Қолдану көрсеткіштері
- жөтелмен, ринитпен және бұлшықет ауырсынуымен қатар жүретін жедел респираторлық аурулардың симптоматикалық емі ретінде
- кеуде қуысында бөлініп шығуы қиын қақырық жиналғанда (бронхитте, трахеитте, пневмонияда)
- жөтелмен, ринитпен және бұлшықет ауырсынуымен қатар жүретін жедел респираторлық аурулардың симптоматикалық емі ретінде
- кеуде қуысында бөлініп шығуы қиын қақырық жиналғанда (бронхитте, трахеитте, пневмонияда)
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
- 2 жасқа дейінгі балалар
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Препарат сыртқа қолдануға және ингаляцияға арналған.
Препаратты көзге және шырышты қабықтарға тигізіп алмаған жөн.
Жақпамайды кездейсоқ көзге және шырышты қабыққа тигізіп алғанда мол сумен шаю ұсынылады.
Терінің зақымдалған жеріне жағуға болмайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолданылуы
Ларингоспазм, конвульсия дамуы кезінде емдеуді тез тоқтату және
дәрігерге қаралу қажет.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек. Бала емізетін аналардың препаратты сүт бездері аумағына жағуына болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Дозалау режимі
Ересектер мен 2 жастан асқан балаларға:
Салқын тию ауруларына байланысты жөтелде аз мөлшерде жақпамайды кеуде, арқа және мойын терісіне жағады. Тиімді әсерге қол жеткізу үшін сыртынан жылы таңғыш таңу керек.
Тұмауда немесе мұрын бітелген кезде аз мөлшерде жақпамайды мұрын желбезегі терісіне жағады.
Дене бұлшықеттері ауырғанда аз мөлшерде жақпамайды ауыратын жерлеріне жағады. Тиімді әсерге қол жеткізу үшін сыртынан жылы таңғыш таңу ұсынылады.
Күніне 3-4 рет қолдану керек.
Ересектер үшін:
Салқын тиюдің өте айқын құбылыстарында препаратты ингаляция түрінде қолданады: 1 шай қасық бальзамды ыстық суда ерітеді және ингалятор арқылы терең дем алады. Қоспаны қайтадан жылытуға болмайды.
Ингаляцияны күніне 1 рет жасау керек.
Ингаляция жолымен енгізу жүкті әйелдерге ұсынылмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Тек сыртқа қолдануға арналған. Ішке қабылдауға болмайды.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 5-7 күн
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Ақпарат жоқ.
25 г препараттан бұрандалы қақпағы бар пластик құтыға салынады. Құтыға өздігінен желімделетін заттаңба жапсырылады.
1 құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.