daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Ко Пренесса Таблеткалары 2 Мг/0,625 Мг №30 | KRKA d.d., Novo mesto

Таразе қаласындағы Ко Пренесса Таблеткалары 2 Мг/0,625 Мг №30 | KRKA d.d., Novo mesto
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, екі беті сәл дөңес, бір жағында ойығы мен қысқа сызықты өрнегі бар ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар (2 мг/0,625 мг доза үшін). Дөңгелек пішінді, екі беті сәл дөңес, бір жағында ойығы және сызығы бар ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар (4 мг/1,25 мг доза үшін).

Өндіруші:

KRKA d.d., Novo mesto

Өндіруші ел:

Республика Словения

Белсенді ингредиент:

0,625 мг индапамид 4 мг/1,250 мг доза үшін: 1,250 мг индапамид қосымша заттар: кальций хлоридінің гексагидраты, лактоза моногидраты, кросповидон, микрокристалды целлюлоза, натрий гидрокарбонаты, коллоидты гидратацияланған кремний қостотығы, магний стеараты

Белсенді заттың дозасы:

2 мг/0,625 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- эссенциялық артериялық гипертензия

Қарсы көрсеткіштер

- периндоприлге, индапамидке, АӨФ тежегіштеріне және сульфонамидтерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- анамнездегі АӨФ тежегіштерімен ем аясында болатын ангионевроздық ісіну

- тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну

- декомпенсация сатысындағы жүрек жеткіліксіздігі (негізгі ем болмағанда)

- бүйректің айқын немесе орташа жеткіліксіздігі (КК < 60 мл/мин)

- гемодиализ

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- бауыр энцефалопатиясы

- гипокалиемия

- қант диабеті немесе бүйрек функциясының бұзылуы (ШСЖ < 60 мл/мин/1,73 м2) бар пациенттерде құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану

- декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі емделмейтін пациенттер

- сакубитрил/валсартан біріктірілген еммен бір мезгілде қолдану. Ко-Пренессаны сакубитрил/валсартанды соңғы қабылдаудан кейін 36 сағат өтуінен ерте қабылдауға болмайды

- қанның теріс зарядталған беткейлерімен жанасуына алып келетін экстракорпоральді емдеу

- бүйрек артериясының екі жақты айқын стенозы немесе жұмыс істейтін жалғыз бүйрек артериясының стенозы

- жүктілік және бала емізу кезеңі

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Өзара әрекеттесуі

Литий препараттары мен АӨФ тежегіштерін біріктіріп қабылдағанда сарысуда литий концентрациялары қайтымды жоғарылаған және литийдің уытты әсерлері дамыған жағдайлар болды. Периндоприл мен литий препараттарын біріктіріп қабылдау ұсынылмайды, бірақ, қажет болса, қан сарысуында литий мөлшерін мұқият бақылап отыру керек.

Баклофен гипотензиялық әсер айқындылығын күшейтеді (АҚ деңгейін және Ко-Пренесса® дозасын бақылап отыру қажет).

Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД), оның ішінде күніне ≥ 3 г дозадағы ацетилсалицил қышқылы, циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) тежегіштері және селективті емес ҚҚСД АӨФ тежегіштерінің гипотензиялық әсерін төмендетеді. Бұдан бөлек, ҚҚСД және АӨФ тежегіштері қан плазмасындағы калий деңгейінің жоғарылауына аддитивті әсер етіп, бүйрек функциясының нашарлауына әкеледі. Аталған әсер қайтымды сипатқа ие, бірақ сирек жағдайларда, әсіресе, бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде, мысалы, егде жастағы пациенттерде немесе сусыздану кезінде бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Осындай пациенттерде емдеуді бастар алдында бүйректің функционалдық белсенділігін бағалау және, қажет болса, организмнің жеткілікті гидратациясын қамтамасыз ету керек. Біріктірілген емнің басында, сондай-ақ ем кезінде мезгіл-мезгіл бүйрек функциясына мониторинг өткізу керек.

Трициклды антидепрессанттар мен нейролептиктерді АӨФ тежегіштерімен біріктіріп қабылдау артериялық қысымның әріқарай төмендеуіне және ортостаздық гипотензияның даму қаупінің артуына әкелуі мүмкін.

Кортикостероидтар және тетракозактид Ко-Пренессаның гипотензиялық әсерін азайтады (кортикостероидтардың әсерінен болатын су және тұз іркілісі).

Басқа топтарға жататын гипотензиялық препараттарды бір мезгілде қабылдау гипотензиялық әсердің күшеюіне әкелуі мүмкін.

АӨФ тежегіштері диуретиктер туғызатын калийдің жоғалуын азайтады.

Периндоприл/индапамид қабылдаған кейбір пациенттерде қан сарысуында калий мөлшері әдетте қалып шегінде қалса да, гиперкалиемия дамуы мүмкін. Калий жинақтайтын диуретиктер (мысалы, спиронолактон, триамтерен немесе амилорид), құрамында калий бар қоспалар немесе тұз алмастырғыштар қан сарысуында калий мөлшерінің едәуір көбеюіне әкелуі мүмкін. Периндоприл/индапамидті триметоприм мен ко-тримоксазол (триметоприм/сульфаметоксазол) сияқты қан сарысуында калий мөлшерін арттыратын басқа препараттармен бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек, өйткені триметопримнің амилорид сияқты калий жинақтаушы несеп айдайтын дәрі ретінде әсер ететіні белгілі. Сондықтан жоғарыда аталған препараттармен периндоприл/ индапамидті біріктіру ұсынылмайды.

Егер айқын гипокалиемияға орай қатарлас қолдану көрсетілсе, препараттар ерекше сақтықпен және сарысудағы калий мөлшері мен ЭКГ мониторингін жиі өткізумен пайдаланылуы тиіс.

АӨФ тежегіштерін және диабетке қарсы препараттарды (инсулиндер, пероральді гипогликемиялық препараттар) бірге қабылдау гипогликемиялық әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Гипогликемия көріністерінің басталуы өте сирек (глюкоза жағымдылығының жақсаруы инсулинге қажеттіліктің төмендеуіне әкеледі).

АӨФ тежегіштерін аллопуринол, цитостатиктер немесе иммунодепрессанттар, жүйелік кортикостероидтармен немесе прокаинамидпен біріктіріп қабылдағанда лейкопенияның даму қаупі артады.

АӨФ тежегіштері кейбір анестезиялық препараттардың гипотензиялық әсерін күшейтуі мүмкін.

Жоғары дозалардағы диурездік препараттармен алдын ала ем, әсіресе, АҚК төмендеген және/немесе электролиттік бұзылулары бар пациенттерде, АӨФ тежегіштерімен емнің басында АҚ айқын төмендеуіне және гипотензияның басталу қаупіне әкелуі мүмкін.

Алтын препараттарымен (алтын ауротималаты) инъекциялық емнен өтетін және АӨФ тежегіштерімен қатарлас емделіп жүрген пациенттерде нитритоидты реакциялар (беттің қызаруы, жүрек айну, құсу және гипотензия) туралы сирек хабарламалар бар.

Аритмияға қарсы IA класс препараттары (хинидин, гидрохинидин, дизопирамид), аритмияға қарсы III класс препараттары (амиодарон, дофетилид, ибутилид, бретилий, соталол), кейбір нейролептиктер (хлорпромазин, циамемазин, левомепромазин, тиоридазин, трифлуоперазин), бензамидтер (амисульпирид, сульпирид, сультоприд, тиаприд), бутирофенон туындылары (дроперидол, галоперидол), басқа нейролептиктер (пимозид), бепридил, сизаприд, дифеманил, эритромицин (венаішілік), галофантрин, мизоластин, моксифлоксацин, пентамидин, спарфлоксацин, винкамин (венаішілік), метадон, астемизол, терфенадин индапамидпен біріктірілімде қарыншалық аритмияның (атап айтқанда, «пируэт» типті пароксизмалық қарыншалық тахикардия) даму қаупін арттырады. Гипокалиемия осы әсердің дамуына ықпал етеді, осыған байланысты калий деңгейін тұрақты бақылау, қажет болса, дер мезгілінде түзету және QT аралығына мониторинг өткізу керек.

Индапамидті және калий деңгейін төмендететін препараттарды (амфотерицин В вена ішіне, глюко- және минералокортикоидтарды жүйелі қолданғанда, тетракозактид, көтермелеуші іш жүргізетін дәрілер) бір мезгілде қолданғанда гипокалиемияның даму қаупі артады. Калий концентрациясын бақылау және, қажет болса, оны түзету керек. Іш жүргізетін дәрілерді тағайындау қажет болғанда ішек моторикасын көтермелеу әсері жоқ препараттарды пайдалану керек.

Оймақгүл препараттары: гипокалиемия және/немесе гипомагнемия, оймақгүлдің уытты әсеріне ықпал етеді. Қан плазмасындағы калий, магний деңгейіне және ЭКГ бақылауды мониторинг жүргізу және қажет болған жағдайда түзету ұсынылады.

Аллопуринол: индапамидпен бір мезгілде емдеу аллопуринолға аса жоғары сезімталдық реакцияларының жиілігін арттыруы мүмкін.

Калий жинақтаушы диуретиктер (амилорид, спиронолактон, триамтерен): Оңтайлы біріктірілімдер кейбір пациенттер үшін пайдалы болса да, гипокалиемия немесе гиперкалиемия (әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі немесе қант диабеті бар пациенттерде) әлі де көрінуі мүмкін. Қан плазмасының калий деңгейі мен ЭКГ мониторинг жүргізу қажет, қажет болған жағдайда емдеуді қайта қарастыру қажет.

Метформин қабылдау аясында болатын сүт қышқылды ацидоз, сірә, индапамидтің әсер етуі себеп болатын бүйректің функционалдық жеткіліксіздігімен байланысты. Егер сарысулық креатинин деңгейі ерлерде 1,5 мг/дл (135 мкмоль/л) және әйелдерде 1,2 мг/дл (110 мкмоль/л) мәнінен асып кетсе, метформинді пайдалануға болмайды.

Организмнің диурездік препараттарды қабылдаудан туындаған елеулі дегидратациясында құрамында йод бар контрастылы заттарды жоғары дозаларда қолдану аясында бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі артады. Құрамында йод бар контрастылы заттарды қолданар алдында регидратация жасау қажет.

Кальций тұздарымен бір мезгілде қолданғанда оның несеппен экскрециясының төмендеуі нәтижесінде қан плазмасында кальций мөлшері артуы мүмкін.

Циклоспоринді тұрақты қолдану аясында Ко-Пренесса® қолданылғанда тіпті су-электролит теңгерімі бұзылмаған жағдайда да плазмада креатинин деңгейі жоғарылайды.

Ко-тримоксазол (триметоприм/сульфаметоксазол): бір мезгілде ко-тримоксазол (триметоприм/ сульфаметоксазол) қабылдайтын пациенттерде гиперкалиемияның жоғары даму қаупі білінді.

Экстракорпоральді ем: Ауыр анафилактоидтық реакциялардың жоғары туындау қаупіне орай, жоғары гидравликалық өткізгіштігі бар белгілі бір жарғақшалармен (мысалы, полиакрилнитрил жарғақшалар) жасалатын диализ немесе гемофильтрация және декстран сульфатымен тығыздығы төмен липопротеиндер аферезі сияқты қанның теріс зарядталған беткейлермен жанасуына алып келетін экстракорпоральді емдеу. Егер осындай емдеу қажет болса, диализ жарғақшасының басқа типін немесе гипотензиялық препараттың басқа класын қолдануға назар аудару керек.

Сакубитрил/валсартан: Бір мезгілдегі неприлизин мен АӨФ тежелісі ангионевроздық ісінудің туындау қаупін арттыруы мүмкін екендіктен, периндоприлді сакубитрил/валсартанмен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді. Сакубитрил/валсартан қабылдауды периндоприлмен емнің соңғы дозасын қабылдаудан кейін 36 сағат өткенше бастауға болмайды. Периндоприлмен емді сакубитрил/валсартанның соңғы дозасын қабылдаудан кейін 36 сағат өткенше бастауға болмайды. АӨФ тежегіштерін циклоспоринмен бір мезгілде қолданғанда гиперкалиемия туындауы мүмкін. Қан сарысуында калий мөлшерін бақылау ұсынылады.

Гиперкалиемия АӨФ тежегіштерін гепаринмен бір мезгілде қолданғанда туындауы мүмкін. Қан сарысуындағы калий деңгейіне мониторинг ұсынылады.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ко-Пренесса® препараты күніне 1 таблеткадан, дұрысы, таңертең ас ішу алдында қабылданады. Егер артериялық қысым емдеудің 1 айы ішінде төмендемесе, дозаны екі еселеу қажет.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Kо-Пренесса® таблеткалары балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға ұсынылмайды, сондықтан да периндоприлдің тиімділігі мен жағымдылығы монотерапияда немесе біріктірілімде анықталмады.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде плазмадағы креатинин мөлшерінің көрсеткіштері жасына, салмағына және жынысына қарай түзетілуі тиіс. Егде жастағы пациенттерге препарат бүйрек функциясы сақталған жағдайда тағайындалады, осы орайда АҚ төмендеу дәрежесін бақылап отыру керек.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Препарат бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттерге қарсы көрсетілімді. Орташа айқын бауыр жеткіліксіздігінде дозаны түзету қажет емес.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Препарат бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесіндегі (КК 60 мл/минуттан аз) пациенттерге қарсы көрсетілімді.

Орташа бүйрек жеткіліксіздігінде (КК 30-60 мл/мин) ең жоғары тәуліктік доза – күніне Ко-Пренессаның бір таблеткасы.

КК ≥ 60 мл/мин пациенттерге дозаны түзету қажет емес.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қабылдау үшін.

Таблетканы таңертең тамақтану алдында қабылдаған дұрыс.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: жүрек айну, құсу, құрысулар, бас айналу, ұйқышылдық, сананың шатасуы, олигурия, ануриямен және су-электролит теңгерімінің бұзылуларымен қатар жүретін айқын гипотензия.

Емі: симптоматикалық, асқазанды адсорбенттермен және натрий сульфатымен жуып-шаю, сұйықтық тапшылығының орнын толтыру үшін вена ішіне ерітінділер енгізу, электролит теңгерімін түзету. Айқын гипотензия дамуында пациентті «жатқан» қалыпқа көшіру қажет, басы аласа болуы тиіс. Қажет болған жағдайда пациентті қарқынды емдеу палатасына жатқызады. Гемодиализ (полиакрил-нитрилді жоғары ағынды жарғақшаларды пайдаланбау керек).

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Егер сіз бір немесе бірнеше доза қабылдауды ұмытып кетсеңіз, келесісін еске түсірген бойда қабылдаңыз, ал артынан препаратты дәрігердің тағайындауына сәйкес қабылдауды жалғастырыңыз. Екі есе дозасын қабылдамаңыз.

Тоқтату симптомдары қаупінің болуына көрсетілім

Жоғары артериялық қысымды емдеу әдетте бүкіл өмір бойы жалғасатындықтан, осы дәрілік затты қабылдауды тоқтату алдында өз емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Осы дәрілік затты қабылдағанда өз емдеуші дәрігеріңіздің нұсқауларын үнемі нақтылықпен қадағалаңыз. Егер сізде препаратты дұрыс қолдануға қатысты күмән туындаса, өз емдеуші дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі

нұсқаулар

Препаратты қолдануға қатысты сауалдар туындағанда, өз емдеуші дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Артық дозалану

Симптомдары: жүрек айну, құсу, құрысулар, бас айналу, ұйқышылдық, сананың шатасуы, олигурия, ануриямен және су-электролит теңгерімінің бұзылуларымен қатар жүретін айқын гипотензия.

Емі: симптоматикалық, асқазанды адсорбенттермен және натрий сульфатымен жуып-шаю, сұйықтық тапшылығының орнын толтыру үшін вена ішіне ерітінділер енгізу, электролит теңгерімін түзету. Айқын гипотензия дамуында пациентті «жатқан» қалыпқа көшіру қажет, басы аласа болуы тиіс. Қажет болған жағдайда пациентті қарқынды емдеу палатасына жатқызады. Гемодиализ (полиакрил-нитрилді жоғары ағынды жарғақшаларды пайдаланбау керек).

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Егер сіз бір немесе бірнеше доза қабылдауды ұмытып кетсеңіз, келесісін еске түсірген бойда қабылдаңыз, ал артынан препаратты дәрігердің тағайындауына сәйкес қабылдауды жалғастырыңыз. Екі есе дозасын қабылдамаңыз.

Тоқтату симптомдары қаупінің болуына көрсетілім

Жоғары артериялық қысымды емдеу әдетте бүкіл өмір бойы жалғасатындықтан, осы дәрілік затты қабылдауды тоқтату алдында өз емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Осы дәрілік затты қабылдағанда өз емдеуші дәрігеріңіздің нұсқауларын үнемі нақтылықпен қадағалаңыз. Егер сізде препаратты дұрыс қолдануға қатысты күмән туындаса, өз емдеуші дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі

нұсқаулар

Препаратты қолдануға қатысты сауалдар туындағанда, өз емдеуші дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Шығарылу түрі

Ламинацияланған полиамидті/ алюминий/ поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынады.

Пішінді ұяшықты 3, 6 немесе 9 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 30 ºС-ден аспайтын температурада, ылғалдан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыКо Пренесса таблеткалары 2 мг/0,625 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube