daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Ко-Пренесса 8 Мг/2,5 Мг Таблетка №30 | KRKA d.d., Novo mesto

Таразе қаласындағы Ко-Пренесса 8 Мг/2,5 Мг Таблетка №30 | KRKA d.d., Novo mesto

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, екі беті сәл дөңес, бір жағында сызығы бар ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар.

Өндіруші:

KRKA d.d., Novo mesto

Өндіруші ел:

Республика Словения

Белсенді ингредиент:

Хориоидты жалқық, жедел миопия және салдарлы жабық бұрышты глаукома Құрамында сульфонамид немесе сульфонамид туындылары бар препараттар көру өрісінің түсуі, өткінші миопия және жедел жабық бұрышты глаукома арқылы хориоидты жалқыққа әкелетін идиосинкразиялық реакцияны тудыруы мүмкін. Симптомдар көру өткірлігі төмендеуінің жедел басталуын немесе көздің ауыруын қамтиды, әдетте, бұл препаратты қабылдау басталған сәттен бастап бірнеше сағат ішінде бір аптаға дейін байқалады. Жедел жабық бұрышты глаукомаға емдеу жүргізілмеуі қайтымсыз көрмей қалуға әкелуі мүмкін. Бастапқы емдеу дәрілік зат қабылдауды шұғыл тоқтатумен жүзеге асады. Бақыланбайтын көзішілік қысым кезінде дереу медициналық немесе хирургиялық емдеу қажет болуы мүмкін. Жедел жабық бұрышты глаукоманы дамытатын қауіп факторлары өзінде сульфонамидке немесе пенициллинге аллергиялық реакциялардың анамнезде болуын қамтуы мүмкін. Қосымша заттар Осы дәрілік препарат құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, жалпы лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы бар пациенттер бұл препаратты қабылдамауы тиіс. Препарат құрамында дозасына 1 ммоль-ден аз натрий (23 мг) бар, яғни іс жүзінде натрий жоқ деуге болады. Педиатрияда қолдану Ко-Пренесса® препаратын балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге тағайындауға болмайды. Жүктілік немесе лактация кезінде Ко-Пренесса® препаратын жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдану қарсы көрсетілімді. Біріктірілген препараттың жекелеген компоненттерінің жүктілік пен лактацияға ықпалын ескеріп, Ко-Пренессаны жүктіліктің бірінші, екінші және үшінші триместрінде қабылдауға кеңес берілмейді. Ко-Пренессаны бала емізген уақытта қабылдау ұсынылмайды. Сондықтан ана үшін осы емді қолданудың маңыздылығына қарай не бала емізуді тоқтату, не Ко-Пренесса® қабылдауды тоқтату шешімін қабылдау қажет. Жүктілік Периндоприлмен байланысты: Жүктіліктің бірінші триместрінде АӨФ тежегіштерін қабылдау ұсынылмайды. Жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде АӨФ тежегіштерін қабылдау қарсы көрсетілімді. Жүктіліктің бірінші триместрінде АӨФ тежегіштерін қабылдаудан кейінгі тератогенділік ақауларының даму қаупіне қатысты эпидемиологиялық деректер сенімді емес; сонымен қатар қауіп дәрежесінің сәл артуын жоққа шығару мүмкін болмайды. Егер АӨФ тежегіштерімен үздіксіз емдеу қажет болса, жүктілікті жоспарлап жүрген пациент әйелдер жүктілік уақытында қолдану қауіпсіздігі дәлелденген гипотензиялық басқа препараттарға ауыстырылуы тиіс. Жүктілік дерегі анықталғанда АӨФ тежегіштерімен емдеуді дереу тоқтату, ал қажет болса, баламалы емдеуді бастау керек. Жүктіліктің екінші және үшінші триместрлерінде АӨФ тежегіштерімен емдеудің адамда фетоуытты болатыны (бүйрек функциясының нашарлауы, олигогидрамнион, бассүйек сүйектерінің оссификация кідірісі) және жаңа туған нәрестеге уыттылық әсерін көрсететіні (бүйрек жеткіліксіздігі, гипотензия, гиперкалиемия) дәлелденді. Жүктіліктің екінші триместрінен бастап АӨФ тежегіштерін қабылдаған жағдайда бүйрек функциясына және бассүйек қалыптасуына ультрадыбыстық бақылау жүргізу ұсынылады. Аналары АӨФ тежегіштерін қабылдаған балалар гипотензияға қатысты мұқият қадағалануы тиіс. Индапамидпен байланысты: Индапамидті жүкті әйелдерде қолдану деректері жоқ немесе шектеулі (300-ден аз жүктілік нәтижесі). Жүктіліктің үшінші триместрінде тиазидтерді ұзақ уақыт қабылдау ананың плазма көлемінің азаюына, сондай-ақ жатыр-плаценталық қан ағымының төмендеуіне әкелуі мүмкін, өз кезегінде, бұл фето-плаценталық ишемияға және өсу кідірісіне түрткі болуы мүмкін. Алдын ала сақтану шарасы ретінде индапамидті жүктілік кезеңінде пайдаланудан сақтанған дұрыс. Бала емізу Ко-Пренесса® бала емізу кезінде ұсынылмайды. Периндоприлмен байланысты: Периндоприлді бала емізу кезінде қолдану жөнінде деректер жоқ болғандықтан, периндоприлді осы кезеңде қолдану ұсынылмайды және бала емізген уақытта, әсіресе, жаңа туған нәрестелерді немесе шала туған балаларды қоректендіру кезінде қолдану қауіпсіздігі дәлелденген басқа препараттарды қолданған дұрыс. Индапамидпен байланысты: Индапамид пен оның метаболиттерінің емшек сүтіне өтуі туралы ақпарат жеткіліксіз. Сульфонамид туындыларына жоғары сезімталдық және гипокалиемия туындауы мүмкін. Жаңа туған нәрестелер/сәбилер үшін қаупін жоққа шығаруға болмайды. Индапамид бала емізу кезінде лактацияның төмендеуіне немесе тіпті бәсеңдеуіне әкелетін тиазидтік диуретиктермен өзара тығыз байланысты. Индапамидті бала емізген уақытта ұсынылмайды. Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Кейбір пациенттерде бас айналу немесе әлсіреу сияқты артериялық қысымның төмендеуіне байланысты жеке реакциялар туындауы мүмкін. Бұл автокөлікті басқару немесе құрал-жабдықпен жұмыс істеу қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін.

Белсенді заттың дозасы:

8 мг/2,5 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Бір мезгілде тағайындалған периндоприлмен және индапамидпен сол дозалар деңгейінде артериялық қысымы бақыланып жүрген пациенттерде эссенциялық гипертензияны емдеу үшін орын басу емі ретінде.

Қарсы көрсеткіштер

- периндоприлге, индапамидке, АӨФ тежегіштеріне және сульфонамидтерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- анамнездегі АӨФ тежегіштерімен бұрын жүргізілген еммен байланысты ангионевроздық ісіну (Квинке ісінуі)

- тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну

- айқын немесе орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі (КК < 60 мл/мин)

- гемодиализ немесе қан сүзілісінің басқа түрлері

- бауыр энцефалопатиясы

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- гипокалиемия

- жазылмайтын декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

- қант диабеті немесе бүйрек функциясының бұзылуы (ШСЖ < 60 мл/мин/1,73 м2) бар пациенттерде құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану

- емделмейтін декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге

- жүрек жеткіліксіздігінде қолданылатын сакубитрил/валсартан қабылдау

- бүйректің қанмен қамтылуы төмендеп кететін бүйрек ауруы (бүйрек артериясының стенозы)

- жүктілік және бала емізу кезеңі

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге (дәрілік препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде деректер болмауына байланысты)

Өзара әрекеттесуі

Периндоприл мен индапамид үшін ортақ жайттар

Ұсынылмайтын біріктірілімдер

Литий

Литий препараттары мен АӨФ тежегіштерін бір мезгілде қолданғанда сарысуда литий концентрациялары қайтымды жоғарылаған жағдайлар және уыттылық жағдайлары байқалды. Периндоприлді индапамидпен және литий препараттарымен біріктірілімде қолдану ұсынылмайды, бірақ, егер біріктіріп қабылдау қажет болса, қан сарысуында литий деңгейіне мұқият мониторинг өткізу керек.

Айрықша сақтануды талап ететін біріктірілімдер

Баклофен АӨФ тежегіштерінің гипотензиялық әсерін күшейтеді. АҚ және бүйрек функциясына, сондай-ақ гипотензиялық препарат дозасының дұрыстығына мониторинг өткізу қажет.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) (≥3 г/күн ацетилсалицил қышқылын қоса): АӨФ тежегіштері мен қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (мысалы, қабынуға қарсы емге қажетті дозалардағы ацетилсалицил қышқылы, ЦОГ-2 тежегіштері және селективті емес ҚҚСД) бір мезгілде қабылдағанда гипотензиялық әсерінің әлсіреуін байқауға болады. ҚҚСД және АӨФ тежегіштерін бір мезгілде қолдану, бүйректің жедел жеткіліксіздігінің дамуын қоса, бүйрек функциясының бұзылу қаупінің артуына, сондай-ақ, әсіресе, бүйрек функциясының бұзылуы бұрыннан бар пациенттерде сарысулық калий мөлшерінің көбеюіне әкелуі мүмкін. Атап көрсетілген препараттар біріктірілімін, әсіресе, егде жастағы пациенттерде абайлап қолдану керек. Пациенттер сұйықтықты жеткілікті көлемде ішуі тиіс, сондай-ақ біріктірілген ем тағайындалғанда және ол аяқталған соң мезгіл-мезгіл бүйрек функциясын бақылап отыру керек.

Айрықша сақтануды талап ететін біріктірілімдер

Имипрамин типті антидепрессанттар (трициклды антидепрессанттар), нейролептиктер гипотензиялық әсерді күшейтеді және ортостаздық гипотензияның даму қаупін арттырады (аддитивті әсер).

Кортикостероидтар, тетракозактидтер гипотензиялық әсерді төмендетеді (кортикостероидтар қабылдау нәтижесінде болатын тұз және су іркілісі).

Гипертензияға қарсы басқа дәрілік препараттарды периндоприл/индапамидпен қолдану артериялық қысымның қосымша төмендеу әсеріне әкелуі мүмкін.

Периндоприлмен байланысты:

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін (РААЖ) қосарлы блокада АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II рецепторларының блокаторларын немесе алискиренді біріктіріп қолдану арқылы, РААЖ бөгейтін бір препаратпен салыстырғанда, артериялық гипотензия, гиперкалиемия және бүйрек функциясының төмендеуі (оның ішінде бүйректің жедел жеткіліксіздігі) сияқты жағымсыз әсерлердің өте жоғары жиілігімен байланысты.

Біріктіріп қабылдау қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз):

Алискирен: қант диабетінен немесе бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін пациенттерде гиперкалиемияның туындау, бүйрек функциясының нашарлау, жүрек-қантамыр ауруларының даму және жүрек-қантамырлық аурулардан өлімге ұшырау қаупі артады.

Экстракорпоральді ем: Ауыр анафилактоидтық реакциялардың жоғары туындау қаупіне орай, жоғары гидравликалық өткізгіштігі бар белгілі бір жарғақшалармен (мысалы, полиакрилнитрилді жарғақшалар) жасалатын диализ немесе гемофильтрация және декстран сульфатымен тығыздығы төмен липопротеиндер аферезі сияқты қанның теріс зарядталған беткейлермен жанасуына алып келетін экстракорпоральді емдеу. Егер осындай емдеу қажет болса, диализ жарғақшасының басқа типін немесе гипотензиялық препараттың басқа класын қолдануға назар аудару керек.

Сакубитрил/валсартан: Бір мезгілдегі неприлизин мен АӨФ тежелісі ангиоэдеманың туындау қаупін арттыруы мүмкін екендіктен, периндоприлді сакубитрил/валсартанмен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді. Сакубитрил/валсартан қабылдауды периндоприлмен емнің соңғы дозасын қабылдаудан кейін 36 сағат өткенше бастауға болмайды. Периндоприлмен емді сакубитрил/валсартанның соңғы дозасын қабылдаудан кейін 36 сағат өткенше бастауға болмайды.

Ұсынылмайтын біріктірілімдер:

Алискирен: қант диабетінен немесе бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін пациенттерден басқа пациенттерде гиперкалиемияның туындау, бүйрек функциясының нашарлау, жүрек-қантамыр ауруларының даму және жүрек-қантамырлық аурулардан өлімге ұшырау қаупі артады.

АӨФ тежегішімен және ангиотензин рецепторларының блокаторымен біріктірілген ем: Әдеби деректерде нысана-мүшенің зақымдануымен ауыр атеросклероз ауруы, жүрек жеткіліксіздігі немесе қант диабеті бар пациенттерде АӨФ тежегішімен және ангиотензин рецепторларының блокаторымен біріктірілген емнің, ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін бір препаратты қабылдаумен салыстырғанда, гипотензия, естен тану, гиперкалиемия дамуының және бүйрек функциясы нашарлауының (бүйректің жедел жеткіліксіздігін қоса) өте жоғары жиілігімен теңесетіні атап көрсетіледі. Қосарлы блокада (мысалы, АӨФ тежегішін ангиотензин II рецепторларының блокаторымен біріктіру арқылы) бөлек алынған жағдайлармен шектелуі және бүйрек функциясына, калий деңгейіне және артериялық қысымға мұқият мониторинг өткізумен қатар жүруі тиіс.

Эстрамустин: ангионевроздық ісіну (ангиоісіну) сияқты жағымсыз реакциялардың жоғарылау қаупі.

Ко-тримоксазол (триметоприм/сульфаметоксазол):

Бір мезгілде ко-тримоксазол (триметоприм/сульфаметоксазол) қабылдайтын пациенттер гиперкалиемияның жоғары қаупіне ұшырауы да мүмкін.

Калий жинақтайтын диуретиктер (мысалы, триамтерен, амилорид және т.б.), калий (тұздар): Гиперкалиемия (өліммен аяқталу қаупі зор), әсіресе, бүйрек жеткіліксіздігімен біріккен (аддитивті гиперкалиемиялық әсер).

Периндоприлді осы дәрілік препараттармен біріктіріп қабылдау ұсынылмайды. Егер осы препараттарды қатарлас қолдану бәрібір көрсетілген болса, оларды қабылдағанда ерекше сақ болу және қан сарысуындағы калий мөлшеріне жиі мониторинг өткізу керек. Жүрек жеткіліксіздігінде спиронолактон қолдану туралы ақпаратты «Айрықша сақтануды талап ететін біріктірілімдер» бөлімінен қараңыз.

Айрықша сақтануды талап ететін біріктірілімдер:

Диабетке қарсы дәрілер (инсулин, пероральді гипогликемиялық препараттар): эпидемиологиялық зерттеулер АӨФ тежегіштерін және диабетке қарсы препараттарды (инсулиндер, пероральді гипогликемиялық препараттар) біріктіріп қабылдау гипогликемияның басталу қаупіне ұласатын қандағы глюкоза деңгейінің төмендеу әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін екенін көрсетті. Осындай оқиғалардың басталуы біріктіріп емдеудің алғашқы апталарында және бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде көбірек ықтималды.

Калий жинақтамайтын диуретиктер: Диуретиктер қабылдайтын пациенттерде, әсіресе, АҚК азаюы және/немесе тұздар тапшылығы бар пациенттерде АӨФ тежегіштерімен емнің басында артериялық қысымның едәуір төмендеуін байқауға болады. Төмен дозадағы периндоприлмен емдеуді бастар алдында, оны кейіннен біртіндеп арттыра отырып, диуретиктер қабылдауды тоқтатумен, АҚК немесе тұз тұтынуды арттырумен гипотензиялық әсер ету ықтималдығын төмендетуге болады.

Артериялық гипертензияда, егер осының алдында диуретиктермен емдеу тұз тапшылығын/АҚК азаюын туындатса, АӨФ тежегішімен емді бастар алдында кейіннен калий жинақтамайтын диуретик енгізумен диуретик қабылдауды тоқтату немесе АӨФ тежегішін қабылдауды біртіндеп арттыратын төмен дозадан бастау қажет.

Диуретиктер қабылдау қажет болатын жүректің іркілісті жеткіліксіздігінде, мүмкіндігінше, қатарлас калий жинақтамайтын диуретик дозасын алдын ала азайтудан кейін АӨФ тежегішін қабылдауды өте төмен дозадан бастау керек.

Барлық жағдайларда АӨФ тежегішімен ем басталуынан кейінгі алғашқы бірнеше аптаның ішінде бүйрек функциясына (креатинин деңгейіне) мұқият мониторинг өткізу қажет.

Калий жинақтайтын диуретиктер (эплеренон, спиронолактон): Эплеренон немесе спиронолактонды 12,5 мг/тәуліктен бастап 50 мг/тәулікке дейінгі дозаларда және АӨФ тежегіштерінің төмен дозаларын қабылдағанда:

Осының алдындағы АӨФ тежегіштерімен және ілмекті диуретиктермен ем жүргізілуімен лықсыту фракциясы <40% болатын II-IV класты жүрек жеткіліксіздігін (NYHA жіктеуі бойынша) емдегенде, әсіресе, препараттардың осы біріктірілімін тағайындау бойынша нұсқаулар қадағаланбаған жағдайда өліммен аяқталу қаупі зор гиперкалиемияның даму қаупі бар.

Препараттардың осы біріктірілімін тағайындамас бұрын пациентте гиперкалиемия мен бүйрек жеткіліксіздігінің жоқ екеніне көз жеткізген жөн.

Емнің алғашқы айының ішінде аптасына бір рет, ал артынан айына бір рет калиемия мен креатинемия мониторингін өткізу ұсынылады..

Рацекадотрил: АӨФ тежегіштерінің (мысалы, периндоприл) ангионевроздық ісінудің туындауына себеп болатыны белгілі. Бұл қауіп оларды рацекадотрилмен (жедел диареяда қолданылатын препарат) біріктірілімде қолданғанда артады.

mTOR тежегіштері (мысалы, сиролимус, эверолимус, темсиролимус): mTOR тежегіштерімен біріктірілген емнен өтетін пациенттер ангионевроздық ісінудің жоғары туындау қаупіне ұшырауы мүмкін.

Сақтануды талап ететін біріктірілімдер:

Гипотензиялық және тамыр кеңейтетін препараттар: Осы препараттарды біріктіріп қабылдау периндоприлдің гипотензиялық әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Нитроглицерин мен басқа нитраттарды немесе тамыр кеңейтетін басқа дәрілерді қатарлас қабылдау одан әрі артериялық қысым төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Аллопуринол, цитостатикалық немесе иммунодепрессиялық заттар, жүйелі кортикостероидтар немесе прокаинамид: осы препараттарды АӨФ тежегіштерімен біріктіріп қабылдағанда лейкопения қаупі артады («Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз).

Анестезиялық препараттар: АӨФ тежегіштері кейбір анестезиялық препараттардың гипотензиялық әсерін күшейтуі мүмкін («Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз).

Глиптиндер (линаглиптин, саксаглиптин, ситаглиптин, вилдаглиптин): АӨФ тежегішін қабылдайтын пациенттерде глиптин қабылдаумен байланысты дипептидилпептидаза IV белсенділігінің төмендеуі салдарынан ангионевроздық ісінудің даму қаупі артады.

Симпатомиметиктер: Симпатомиметиктер АӨФ тежегіштерінің гипотензиялық әсерін төмендетуі мүмкін.

Алтын: сирек жағдайларда инъекциялық алтын препараттарымен (натрий ауротималаты) және, периндоприлді қоса, АӨФ тежегіштерімен бір мезгілде емделіп жүрген пациенттерде вазомоторлық реакциялар (бетке қан тебу, жүрек айну, құсу және гипотензия сияқты симптомдар) туындады.

Арнайы нұсқаулар

Глиптиндер (линаглиптин, саксаглиптин, ситаглиптин, вилдаглиптин): АӨФ тежегішін қабылдайтын пациенттерде глиптин қабылдаумен байланысты дипептидилпептидаза IV белсенділігінің төмендеуі салдарынан ангионевроздық ісінудің даму қаупі артады.

Симпатомиметиктер: Симпатомиметиктер АӨФ тежегіштерінің гипотензиялық әсерін төмендетуі мүмкін.

Алтын: сирек жағдайларда инъекциялық алтын препараттарымен (натрий ауротималаты) және, периндоприлді қоса, АӨФ тежегіштерімен бір мезгілде емделіп жүрген пациенттерде вазомоторлық реакциялар (бетке қан тебу, жүрек айну, құсу және гипотензия сияқты симптомдар) туындады.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Әдеттегі доза Ко-Пренессаның күніне 8 мг/2,5 мг бір таблеткасын құрайды, оны таңертең ас ішу алдында қабылдаған дұрыс.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Кo-Пренесса® 8 мг/2,5 мг таблеткалары балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға ұсынылмайды, өйткені осы жас тобындағы пациенттерде периндоприлдің монотерапиядағы немесе біріктірілімдегі тиімділігі мен жағымдылығы анықталмады.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде плазмадағы креатинин мөлшері жас, салмақ және жыныс ерекшелігіне сәйкес түзетілуі тиіс. Егде жастағы пациенттерді емдеуді, егер бүйректің функционалдық жай-күйі қалып шегінде болса, АҚ бақылауынан кейін бастауға болады.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде препаратпен емдеу қарсы көрсетілімді.

Бауыр жеткіліксіздігінің орташа дәрежесіндегі пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр және орташа дәрежесіндегі пациенттерде (КК< 60 мл/мин) препаратпен емдеу қарсы көрсетілімді.

Осы пациенттерді кейіннен медициналық қадағалауда қандағы креатинин және калий мөлшеріне жүйелі мониторинг қамтылуы тиіс.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қабылдау үшін.

Емдеу ұзақтығы

Кo-Пренесса® препаратымен емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер түзетеді.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: артериялық қысымның айқын төмендеуі, жүрек айну, құсу, құрысулар, бас айналу, ұйқысыздық, полиурия немесе олигурия, анурия, брадикардия, су-электролит теңгерімінің бұзылуы.

Емі: асқазанды шаю және/немесе белсендірілген көмір тағайындау. АҚ елеулі төмендеуінде пациентті басын аласартып, жатқан қалыпқа көшіру керек. Медициналық мекемеде жасалатын келесі шаралар су-электролит теңгерімін қалыпқа келтіруге бағытталуы тиіс, симптоматикалық ем. Спецификалық антидоты жоқ.

Периндоприлдің белсенді метаболиті - периндоприлат диализбен шығарылуы мүмкін.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Тұрақты емдеу өте тиімді екендіктен, препаратты күнделікті қабылдау маңызды. Бірақ егер сіз Ко-Пренесса® дозасын қабылдауды ұмытып кетсеңіз, келесісін әдеттегі уақытта қабылдаңыз.

Сізге өткізіп алған мөлшерінің орнына препараттың екі есе дозасын қабылдауға болмайды.

Тоқтату симптомдары қаупінің болуына көрсетілім

Жоғары артериялық қысымды емдеу әдетте бүкіл өмір бойы жалғасатындықтан, осы дәрілік затты қабылдауды тоқтату алдында өз емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Осы дәрілік затты қабылдағанда өз емдеуші дәрігеріңіздің нұсқауларын үнемі нақтылықпен қадағалаңыз

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар

Препаратты қолдануға қатысты сауалдар туындағанда, емдеуші дәрігер кеңесіне жүгінген жөн.

Артық дозалану

Симптомдары: артериялық қысымның айқын төмендеуі, жүрек айну, құсу, құрысулар, бас айналу, ұйқысыздық, полиурия немесе олигурия, анурия, брадикардия, су-электролит теңгерімінің бұзылуы.

Емі: асқазанды шаю және/немесе белсендірілген көмір тағайындау. АҚ елеулі төмендеуінде пациентті басын аласартып, жатқан қалыпқа көшіру керек. Медициналық мекемеде жасалатын келесі шаралар су-электролит теңгерімін қалыпқа келтіруге бағытталуы тиіс, симптоматикалық ем. Спецификалық антидоты жоқ.

Периндоприлдің белсенді метаболиті - периндоприлат диализбен шығарылуы мүмкін.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Тұрақты емдеу өте тиімді екендіктен, препаратты күнделікті қабылдау маңызды. Бірақ егер сіз Ко-Пренесса® дозасын қабылдауды ұмытып кетсеңіз, келесісін әдеттегі уақытта қабылдаңыз.

Сізге өткізіп алған мөлшерінің орнына препараттың екі есе дозасын қабылдауға болмайды.

Тоқтату симптомдары қаупінің болуына көрсетілім

Жоғары артериялық қысымды емдеу әдетте бүкіл өмір бойы жалғасатындықтан, осы дәрілік затты қабылдауды тоқтату алдында өз емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Осы дәрілік затты қабылдағанда өз емдеуші дәрігеріңіздің нұсқауларын үнемі нақтылықпен қадағалаңыз

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар

Препаратты қолдануға қатысты сауалдар туындағанда, емдеуші дәрігер кеңесіне жүгінген жөн.

Жанама әсерлері

Жиі (10 адамнан 1-не дейін зақымдауы мүмкін)

- төмен артериялық қысымға байланысты қатты бас айналу немесе естен тану

Сирек (100 адамнан 1-не дейін зақымдауы мүмкін)

- бронх түйілу (кеуде қуысының қысылу сезімі, сырылдар және ентігу)

- бет, ерін, ауыз, тіл немесе тамақтың ісінуі, тыныс тарылуы (ангионевроздық ісіну)

Өте сирек (10 000 адамнан 1-не дейін болуы мүмкін)

- терінің ауыр реакциялары, мультиформалы эритеманы (беттегі, қол мен аяқтағы қышытатын қызыл дақтардан жиі басталатын тері бөртпесі) немесе терінің қарқынды бөртпесін, есекжемді, бүкіл дене терісінің қызаруын, қатты қышынуды, сулы бөртпені, терінің қабыршақтануы мен ісінуін, шырышты қабықтардың қабынуын (Стивенс-Джонсон синдромы) немесе басқа аллергиялық реакцияларды қоса

- жүрек-қантамыр бұзылулары (жүректің жүйесіз соғуы, стенокардия (физикалық күш түсіруден болатын кеуденің, жақсүйектің және арқаның ауыруы), миокард инфарктісі)

- болжамды инсульт белгісі болуы мүмкін қолдың немесе аяқтың әлсіреуі немесе сөйлеу кінәраттары

- хал-ахуалдың күрт нашарлауымен қатар жүретін іштің немесе арқаның қатты ауыруын туғызуы мүмкін ұйқы безінің қабынуы

- гепатит белгісі болуы мүмкін терінің немесе көз ақуызының сарғаюы (сары ауру)

Белгісіз (қолда бар деректер бойынша жиілігін бағалау мүмкін емес)

- өмірге қатерлі жүректің жүйесіз соғуы

- бауыр аурулары тудыратын ми ауруы (бауыр энцефалопатиясы)

- бұлшықеттердің құрысуы, бұлшықет әлсіздігі, рабдомиолиз

Шығарылу түрі

OPA/Al/PVC үлбірінен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынады.

Пішінді ұяшықты 3, 6 немесе 9 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 30 °С-ден аспайтын температурада, ылғалдан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыКо-Пренесса 8 мг/2,5 мг таблетка №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube