daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Ампуладағы Комплигам 2 Мл №5 | Сотекс ФармФирма ЗАО

Таразе қаласындағы Ампуладағы Комплигам 2 Мл №5 | Сотекс ФармФирма ЗАО
Сипаттама:

Өзіне тән арнайы иісі бар қызғылт-қызыл түсті мөлдір сұйықтық.

Өндіруші:

Сотекс ФармФирма ЗАО

Өндіруші ел:

Российская Федерация

Белсенді ингредиент:

пиридоксин гидрохлориді – 100 мг цианокобаламин – 1,0 мг лидокаин гидрохлориді – 20 мг, қосымша заттар: бензил спирті, натрий полифосфаты, калий феррицианиді, натрий гидроксидінің ерітіндісі, инъекцияға арналған су.

Қаптамадағы саны:

5 шт

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Алиментарлық түрде түзетілуге келмейтін, В1, В6 және В12 дәрумендерінің дәлелденген тапшылығына байланысты жүйелік неврологиялық аурулар кезінде кешенді емде қолдану.

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;

декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, жүрек өткізгіштігінің ауыр бұзылулары;

жүктілік және бала емізу кезеңі;

балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Өзара әрекеттесуі

В1 дәрумені

Тиамин құрамында сульфиттер бар ерітінділерде толығымен ыдырайды. Басқа дәрумендердің белсенділігі В1 дәрумені ыдырату өнімдерінің ықпалымен жойылады. Тиамин тотықтырғыш заттармен, сынап хлоридімен, йодидпен, карбонатпен, ацетатпен, танин қышқылымен, темірдің аммоний-цитратымен, сондай-ақ фенобарбиталмен, рибофлавинмен, бензил-пенициллинімен, декстрозамен және метабисульфитпен үйлесімсіз. Мыс тиаминнің ыдырауын жеделдетеді; бұдан басқа, тиамин рН мәндері артқанда (рН 3-тен аса) өз әсерін жояды.

В6 дәрумені

Пиридоксинді леводопамен бір мезгілде тағайындамайды, өйткені соңғысының әсері әлсірейді.

Сонымен қатар В6 дәруменінің циклосеринмен, D-пеницилламинмен, эпинефринмен, норэпинефринмен, сульфонамидтермен өзара әрекеттесуі жүріп, пиридоксиннің әсерін кемітуі мүмкін.

В12 дәрумені

Цианокобаламин тиамин туғызған аллергиялық реакцияларды күшейтеді. Цианокобаламин аскорбин қышқылымен, ауыр металдар тұздарымен үйлесімсіз.

Препараттың құрамында лидокаин бар болғандықтан, адреналин мен норадреналин қосымша пайдаланылған жағдайда, жүрекке жағымсыз әсер күшейіп кетеді. Жергілікті жансыздандыратын дәрілермен артық дозаланған жағдайда адреналин мен норадреналинді қосымша қолдануға болмайды.

Арнайы ескертулер

Препаратты өте жылдам енгізгенде бас айналуы, аритмия, құрысулар пайда болуы мүмкін (аталған симптомдар препаратпен артық дозаланудың нәтижесі болуы ықтимал).

2 мл препараттың құрамында 40 мг бензил спирті бар, ол 3 жасқа дейінгі сәбилер мен балаларда уытты және анафилактоидтық реакцияларды тудыруы мүмкін.

Педиатрияда қолдану

Препарат балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезеңінде

Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде КомплигамВ® препаратын қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Дәрілік заттың жағымсыз әсерлерін ескеріп, көлік басқарғанда және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істегенде сақтық шараларын қадағалау қажет.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Айқын ауыру синдромында емді күнделікті 2 мл препаратты бұлшықет ішіне енгізуден (терең) бастаған жөн.

Енгізу әдісі және жолы

Бұлшықет ішіне (терең).

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Тәулігіне бір рет.

Емдеу ұзақтығы

Жеңіл дәрежеде инекция (2-3 апта бойына аптасына 2-3 рет) жүргізу керек.

Әрі қарайғы емді препаратты ішке қабылдау арқылы жүргізіледі.

Ең жоғары бір реттік доза - 2,0 мл,

Ең жоғары тәуліктік доза - 2,0 мл,

Емдеу курсының ұзақтығы мен мерзімділігін дәрігер белгілейді.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар

Симптомдары - препараттың жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі - симптоматикалық. Арнайы антидоты жоқ.

Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге жүгіну жөнінде ұсынымдар

Бұл препаратты әрқашанда емдеуші дәрігердің ұсыныстарына сәйкес қолданыңыз. Кез келген күмәнділік туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге хабарласыңыз.

Шығарылу түрі

2 мл-ден түрлі-түсті сындыру сақинасы немесе түрлі-түсті нүктесі мен кертігі бар жарықтан қорғайтын I типті шыны ампулаларда. Ампулаларға қосымша бір, екі немесе үш түрлі-түсті сақина және/немесе екі өлшемді штрих-код және/немесе әріп-сандық кодтау немесе қосымша түрлі-түсті сақинасыз, екі өлшемді штрих-кодсыз, әріп-сандық кодтаусыз салынады.

5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден және полимерлі үлбірден немесе үлбірсіз жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан қазақ және орыс тілдерінде қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 2 ºС-ден 8ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

2 ºС-ден төмен температурада сақтауға және тасымалдауға жол берілмейді.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Көлемі

2 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыампуладағы Комплигам 2 мл №5 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube