Қолдану көрсеткіштері
Шығу тегі әртүрлі гипокалиемия, оның ішінде гипокалиемияға байланысты аритмия.
Шығу тегі әртүрлі гипокалиемия, оның ішінде гипокалиемияға байланысты аритмия.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- шығу тегі әртүрлі гиперкалиемия немесе гиперхлоремия, толық атриовентрикулярлық немесе қарыншаішілік блокада
- олигуриясы немесе азотемиясы бар бүйрек жеткіліксіздігі
- қарыншалық фибрилляция
- Аддисон ауруы
- адреногениталиялық синдромымен астасқан гиперадренализм
- тіндердің экстенсивті ыдырауы (оның ішінде ауыр күйіктерде)
- жедел дегидратация
- ыстықтан болатын құрысулар
- калий енгізуге жоғары сезімталдықтың жай-күйі (оның ішінде тұқым қуалайтын эпизодтық адинамия немесе туа біткен парамиотония)
- калий тұздарымен және калий жинақтаушы диуретиктермен қатарлас ем
- 18 жасқа дейінгі балалық жас.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Сақтықпен
- I-II дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, жүрек жеткіліксіздігі
- орақ жасушалы анемия
- калий экскрециясының бұзылуымен қатар жүретін аурулар мен жай-күйлер, оның ішінде созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі
- жүрек гликозидтерін, альдостерон антагонистерін, АӨФ тежегіштері (ангиотензинге өзгертуші фермент), такролимус, циклоспорин, әсері ұзақ гепарин, суксаметоний немесе потенциалды нефроуытты дәрілік препараттар (қабынуға қарсы стероидты емес препараттар, шеткері әсер ететін анальгетиктер) қабылдайтын пациенттерде.
Емдеу кезеңінде енгізу кезінде қан сарысуындағы калий концентрациясына мониторинг жүргізу және дозаны уақтылы түзету қажет. Сонымен қатар (әсіресе жүрек, бүйрек аурулары немесе ацидоз болған кезде) қышқыл-сілтілік теңгерімін, сарысу электролиттерін, ЭКГ және пациенттің клиникалық жағдайын бақылау ұсынылады.
Гиперкалиемия тез дамиды және симптомдарсыз жүреді және жүрекішілік бөгеліс болуы ықтимал және өліммен аяқталуына әкелуі мүмкін. Гиперкалиемияның ерте белгілері-гипотонус және аяқ-қол парестезиясы.
Гипокалиемияны емдеу ауыр гиперкалиемияны болдырмау үшін калий тұздары мен калий жинақтаушы диуретиктерді бір мезгілде енгізумен жүргізілмеуі тиіс.
Калий препараттарымен емдеу жүрек блокадаларымен бірге жүретін ауруларда жүргізілмеуі тиіс, өйткені бұл блокада дәрежесін жоғарылатуы мүмкін.
Емдеудің бастапқы сатысында глюкозамен бір мезгілде енгізуден аулақ болу керек, өйткені бұл калий концентрациясының одан әрі төмендеуіне ықпал етуі мүмкін.
Препаратты тек вена ішіне енгізуді қамтамасыз ету қажет, өйткені вена маңайына енгізу тіндердің некрозын тудыруы мүмкін.
Калий хлоридін енгізуде кішкентай диаметрлі веналар болса енгізу орнында ауырсынумен бірге жүруі мүмкін.
Ерітіндіні егер ол мөлдір болса және ампула зақымдалмаған жағдайда ғана қолданылады.
Препаратты ампуланы ашқаннан кейін бірден сұйылтыңыз. Препаратты сұйылту кезінде асептика ережелерін қатаң сақтау қажет.
Ампула тек бір рет қолдануға арналған. Ерекше жағдай-бақыланатын және асептикалық жағдайларда дайындалған сұйылту.
Ерітіндіні дайындағаннан кейін оны енгізуге дейінгі сақтау мерзімі мен шарттары пайдаланушының жауапкершілігі болып табылады және 2-ден 8 °С-ге дейінгі температурада 24 сағаттан аспауы тиіс. Препараттың пайдаланылмай қалған көлемі жойылуы керек.
Құрамында мыналар бар ерітінділермен сұйылту кезінде фармацевтикалық үйлесімсіз: амикацин сульфаты, амфотерицин В, натрий амоксициллині, бензилпенициллин, диазепам, добутамин гидрохлориді, эрготамин тартраты, цисплатинмен және маннитолмен этопозид, метилпреднизолон натрий сукцинаты, натрий фенитоин, прометазин гидрохлориді, натрий нитропруссиді, стрептомицин сульфаты, маннитол, құрамында соя майы және лецитин бар стерильді майлы эмульсия (бұл тізім толық емес).
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Калий жинақтаушы диуретиктермен (оның ішінде триамтерен, спиронолактон, амилорид) бір мезгілде енгізу калий иондарының бүйрек экскрециясын төмендету есебінен ауыр гиперкалиемияға әкелуі мүмкін.
АӨФ тежегіштері-гиперкалиемияның даму қаупі, өйткені АӨФ тежегіштері альдостерон секрециясын төмендетеді, бұл организмде калийдің іркілуіне әкеледі.
Бета-адреноблокаторлар қан сарысуындағы калийдің ең жоғары концентрациясын да, калийдің вена ішіне жүктемелік дозасын шұғыл енгізген пациенттерде оның бастапқы деңгейіне оралуы үшін қажетті уақытты да арттырды.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар - бүйректегі простагландиндер синтезін тежегеннен кейін салдарлы гиперальдостеронизмнің дамуына байланысты гиперкалиемияның даму қаупі.
Гепарин альдостерон синтезін төмендетеді, бұл гиперкалиемияның дамуына әкелуі мүмкін, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі немесе организмнен калийдің шығарылуын нашарлататын басқа жағдайлар кезінде.
Бір мезгілде жүрек гликозидтерін қолданатын жүректің ауыр және толық блокадасы бар пациенттерде калий препараттарын енгізу ұсынылмайды. Мұндай пациенттерде гипокалиемияны түзету үшін калий препараттарын қолданған жағдайда мұқият мониторинг қажет.
Инсулинмен, натрий гидрокарбонатымен бір мезгілде қолдану қан сарысуындағы калий мөлшерін төмендетеді.
Құрамында калий бар немесе гиперкалиемияның дамуына бейім келесі дәрілік заттар калий препараттарымен бір мезгілде қолданған кезде калийдің жинақталуына әкелуі мүмкін: алискирен, ангиотензин II рецепторларының антагонистері, циклоспорин, такролимус.
Калий деполяризациялаушы миорелаксанттардан (атракурия безилатпен, декаметоний бромиді, суксаметоний (хлорид, бромид, йодид)) туындаған жүйке-бұлшықет блокадасын күшейте алады.
Кортикостероидтар калийдің бүйрек арқылы шығарылуын арттырады, бұл қан сарысуындағы калий мөлшерінің төмендеуіне әкеледі.
Эритроциттердің бұзылуына байланысты ұзақ уақыт сақталған донорлық қанда калий мөлшері артады (гиперкалиемия). Гиперкалиемия қаупі реципиент қанында калий мөлшерінің күрт артуына әкелетін көп көлемде құю кезінде туындайды.
Вена ішіне енгізуге арналған келесі ерітінділермен фармацевтикалық үйлесімді: инъекцияға арналған глюкозамен (декстрозамен) біріктірілген Рингер ерітіндісі, инъекцияға арналған глюкозамен (декстрозамен) біріктірілген Рингер лактат ерітіндісі, инъекцияға арналған лактат Рингер ерітіндісіндегі 5% глюкоза (декстроза) ерітіндісі, натрий хлоридімен біріктірілген глюкоза (декстроза) ерітіндісі, натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісіндегі 5% глюкоза (декстроза) ерітіндісі, инъекцияға арналған судағы 2,5 %, 5 %, 10 %, 20 % глюкоза (декстроза) ерітінділері, инъекцияға арналған Рингер ерітіндісі, инъекцияға арналған Рингер лактат ерітіндісі, натрий хлоридінің 0,45 %, 0,9 %, 3 % ерітінділері.
Арнайы ескертулер
Жүктілік немесе лактация кезінде
Препаратты жүкті әйелдерге тағайындаған кезде сақ болу керек. Егер ана үшін күтілетін пайдасы шарана үшін болуы мүмкін қауіптен астам болса (мүмкіндігінше ішке қабылдауға арналған калий препараттары тағайындалады), препарат оны қолданудың айқын көрсеткіштері кезінде ғана қолданылуы тиіс. Калий емшек сүтімен шығарылады. Препаратты бала емізетін әйелдерге тағайындағанда сақ болу керек (мүмкіндігінше ішке қабылдауға арналған калий препараттарын тағайындайды).
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратпен емдеу кезеңінде жоғары зейін қойылуын және психомоторлық реакциялардың жылдамды ғын талап ететін аса қауіпті қызмет түрлерін (көлік құралдарын басқару, қозғалатын механизмдермен жұмыс істеу, диспетчер мен оператордың жұмысы) орындау кезінде сақ болу керек.

Дозалану режимі
Ересектерде
Калий тапшылығын емдеуге арналған доза қан плазмасындағы электролиттердің нақты концентрациясына және қышқылдық-негіздік жағдайының көрсеткіштеріне сәйкес таңдалуы тиіс.
1 ммоль калий (К+) 75 мг калий хлоридіне (КСl) сәйкес келеді.
Ересектер мен егде жастағы пациенттер
Қалыпты, симптомсыз калий тапшылығын емдеуге арналған және демеуші ем кезіндегі доза:
Орташа калий тапшылығын түзету үшін және демеуші ем кезіндегі қажетті калий мөлшері келесі формула бойынша есептелуі мүмкін:
Жағымсыз қолайсыз реакциялар гиперкалиемия симптомдары түрінде абсолюттік немесе салыстырмалы артық дозалану және/немесе инфузияның тым жоғары жылдамдығы жағдайында ғана дамуы мүмкін. Жағымсыз қолайсыз реакциялардың даму жиілігі дозаға байланысты.
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Белгісіз: аллергиялық реакциялар.
Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар
Белгісіз: ацидоз, гиперхлоремия, гиперкалиемия.
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Белгісіз: шаршағыштық, бұлшықет әлсіздігі, сананың шатасуы, аяқ-қолдардағы ауырлық сезімі, бұлшықет құрысуы, парестезия, өрлемелі салдану.
Жүрек тарапынан бұзылулар
Белгісіз: брадикардия, AV блокада, қарыншалық фибрилляция, жүректің тоқтауы.
Инфузияның тым жоғары жылдамдығы жүрек аритмиясын тудыруы мүмкін.
Тамырлар тарапынан бұзылулар
Белгісіз: артериялық қысымның төмендеуі, қан айналымының орталықтануы.
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Белгісіз: жүрек айнуы, құсу, өңеш пен жіңішке ішектің ойылып жаралануы.
Жалпы бұзылыстар
Белгісіз: флебит және инъекция орнының ауырсынуы.
5 мл немесе 10 мл-ден бейтарап шыныдан жасалған ампулаларда.
10 ампуладан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және ампулаларды ашуға арналған пышақпен немесе ампулалық скарификатормен бірге картон қорапқа салынады.
Ойықтары, сақиналары және сындыру нүктелері бар ампулаларды пайдаланған кезде ампулаларды ашуға арналған пышақ немесе ампулалық скарификатор салынбайды.
30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.