daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Enap Таблеткалары 5 Мг №20 | KRKA d.d., Novo mesto

Таразе қаласындағы Enap Таблеткалары 5 Мг №20 | KRKA d.d., Novo mesto
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, жалпақ беткейлі, шеттері қиғашталған және бір жағында сызығы бар ақ түсті таблеткалар (5 мг доза үшін). Таблеткалар массасында және бетінде ақ түсті теңбілдері бар дөңгелек пішінді, жалпақ беткейлі, шеттері қиғашталған және бір жағында сызығы бар қызыл-қоңыр түсті таблеткалар (10 мг доза үшін). Таблеткалар массасында және бетінде ақ түсті теңбілдері бар дөңгелек пішінді, жалпақ беткейлі, шеттері қиғашталған және бір жағында сызығы бар ашық-қызғылт түсті таблеткалар (20 мг доза үшін).

Халықаралық атауы:

Эналаприл

Өндіруші:

KRKA d.d., Novo mesto

Өндіруші ел:

Республика Словения

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: 5 мг доза үшін: натрий гидрокарбонаты, лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, гидроксипропилцеллюлоза, тальк, магний стеараты, 10 мг доза үшін: натрий гидрокарбонаты, лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, тальк, магний стеараты, темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), 20 мг доза үшін: натрий гидрокарбонаты, лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, тальк, магний стеараты, темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), темірдің (III) сары тотығы (Е172)

Белсенді заттың дозасы:

5 мг

Қаптамадағы саны:

20 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

анамнездегі басқа АӨФ тежегіштерін қабылдаудан кейінгі кенеттен ерін мен беттің, мойынның, сондай-ақ аяқ пен қолдың ісінуін немесе тұншығуды немесе сырылды туғызатын аса жоғары сезімталдық реакциясының болуы (ангионевроздық ісіну)

тұқым қуалайтын ангионевроздық ісіну немесе қандай да бір басқа, себебі белгісіз ангионевроздық ісіну

жүктілік, лактация кезеңі

қант диабеті немесе бүйрек функциясының бұзылуы және сіз артериялық қысымды төмендету үшін құрамында алискирен бар препарат қабылдап жүрсеңіз

балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

ангионевроздық ісінудің жоғары даму қаупіне байланысты бейтарап эндопептидаза тежегіштерімен (мысалы, құрамында сакубитрил бар препараттармен) бір мезгілде қолдану (көмей аумағындағы терінің және жұмсақ тіндердің жылдам дамитын ісінуі)

Қолдану көрсеткіштері

жоғары артериялық қысымды емдеу

созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеу

сол жақ қарыншаның симптомсыз дисфункциясы (біріктірілген ем құрамында)

Қарсы көрсеткіштер

Келесі жай-күйлерде Энап® қабылдамаңыз:

эналаприлге немесе осы препараттың басқа компоненттерінің қандай да біріне аллергия болса («Дәрілік препарат құрамы» бөлімінде атап көрсетілген)

анамнездегі басқа АӨФ тежегіштерін қабылдаудан кейінгі кенеттен ерін мен беттің, мойынның, сондай-ақ аяқ пен қолдың ісінуін немесе тұншығуды немесе сырылды туғызатын аса жоғары сезімталдық реакциясының болуы (ангионевроздық ісіну)

тұқым қуалайтын ангионевроздық ісіну немесе қандай да бір басқа, себебі белгісіз ангионевроздық ісіну

жүктілік, лактация кезеңі

қант диабеті немесе бүйрек функциясының бұзылуы және сіз артериялық қысымды төмендету үшін құрамында алискирен бар препарат қабылдап жүрсеңіз

балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

ангионевроздық ісінудің жоғары даму қаупіне байланысты бейтарап эндопептидаза тежегіштерімен (мысалы, құрамында сакубитрил бар препараттармен) бір мезгілде қолдану (көмей аумағындағы терінің және жұмсақ тіндердің жылдам дамитын ісінуі)

Сақтық шаралары

Энап® қабылдамас бұрын өз дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен сөйлесіңіз.

Келесі жай-күйлерде Энап® бойынша ерекше мұқият болыңыз:

бүйрек ауруларында ем қабылдап немесе гемодиализ алып, тұзсыз диета ұстанып жүрсеңіз немесе таяуда тоқтаусыз құсу немесе диарея болған болса

жүрек ақаулары туғызған ауруларды немесе жүректің кез келген басқа ауруын емдеуге арналған препараттарды қабылдап жүрсеңіз

бауыр аурулары болса

лейкоциттер, тромбоциттер немесе эритроциттер мөлшерінің төмендеуі сияқты қан кінәраттары

төмен артериялық қысым (егер сіз жиі естен танып қалсаңыз немесе сіздің, әсіресе, орныңыздан тұрған кезде басыңыз айналса)

таяуда жасалған бүйрек трансплантациясы және қабылданбай ажырауды болдырмау үшін препараттар қабылдау

қандай да бір басқа иммундық аурулардың немесе аллергияның болуы

қашан болса да бет, ерін, тілдің және/немесе тамақтың ісінуімен аллергиялық реакция болса, әрі бұл жұтынудың немесе дем алудың қиындауын тудырса

қант диабетін емдеуге арналған препараттарды қабылдап жүрсеңіз

сарғаю симптомдары болса

ұзақ уақыт тұрақты құрғақ жөтел болса

литий препараттарын қабылдап жүрсеңіз

келесі дәрілердің кез келгенін қабылдағанда ангионевроздық ісінудің даму қаупі артады:

диареяны емдеу үшін пайдаланылатын рацекадотрил

mTor тежегіштерінің класына жататын, ағза трансплантатының қабылданбай ажырауын болдырмау және обырды емдеу үшін пайдаланылатын дәрілік заттар (мысалы, темсиролимус, сиролимус, эверолимус)

қант диабетін емдеуге пайдаланылатын препарат - вилдаглиптин

жоғары артериялық қысымды емдеу үшін пайдаланылатын келесі дәрілік заттардың кез келгенін қабылдап жүрсеңіз:

ангиотензин II рецепторларының блокаторы (АРБ) (сартандар ретінде де белгілі - мысалы, валсартан, телмисартан, ирбесартан), әсіресе, егер сізде диабетпен байланысты бүйрек кінәраттары болса

алискирен

Өзара әрекеттесуі

Егер сіз қандай да бір басқа дәрілерді қабылдап жүрсеңіз, таяуда қабылдасаңыз немесе қабылдауыңыз мүмкін болса, өз дәрігеріңізге немесе фармацевтке мәлімдеңіз. Бұл, негізінен, мыналарға қатысты:

гипертензияны, жүрек жеткіліксіздігін емдеуге арналған препараттар,

несеп айдайтын препараттар (диуретиктер),

калий қоспалары (тұз алмастырғыштарын қоса), калий жинақтаушы диуретиктер және қандағы калий мөлшерін арттыруы мүмкін басқа дәрілер (мысалы, бактериялар туғызған инфекциялар үшін триметоприм және ко-тримоксазол; ағза трансплантатының қабылданбай ажырауын болдырмау үшін пайдаланылатын иммунодепрессант - циклоспорин және тромбтар түзілуін болдырмау үшін қанды сұйылтуға пайдаланылатын дәрі – гепарин),

буын ауруларын емдеуге арналған препараттар,

аспирин (ацетилсалицил қышқылы),

психикалық бұзылыстарды емдеуге арналған препараттар (литий препараттарын қоса),

қант диабетін емдеуге арналған препараттар,

артритті емдеуге пайдаланылатын алтын препараттары (натрий ауротиомалаты),

трансплантаттың ажырауының алдын алу үшін жиі қолданылатын препараттар (сиролимус, эверолимус және mTOR тежегіштерінің класына жататын басқа да препараттар),

жөтелге және суық тиюге қарсы кейбір дәрілер құрамында болатын заттар (симпатомиметиктер),

тромбтар түзілуін болдырмау үшін пайдаланылатын препараттар (тромболитиктер),

ангионевроздық ісінудің жоғары даму қаупіне байланысты диареяны емдеу үшін пайдаланылатын рацекадотрил

Арнайы нұсқаулар

Педиатрияда қолдану

Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдану қарсы көрсетілімді.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препараттарді қолданар алдында дәрігерден немесе фармацевтен кеңес сұраңыз.

Жүктілік кезінде АӨФ тежегіштерін қабылдауды бастауға болмайды. АӨФ тежегіштерімен емделу қажет болатын сәтке дейін жүкті болуды жоспарлайтын пациент әйелдер жүктілік кезінде қолдану үшін анықталған қауіпсіздік бейіні бар гипертензияға қарсы баламалы препараттарды қабылдауға көшуі тиіс. Жүктілік диагностикаланғанда, АӨФ тежегіштерімен емделуді дереу тоқтатып, ал егер бұл мақсатқа сай болса, баламалы емдеуді бастау қажет. Жүктіліктің екінші және үшінші триместрлерінде АӨФ тежегіштерін қабылдау, белгілі болғандай, адамда фетоуыттылықты (бүйрек функциясының төмендеуі, қағанақ суының аздығы, бассүйектегі оссификация кідірісі) және неонатальді уыттануды (бүйрек жеткіліксіздігі, артериялық гипотензия, гиперкалиемия) туындатады.

Жорамалды түрде, шаранада бүйрек функциясының төмендеуі және сол себеп болатын аяқ-қол контрактуралары, бассүйек-бет деформациялары мен өкпе гипоплазиясының нәтижесінде анасында олигогидрамнион дамуы мүмкін.

Егер АӨФ тежегіштері жүктіліктің екінші триместрінде қабылданса, бүйрек және бассүйек УДЗ жүргізу ұсынылады. Аналары АӨФ тежегіштерін қабылдаған сәбилер гипотензия тұрғысынан мұқият тексерілуі тиіс.

Эналаприл лактация кезеңінде қолдануға ұсынылмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлікті жүргізу немесе машиналарды пайдалану кезінде кейде бас айналу немесе шаршау туындауы мүмкін.

Энап® құрамында лактоза және натрий бар

Егер сіздің дәрігеріңіз сізде кейбір қанттарға жақпаушылық бар екенін айтса, осы дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігерге қаралыңыз.

Бұл препарат құрамында дозасына 1 ммоль-ден аз натрий (23 мг) бар, яғни мүлде натрий жоқ деуге болады.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Бұл препаратті үнемі тура өзіңіздің дәрігеріңіз айтқандай қабылдаңыз. Сіз, егер өзіңізге сенімді болмасаңыз, дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесуге тиіссіз.

Артық дозалану

Артық дозаланудың ең көп жиі белгісі артериялық қысымның шектен тыс төмендеуі (гипотензия) болып табылады. Ондай жағдайда жату және дәрігер шақыру керек.

Егер бала дәріні кездейсоқ ішіп қойса, дәрігерге қаратыңыз.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Егер сіз Энап® препаратының дозaсын қабылдауды ұмытып кетсеңіз, келесі дозаны әдеттегі уақытта қабылдаңыз.

Ұмыт қалған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозасын қабылдамаңыз.

Тоқтату симптомдары қаупінің болуына көрсетілім

Емдеуді тоқтатудан кейін уақыт өте артериялық қысым тағы көтерілуі мүмкін, ал бұл жоғары артериялық қысым салдарынан, әсіресе, жүрек, ми және бүйрек сияқты ағзаларда асқынулар қаупін арттыруы мүмкін. Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттердің жай-күйі стационарлық емдеу талап етілуі мүмкін болатындай дәрежеге дейін нашарлауы мүмкін.

Жанама әсерлері

Барлық препараттар сияқты, аталған дәрілік препарат пациенттердің бәрінде бірдей дами бермейтін жағымсыз әсерлерді туғызуы мүмкін.

Өте жиі (10 адамның 1-ден көбінде болуы мүмкін)

анық көрмеу (бұлыңғыр көру),

бас айналу,

жөтел,

жүрек айну,

әлсіздік (астения)

Жиі (10 адамның 1-не дейін болуы мүмкін)

бас ауыру, депрессия,

артериялық қысымның төмендеуі, естен тану (ентігу), кеуденің ауыруы, ырғақ бұзылулары, стенокардия, жүректің жиі соғуы,

тыныстың тарылуы (ентігу),

диарея, іштің ауыруы, дәм сезудің өзгеруі,

терінің бөртуі, бет, аяқ-қол, ерін, тілдің және/немесе жұтынудың немесе дем алудың қиындауымен көмей ісінуімен болатын аллергиялық реакциялар,

шаршау,

қандағы калий деңгейінің жоғарылауы, сарысуда креатинин деңгейінің артуы

Жиі емес (100 адамның 1-не дейін болуы мүмкін)

анемия,

қандағы төмен қант деңгейі,

сананың шатасуы, ұйқышылдық немесе ұйқысыздық, күйгелектік, қолдың немесе аяқтың шаншуы (парестезия), вертиго (айналуды сезіну),

тұрған немесе жатқан қалыптан тез көтерілгенде артериялық қысымның төмендеуі, жүректің жиі және қатты соғуы, жүрек ұстамасы немесе инсульт, жүрек-қантамыр асқынуларының қаупі жоғары пациенттерде өте төмен артериялық қысым салдарынан болуы мүмкін,

тұмаурату (ринорея), тамақтың ауыруы, қарлығу, демікпе,

ішек бітелісі (ішек өтімсіздігі), ұйқы безінің қабынуы (панкреатит), жүрек айну (құсу), асқазан-ішек бұзылыстары (диспепсия), іш қату, асқазанның тітіркенуі, ауыз кеберсуі, тәбет жоғалту (анорексия), асқазанның ойық жарасы,

тершеңдік, қышыну, есекжем, шаштың түсуі,

бүйрек функциясының бұзылуы, бүйрек жеткіліксіздігі, несепте ақуыз болуы (протеинурия),

ерлердегі cексуалдық дисфункциялар (импотенция),

бұлшықеттердің түйілуі, қан тебу, құлақтың шыңылдауы (тиннитус), қызба, жалпы хал-ахуал нашарлауы (дімкәстану),

сарысудағы жоғары мочевина деңгейі, қандағы төмен натрий деңгейі

Сирек (1000 адамның 1-не дейін болуы мүмкін)

қан көрсеткіштерінің өзгеруі (лейкоциттер мен эритроциттер, гемоглобин, тромбоциттер санының төмендеуі), аутоиммундық аурулар,

аномальді түстер көру, ұйқының бұзылуы,

қол мен аяқ саусақтарының ара-тұра бозаруы (Рейно синдромы),

өкпе инфильтраттары, мұрын шырышты қабығының қабынуы, пневмония,

ауыз қуысының шырышты қабығының ісінуі немесе ойық жаралары, тілдің қабыну аурулары,

бауыр жеткіліксіздігі, бауырдың қабынуы, терінің сарғайып кетуіне (сары ауру) әкелуі мүмкін өт жолдарының обструкциясы,

терінің қызаруы, теріде күлбіреуіктер түзілуі және терінің, әсіресе, қол мен аяқтағы, ауыз қуысындағы немесе оның айналасындағы тері жабындарының ісінуге бейімділігі және температураның көтерілуі (Стивенс-Джонсон синдромы), терінің қабыршақтануы,

несеп мөлшерінің азаюы,

ерлерде кеуде бездерінің үлкеюі (гинекомастия),

бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, билирубин деңгейінің жоғарылауы

Өте сирек (10000 адамның 1-не дейін болуы мүмкін)

ішек шырышты қабығының ісінуі

Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)

диурезге қарсы гормонның талапқа сай емес секреция синдромы (ДҚГТС)

Шығарылу түрі

Үш қабатты үлбірден (қалыпталған полиамид/алюминий/поливинилхлорид) және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынады.

Пішінді ұяшықты 2 немесе 6 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, ылғалдан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыEnap таблеткалары 5 мг №20 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube