Қолдану көрсеткіштері
Атеротромбоз жағдайларының қайталама профилактикасы:
- миокард инфарктісінен (бірнеше күннен кемінде 35 күнге дейін), ишемиялық инсульттен (7 күннен кемінде 6 айға дейін) зардап шегетін ересек науқастар немесе шеткері артериялар ауруы диагностикаланған науқастар
- жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромынан зардап шегетін ересек науқастар
- ST сегментінің көтерілуінсіз жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромында (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі), соның ішінде тері арқылы коронарлық араласу барысында стент орнатылған науқастарға ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) біріктірілімде
- тромболитикалық ем жүргізуге жарамды дәрі-дәрмекпен емделіп жүрген науқастарда ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісінде АСҚ-мен біріктірілімде
Жыпылықтағыш аритмия кезіндегі атеротромбоз және тромбоэмболия жағдайларының профилактикасы:
- тамыр оқиғаларының кем дегенде бір қауіп факторы болатын, жыпылықтағыш аритмияға шалдыққан ересек науқастарда, К дәруменінің антагонистеріне (КДА) жақпаушылығы бар және қан кету қаупі төмен науқастарда, ми инсультін қоса, атеротромбоз және тромбоэмболия оқиғаларына жол бермеу үшін АСҚ-мен біріктірілімде.