daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Картан Бөтелкелер 1 Г/5 Мл №5 | Демо SA

Таразе қаласындағы Картан Бөтелкелер 1 Г/5 Мл №5 | Демо SA
Сипаттама:

Мөлдір түссіз немесе ашық-сары түсті ерітінді.

Халықаралық атауы:

Левокарнитин

Өндіруші:

Демо SA

Өндіруші ел:

Греческая Республика

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: 2М хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Мөлдір түссіз немесе ашық-сары түсті ерітінді.

Белсенді заттың дозасы:

1 г/5 мл

Дәрілік түрі:

Вена ішіне енгізуге арналған ерітінді, 1г/5мл

Қаптамадағы саны:

5 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 200 мг левокарнитин,

қосымша заттар: 2М хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе ашық-сары түсті ерітінді.

Қолдану көрсеткіштері

- ересектерде, балаларда, сонымен қатар сәбилер мен жаңа туғандарда левокарнитиннің бастапқы және салдарлы тапшылығында

- ұзақ уақыт гемодиализдегі және мынадай:

- айқын тұрақты бұлшықет түйілуі және/немесе диализ жүргізу кезінде гипотензиялық эпизодтар;

- өмір сапасын елеулі теріс әсерге әкелетін энергетикалық тапшылық; қаңқа бұлшықеттерінің әлсіздігі және/немесе миопатиялар;

- кардиомиопатия;

-емдеуге жауабы жоқ немесе эритропоэтиннің үлкен дозасын талап ететін анемия немесе уремия;

- тоймаудан туындаған бұлшықет массасын жоғалту.

Қарсы көрсеткіштер

- блесенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Талапқа сай дозалауды анықтау үшін қан плазмасындағы және несептегі бос және ацилдік L-карнитин деңгейін өлшей отырып, емдеуді бақылау ұсынылады.

Карнитиннің плазмадағы концентрациясы 35-тен 60 μмоль/л дейінді құрайды. Ацилдік және бос L-карнитиннің плазмадағы арақатынасы 0.35-тен төмендеу.

L-карнитин дағдылануды тудырмайды, өйткені адам организмі үшін табиғи ерітінді болып табылады. Инсулин немесе гипогликемиялық пероральдық ем қабылдап жүрген диабетке шалдыққан пациенттерге L-карнитинді енгізу оларда гипогликемияны тудыруы мүмкін. Сондықтан осы санаттағы пациенттерді емдеу кезінде гипогликемиялық препараттардың дозалау режимін түзеу үшін, қан плазмасындағы глюкоза деңгейін тұрақты түрде бақылап отыру қажет.

Левокарнитиннің жоғары дозасын ұзақ пероральді қабылдау бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар немесе бүйрек жеткіліксіздігі терминалды сатысында диализде жүрген пациенттерде, әдетте несеппен бөлінетін, триметиламин (ТМА) және триметиламин-N-оксид (ТМАО), потенциалды уытты метаболиттер концентрациясының жоғарылауын туындатуы мүмкін. Жоғары дозаны вена ішіне енгізу уытты метаболиттердің жинақталуына әкелмейді.

Левокарнитинмен бір мезгілде кумарин қатарының антикоагулянттарын алған пациенттерде халықаралық қалыптасқан қатынастың (ХҚҚ) жоғарылауының өте сирек жағдайлары туралы хабарланды. ХҚҚ немесе басқа қолайлы коагуляциялық тесттерді олар тұрақты болғанша апта сайын, содан кейін левокарнитинмен бір мезгілде осындай антикоагулянттарды қабылдаған пациенттерде ай сайын тексеру керек.

Алдыңғы құрысу белсенділігі бар пациенттерде құрысулар туралы хабарланды, алайда левокарнитин ұстамалардың жиілігін және/немесе ауырлығын арттыратыны белгісіз. Левокарнитин құрысудың болжамды себебі болып табылатын жағдайларда емдеуді тоқтату туралы мәселені қарастыру керек.

Левокарнитиннің жоғары дозаларын ұзақ уақыт қолдану диареяға әкелуі мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Препаратты қабылдар алдында дәрігерге басқа препараттарды қабылдағаны жөнінде айтқан жөн.

Глюкокортикоидтар көптеген тіндерде (бауырдан басқа) карнитин деңгейін арттырады. Холиннің шамадан тыс дозасы карнитиннің синтезін және белсенділігін тежейді. Карнитинді әр түрлі анаболиялық дәрілермен; антиоксиданттық немесе/және антигипоксанттық белсенділігі бар препараттармен қосып қолдануға болады.

Левокарнитинмен бір мезгілде кумарин қатарының антикоагулянттарын алған пациенттерде халықаралық қалыптасқан қатынастың (ХҚҚ) жоғарылауының өте сирек жағдайлары туралы хабарланды.

Арнайы ескертулер

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік кезінде немесе емшек емізу кезінде, егер ана үшін пайда шарана немесе бала үшін потенциалды қауіптен жоғары болса, аса қажет болған жағдайда ғана тағайындалады.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Өзара әрекеттесуі

Препаратты қабылдар алдында дәрігерге басқа препараттарды қабылдағаны жөнінде айтқан жөн.

Глюкокортикоидтар көптеген тіндерде (бауырдан басқа) карнитин деңгейін арттырады. Холиннің шамадан тыс дозасы карнитиннің синтезін және белсенділігін тежейді. Карнитинді әр түрлі анаболиялық дәрілермен; антиоксиданттық немесе/және антигипоксанттық белсенділігі бар препараттармен қосып қолдануға болады.

Левокарнитинмен бір мезгілде кумарин қатарының антикоагулянттарын алған пациенттерде халықаралық қалыптасқан қатынастың (ХҚҚ) жоғарылауының өте сирек жағдайлары туралы хабарланды.

Арнайы ескертулер

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік кезінде немесе емшек емізу кезінде, егер ана үшін пайда шарана немесе бала үшін потенциалды қауіптен жоғары болса, аса қажет болған жағдайда ғана тағайындалады.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер, балалар, оның ішінде сәбилер мен жаңа туған нәрестелер

Оңтайлы дозаны анықтау үшін қан плазмасы мен несептен бос және ацильді левокарнитин деңгейін өлшей отырып, емді бақылау ұсынылады.

Метаболизмнің туа біткен бұзылуы кезінде қолдану

Препараттың қажетті дозасы клиникалық көріністерге және зат алмасу бұзылуының айқындылығына байланысты болады.

Жедел декомпенсация кезінде ұсынылған доза тәулігіне 3-4 енгізетін 100 мг/кг дейін құруы мүмкін. Қажет болған жағдайда одан да жоғары дозаларды қолдануға болады, алайда бұл кезде жағымсыз әсерлер күшеюі мүмкін, атап айтқанда диарея.

Гемодиализ жүргізетін пациенттерде карнитиннің салдарлы тапшылығы

Емді бастар алдында қан плазмасынан карнитин деңгейін бақылау ұсынылады. Карнитиннің салдарлы тапшылығы қан плазмасындағы бос карнитин деңгейіне ацильді карнитиннің арақатынасы 0,4 жоғары емес кезінде болжанады, ал қан плазмасындағы бос карнитин деңгейі 20 мкмоль/л төмен.

Диализдің әр емшарасының соңында (шамамен аптасына үш рет) венаішілік болюс түрінде енгізуі қажет болатын ұсынылатын доза 20 мг/кг құрайды. Венаішілік емдеу ұзақтығы үш айдан аспауы тиіс - бұл әдетте бұлшықет бос карнитиннің қалыпты деңгейін орнына келтіру үшін талап етілетін уақыты. Жалпы реакцияны ацильді карнитиннің бос карнитинге арақатынасының мониторингі негізінде және пациент симптоматикасының динамикасын бағалау керек. Карнитинді тоқтатқан кезде карнитин деңгейінің үдемелі төмендеуі байқалады. Емдеу курсын қайталау қажеттігін пациент симптомдарының динамикасын ескере отырып және уақыттың тұрақты аралығында қан плазмасындағы карнитин деңгейін өлшеу арқылы анықтауға болады.

Гемодиализ – демеуші ем

Егер елеулі клиникалық әсерге алғашқы курста препаратты вена ішіне енгізу арқылы жеткен болса, одан кейінгі демеуші емді диализдің әр сеансынан кейін қабылдау қажет болатын, тәулігіне 1 г дозада, ішке қабылдауға арналған ерітінді, Картан препаратын пайдаланумен қарастырылуы мүмкін.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер

Дозаны өзгерту және басқа да сақтық шаралары қажет емес. Жас пациенттер мен егде жастағы пациенттердегі қауіпсіздік бейіні ұқсас болды.

Енгізу әдісі және жолы

Картан, вена ішіне енгізуге арналған ерітінді вена ішіне баяу (2-3 минут бойы) енгізуге арналған.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар

L-карнитиннің артық дозаланған жағдайындағы уыттылығы туралы деректер жоқ. Препараттың жағымдылығы оны қабылдаудың алғашқы аптасында және қабылданған дозаны әр арттырған сайын бақыланады.

Симптомдары: препараттың жоғары дозалары диареяны туындатады.

Емі: препараттың қабылдайтын дозасын азайту және алмастырушы ем.

Шығарылу түрі

Препаратты 5 мл-ден сындыруға арналған белгісі бар күңгірт шыны ампулаға құяды.

5 ампуладан термопластикалық пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Көлемі

5 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыКартан бөтелкелер 1 г/5 мл №5 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube