантты диабеті бар пациенттер

Гипогликемиялық препараттарды ішетін немесе инсулин қабылдайтын қантты диабетке шалдыққан пациенттерде АӨФ тежегіштерімен емдеудің бірінші айында гликемияны мұқият бақылауды жүзеге асыру керек.

Литий препараттары

Әдетте, литий препараттары мен лизиноприлді бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Жүктілік

Жүктілік кезінде АӨФ тежегіштерімен емдеуді бастамау керек. Егер АӨФ тежегіштерімен емдеуді жалғастыру қажет деп саналмаса, жүктілікті жоспарлаған әйел пациенттерді жүктілік кезінде қолданудың белгілі қауіпсіздік бейіні бар балама гипертензивті дәрілерге ауыстыру керек. Егер жүктілік расталса, АӨФ тежегіштерімен емдеуді дереу тоқтатып, қажет болған жағдайда балама емдеуді тағайындау керек.

Розувастатинмен байланысты

Тері тарапынан ауыр жағымсыз реакциялар

Розувастатинді қолдану кезінде тері тарапынан ауыр жағымсыз реакциялар, соның ішінде Стивенс-Джонсон синдромын және эозинофилиямен және жүйелі көріністермен (DRESS -синдромы) дәрілік реакциялар туралы хабарланды, олар пациенттің өміріне қауіпті немесе өлімге әкелуі мүмкін. Препаратты тағайындау кезінде пациенттер терінің ауыр жағымсыз реакцияларының белгілері мен симптомдары туралы хабардар болуы және мұқият бақылауда болуы қажет. Егер осындай реакцияны көрсететін белгілер мен симптомдар пайда болса, препаратты қабылдауды дереу тоқтату және балама емдеу мүмкіндігін қарастырған жөн.

Егер пациент розувастатинді қолданған кезде Стивенс-Джонсон синдромы немесе DRESS-синдром сияқты терінің ауыр жағымсыз реакциясы дамыса, розувастатинмен емдеуді одан әрі жалғастыруға болмайды.

Бүйректерге әсері

Розувастатинді жоғары дозада, әсіресе 40 мг дозада қабылдаған пациенттерде негізінен түтікшелі негізді протеинурия байқалды, әдетте өтпелі немесе қысқа мерзімді болды, иммунохроматографиялық тест- жолақтары арқылы анықталды. Протеинурия бүйректің жедел немесе үдемелі ауруларының болжамды факторы болған жоқ. Препаратты маркетингтен кейін қолдану тәжірибесі кезінде бүйрек тарапынан елеулі жағымсыз реакциялардың дамуы туралы хабарламалардың жиілігі 40 мг дозаны қолданғанда жоғары болды. Препаратты 30-40 мг дозада қабылдаған пациенттерді стандартты тексеру кезінде бүйрек функциясын бағалау мүмкіндігін қарастырған жөн.

Тірек-қимыл аппаратына әсері

Розувастатинді кез келген дозада, әсіресе >20 мг дозада қабылдаған пациенттерде миалгия, миопатия және сирек жағдайларда рабдомиолиз сияқты қаңқа бұлшықеттеріне әсері байқалды. Өте сирек жағдайларда эзетимибті HMG-CoA-редуктаза тежегіштерімен біріктіріп қолданғанда рабдомиолиз орын алды. Фармакодинамикалық өзара әрекеттесуді жоққа шығаруға болмайды және осы препараттарды біріктіріп қолданғанда сақ болу керек.

Басқа HMG-CoA-редуктаза тежегіштерін қолданғандағы сияқты, розувастатинмен емдеуге байланысты рабдомиолиз жағдайларының жиілігі тіркеуден кейінгі кезеңде 40 мг дозаны қабылдағанда жоғары болды.

Жүйке-бұлшықеттік өтуге әсері

Статиндерді қабылдаған кезде миастения гравис (gravis) немесе миастенияның көздік формасының пайда болуы немесе ағымының нашарлауы туралы бірнеше жағдайлар хабарланды (4.8-бөлімді қараңыз). Симптомдар күшейген жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату керек. Бір немесе басқа статинді қабылдаған кезде (қайта қабылдағанда) рецидивтер туралы хабарланды.

Креатинфосфокиназа белсенділігін анықтау

КФК белсенділігін қарқынды физикалық жүктемелерден кейін немесе КФК белсенділігінің жоғарылауының басқа ықтимал себебі болған кезде өлшеу ұсынылмайды, себебі бұл нәтижелерді түсіндірудің бұрмалануына әкелуі мүмкін. Егер КФК белсенділігі бастапқы көрсеткіштен едәуір асып кетсе (қалыпты мәндер диапазонының жоғарғы шекарасына қатысты >5), зерттеуді 5-7 күн ішінде қайталау қажет. Егер қайта зерттеу кезінде КФК белсенділігі қалыпты мәндер диапазонының жоғарғы шегінен 5 еседен астам асып кетсе, емдеуді бастау ұсынылмайды.

Емдеу басталғанға дейін

Басқа HMG-CoA-редуктаза тежегіштерін қолданғандағы сияқты, миопатия/рабдомиолизге бейімділігі бар пациенттерге розувастатинді тағайындаған кезде сақ болу керек. Бұл факторларға мыналар жатады:

– бүйрек жеткіліксіздігі;

– гипотиреоз;

– жеке немесе отбасылық анамнезінде бұлшықеттің тұқым қуалайтын аурулары;

– анамнезінде басқа HMG-CoA-редуктаза тежегішін немесе фибраттарды қолданған кезде бұлшықет уыттылығы;

– алкогольді шамадан көп пайдалану;

– 70 жастан үлкен жас;

– препараттың қан плазмасындағы концентрациясы жоғарылауы мүмкін жағдайлар;

– фибраттарды бір мезгілде қолдану.

Бұл пациенттерді емдеу кезінде ықтимал пайдаға қатысты емдеуге байланысты қауіпті таразылау қажет, сонымен қатар клиникалық бақылау ұсынылады. Егер КФК бастапқы белсенділігі айтарлықтай жоғарыласа (қалыпты мәндер диапазонының жоғарғы шекарасына қатысты >5 есе) емдеуді бастау ұсынылмайды.

Емдеу кезінде

Пациенттерден неден болғаны түсініксіз бұлшықет ауыруы, әлсіздік немесе құрысулар туралы дереу хабарлауды сұрау керек, әсіресе бұл симптомдар жайсыздық сезімімен немесе дене температурасының жоғарылауымен бірге жүрсе. Бұл пациенттерді емдеу кезінде КФК белсенділігін бақылау қажет. КФК белсенділігі айтарлықтай жоғарылаған (қалыпты мәндер диапазонының жоғарғы шекарасына қатысты>5 есе) жағдайда немесе бұлшықет симптомдары қатты байқалса және күні бойы жайсыздық тудырса (тіпті КФК белсенділігі қалыпты мәндер диапазонының жоғарғы шекарасына қатысты ≤5 есе болса да), емдеуді тоқтату керек. Егер симптомдар жойылып, КФК белсенділігі қалыпты жағдайға оралса, мұқият мониторинг жүргізу аясында розувастатинді немесе баламалы HMG-CoA редуктаза тежегішін ең аз дозада қайта тағайындауды қарастырған жөн. Симптомдары жоқ пациенттерде КФК белсенділігіне стандартты мониторинг жүргізу талап етілмейді.

Статиндермен, соның ішінде розувастатинмен емдеу кезінде немесе одан кейін иммунитетке негізделген некроздаушы миопатия (IMNM) жағдайлары туралы өте сирек хабарланған. Клиникалық тұрғыдан IMNM проксимальды бұлшықеттердің әлсіздігімен және қан сарысуындағы креатинкиназаның жоғарылауымен сипатталады, ол статинмен емдеуді тоқтатқанына қарамастан сақталады. Розувастатин және қатар ем қабылдаған пациенттердің шағын тобында қаңқа бұлшықеттеріне әсерінің жоғарылауы туралы дәлелдер алынған жоқ. Алайда, гемфиброзил, циклоспорин, никотин қышқылы, азоль фунгицидтері, протеаза тежегіштері және макролидтерді қоса алғанда, фиброй қышқылының туындыларымен бір мезгілде басқа HMG-CoA редуктаза тежегіштерімен ем қабылдаған пациенттерде миозиттер пен миопатиялар жиілігінің жоғарылауы байқалды. Гемфиброзилді кейбір HMG-CoA-редуктаза тежегіштерімен емдеу кезінде қолдану миопатияның даму қаупін арттырады. Осылайша, розувастатинді гемфиброзилмен бірге қолдану ұсынылмайды. Розувастатинмен және фибраттармен немесе никотин қышқылымен біріктірілген ем арқылы липидтер концентрациясын одан әрі өзгертудің артықшылықтарын және мұндай біріктірілімдерді қолданудың ықтимал қауіптерін мұқият таразылау қажет. Фибраттармен біріктірілімде емдегенде 30-40 мг дозаны қолдануға болмайды.

Розувастатинді фузидий қышқылының жүйелі препараттарымен бірге немесе фузидий қышқылымен емдеуді тоқтатқаннан кейін 7 күн ішінде қолдануға болмайды. Фузидий қышқылымен жүйелі терапия қажет деп саналатын пациенттерде статинмен емдеуді фузидий қышқылымен емдеудің бүкіл мерзімінде тоқтату керек. Фузидий қышқылы мен статиндердің біріктірілімін қабылдаған пациенттерде рабдомиолиз жағдайлары (өлімге әкелген бірнеше нәтижелерді қоса) туралы хабарланды. Пациенттерге бұлшықет әлсіздігінің, ауырсынудың немесе ауырсыну сезімталдығының қандай да бір симптомдары байқалса, дереу дәрігерге қаралуға кеңес беру керек.

Статиндермен емдеуді фузидий қышқылының соңғы дозасын қабылдағаннан кейін жеті күннен соң қайта бастауға болады.

Фузидий қышқылын ұзақ уақыт жүйелі қабылдау қажет болған ерекше жағдайларда, мысалы, ауыр инфекцияларды емдеу үшін, розувастатин мен фузидий қышқылын бір мезгілде қолдану қажеттілігі тек әрбір нақты жағдайда және қатаң медициналық бақылауда қарастырылуы керек.

Розувастатинді миопатияның болуын болжайтын немесе рабдомиолизге қатысты бүйрек функциясының салдарлық жеткіліксіздігінің дамуына бейім жедел, ауыр аурулары бар пациенттерді емдеу үшін қолдануға болмайды (мысалы, сепсис, артериялық гипотензия, көлемді хирургиялық араласу, жарақат, ауыр метаболизмдік, эндокриндік бұзылу немесе электролиттік тепе-теңдіктің бұзылуы; немесе бақыланбайтын құрысу ұстамалары).

Бауырға әсері

Басқа HMG-CoA-редуктаза тежегіштерін қолданған жағдайдағы сияқты, алкогольді көп пайдаланатын пациенттерге және/немесе анамнезінде бауыр ауруы бар пациенттерге розувастатинді тағайындаған кезде сақ болу керек.

Емдеу басталғанға дейін және емдеу басталғаннан кейін 3 айдан соң бауыр функциясын тексеру ұсынылады. Егер бауыр трансаминазаларының белсенділігі қалыпты мәндер диапазонының жоғарғы шегінен 3 еседен артық болса, онда розувастатинмен емдеуді тоқтату немесе дозаны азайту қажет. Препаратты қолданудың постмаркетингтік тәжірибесінде 40 мг доза қабылдаған пациенттерде бауыр тарапынан ауыр асқынулардың жиілігі (негізінен бауыр трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауын қамтиды) жоғары болды.

Гипотиреоз немесе нефроздық синдромнан туындаған қайталама гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде розувастатинді қолданғанға дейін негізгі ауруын емдеу қажет.

Нәсілдік тиістілік

Фармакокинетикалық деректер еуропалық нәсілді пациенттермен салыстырғанда моңғол нәсілді пациенттерінде экспозицияның жоғарылағанын көрсетеді.

Протеаза тежегіштері

Розувастатиннің жүйелі экспозициясының жоғарылауы ритонавирмен біріктірілімде протеазаның әртүрлі тежегіштерімен бір мезгілде розувастатин қабылдаған пациенттерде байқалды. Протеаза тежегіштерін қабылдайтын АИТВ-мен ауыратын пациенттерде розувастатинді қолданғанда липидтердің деңгейін төмендетудің артықшылықтарын да, емдеуді бастаған кезде плазмадағы розувастатин концентрациясын жоғарылату және протеаза тежегіштерін қабылдаған пациенттерде розувастатин дозасын жоғарылату мүмкіндігін де ескеру қажет. Егер розувастатиннің дозасы түзетілмеген болса, протеазаның кейбір тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Өкпенің интерстициалық ауруы

Өте сирек жағдайларда кейбір статиндермен емдеу кезінде, әсіресе ұзақ мерзімді терапияда өкпенің интерстициалық ауруының дамуы туралы хабарламалар болды. Мұнымен байланысты симптомдарға диспноэ, қақырықсыз жөтел және жалпы денсаулықтың бұзылуы (әлсіздік, салмақ жоғалту және дене температурасының жоғарылауы) кіруі мүмкін. Егер өкпенің интерстициалық ауруының дамуына күдік болса, статинмен емдеуді тоқтату керек.

Қантты диабет

Статиндердің класс ретінде қандағы глюкоза концентрациясының жоғарылауын тудыру және болашақта қантты диабеттің даму қаупі жоғары кейбір пациенттерде диабетті стандартты емдеу көрсетілген гипергликемия деңгейін тудыруы мүмкін екендігі туралы дәлелдер бар. Алайда, бұл қауіп статиндермен қамтамасыз етілген қантамырлық асқынулардың даму қаупінің төмендеуінен асып түседі, сондықтан статиндермен емдеуді тоқтатуға ешқандай себеп жоқ. Қауіп тобындағы пациенттерде (ашқарынға глюкозаның концентрациясы 5,6-дан 6,9 ммоль/л-ге дейін, ДСИ >30 кг/м2, триглицеридтердің жоғары концентрациясы, артериялық гипертензия) ұлттық ұсынымдарға сәйкес клиникалық және биохимиялық көрсеткіштерге мониторинг жүргізу қажет.

Эквамер препаратымен байланысты

Қосымша заттар

Лактоза

Эквамер препаратының дозасы 10 мг/5 мг/10 мг және дозасы 20 мг/10 мг/10 мг әр капсуласында 48,10 мг лактоза моногидраты бар. Эквамер препаратының дозасы 10 мг/5 мг/20 мг және дозасы 20 мг/10 мг/20 мг әр капсуласында 96,20 мг лактоза моногидраты бар.

Лактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек кездесетін тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге Эквамер препаратын қабылдауға болмайды.

Азорубин бояғышы

Эквамер препаратының құрамында тағамдық бояғыш азорубин бар.

Азорубин аллергиялық реакциялардың дамуын тудыруы мүмкін.

Күнбатар түстес сары бояғыш

Эквамер препаратының 10 мг / 5 мг/10 мг және 20 мг/10 мг / 20 мг дозасының құрамында тағамдық күнбатар түстес сары бояғыш бар.

Тағамдық күн батар түстес сары бояғыш аллергиялық реакциялардың дамуына әкелуі мүмкін.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Әдетте, белгіленген дозалары бар біріктірілген препарат бастапқы терапияға жарамайды.

Эквамер препараты амлодипин, лизиноприл және розувастатинді осы препаратпен бірдей дозада қабылдап жүрген ересек пациенттерде орын басатын терапия ретінде қолданылады және титрленген оңтайлы демеуші дозалары төмендегідей:

Эквамер препаратының ұсынылатын дозасы - тәулігіне 1 капсула. Ең жоғары тәуліктік доза - 1 капсула. Эквамер препаратын қабылдауды өткізіп алған кезде келесі капсуланы әдеттегі уақытта қабылдау керек. Препаратты қабылдауды өткізіп алғанның орнын толықтыру үшін қос дозаны қабылдауға болмайды.

Егер препараттың дозасын түзету қажет болса, дозаларды титрлеуді амлодипин, лизиноприл және розувастатинді бөлек қолдану арқылы жүргізу керек.

Артық дозалану

Адамда Эквамер препаратын қолданғанда артық дозалану туралы деректер жоқ.

Амлодипин

Адамның әдейі артық дозалануы туралы деректер шектеулі. Амлодипиннің артық дозалануы нәтижесінде өкпенің кардиогендік емес ісінуінің дамуы туралы сирек хабарланған, ол кешіктіріліп басталумен (қабылдағаннан кейін 24-48 сағаттан соң) көрінуі мүмкін және өкпені жасанды желдетуді қажет етеді. Өкпенің кардиогендік емес ісінуінің дамуына ықпал ететін факторлар перфузия мен жүрек лықсуын қолдау үшін ерте реанимациялық шаралар (сұйықтықтың шамадан тыс жүктелуін қоса) болуы мүмкін.

Симптомдары

Мәліметтерге сәйкес, артық дозалану ықтимал рефлекторлы тахикардиямен артық шеткері вазодилатацияға әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, айқын және мүмкін ұзақ мерзімді гипотензия, соның ішінде шок дамуы мен өлімге әкелгені туралы хабарланды.

Емі

Клиникалық маңызды артериялық гипотензия кезінде жүрек-қантамыр жүйесінің функциясын қолдау, соның ішінде жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйелерінің көрсеткіштерін жиі бақылау, аяқты жоғары көтеріп жатуды қамтамасыз ету және айналымдағы қан мен диурез көлемін бақылау үшін белсенді шаралар жүргізу қажет.

Қантамырларының тонусын және артериялық қысымды қалпына келтіру үшін, оларды қолдануға қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда ғана вазопрессорларды енгізу қажет болуы мүмкін. Кальций глюконатын вена ішіне енгізу кальций өзекшелерінің блокадасынан туындаған әсерлердің кері дамуына оң әсер етуі мүмкін.

Кейбір жағдайларда асқазанды шаю тиімді болуы мүмкін. 10 мг амлодипинді қабылдағаннан кейін 2 сағатқа дейінгі аралықта белсендірілген көмірді қабылдау амлодипиннің сіңу жылдамдығын төмендететіні көрсетілді.

Амлодипин елеулі дәрежеде қан плазмасы ақуыздарымен байланысатындықтан, гемодиализ тиімсіз.

Лизиноприл

Адамның артық дозалануы туралы деректер шектеулі. АӨФ тежегіштерімен артық дозаланумен байланысты симптомдарға артериялық гипотензия, қанайналымдық шок, электролиттік теңгерімнің бұзылуы, бүйрек жеткіліксіздігі, гипервентиляция, тахикардия, жүрек соғуы сезімі, брадикардия, бас айналу, үрей және жөтел кіруі мүмкін.

Артық дозаланғанда физиологиялық ерітіндіні вена ішіне енгізу ұсынылады. Артериялық гипотензия дамыған жағдайда пациентті аяғын жоғары көтеріп, шалқасынан жатқызу керек. Тиісті мүмкіндік болған жағдайда ангиотензин II инфузиялық енгізудің және/немесе катехоламиндерді вена ішіне енгізудің орындылығын да қарастыруға болады.

Егер препаратты жақында қабылдаған болса, лизиноприлді шығару үшін шаралар қабылдау қажет (мысалы, құсу, асқазанды шаю, сорбенттер мен натрий сульфатын енгізу). Лизиноприлді жүйелі қанағымынан гемодиализ арқылы жоюға болады. Дәрі-дәрмектік терапияға төзімді брадикардия дамыған жағдайда жасанды ырғақ жетекшісін қою көрсетілген. Тіршілік әрекетінің негізгі көрсеткіштерін, қан сарысуындағы электролиттердің мөлшерін және креатинин концентрациясын тұрақты бақылау қажет.

Розувастатин

Розувастатинмен артық дозаланған кезде спецификалы ем жоқ. Артық дозаланғанда симптоматикалық ем және өмірлік маңызды ағзалар мен жүйелердің функцияларын қолдауға бағытталған шараларды жүргізу ұсынылады. Бауыр функциясын және КФК белсенділігін бақылау қажет. Гемодиализдің тиімді болуы екіталай.

Жанама әсерлері

Екі әсер ететін затты бір мезгілде қабылдаған пациенттерде жағымсыз реакциялардың жиілігі әсер ететін заттардың бірін қабылдаған пациенттердегі тиісті жиіліктен аспады. Жағымсыз реакциялар амлодипин және/немесе лизиноприл қабылдаған кезде бұрын тіркелгендерден ерекшеленбеді. Жағымсыз реакциялар әдетте жеңіл, қысқа мерзімді болды және емдеуді тоқтатуға сирек әкелді. Біріктірілген препаратты қабылдаған кездегі ең жиі жағымсыз реакциялар бас ауыруы (8%), жөтел (5%), және бас айналу (3%) болды.

Розувастатинмен емдеу кезінде тіркелген жағымсыз реакциялар әдетте айқындылығы аз және уақытша сипатқа ие болды.

Амлодипин

Өте жиі (≥1/10)

ісінулер.

Жиі (≥1/100-ден < 1/10 дейін)

ұйқышылдық, бас айналу, бас ауыру (әсіресе емдеудің басында);

көру қабілетінің бұзылуы (соның ішінде диплопия);

жүректің соғуы сезімі;

бет терісіне «қан тебу»;

ентігу;

іштің ауыруы, жүрек айнуы, диспепсия, дефекация ырғағының өзгеруі (диарея және іш қату);

тобықтың ісінуі, бұлшықеттің құрысуы;

шаршаудың жоғарылауы, астения.

Жиі емес (≥1/1 000-нан <1/100-ге дейін)

ұйқысыздық, көңіл-күйдің өзгергіштігі (мазасыздықты қоса), депрессия;

естен тану, тремор, дисгеузия, гипестезия, парестезия;

құлақ шулау;

аритмия (соның ішінде брадикардия, қарыншалық тахикардия, қарыншалар фибрилляциясы;

артериялық гипотензия;

жөтел, ринит

құсу, ауыз қуысының шырышты қабығының құрғауы;

алопеция, тері бөртпесі, экзантема, пурпура, терінің түсінің өзгеруі, гипергидроз, терінің қышуы, есекжем;

артралгия, миалгия, арқаның ауыруы;

кіші дәретке шығудың бұзылуы, никтурия, кіші дәретке жиі шығу;

импотенция, гинекомастия;

кеуденің ауыруы, ауырсыну, әлсіздік;

дене салмағының жоғарылауы, дене салмағының төмендеуі.

Сирек (≥1/10 000-нан 1/1 000-ға дейін)

сананың шатасуы.

Өте сирек (<1/10 000)

тромбоцитопения, лейкопения;

аллергиялық реакциялар;

гипергликемия;

гипертонус, шеткері нейропатия;

миокард инфарктісі;

васкулит;

панкреатит, гастрит, гиперплазия десен;

гепатит, сарғаю, «бауыр» ферменттерінің белсенділігінің жоғарылауы**;

мультиформалы эритема, ангионевроздық ісіну, эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, Квинке ісінуі, фотосенсибилизация.

Жиілігі белгісіз

экстрапирамидалық бұзылулар;

уытты эпидермалық некролиз.

*Көбінесе холестазға сәйкес келеді.

Шығарылу түрі

5 капсуладан ПА/Ал/ПВХ үлбірінен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады. 6 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, құрғақ жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға болады10 мг/5 мг/10 мг капсула Эквамері №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube