Қолдану көрсеткіштері
Препарат ересектер мен 8 жастан асқан балаларда қолдануға арналған.
Эритромицинге сезімтал микроорганизмдер туындататын инфекциялық-қабыну ауруларының профилактикасы және емдеу:
- жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары: тонзиллит, паратонзиллярлық абсцесс, фарингит, ларингит, синусит, тұмау мен суық тию кезіндегі салдарлы инфекциялар
- төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары: трахеит, жедел және созылмалы бронхит, пневмония (бөліктік пневмония, бронхопневмония, бастапқы атипиялық пневмония), бронхоэктазалар, легионеллез (легионерлер ауруы)
- ЛОР-мүшелерінің инфекциясы: сыртқы отит, ортаңғы отит, мастоидит
- ауыз қуысының инфекциялары: гингивит, Венсан баспасы
- көру мүшелерінің инфекциялары: блефарит
- тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары: фурункулдар мен карбункулдар, паронихия, абсцесстер, папула-пустулезді акне, импетиго, целлюлит, тілме
- асқазан-ішек жолының инфекциялары: холецистит, стафилококкты энтероколит
- инфекциялардың профилактикасы: операцияға дейінгі және операциядан кейінгі кезеңдердегі ішекке жасалған операциялар, күйіктер, ревматизмдік қызба кезінде
- басқа инфекциялар: күл, скарлатина, остеомиелит, уретрит, простатит, соз, мерез, венериялық лимфогранулема