daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Климаксан Гомеопатиялық Таблеткалар №20 | Материа Медика Холдинг НПФ

Таразе қаласындағы Климаксан Гомеопатиялық Таблеткалар №20 | Материа Медика Холдинг НПФ

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Жалпақ цилиндр пішінді, ойығы бар, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар.

Өндіруші:

Материа Медика Холдинг НПФ

Өндіруші ел:

Российская Федерация

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза моногидраты - 0,2112 г, микрокристалды целлюлоза - 0,0240 г, магний стеараты - 0,0024 г.

Қаптамадағы саны:

20 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Климактериялық синдром көріністерін емдеуде симптоматикалық дәрі ретінде (ашушаңдық, эмоционалдық құбылмалылық, ұйқының бұзылуы, бас ауыруы, бас айналуы, жүректің қағуы, тершеңдік, «ысынулар»).

Қарсы көрсеткіштер

препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық,

жүктілік, бала емізу кезеңі,

18 жасқа дейінгі кезең;

тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар.

Өзара әрекеттесуі

Осы уақытқа дейін басқа да дәрілік заттармен үйлесімсіздік жағдайлары тіркелмеген. Гомеопатиялық препараттарды қолдану басқа дәрілік заттармен емдеуді жоққа шығармайды.

Арнайы ескертулер

Айрықша нұсқаулар

Қант диабеті бар науқастар препараттың 1 таблеткасының ішінде 0,018 нан бірлігіне (НБ) сәйкес келетін 0,2112г лактоза болатынын ескеруі керек.

Препараттың тәуліктік ең жоғары дозасы 0,072 НБ сәйкес келетін 4 таблетканы құрайды.

Препаратпен емдеу курсын жүргізу кезеңінде түзету мүмкіндігі болуы мақсатында кем дегенде 2 айда 1 рет емдеуші дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Гомеопатиялық дәрілік заттарды қабылдағанда бұрыннан бар симптомдардың уақытша өршуі мүмкін (бастапқы нашарлау). Бұндай жағдайда препарат қабылдауды тоқтату және дәрігермен кеңесу керек.

Педиатрияда қолданылуы

Климаксан гомеопатиялық препараты балаларда қолданылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезеңі

Климаксан гомеопатиялық препараты әйелдердегі жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдануға қарсы көрсетілімде.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Бір қабылдауға – 1 таблетка (толық ерігенше ауызда ұстау керек – тамақтану кезінде болмайды). Күніне 2 рет: таңертең және кешке қабылдайды.

Симптомдар ауырлығына қарай препарат қабылдауды күніне 3-4 ретке дейін арттыруға болады.

Препаратты қолданудың ұсынылатын ұзақтығы 6 айды құрайды. Дәрігердің ұсынымы бойынша емдеу курсын қайталауға болады.

Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар

Артық дозаланғанда препарат құрамына кіретін қосымша заттарға байланысты диспепсиялық құбылыстар (жүрек айнуы, құсу, диарея) болуы мүмкін. Препаратты қабылдауды тоқтату және симптоматикалық ем, мысалы, пероральді регидратация (суды мол ішу) тағайындалады.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алғанда қолданылуы қажет шаралар

Препарат дозасын қабылдауды өткізіп алған жағдайда өткізіп алған дозасын мүмкіндігінше ертерек қабылдау керек және препаратты қабылдау курсын бастаған сызба бойынша жалғастыру керек. Ұмытылған доза орнына екі есе доза қабылдауға болмайды.

Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу үшін ұсыныстар

Препаратты қолдану алдында дәрігермен кеңесу керек.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда (қажет болса) қабылдау керек шаралар

Жағымсыз реакцияларын туындау жиілігі бойынша жіктеу үшін келесі шарттар қолданылды: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), кейде (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10000, <1/1000, өте сирек (<1/10000), белгісіз (жиілігін қолда бар деректер негізінде есептеу мүмкіндігі жоқ).

Клиникалық зерттеулер, тіркеуден кейінгі тәуелсіз зерттеулер және өздігінен болған хабарламаларды мониторингілеу аясында препаратты қабылаумен белгілі бір байланысы бар жағымсыз реакциялардың даму жағдайлары тіркелмеген.

Препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық реакциялары болуы мүмкін.

Жағымсыз реакциялардың туындау жиілігі постмаркетингтік бақылау негізінде анықталмайды.

Егер препарат қабылдау кезінде жағымсыз реакциялар туындаса, қабылдауды тоқтатып және дәрігерге қаралу керек.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе тікелей, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық мәліметтер базасына хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті» «Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК

Шығарылу түрі

20 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдануы жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыКлимаксан гомеопатиялық таблеткалар №20 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube