Қолдану көрсеткіштері
ересектердегі эссенциальді артериялық гипертензия
6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде артериялық гипертензияны емдеу
жүрек жеткіліксіздігі және сол жақ қарыншаның систолалық функциясының бұзылуы бар ересек пациенттерді емдеу (сол жақ қарыншаның лықсу фракциясы < 40%):
ангиотензин-өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштері тобының дәрілік заттары жақпаған кезде немесе
оңтайлы ем жүргізілуіне қарамастан, жүрек жеткіліксіздігі симптомдары бар пациенттерде минералокортикоидты рецепторлардың антагонистерін көтере алмау жағдайында АӨФ тежегіштері тобының дәрілік заттарымен емдеуге қосымша ем ретінде