Қолдану көрсеткіштері
Кешенді ем құрамында:
- артритте, артралгияда
- миозитте, миалгияда, ишиаста
- тесілу дамуының профилактикасында
Кешенді ем құрамында:
- артритте, артралгияда
- миозитте, миалгияда, ишиаста
- тесілу дамуының профилактикасында
- препаратқа аса жоғары сезімталдық
- эпилепсия және құрысу реакцияларына бейімдік кезінде
- тері жабыны тұтастығының бұзылуы немесе болжамды жағу орнындағы терінің қабыну аурулары (соның ішінде дерматит, экзема)
- жүктілік және лактация кезеңі
- балаларға (деректер болмауына байланысты)
- қолданатын болжамды орындағы терінің қабыну аурулары
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Препараттың көзге түсуіне жол бермеу керек. Препаратты шырышты қабықтарға қолдануға болмайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Арнайы ескертулер
Тек сыртқа қолдану үшін
Педиатрияда қолдану
Препаратты балаларда қолдануға болмайды
Жүктілік немесе лактация кезінде
Қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Дозалау режимі
Компресс және ысқылау түрінде күніне 2 – 3 рет сыртқа қолданады.
Енгізу әдісі және жолы
Препаратты ысқылау түрінде сыртқа пайдаланады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 7 – 10 күн.
Артық дозаланғанда қолданатын шаралар
Симптомдары: қозу, тахикардия, құрысулар.
Емі: симптоматикалық.
30 мл, 50 мл-ден полиэтиленді тығындармен және бұралатын қақпақтармен тығындалған немесе нығыздағыш элементі бар полиэтилен қақпағы бар мойны бұрандалы шынымассадан жасалған құтыларда.
Құтыларға өздігінен жапсырылатын заттаңба немесе заттаңбалық немесе жазба қағаздан жасалған заттаңба жапсырылады.
Құтылар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге тиісті мөлшерде орауыш қағаздан жасалған бумаға немесе қораптық картонннан жасалған қорапқа немесе полиэтиленді термобекіткіш үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.
Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.