daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Левоксимед Құты 500 Мг 100 Мл | Мефар Илач Санайии А.Ш.

Таразе қаласындағы Левоксимед Құты 500 Мг 100 Мл | Мефар Илач Санайии А.Ш.
Сипаттама:

Жасылдау-сары түсті мөлдір ерітінді.

Халықаралық атауы:

Левофлоксацин

Өндіруші:

Мефар Илач Санайии А.Ш.

Өндіруші ел:

Турецкая Республика

Белсенді ингредиент:

эпилепсия анамнезінде фторхинолондар қабылдаумен байланысты сіңірлер зақымдануы жүктілік және лактация кезеңі 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер Қолданған кездегі қажетті сақтық шаралары Құрамында хинолондар немесе фторхинолондар бар препараттарды қабылдаумен байланысты анамнезінде елеулі жағымсыз реакциялар болған пациенттерде левофлоксацинді қолданудан аулақ болу керек. Мұндай пациенттерді левофлоксацинмен емдеуді баламалы емдеу нұсқалары болмаған кезде және пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалаудан кейін ғана бастаған жөн. Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі Басқа препараттардың левофлоксацинге әсері Теофиллин, фенбуфен немесе осыған ұқсас қабынуға қарсы стероидты емес препараттар Левофлоксациннің теофиллинмен фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі анықталған жоқ. Алайда, хинолондарды теофиллинмен, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен және мидың құрысуға бейімділік шегін төмендететін басқа препараттармен бірге қолданған кезде мидың құрысуға бейімділік шегі айтарлықтай төмендеуі мүмкін. Фенбуфенді бір мезгілде қабылдау кезінде левофлоксацин концентрациясы бір левофлоксацинді қабылдау кезіндегі концентрациямен салыстырғанда жоғарылады. Пробенецид және циметидин Пробеницид пен циметидин левофлоксациннің шығарылуына әсер етті. Левофлоксациннің бүйрек клиренсі циметидин мен пробеницидтің әсерімен төмендеді. Себебі, бұл екі препарат бүйрек өзекшелеріндегі левофлоксацин секрециясын тежеуге қабілетті. Алайда, бұл кинетикалық айырмашылық клиникалық мәнге ие болуы екіталай. Левофлоксацинді өзекшелік секрецияға әсер ететін препараттарды қатар қабылдаған кезде, мысалы, пробенецид пен циметидинді, әсіресе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Қосымша ақпарат Левофлоксацин фармакокинетикасы кальций карбонатымен, дигоксинмен, глибенкламидпен, ранитидинмен бір мезгілде қолданғанда, оның клиникалық мәні болуы үшін жеткілікті дәрежеде өзгермейді. Левофлоксациннің басқа препараттарға әсері Циклоспорин Левофлоксацин циклоспоринмен бірге қолданғанда циклоспориннің жартылай шығарылу кезеңін арттырады. K дәруменінің антагонистері Левофлоксацинді К дәріменінің антагонисімен (мысалы, варфаринмен) бірге қабылдаған пациенттерде коагуляциялық сынама (ЖМ/ХҚҚ) нәтижелерінің жоғарылауы және/немесе ауыр қан кетулерге дейін қан кетулер байқалды. Осыған байланысты тікелей емес антикоагулянттар мен левофлоксацинді бір мезгілде қолданған кезде қанның ұю көрсеткіштерін тұрақты бақылау қажет. QT аралығын ұзартатын дәрілік препараттар Левофлоксацинді, басқа фторхинолондар сияқты, QT аралығын ұзартатыны белгілі препараттарды (мысалы, IA және III класының аритмияға қарсы дәрілері, трициклді антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер) қабылдап жүрген пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Қосымша ақпарат Фармакодинамикалық өзара әрекеттесулерді зерттеуде левофлоксацин CYP1A2 тежемейтінін көрсете отырып, теофиллинге (ол CYP1A2 маркерлік субстраты болып табылады) әсер етпеді. Арнайы ескертулер Резистенттілігі Метициллинге төзімді S. aureus фторхинолондарға (левофлоксацинді қоса алғанда) төзімді болуы мүмкін. Сондықтан метициллинге резистентті стафилококк (MRSA) туындатқан белгілі немесе күдікті инфекция жағдайында левофлоксацин (әдетте MRSA емдеу үшін ұсынылатын антибиотиктер пайдаланылмайды) микроорганизмнің левофлоксацинге сезімталдығын растайтын нәтижелерді алғанға дейін емдеу үшін ұсынылмайды. Несеп шығару жолдары инфекцияларының ең көп таралған қоздырғышы Е. coli фторхинолондарға резистенттілігі әртүрлі елдерде түрленіп отырады. Дәрігерлер фторхинолондарға Е. coli резистенттілігінің таралғаны туралы жергілікті ақпаратты ескеру керек. Сібір ойықжарасының өкпедегі түрі Адамдарда қолданылуы Bacillus anthracis-ке in vitro сезімталдығы туралы деректерге және жануарларға жүргізілген тәжірибелік деректерге, сондай-ақ адамдарда қолданылуы туралы шектеулі деректерге негізделген. Сібір ойықжарасын емдеу кезінде дәрігерлер ұлттық немесе халықаралық келісілген құжаттарды ескеруі тиіс. Ұзақ мерзімді, мүгедектікке ұшырататын және ықтимал қайтымсыз ауыр жағымсыз дәрілік реакциялар Хинолондар мен фторхинолондарды қолданған пациенттерде, пациенттердің жасына және алдыңғы қауіп факторларына қарамастан, әртүрлі, кейде бірнеше адам организмнің жүйелеріне (тірек-қимыл, жүйке, психикалық жүйе, сезім мүшелері) әсер ететін ұзақ (бірнеше ай немесе жылдар бойы), мүгедектікке ұшырататын және ықтимал қайтымсыз ауыр жағымсыз дәрілік реакциялардың өте сирек жағдайлары туралы хабарланды. Кез келген ауыр жағымсыз реакцияның алғашқы белгілері мен симптомдары пайда болған кезде левофлоксацинді қабылдауды дереу тоқтатып, дәрігерге қаралу керек. Инфузия ұзақтығы Ұсынылатын инфузия уақыты 250 мг левофлоксацин үшін кемінде 30 минутты және 500 мг левофлоксацин үшін кемінде 60 минутты құрайды. Офлоксацин тахикардияны және инфузия кезінде артериялық қысымның өтпелі төмендеуін тудыратыны белгілі. Сирек жағдайларда артериялық қысымның күрт төмендеуі нәтижесінде жүрек-қантамыр коллапсы пайда болуы мүмкін. Егер левофлоксацин (офлоксациннің L-изомері) инфузиясы кезінде артериялық қысымның айтарлықтай төмендеуі байқалса, инфузияны дереу тоқтату керек. Тендинит және сіңірдің үзілуі Тендинит және сіңірдің үзілуі (әсіресе ахилл сіңірі), кейде екі жақты, хинолондармен және фторхинолондармен емдеуді бастағаннан кейін 48 сағат ішінде, сондай-ақ емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше ай ішінде пайда болуы мүмкін. Егде жастағы пациенттерде, бүйрек жеткіліксіздігі, паренхиматозды ағзалары трансплантацияланған пациенттерде, тәулігіне 1000 мг левофлоксацин алатын пациенттерде және бір мезгілде кортикостероидтармен ем алатын пациенттерде тендиниттің және сіңір үзілуінің даму қаупі артады. Кортикостероидтар мен фторхинолондарды бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек. Тендиниттің алғашқы белгілері пайда болған кезде (мысалы, ауырсынатын ісіну, қабыну) левофлоксацинді қабылдауды тоқтатып, баламалы емдеуді қарастыру керек. Зақымдалған аяқ-қолды тиісті түрде емдеу керек (мысалы, аяқ-қолдың иммобилизациясы). Тендинопатияның белгілері пайда болған кезде кортикостероидтарды қолдануға болмайды. Clostridium difficile-мен астасқан аурулар Диарея, әсіресе, левофлоксацинмен емдеу кезіндегі немесе емдеу аяқталғаннан кейін (оның ішінде емдеуден бірнеше апта өткен соң) ауыр, тұрақты және/немесе қан аралас түрі Clostridium difficile-мен астасқан аурудың белгісі (CDAD) болуы мүмкін. CDAD ауырлығы жеңіл түрінен өмірге қауіп төндіретін ауыр түріне дейін өзгеруі мүмкін. Жалған жарғақшалы колит анағұрлым ауыр түрі болып табылады. Левофлоксацинмен емдеу кезінде немесе одан кейін пациентте ауыр диарея дамығанын ескеру қажет. Егер CDAD күдіктенсе немесе расталса, левофлоксацинмен емдеуді дереу тоқтатып, тиісті ем тағайындау қажет. Мұндай жағдайларда перистальтиканы тежейтін дәрілік заттарды қолдануға болмайды. Құрысуларға бейім пациенттер Хинолондар конвульсияға дайындық шегін төмендетіп, құрысуды тудыруы мүмкін. Левофлоксацинді эпилепсиямен ауыратын пациенттерге қолдануға болмайды және басқа да хинолондар сияқты эпилепсиялық ұстамаларға бейім болғанда немесе теофиллин сияқты құрысуға дайындық шегін төмендететін препараттармен бір мезгілде ерекше сақтықпен қолданылуы тиіс. Құрысулар пайда болған кезде левофлоксацинмен емдеуді тоқтату керек. Глюкоза-6-фосфат дегидрогеназа тапшылығы бар пациенттер Жасырын немесе айқын глюкоза-6-фосфат дегидрогеназа тапшылығы бар пациенттер хинолондармен емдеу кезінде гемолиздік реакцияларға ұшырауы мүмкін. Мұндай пациенттерді левофлоксацинмен емдеу кезінде гемолиздің пайда болу мүмкіндігін мұқият бақылау керек. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Левофлоксацин негізінен бүйрекпен шығарылатындықтан, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету керек. Аса жоғары сезімталдық реакциялары Левофлоксацин ауыр, өмірге қауіп төндіретін аса жоғары сезімталдық реакцияларын (мысалы, ангионевроздық ісіну және анафилаксиялық шок), кейде бірінші дозадан кейін туындатуы мүмкін. Осы реакциялар пайда болған кезде пациенттер емдеуді дереу тоқтатып, дәрігерге қаралуы тиіс. Терінің ауыр жағымсыз реакциялары Левофлоксацинді қолданған кезде уытты эпидермальді некролизді (Лайелл синдромы деп те аталатын УЭН), Стивенс-Джонсон синдромын (СДС) және өмірге қауіп төндіретін немесе өліммен аяқталатын эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакцияны (DRESS) қоса алғанда, терінің ауыр жағымсыз реакциялары (ТАЖР) туралы хабарланды. Препаратты тағайындаған кезде пациенттерге ауыр тері реакцияларының белгілері мен симптомдары туралы хабарлау және олардың жай-күйіне мұқият бақылау жүргізу қажет. Осындай реакцияларға тән белгілер мен симптомдар пайда болған кезде левофлоксацинді дереу тоқтатып, баламалы емдеу мүмкіндігін қарастыру керек. Пациентте левофлоксацинді қолданған кезде СДС, УЭН немесе DRESS сияқты ауыр реакция туындаған жағдайда, болашақта осы пациентте левофлоксацинмен емдеуді қайта бастауға болмайды. Дисгликемия Басқа хинолондарды қолданған жағдайдағыдай гипер- және гипогликемияны қоса алғанда, қандағы глюкоза деңгейінің ауытқуы әдетте егде жастағы пациенттерде және әдетте, пероральді диабетке қарсы дәрілерді (мысалы, глибенкламид) немесе инсулинді қабылдайтын диабетпен ауыратын пациенттерде тіркелді. Гипогликемиялық кома жағдайлары туралы белгілі. Қант диабетімен ауыратын пациенттерде қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады. Егер пациентте қандағы глюкоза деңгейінің бұзылуы болса, препаратпен емдеуді дереу тоқтатып, фторхинолондарға жатпайтын антибиотиктермен баламалы емдеу мүмкіндігін қарастыру керек. Фотосезімталдық профилактикасы Левофлоксацинді қолдану кезінде фотосезімталдық туралы хабарламалар тіркелген. Фотосезімталдықты болдырмау үшін пациенттерге емдеу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін 48 сағат ішінде қатты күн сәулесі немесе жасанды ультракүлгін сәулеленуге (мысалы, күн сәулесінің астында жүру немесе солярийге бару) ұшырамау ұсынылады. К дәруменінің антагонистерін қабылдайтын пациенттер Левофлоксацинді К дәруменінің антагонистерімен (мысалы, варфарин) бірге қолданған кезде гемостаз жүйесі көрсеткіштерінің (протромбиндік уақыт/халықаралық қалыптасқан қатынас (ХНҚ)) ұлғаюы және/немесе қан кетудің даму қаупіне байланысты бақылау ұсынылады. Психоздық реакциялар Левофлоксацинді қоса алғанда, хинолондарды қолданған кезде суицидтік ойлардың дамуына және өзіне зиян келтіре отырып, мінез-құлықтың бұзылуына дейін өте сирек жағдайларда (кейде левофлоксацинді бір рет қабылдағаннан кейін) өршіген психоздық реакциялар туралы хабарланды. Егер пациентте осындай реакциялар дамыса, олардың алғашқы белгілері немесе симптомдары пайда болған кезде левофлоксацин қабылдауды дереу тоқтату керек. Пациент бұл туралы дәрігерге хабарлауы қажет. Құрамында фторхинолоны жоқ антибиотиктермен баламалы емдеу мүмкіндігін қарастыру және тиісті шаралар қабылдау керек. Осындай реакциялар дамығанда левофлоксацинмен емдеуді тоқтатып, тиісті ем тағайындау керек. Анамнезінде психикалық аурулары бар пациенттерге Левоксимедті сақтықпен тағайындау керек. QT аралығының ұзаруы Левофлоксацинді қоса алғанда, фторхинолондарды QT аралығының ұзаруы қаупінің белгілі факторлары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек, мысалы: - туа біткен QT аралығының ұзару синдромы; - QT аралығын ұзартатыны белгілі, басқа дәрілік заттармен (мысалы, IA және III класының аритмияға қарсы препараттар, трициклді антидепрессанттар, макролидтер, психозға қарсы препараттар) бір мезгілде қабылдау; - электролиттік теңгерімнің түзетілмеген бұзылулары (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия); - жүрек аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия). Егде жастағы пациенттер мен әйелдер QTс аралығын ұзартатын препараттардың әсеріне анағұрлым сезімтал болуы мүмкін. Левофлоксацинді қоса алғанда, фторхинолондарды мұндай пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Шеткері нейропатия Хинолондар мен фторхинолондарды қабылдайтын пациенттерде парестезияға, гиперестезияға, дизестезияға немесе әлсіздікке әкелетін сенсорлық немесе сенсомоторлы полиневропатия жағдайлары туралы хабарланды. Левофлоксацинді қолданатын пациенттерге емдеуді жалғастырмас бұрын, егер ықтимал қайтымсыз жағдайлардың дамуын болдырмау үшін ауыру, күйдіріп -ашыту, шаншу, ұйып қалу немесе әлсіздік сияқты нейропатия симптомдары пайда болса, дәрігерге хабарлау ұсынылады. Бауыр мен өт шығару жолдарының аурулары Левофлоксацинді қабылдау кезінде өмірге қауіп төндіретін бауыр жеткіліксіздігіне дейін, әсіресе ауыр негізгі/қатар жүретін патологиясы, мысалы сепсисі бар пациенттерде бауыр некрозының жағдайлары туралы хабарланды. Пациенттерге емдеуді тоқтатып, бауыр ауруының белгілері мен симптомдары пайда болған кезде, мысалы, тәбеттің жоғалуы, сарғаю, несептің күңгірттенуі, қышыну, іштің ауыруы кезінде дәрігерге көріну керек. Миастения гравис өршуі Фторхинолондар, соның ішінде левофлоксацин, нейробұлшықет блокадасына әкеп соғуы мүмкін және миастения грависке шалдыққан пациенттерде бұлшықет әлсіздігін арттырады. Миастения грависке шалдыққан пациенттерде фторхинолондарды қолдану аясында елеулі жағымсыз реакциялар (өлімді немесе респираторлық демеуге қажеттілікті қоса алғанда) тіркелді. Сондықтан левофлоксацинді миастения грависке шалдыққан пациенттерде қолдану ұсынылмайды. Көру жітілігінің бұзылуы Егер пациентте көру жітілігінің бұзылуы немесе көздің тарапынан басқа жағымсыз реакциялар байқалса, дереу офтальмологпен кеңесу керек. Суперинфекция Левофлоксацинмен емдеу ұзаққа созылғанда сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін. Суперинфекция жағдайында тиісті шаралар қабылдануы тиіс. Зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне әсері Левофлоксацинді қабылдаған пациенттерде несептегі апиындарды анықтау жалған оң нәтиже беруі мүмкін. Оң нәтижелерді анағұрлым спецификалық әдістермен растау қажеттілігі туындауы мүмкін. Левофлоксацин туберкулез микобактерияларының өсуін тежеуі және туберкулездің бактериологиялық диагностикасының жалған теріс нәтижелеріне әкелуі мүмкін. Аорта аневризмасы және аортаның қатпарлануы, регургитация/ жүрек клапандарының жеткіліксіздігі Эпидемиологиялық зерттеулерде, әсіресе егде жастағы пациенттерде аневризманың және аорта қатпарлануының даму қаупі, сондай-ақ фторхинолондарды қабылдағаннан кейін аортальді және митральді клапандардың регургитациясы туралы хабарланды. Фторхинолондарды қабылдау кезінде кейде жарылумен (оның ішінде өліммен аяқталған) асқынған аортаның аневризмасы және қатпарлануы, сондай-ақ пациенттерде регургитация/ кез келген жүрек клапандарының жеткіліксіздігі жағдайлары тіркелген. Демек, фторхинолондарды отбасылық анамнезінде жүрек клапандарының аневризмасы немесе жүректің туа біткен ақаулары бар пациенттерде, сонымен қатар аортаның аневризмасы және/немесе қатпарлануы диагнозы қойылған немесе жүректің клапандарының ақаулары диагнозы қойылған немесе бейімді жағдайларды немесе басқа қауіп факторлары бар болғанда пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін және емнің басқа ықтимал нұсқаларын қарастырғаннан кейін ғана қолдану керек: екі жағдайда да аортаның аневризмасы мен қатпарлануында, сондай-ақ регургитация/ жүрек клапанының жеткіліксіздігінде (мысалы, Марфан синдромы немесе Элерс-Данлос синдромы, Тернер синдромы, Бехчет ауруы, гипертензия, ревматоидты артрит сияқты дәнекер тіннің бұзылуы, белгілі атеросклероз), сондай-ақ аортаның аневризмасы мен қатпарлануында (мысалы, Такаясу артерииті немесе алып жасушалы артериит немесе белгілі атеросклероз немесе Шегрен синдромы сияқты тамырлы аурулар), регургитация/жүрек қақпақшасының жеткіліксіздігінде (мысалы, инфекциялық эндокардит). Жүйелі кортикостероидтармен бір мезгілде ем қабылдайтын пациенттерде аортаның аневризмасы және қатпарлануы, сондай-ақ жыртылу қаупі артуы мүмкін. Іш, кеуде немесе арқа кенеттен ауырған жағдайда пациенттерге шұғыл көмек алу үшін дереу дәрігерге бару ұсынылады. Пациенттерге жедел ентігу, алғаш рет туындаған жүректің соғуы, сондай-ақ іш қуысының немесе аяқ-қолдың ісінуі дамыған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну ұсынылады. Жедел панкреатит Левофлоксацин қабылдаған пациенттерде жедел панкреатит байқалуы мүмкін. Пациенттерді жедел панкреатитке тән симптомдар туралы ақпараттандыру керек. Жүрек айнуын, дімкәстануды, іштегі жайсыздықты, іштің жедел ауруын немесе құсуды сезінетін пациенттерді дереу дәрігер тексеруі керек. Егер жедел панкреатитке күмән туындаса, левофлоксацинді қабылдауды тоқтату керек. Анамнезінде панкреатиті бар пациенттерге сақ болу керек. Натрий мөлшері Бір құты препараттың (100 мл) құрамында 15,4 ммоль (354,21 мг) натрий бар, бұл ДДҰ ұсынған тәуліктік ең жоғары тұтынудың 17,71% - на баламалы (ересек адам үшін 2,0 г натрий). Тұзсыз диетаны ұстанатын адамдарға тағайындағанда абай болу керек. Жүктілік немесе лактация кезінде Жүкті әйелдерде левофлоксацинді қолдану туралы шектеулі деректер бар. Жануарларға жасалған зерттеулер тікелей немесе жанама тұқым өрбітуге уыттылықты көрсетпейді. Левофлоксацинді жүкті әйелдерде қолданбаған жөн, өйткені адамдарға зерттеулер жүргізілген жоқ, ал жануарларға жасалған зерттеулер деректері фторхинолондардың әсер етуі салдарынан өсіп келе жатқан организмде шеміршек буындарының зақымдану қаупін көрсетеді. Левоксимедті лактация кезеңінде қолдануға болмайды. Левофлоксациннің емшек сүтіне бөлінетіндігі туралы ақпарат жеткіліксіз. Алайда, басқа фторхинолондардың емшек сүтіне түсетіні белгілі. Левофлоксацинді жүкті әйелдерде қолданбаған жөн, өйткені адамдарға зерттеулер жүргізілген жоқ, ал жануарларға жасалған зерттеулер деректері фторхинолондардың әсер етуі салдарынан өсіп келе жатқан организмде шеміршек буындарының зақымдану қаупін көрсетеді. Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Левоксимед препараты автокөлік жүргізу немесе механизмдерді басқару қабілетіне шамалы немесе орташа әсер етеді. Кейбір жағымсыз реакциялар (мысалы, сананың бұлыңғырлануы/бас айналуы, ұйқышылдық, көрудің бұзылуы) пациенттің зейін қоюды және ден қою қабілетін бұзуы мүмкін, сондықтан бұл қабілеттер ерекше мәнге ие болған жағдайларда пайда болуы мүмкін (мысалы, автокөлік жүргізу, механизмдермен жұмыс істеу).

Белсенді заттың дозасы:

500мг

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Левоксимед инфузияға арналған ерітінді келесі инфекцияларда ересектерге қолданылады:

- жедел пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекцияларында;

- созылмалы бактериялық простатитте;

- сібір ойықжарасының өкпедегі түрі: жанасудан кейінгі профилактика мен емдеуде.

Левоксимедті жоғарыда аталған инфекциялар жағдайында тек осы инфекцияларды бастапқы емдеу үшін стандартты ұсынылатын антибиотиктер қолданылуы мүмкін болмаған кезде ғана қолданған жөн.

- ауруханадан тыс пневмония;

- тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары.

Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше пайдалану жөніндегі ресми нұсқаулықтарды назарға алу қажет.

Қарсы көрсеткіштер

белсенді затқа немесе препараттың қандай да бір қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық

эпилепсия

анамнезінде фторхинолондар қабылдаумен байланысты сіңірлер зақымдануы

жүктілік және лактация кезеңі

18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

Қолданған кездегі қажетті сақтық шаралары

Құрамында хинолондар немесе фторхинолондар бар препараттарды қабылдаумен байланысты анамнезінде елеулі жағымсыз реакциялар болған пациенттерде левофлоксацинді қолданудан аулақ болу керек. Мұндай пациенттерді левофлоксацинмен емдеуді баламалы емдеу нұсқалары болмаған кезде және пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалаудан кейін ғана бастаған жөн.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа препараттардың левофлоксацинге әсері

Теофиллин, фенбуфен немесе осыған ұқсас қабынуға қарсы стероидты емес препараттар

Левофлоксациннің теофиллинмен фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі анықталған жоқ. Алайда, хинолондарды теофиллинмен, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен және мидың құрысуға бейімділік шегін төмендететін басқа препараттармен бірге қолданған кезде мидың құрысуға бейімділік шегі айтарлықтай төмендеуі мүмкін.

Фенбуфенді бір мезгілде қабылдау кезінде левофлоксацин концентрациясы бір левофлоксацинді қабылдау кезіндегі концентрациямен салыстырғанда жоғарылады.

Пробенецид және циметидин

Пробеницид пен циметидин левофлоксациннің шығарылуына әсер етті. Левофлоксациннің бүйрек клиренсі циметидин мен пробеницидтің әсерімен төмендеді. Себебі, бұл екі препарат бүйрек өзекшелеріндегі левофлоксацин секрециясын тежеуге қабілетті. Алайда, бұл кинетикалық айырмашылық клиникалық мәнге ие болуы екіталай.

Левофлоксацинді өзекшелік секрецияға әсер ететін препараттарды қатар қабылдаған кезде, мысалы, пробенецид пен циметидинді, әсіресе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Қосымша ақпарат

Левофлоксацин фармакокинетикасы кальций карбонатымен, дигоксинмен, глибенкламидпен, ранитидинмен бір мезгілде қолданғанда, оның клиникалық мәні болуы үшін жеткілікті дәрежеде өзгермейді.

Левофлоксациннің басқа препараттарға әсері

Циклоспорин

Левофлоксацин циклоспоринмен бірге қолданғанда циклоспориннің жартылай шығарылу кезеңін арттырады.

K дәруменінің антагонистері

Левофлоксацинді К дәріменінің антагонисімен (мысалы, варфаринмен) бірге қабылдаған пациенттерде коагуляциялық сынама (ЖМ/ХҚҚ) нәтижелерінің жоғарылауы және/немесе ауыр қан кетулерге дейін қан кетулер байқалды. Осыған байланысты тікелей емес антикоагулянттар мен левофлоксацинді бір мезгілде қолданған кезде қанның ұю көрсеткіштерін тұрақты бақылау қажет.

QT аралығын ұзартатын дәрілік препараттар

Левофлоксацинді, басқа фторхинолондар сияқты, QT аралығын ұзартатыны белгілі препараттарды (мысалы, IA және III класының аритмияға қарсы дәрілері, трициклді антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер) қабылдап жүрген пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Қосымша ақпарат

Фармакодинамикалық өзара әрекеттесулерді зерттеуде левофлоксацин CYP1A2 тежемейтінін көрсете отырып, теофиллинге (ол CYP1A2 маркерлік субстраты болып табылады) әсер етпеді.

Арнайы ескертулер

Резистенттілігі

Метициллинге төзімді S. aureus фторхинолондарға (левофлоксацинді қоса алғанда) төзімді болуы мүмкін. Сондықтан метициллинге резистентті стафилококк (MRSA) туындатқан белгілі немесе күдікті инфекция жағдайында левофлоксацин (әдетте MRSA емдеу үшін ұсынылатын антибиотиктер пайдаланылмайды) микроорганизмнің левофлоксацинге сезімталдығын растайтын нәтижелерді алғанға дейін емдеу үшін ұсынылмайды.

Несеп шығару жолдары инфекцияларының ең көп таралған қоздырғышы Е. coli фторхинолондарға резистенттілігі әртүрлі елдерде түрленіп отырады. Дәрігерлер фторхинолондарға Е. coli резистенттілігінің таралғаны туралы жергілікті ақпаратты ескеру керек.

Сібір ойықжарасының өкпедегі түрі

Адамдарда қолданылуы Bacillus anthracis-ке in vitro сезімталдығы туралы деректерге және жануарларға жүргізілген тәжірибелік деректерге, сондай-ақ адамдарда қолданылуы туралы шектеулі деректерге негізделген. Сібір ойықжарасын емдеу кезінде дәрігерлер ұлттық немесе халықаралық келісілген құжаттарды ескеруі тиіс.

Ұзақ мерзімді, мүгедектікке ұшырататын және ықтимал қайтымсыз ауыр жағымсыз дәрілік реакциялар

Хинолондар мен фторхинолондарды қолданған пациенттерде, пациенттердің жасына және алдыңғы қауіп факторларына қарамастан, әртүрлі, кейде бірнеше адам организмнің жүйелеріне (тірек-қимыл, жүйке, психикалық жүйе, сезім мүшелері) әсер ететін ұзақ (бірнеше ай немесе жылдар бойы), мүгедектікке ұшырататын және ықтимал қайтымсыз ауыр жағымсыз дәрілік реакциялардың өте сирек жағдайлары туралы хабарланды. Кез келген ауыр жағымсыз реакцияның алғашқы белгілері мен симптомдары пайда болған кезде левофлоксацинді қабылдауды дереу тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.

Инфузия ұзақтығы

Ұсынылатын инфузия уақыты 250 мг левофлоксацин үшін кемінде 30 минутты және 500 мг левофлоксацин үшін кемінде 60 минутты құрайды. Офлоксацин тахикардияны және инфузия кезінде артериялық қысымның өтпелі төмендеуін тудыратыны белгілі. Сирек жағдайларда артериялық қысымның күрт төмендеуі нәтижесінде жүрек-қантамыр коллапсы пайда болуы мүмкін. Егер левофлоксацин (офлоксациннің L-изомері) инфузиясы кезінде артериялық қысымның айтарлықтай төмендеуі байқалса, инфузияны дереу тоқтату керек.

Тендинит және сіңірдің үзілуі

Тендинит және сіңірдің үзілуі (әсіресе ахилл сіңірі), кейде екі жақты, хинолондармен және фторхинолондармен емдеуді бастағаннан кейін 48 сағат ішінде, сондай-ақ емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше ай ішінде пайда болуы мүмкін. Егде жастағы пациенттерде, бүйрек жеткіліксіздігі, паренхиматозды ағзалары трансплантацияланған пациенттерде, тәулігіне 1000 мг левофлоксацин алатын пациенттерде және бір мезгілде кортикостероидтармен ем алатын пациенттерде тендиниттің және сіңір үзілуінің даму қаупі артады. Кортикостероидтар мен фторхинолондарды бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек. Тендиниттің алғашқы белгілері пайда болған кезде (мысалы, ауырсынатын ісіну, қабыну) левофлоксацинді қабылдауды тоқтатып, баламалы емдеуді қарастыру керек. Зақымдалған аяқ-қолды тиісті түрде емдеу керек (мысалы, аяқ-қолдың иммобилизациясы). Тендинопатияның белгілері пайда болған кезде кортикостероидтарды қолдануға болмайды.

Clostridium difficile-мен астасқан аурулар

Диарея, әсіресе, левофлоксацинмен емдеу кезіндегі немесе емдеу аяқталғаннан кейін (оның ішінде емдеуден бірнеше апта өткен соң) ауыр, тұрақты және/немесе қан аралас түрі Clostridium difficile-мен астасқан аурудың белгісі (CDAD) болуы мүмкін. CDAD ауырлығы жеңіл түрінен өмірге қауіп төндіретін ауыр түріне дейін өзгеруі мүмкін. Жалған жарғақшалы колит анағұрлым ауыр түрі болып табылады. Левофлоксацинмен емдеу кезінде немесе одан кейін пациентте ауыр диарея дамығанын ескеру қажет. Егер CDAD күдіктенсе немесе расталса, левофлоксацинмен емдеуді дереу тоқтатып, тиісті ем тағайындау қажет. Мұндай жағдайларда перистальтиканы тежейтін дәрілік заттарды қолдануға болмайды.

Құрысуларға бейім пациенттер

Хинолондар конвульсияға дайындық шегін төмендетіп, құрысуды тудыруы мүмкін. Левофлоксацинді эпилепсиямен ауыратын пациенттерге қолдануға болмайды және басқа да хинолондар сияқты эпилепсиялық ұстамаларға бейім болғанда немесе теофиллин сияқты құрысуға дайындық шегін төмендететін препараттармен бір мезгілде ерекше сақтықпен қолданылуы тиіс. Құрысулар пайда болған кезде левофлоксацинмен емдеуді тоқтату керек.

Глюкоза-6-фосфат дегидрогеназа тапшылығы бар пациенттер

Жасырын немесе айқын глюкоза-6-фосфат дегидрогеназа тапшылығы бар пациенттер хинолондармен емдеу кезінде гемолиздік реакцияларға ұшырауы мүмкін. Мұндай пациенттерді левофлоксацинмен емдеу кезінде гемолиздің пайда болу мүмкіндігін мұқият бақылау керек.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Левофлоксацин негізінен бүйрекпен шығарылатындықтан, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету керек.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Левофлоксацин ауыр, өмірге қауіп төндіретін аса жоғары сезімталдық реакцияларын (мысалы, ангионевроздық ісіну және анафилаксиялық шок), кейде бірінші дозадан кейін туындатуы мүмкін. Осы реакциялар пайда болған кезде пациенттер емдеуді дереу тоқтатып, дәрігерге қаралуы тиіс.

Терінің ауыр жағымсыз реакциялары

Левофлоксацинді қолданған кезде уытты эпидермальді некролизді (Лайелл синдромы деп те аталатын УЭН), Стивенс-Джонсон синдромын (СДС) және өмірге қауіп төндіретін немесе өліммен аяқталатын эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакцияны (DRESS) қоса алғанда, терінің ауыр жағымсыз реакциялары (ТАЖР) туралы хабарланды. Препаратты тағайындаған кезде пациенттерге ауыр тері реакцияларының белгілері мен симптомдары туралы хабарлау және олардың жай-күйіне мұқият бақылау жүргізу қажет. Осындай реакцияларға тән белгілер мен симптомдар пайда болған кезде левофлоксацинді дереу тоқтатып, баламалы емдеу мүмкіндігін қарастыру керек. Пациентте левофлоксацинді қолданған кезде СДС, УЭН немесе DRESS сияқты ауыр реакция туындаған жағдайда, болашақта осы пациентте левофлоксацинмен емдеуді қайта бастауға болмайды.

Дисгликемия

Басқа хинолондарды қолданған жағдайдағыдай гипер- және гипогликемияны қоса алғанда, қандағы глюкоза деңгейінің ауытқуы әдетте егде жастағы пациенттерде және әдетте, пероральді диабетке қарсы дәрілерді (мысалы, глибенкламид) немесе инсулинді қабылдайтын диабетпен ауыратын пациенттерде тіркелді.

Гипогликемиялық кома жағдайлары туралы белгілі. Қант диабетімен ауыратын пациенттерде қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады. Егер пациентте қандағы глюкоза деңгейінің бұзылуы болса, препаратпен емдеуді дереу тоқтатып, фторхинолондарға жатпайтын антибиотиктермен баламалы емдеу мүмкіндігін қарастыру керек.

Фотосезімталдық профилактикасы

Левофлоксацинді қолдану кезінде фотосезімталдық туралы хабарламалар тіркелген. Фотосезімталдықты болдырмау үшін пациенттерге емдеу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін 48 сағат ішінде қатты күн сәулесі немесе жасанды ультракүлгін сәулеленуге (мысалы, күн сәулесінің астында жүру немесе солярийге бару) ұшырамау ұсынылады.

К дәруменінің антагонистерін қабылдайтын пациенттер

Левофлоксацинді К дәруменінің антагонистерімен (мысалы, варфарин) бірге қолданған кезде гемостаз жүйесі көрсеткіштерінің (протромбиндік уақыт/халықаралық қалыптасқан қатынас (ХНҚ)) ұлғаюы және/немесе қан кетудің даму қаупіне байланысты бақылау ұсынылады.

Психоздық реакциялар

Левофлоксацинді қоса алғанда, хинолондарды қолданған кезде суицидтік ойлардың дамуына және өзіне зиян келтіре отырып, мінез-құлықтың бұзылуына дейін өте сирек жағдайларда (кейде левофлоксацинді бір рет қабылдағаннан кейін) өршіген психоздық реакциялар туралы хабарланды. Егер пациентте осындай реакциялар дамыса, олардың алғашқы белгілері немесе симптомдары пайда болған кезде левофлоксацин қабылдауды дереу тоқтату керек. Пациент бұл туралы дәрігерге хабарлауы қажет. Құрамында фторхинолоны жоқ антибиотиктермен баламалы емдеу мүмкіндігін қарастыру және тиісті шаралар қабылдау керек. Осындай реакциялар дамығанда левофлоксацинмен емдеуді тоқтатып, тиісті ем тағайындау керек. Анамнезінде психикалық аурулары бар пациенттерге Левоксимедті сақтықпен тағайындау керек.

QT аралығының ұзаруы

Левофлоксацинді қоса алғанда, фторхинолондарды QT аралығының ұзаруы қаупінің белгілі факторлары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек, мысалы:

- туа біткен QT аралығының ұзару синдромы;

- QT аралығын ұзартатыны белгілі, басқа дәрілік заттармен (мысалы, IA және III класының аритмияға қарсы препараттар, трициклді антидепрессанттар, макролидтер, психозға қарсы препараттар) бір мезгілде қабылдау;

- электролиттік теңгерімнің түзетілмеген бұзылулары (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия);

- жүрек аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия).

Егде жастағы пациенттер мен әйелдер QTс аралығын ұзартатын препараттардың әсеріне анағұрлым сезімтал болуы мүмкін. Левофлоксацинді қоса алғанда, фторхинолондарды мұндай пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Шеткері нейропатия

Хинолондар мен фторхинолондарды қабылдайтын пациенттерде парестезияға, гиперестезияға, дизестезияға немесе әлсіздікке әкелетін сенсорлық немесе сенсомоторлы полиневропатия жағдайлары туралы хабарланды. Левофлоксацинді қолданатын пациенттерге емдеуді жалғастырмас бұрын, егер ықтимал қайтымсыз жағдайлардың дамуын болдырмау үшін ауыру, күйдіріп -ашыту, шаншу, ұйып қалу немесе әлсіздік сияқты нейропатия симптомдары пайда болса, дәрігерге хабарлау ұсынылады.

Бауыр мен өт шығару жолдарының аурулары

Левофлоксацинді қабылдау кезінде өмірге қауіп төндіретін бауыр жеткіліксіздігіне дейін, әсіресе ауыр негізгі/қатар жүретін патологиясы, мысалы сепсисі бар пациенттерде бауыр некрозының жағдайлары туралы хабарланды. Пациенттерге емдеуді тоқтатып, бауыр ауруының белгілері мен симптомдары пайда болған кезде, мысалы, тәбеттің жоғалуы, сарғаю, несептің күңгірттенуі, қышыну, іштің ауыруы кезінде дәрігерге көріну керек.

Миастения гравис өршуі

Фторхинолондар, соның ішінде левофлоксацин, нейробұлшықет блокадасына әкеп соғуы мүмкін және миастения грависке шалдыққан пациенттерде бұлшықет әлсіздігін арттырады. Миастения грависке шалдыққан пациенттерде фторхинолондарды қолдану аясында елеулі жағымсыз реакциялар (өлімді немесе респираторлық демеуге қажеттілікті қоса алғанда) тіркелді. Сондықтан левофлоксацинді миастения грависке шалдыққан пациенттерде қолдану ұсынылмайды.

Көру жітілігінің бұзылуы

Егер пациентте көру жітілігінің бұзылуы немесе көздің тарапынан басқа жағымсыз реакциялар байқалса, дереу офтальмологпен кеңесу керек.

Суперинфекция

Левофлоксацинмен емдеу ұзаққа созылғанда сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін. Суперинфекция жағдайында тиісті шаралар қабылдануы тиіс.

Зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне әсері

Левофлоксацинді қабылдаған пациенттерде несептегі апиындарды анықтау жалған оң нәтиже беруі мүмкін. Оң нәтижелерді анағұрлым спецификалық әдістермен растау қажеттілігі туындауы мүмкін.

Левофлоксацин туберкулез микобактерияларының өсуін тежеуі және туберкулездің бактериологиялық диагностикасының жалған теріс нәтижелеріне әкелуі мүмкін.

Аорта аневризмасы және аортаның қатпарлануы, регургитация/ жүрек клапандарының жеткіліксіздігі

Эпидемиологиялық зерттеулерде, әсіресе егде жастағы пациенттерде аневризманың және аорта қатпарлануының даму қаупі, сондай-ақ фторхинолондарды қабылдағаннан кейін аортальді және митральді клапандардың регургитациясы туралы хабарланды. Фторхинолондарды қабылдау кезінде кейде жарылумен (оның ішінде өліммен аяқталған) асқынған аортаның аневризмасы және қатпарлануы, сондай-ақ пациенттерде регургитация/ кез келген жүрек клапандарының жеткіліксіздігі жағдайлары тіркелген.

Демек, фторхинолондарды отбасылық анамнезінде жүрек клапандарының аневризмасы немесе жүректің туа біткен ақаулары бар пациенттерде, сонымен қатар аортаның аневризмасы және/немесе қатпарлануы диагнозы қойылған немесе жүректің клапандарының ақаулары диагнозы қойылған немесе бейімді жағдайларды немесе басқа қауіп факторлары бар болғанда пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін және емнің басқа ықтимал нұсқаларын қарастырғаннан кейін ғана қолдану керек:

екі жағдайда да аортаның аневризмасы мен қатпарлануында, сондай-ақ регургитация/ жүрек клапанының жеткіліксіздігінде (мысалы, Марфан синдромы немесе Элерс-Данлос синдромы, Тернер синдромы, Бехчет ауруы, гипертензия, ревматоидты артрит сияқты дәнекер тіннің бұзылуы, белгілі атеросклероз), сондай-ақ

аортаның аневризмасы мен қатпарлануында (мысалы, Такаясу артерииті немесе алып жасушалы артериит немесе белгілі атеросклероз немесе Шегрен синдромы сияқты тамырлы аурулар),

регургитация/жүрек қақпақшасының жеткіліксіздігінде (мысалы, инфекциялық эндокардит).

Жүйелі кортикостероидтармен бір мезгілде ем қабылдайтын пациенттерде аортаның аневризмасы және қатпарлануы, сондай-ақ жыртылу қаупі артуы мүмкін. Іш, кеуде немесе арқа кенеттен ауырған жағдайда пациенттерге шұғыл көмек алу үшін дереу дәрігерге бару ұсынылады.

Пациенттерге жедел ентігу, алғаш рет туындаған жүректің соғуы, сондай-ақ іш қуысының немесе аяқ-қолдың ісінуі дамыған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну ұсынылады.

Жедел панкреатит

Левофлоксацин қабылдаған пациенттерде жедел панкреатит байқалуы мүмкін. Пациенттерді жедел панкреатитке тән симптомдар туралы ақпараттандыру керек. Жүрек айнуын, дімкәстануды, іштегі жайсыздықты, іштің жедел ауруын немесе құсуды сезінетін пациенттерді дереу дәрігер тексеруі керек. Егер жедел панкреатитке күмән туындаса, левофлоксацинді қабылдауды тоқтату керек. Анамнезінде панкреатиті бар пациенттерге сақ болу керек.

Натрий мөлшері

Бір құты препараттың (100 мл) құрамында 15,4 ммоль (354,21 мг) натрий бар, бұл ДДҰ ұсынған тәуліктік ең жоғары тұтынудың 17,71% - на баламалы (ересек адам үшін 2,0 г натрий). Тұзсыз диетаны ұстанатын адамдарға тағайындағанда абай болу керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүкті әйелдерде левофлоксацинді қолдану туралы шектеулі деректер бар. Жануарларға жасалған зерттеулер тікелей немесе жанама тұқым өрбітуге уыттылықты көрсетпейді. Левофлоксацинді жүкті әйелдерде қолданбаған жөн, өйткені адамдарға зерттеулер жүргізілген жоқ, ал жануарларға жасалған зерттеулер деректері фторхинолондардың әсер етуі салдарынан өсіп келе жатқан организмде шеміршек буындарының зақымдану қаупін көрсетеді.

Левоксимедті лактация кезеңінде қолдануға болмайды. Левофлоксациннің емшек сүтіне бөлінетіндігі туралы ақпарат жеткіліксіз. Алайда, басқа фторхинолондардың емшек сүтіне түсетіні белгілі. Левофлоксацинді жүкті әйелдерде қолданбаған жөн, өйткені адамдарға зерттеулер жүргізілген жоқ, ал жануарларға жасалған зерттеулер деректері фторхинолондардың әсер етуі салдарынан өсіп келе жатқан организмде шеміршек буындарының зақымдану қаупін көрсетеді.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Левоксимед препараты автокөлік жүргізу немесе механизмдерді басқару қабілетіне шамалы немесе орташа әсер етеді. Кейбір жағымсыз реакциялар (мысалы, сананың бұлыңғырлануы/бас айналуы, ұйқышылдық, көрудің бұзылуы) пациенттің зейін қоюды және ден қою қабілетін бұзуы мүмкін, сондықтан бұл қабілеттер ерекше мәнге ие болған жағдайларда пайда болуы мүмкін (мысалы, автокөлік жүргізу, механизмдермен жұмыс істеу).

Өзара әрекеттесуі

Шығарылу түрі

100 мл-ден бромбутилкаучук тығыны және Flip off типті біріктірілген алюминий қалпақшасы бар мөлдір түссіз шыныдан жасалған құтыларға құйылады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

100 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыЛевоксимед құты 500 мг 100 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube