Қолдану көрсеткіштері
аллергиялық ринит пен конъюнктивитті қоса, аллергиялық жай-күйлерді симптоматикалық емдеу.
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық («Дәрілік препарттың құрамы» бөлімін қараңыз);
тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы;
жүктілік және лактация кезеңі;
6 жасқа дейінгі балалар;
эпилепсия;
пероральді диабетке қарсы препараттармен бір мезгілде қолдану (тромбоцитопенияның даму қаупіне байланысты).
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Интеркуррентті инфекция туындаған кезде, кетотифенмен емді арнайы микробқа қарсы еммен толықтыру қажет.
Өте сирек жағдайларда кетотифенмен емдеу кезінде құрысулардың туындауы туралы хабарланды. Кетотифен құрысу шегін төмендететіндіктен, оны анамнезінде эпилепсиясы бар пациенттерде қолдануға болмайды.
Кетотифен мен пероральді диабетке қарсы препараттарды (бигуанидтер) бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде тромбоцитопения туындауы мүмкін. Сондықтан бұл препараттарды бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.
Кетотифеннің тыныштандыратын әсеріне байланысты зейіннің төмендеуі жағдайында препараттың дозасын азайту керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Кетотифен орталық жүйке жүйесін басатын басқа дәрілік препараттардың, антигистаминдік препараттардың антикоагулянттардың және алкогольдің әсерін күшейтуі мүмкін.
Кетотифенді және пероральді диабетке қарсы препараттарды бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.
Арнайы ескертулер
Препарат құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактазаның ауыр жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге осы препаратты қабылдауға болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде қолдану
Жүкті әйелдермен кетотифенді қолдану туралы деректер жоқ немесе шектеулі. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде репродуктивті уыттылыққа байланысты тікелей немесе жанама зиянды әсер ету байқалмады.
Кетотифенді жүктілік кезеңінде қолдануға болмайды. Қолдану анасы үшін потенциалды пайдасы шарана үшін ықтимал қауіптен басым болған жағдайда ғана мүмкін болады.
Егеуқұйрықтарды зерттеу нәтижелеріне сәйкес кетотифен емшек сүтімен бөлінеді. Адамдарда зерттеулер жүргізілген жоқ. Бұл препарат адамның емшек сүтімен де бөлінеді деп болжануда, сондықтан кетотифен қабылдаған аналар бала емізбеуі тиіс.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Кетотифенмен емдеудің бас кезінде реакция жылдамдығының бұзылуы мүмкін. Пациенттерді емдеу кезеңінде көлік құралдарын басқару және басқа қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысу кезінде сақ болу қажет екендігі туралы ескерту керек. Пациенттер алкогольді ішімдіктерді тұтынудан бас тартуы керек.