daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Лазолван Ингаляцияға Арналған Ерітінді 15 Мг/2 Мл 100 Мл | Берингер Ингельхайм Австрия

Таразе қаласындағы Лазолван Ингаляцияға Арналған Ерітінді 15 Мг/2 Мл 100 Мл | Берингер Ингельхайм  Австрия
Сипаттама:

Мөлдір, түссіз немесе аздап қоңырлау түсті ерітінді.

Халықаралық атауы:

Амброксол

Өндіруші:

Берингер Ингельхайм Австрия

Өндіруші ел:

Итальянская Республика

Белсенді ингредиент:

емдеуші дәрігер ұсынған жағдайларды қоспағанда, 6 жасқа дейінгі балалар

Белсенді заттың дозасы:

15 мг/2 мл

Дәрілік түрі:

Лазолван®, ингаляцияға арналған ерітінді 15 мг/2 мл, 100 мл

Қаптамадағы саны:

1 шт

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Секрецияның бұзылуымен және қақырық түсуінің қиындауымен (қақырықты тиімді шығару және жөтелді жеңілдету үшін) сипатталатын тыныс алу жүйесінің жедел және созылмалы ауруларында секретолитикалық ем ретінде.

Қарсы көрсеткіштер

белсенді затқа (амброксол гидрохлоридіне) немесе препараттың қосымша компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

емдеуші дәрігер ұсынған жағдайларды қоспағанда, 6 жасқа дейінгі балалар

Сақтық шаралары

Барлық ингаляциялық дәрілер бронх түйілуін тудыруы мүмкін. Осылайша, Лазолван® ингаляцияға арналған 15 мг/2 мл ерітінді бронх аса жоғары сезімталдығы және/немесе анықталған атопиясы бар пациенттерде қолданылмауы тиіс.

Амброксол гидрохлоридін қолданғанда мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз және жедел жайылған экзантематозды пустулез сияқты терінің ауыр зақымдану жағдайлары тіркелген.

Үдемелі тері бөртпесінің симптомдары немесе белгілері болған кезде (кейде күлдіреуік немесе шырышты қабықтың зақымдалуымен бірге болатын) амброксол гидрохлоридін қабылдауды дереу тоқтатып, дәрігерге жүгіну керек. Бронх моторикасы бұзылған және көп секрециясы бар пациенттерге (мысалы, сирек бастапқы цилиарлы дискинезия кезінде) Лазолван® ингаляцияға арналған 15 мг/2 мл ерітіндіні секреттің жинақталу қаупіне байланысты сақтықпен қолдану керек.

Бүйрек функциясының бұзылуы немесе бауырдың ауыр ауруы болған кезде Лазолван® препаратын дәрігердің кеңесінен кейін ғана қолдануға болады. Амброксол, бауырда метаболизденетін және бүйрекпен шығарылатын кез-келген белсенді зат сияқты, бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде бауырда метаболиттердің жиналуын тудыруы мүмкін.

Лазолван® препаратының құрамында бензалконий хлориді консерванты бар. Ингаляция қолданған кезінде бензалконий хлориді бронх түйілуінің себебі болуы мүмкін, әсіресе демікпесі бар пациенттерде.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Лазолван® препаратын муковисцидоз немесе бронхоэктатикалық ауру сияқты бұрыннан бар респираторлық аурулары бар, қақырық гиперсекрециясынан зардап шегетін пациенттерде жөтелге қарсы препараттармен біріктіріп бір мезгілде қабылдау, жөтел рефлексінің төмендеуі секрецияның (қауіпті) жиналуына әкелуі мүмкін.

Арнайы ескертулер

Жүктілік және лактация кезінде

Жүктілік

Амброксол гидрохлориді плаценталық бөгет арқылы өтеді.

Бірақ жүктілік кезінде кез-келген дәрі қабылдауға қатысты әдеттегі сақтық шараларын сақтау керек. Дегенмен, Лазолван® ерітіндісін жүктіліктің I триместрі кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Бала емізу

Лазолван® ингаляцияға арналған ерітіндіні бала емізу кезеңінде қабылдау ұсынылмайды.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Зерттеулер жүргізілмеген. Маркетингтен кейінгі кезеңде препараттың автомобильді немесе механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету жағдайлары туралы хабарламалар жоқ.

Өзара әрекеттесуі

Лазолван® препаратын муковисцидоз немесе бронхоэктатикалық ауру сияқты бұрыннан бар респираторлық аурулары бар, қақырық гиперсекрециясынан зардап шегетін пациенттерде жөтелге қарсы препараттармен біріктіріп бір мезгілде қабылдау, жөтел рефлексінің төмендеуі секрецияның (қауіпті) жиналуына әкелуі мүмкін.

Арнайы ескертулер

Жүктілік және лактация кезінде

Жүктілік

Амброксол гидрохлориді плаценталық бөгет арқылы өтеді.

Бірақ жүктілік кезінде кез-келген дәрі қабылдауға қатысты әдеттегі сақтық шараларын сақтау керек. Дегенмен, Лазолван® ерітіндісін жүктіліктің I триместрі кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Бала емізу

Лазолван® ингаляцияға арналған ерітіндіні бала емізу кезеңінде қабылдау ұсынылмайды.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Зерттеулер жүргізілмеген. Маркетингтен кейінгі кезеңде препараттың автомобильді немесе механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету жағдайлары туралы хабарламалар жоқ.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер мен 6 жастан асқан балалар:

Әдеттегі доза күніне бір рет немесе екі рет ингаляцияға арналған 2-3 мл ерітіндіні құрайды (күніне бір рет немесе екі рет 15-22.5 мг амброксол хлоридіне баламалы).

Енгізу әдісі мен жолы

Ингаляциялық

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Лазолван® ингаляцияға арналған ерітіндіні күніне бір рет немесе екі рет (күніне бір рет немесе екі рет 15-22.5 мг амброксол хлоридіне баламалы) пайдалануға болады.

Емдеу ұзақтығы

Дәрігердің бақылауымен қабылдау ұзақтығы шектелмейді. Қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес пациенттерге дәрігердің кеңесінсіз 15 мг/2 мл ингаляцияға арналған Лазолван® ерітіндісін 4-5 күннен артық қабылдау ұсынылмайды.

Лазолван® ингаляцияға арналған ерітіндіні бу ингаляторларын қоспағанда, барлық заманауи ингаляциялық құралдарда (компрессор және дыбыстық ингалятор сияқты) пайдалануға болады. Ерітіндіні 10 минут ішінде 80ºС-ге дейін қыздыру оның тұрақтылығына әсер етпейді. Ерітінді физиологиялық ерітінділермен және бета симпатомиметиктермен араластыруға болады.

Лазолван® ингаляцияға арналған 15 мг/2 мл ерітіндіні натрий кромогликатымен араластыруға болмайды. Бұдан басқа, Лазолван® ингаляцияға арналған 15 мг/2 мл ерітінді басқа да қандай да бір ерітінділермен араластырылмауы тиіс, олармен реакция ингаляцияға арналған сілтілі тұзды ерітінді (Эмзер тұзы бар ингаляцияға арналған ерітінді) сияқты рН 6.3 артық қоспаның пайда болуына әкеледі. рН жоғарылауы амброксолдың бос фракциясының тұнуына немесе ерітіндінің бұлдырлығына әкелуі мүмкін.

Пациенттерде желдеткіште қолданғанда, Лазолван® ингаляцияға арналған 15 мг/2 мл ерітінді желдеткіштен келетін ауаның оңтайлы ылғалдылығына қол жеткізу үшін физиологиялық ерітіндімен 1:1 қатынасында сұйылтылуы тиіс.

Лазолван®, 15 мг / 2 мл ингаляцияға арналған ерітінді изотоникалық және шырышты қабықпен жақсы төзімді. Барлық аэрозольдер өте терең тыныс алғанда жөтелге әкелуі мүмкін, сондықтан пациенттерге ингаляция кезінде тыныш дем алып, дем шығару ұсынылады. Қолданар алдында бұл ерітіндіні дене температурасына дейін қыздыру керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға  бару жөнінде нұсқаулар

Осы препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаған жағдайда, өзіңіздің емдейтін дәрігеріңізге хабарласыңыз.

Шығарылу түрі

100 мл препараттан бірінші ашылуы бақыланатын, бұралатын қақпақтармен тығындалған қоңыр шыныдан жасалған құтыларға құяды.

1 құтыдан өлшегіш стақанмен және медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек, мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Ашылғаннан кейін 1 жылдың ішінде пайдалану керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Көлемі

100 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Тараз қаласындағы «Лазолван ингаляцияға арналған ерітінді 15 мг/2 мл 100 мл» бағасының өзгеру диаграммасы

0600120018002400300008-0313-0318-0323-0328-032-047-0412-0417-0422-0427-042-057-0512-0517-0522-0527-051-066-0611-0616-06
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыЛазолван ингаляцияға арналған ерітінді 15 мг/2 мл 100 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Бағалаулар және пікірлер

Тауар рейтингі
5.00/5
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
11 бағалау
1
star
0
2
star
0
3
star
0
4
star
0
5
star
11
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
23 Декабря 2023

Комментарий: Спасибо аптеке и работникам за быструю помощь! Вы наше спасение.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
6 Ноября 2023

Комментарий: Всё просто супер! Сервис на высоте! Спасибо Вам большое!

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
17 Октября 2023

Комментарий: Прекрасное лекарство.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
30 Сентября 2023

Комментарий: Отличное лекарство, только им и вылечиваю свой кашель.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
26 Июня 2023

Достоинства: Отличный.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
15 Января 2023

Достоинства: Наилучшее средство для ингаляций при кашле.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
10 Декабря 2022

Достоинства: Замечательно действует.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
31 Октября 2022

Достоинства: Хорошо организовано.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
25 Сентября 2022

Преимущества: Ингаляции дважды в день с физраствором на протяжении 3 дней избавляют от кашля.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
28 Марта 2022

Достоинства: Отличное лекарство. Все ок.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
15 Февраля 2022

Достоинства: Хороший раствор, спасибо большое.

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube