daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Лизиноприл Таблеткалары 5 Мг №30 | Борисовский завод медпрепаратов РУП

Таразе қаласындағы Лизиноприл Таблеткалары 5 Мг №30 | Борисовский завод медпрепаратов РУП
Сипаттама:

Жалпақ цилиндр пішінді, ойығы және сызығы бар ақ түсті таблеткалар. 5 мг дозасы бар таблеткаларда «5» өрнектелген. Жалпақ цилиндр пішінді, ойығы және сызығы бар ақ түсті таблеткалар (10 мг доза үшін).

Халықаралық атауы:

Лизиноприл

Өндіруші:

Борисовский завод медпрепаратов РУП

Өндіруші ел:

Республика Беларусь

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: картоп крахмалы, микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы, повидон, лактоза моногидраты. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Жалпақ цилиндр пішінді, ойығы және сызығы бар ақ түсті таблеткалар. 5 мг дозасы бар таблеткаларда «5» өрнектелген. Жалпақ цилиндр пішінді, ойығы және сызығы бар ақ түсті таблеткалар (10 мг доза үшін).

Белсенді заттың дозасы:

5 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

артериялық гипертензия;

симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігінде (жүрек гликозидтері және/немесе диуретиктерді қабылдайтын пациенттерді емдеу үшін біріктірілген емде);

тұрақты гемодинамикамен жедел миокард инфарктісінде алғашқы 24- сағат ішінде.

Қарсы көрсеткіштер

лизиноприлге аса жоғары сезімталдық;

ангионевроздық ісіну (терінің, тері асты шелмайының және/немесе шырышты қабаттардың есекжеммен немесе онсыз оқшауланған ісінуі) анамнезінде, оның ішінде АӨФ тежегіштерін қолданғанда;

қант диабетімен немесе орташа/ауыр бүйрек жеткіліксіздігімен (ШСЖ< 60 мл/мин/1.73 м2) пациенттерде ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерін немесе АТII рецепторларының блокаторларын алискиренмен бір мезгілде қолдануға болмайды;

тұқым қуалаған Квинке ісінуі;

тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы, Lapp - лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғалар;

жүктілік және лактация кезеңі;

18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдік жас;

ангионевроздық ісінудің дамуының жоғары қаупіне байланысты бейтарап эндопептидаза тежегіштерімен (мысалы, құрамында сакубитрил бар препараттармен) бір мезгілде қолдану.

Өзара әрекеттесуі

Диуретиктер

Препаратты диуретиктермен бір мезгілде қолданғанда АҚ кенеттен төмендеуі мүмкін, басқа гипотензиялық дәрілермен - аддитивті әсері байқалады (біріктірілген емде сақ болу керек).

Калий препараттары, калий жинақтаушы диуретиктер

Калий жинақтаушы диуретиктермен (спиронолактон, триамтерен, амилорид), калий препараттарымен, құрамында калий бар тұз алмастырғыштармен және тағамға ББҚ бір мезгілде қолданғанда, әсіресе бүйрек функциясының бұзылуымен пациенттерде гиперкалиемия дамуы мүмкін. Осындай біріктірілімдерді қолданғанда қандағы калий құрамын және бүйрек функциясын үнемі бақылау ұсынылады.

Литий

Литийдің сарысулық концентрациясының және оның уыттылығының қайтымды жоғарылауы литийді АӨФ тежегіштерімен бір мезгілде қолданған кезде тіркелген. Тиазидті диуретиктерді АӨФ тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда қосымша литийдің уыттылығы қаупі жоғарылауы мүмкін. Лизиноприлді литиймен бір мезгілде қолдануға болмайды, бірақ егер осындай біріктірілім қажет болса, қан сарысуында литийдің құрамын мұқият мониторингілеу керек.

Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік заттар (ҚҚСД), тәулігіне 3 г дозада ацетилсалицил қышқылын қоса. АӨФ тежегіштерін қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен бір мезгілде қолданғанда (мысалы, ацетилсалицил қышқылы дозалаудың қабынуға қарсы режимінде ЦОГ-2 тежегіштерімен және іріктелмеген ҚҚСД), гипертензияға қарсы әсері төмендеуі мүмкін. АӨФ және ҚҚСП тежегіштерін бір мезгілде қолдану жедел бүйрек жеткіліксіздігі мүмкіндігін қоса, бүйрек функциясы нашарлауының жоғары қаупіне, сондай-ақ қан сарысуында калий концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін, әсіресе бүйрек функциясының бұзылуымен пациенттерде. Бұл әсерлер әдетте қайтымды. АӨФ тежегіштері және ҚҚСД біріктірілімін әсіресе егде жастағы пациенттерде сақтықпен тағайындау керек. Пациенттер талапқа сай су теңгерімін ұстануы керек; емдеу курсын жүргізгеннен кейін бүйрек функциясын тексеру керек.

Алтын препараттары. Нитратқа ұқсайтын реакциялар (вазодилатация симптомдары, оның ішінде өте ауыр болуы мүмкін қан кернеуі, жүрек айнуы, бас айналуы және гипотензия) АӨФ тежегіштері мен алтын препараттарын инъекция түрінде бір мезгілде тағайындағанда жиі дамуы мүмкін.

Басқа да гипертензияға қарсы препараттар. Осы препараттарды бір мезгілде қолдану Лизиноприлдің гипотензиялық әсерін жоғарылатуы мүмкін.

Нитроглицеринмен және басқа нитраттармен немесе басқа вазодилататорлармен бір мезгілде қолдану қан қысымын тағы да төмендетуі мүмкін.

Трициклді антидепрессанттар/нейролептиктер/анестетиктер

Кейбір анестетиктерді, трициклдік антидепрессанттарды және нейролептиктерді АӨФ тежегіштерімен бір мезгілде қолдану артериялық қысымның ары қарай төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Симпатомиметиктер

Симпатомиметиктер АӨФ тежегіштерінің гипертензияға қарсы әсерін төмендетуі мүмкін.

Диабетке қарсы препараттар

Эпидемиологиялық зерттеулер көрсеткендей, АӨФ тежегіштері мен диабетке қарсы препараттарды (инсулинді, пероральді гипогликемиялық дәрілерді) бір мезгілде қолдану, соңғыларының гипогликемиялық әсерін гипогликемия даму қаупімен күшейтуі мүмкін. Бұл әсердің бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттерде біріктірілген емнің алғашқы аптасы ішінде мүмкіндігі жоғары.

Ацетилсалицил қышқылы, тромболитиктер, бета-блокаторлар, нитраттар

Лизиноприл ацетилсалицил қышқылымен (антиагрегантты әсерді қамтамасыз ететін дозаларда), тромболитиктермен, бета-блокаторлармен және/немесе нитраттармен бір мезгілде қолданылуы мүмкін.

Ренин-ангиотензин-альдостеронды жүйенің қосарлы блокадасы (РААЖ).

АӨФт, БРА II немесе алискиренді қолданумен РААЖ қосарлы блокадасын деректер негізінде барлық пациенттерге, әсіресе диабеттік нефропатиямен пациенттерге ұсынуға болмайды.

Қант диабетімен немесе орташа/ауыр бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттерде (ШСЖ< 60 мл/мин 1.73 м2) алискиренді АӨФт немесе БРА II бір мезгілде қолдануға болмайды.

АӨФт және БРА II бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімдегі жекелеген жағдайларда, маманның мұқият бақылауы және бүйрек функциясын, су-электролиттік теңгерімін, артериялық қысымды міндетті түрде мониторингілеу керек.

Плазминогендердің тіндік белсендіргіштері

Плазминогеннің тіндік белсендіргіштерімен бірге жүретін ем ангиодистрофияның даму қаупін арттыруы мүмкін.

Бейтарап эндопептидаза тежегіштері

АӨФ тежегіштерін және рацекадотрилді (энкефалиназаның тежегіші) бір мезгілде қолданғанда ангионевроздық ісінудің жоғары даму қаупі туралы хабарланған.

АӨФ тежегіштерін құрамында сакубитрил (неприлизин тежегіші) бар дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданған кезде ангионевроздық ісінудің даму қаупі артады, осыған байланысты аталған препараттарды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімде. АӨФ тежегіштерін құрамында сакубитрил бар препараттарды тоқтатқаннан кейін кемінде 36 сағаттан кейінге тағайындау керек.

Құрамында сакубитрил бар препараттарды АӨФ тежегіштерін алатын пациенттерге, сондай-ақ АӨФ тежегіштерін тоқтатқаннан кейін 36 сағат ішінде тағайындауға болмайды.

Плазминогендердің тіндік белсендіргіштері

Обсервациялық зерттеулерде ишемиялық инсульттің тромболизистік еміне алтеплазаны қолданғаннан кейін АӨФ тежегіштерін қабылдаған пациенттерде ангионевроздық ісіну дамуының жоғары жиілігі анықталды.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Лизиноприлді пероральді тәулігіне 1 рет шамамен әрдайым бір мезгілде қабылдау ұсынылады. Ас қабылдау лизиноприл таблеткаларының сіңуіне әсер етпейді. Дозаны пациенттің реакциясына және артериялық қысымға қарай жекелей анықтау керек.

Артериялық гипертензия

Лизиноприлді монотерапия ретінде де және басқа да гипертензияға қарсы препараттармен біріктірілімде қолдануға болады.

Бастапқы дозасы. Артериялық гипертензиямен пациенттер үшін ұсынылатын бастапқы доза 10 мг құрайды.

Өте белсенді ренин-ангиотензин-альдостеронды жүйемен пациенттер (атап айтсақ реноваскулярлы гипертензиямен, организмнен тұздың шығарылуының күшеюімен және/немесе жасуша аралық сұйықтықтың төмендеген көлемімен, жүрек жеткіліксіздігімен немесе ауыр артериялық гипертензиямен) бастапқы дозаны қабылдағаннан кейін артериялық қысымның айтарлықтай төмендеуін сезінуі мүмкін. Осындай пациенттер үшін ұсынылған доза 2,5-5 мг құрайды, емнің басы дәрігердің тікелей бақылауымен жүруі керек. Бүйрек жеткіліксіздігінде де бастапқы дозаны азайту ұсынылады (төмендегі кестені қара).

Демеуші доза. Әдеттегі ұсынылатын демеуші доза тәулігіне бір рет 20 мг құрайды. Егер осы дозаны тағайындау 2-4 апта ішінде жеткілікті емдік әсер бермесе оны жоғарылатуға болады. Ең жоғары тәуліктік доза 80 мг құрайды.

Диуретик препараттарды қабылдайтын пациенттер

Симптоматикалық гипотензия Лизиноприлмен емдеуді бастағаннан кейін пайда болуы мүмкін. Бұл Лизиноприлмен емделуде диуретиктерді қабылдайтын пациенттерде мүмкін. Осындай пациенттерге организмнен тұздың шығарылуының күшеюі және/немесе жасуша аралық сұйықтықтың төмендеуі мүмкіндігіне байланысты дәрілік заттарды сақтықпен қабылдау ұсынылады. Егер осындай мүмкіндік болса, Лизиноприлмен емдеуді бастағанға дейін 2-3 күн бұрын диуретиктермен емделуді тоқтату керек.

Диуретиктермен емделуді тоқтата алмайтын, артериялық гипертензиямен пациенттер үшін емді 5 мг дозадан бастау керек. Бүйрек функциясын және қан сарысуында калий деңгейін бақылау керек. Лизиноприлдің келесі дозаларын артериялық қысымның реакциясына сәйкес таңдау керек. Қажет болған жағдайда диуретиктермен емдеуді жаңғыртуға болады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Лизиноприл бүйрек арқылы шығаратындықтан, бастапқы доза КК (креатинин клиренсі) байланысты анықталады: КК 30-80 мл/мин – 5-10 мг/тәулігіне, КК 10-30 мл/мин – 2.5-5 мг/тәулігіне, 10 мл/мин аз, оның ішінде гемодиализдегі пациенттер – 2.5 мг/тәулігіне. Демеуші доза АҚ байланысты, бүйрек функциясын, қан сарысуындағы К+ және Na+ концентрациясын бақылаумен анықталады.

Лизиноприлдің ең жоғары дозасы тәулігіне 80 мг құрайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны таңдау.

Кесте. Бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттер үшін дозаны іріктеу.

Бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттер үшін дозалануы төмендегі кестеде көрсетілгендей, КК негізделуі керек.

* - Дозасын және/немесе қабылдау жиілігін артериялық қысымының реакциясының көрсеткішіне қарай есептеу керек.

Дозаны біртіндеп артериялық қысым қалпына келгенше немесе ең жоғары тәулігіне 40 мг дозаға жеткенше біртіндеп жоғарылатуға болады.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

Симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігімен пациенттерге Лизиноприлді диуретиктерге, оймақгүл препараттарына немесе β-адреноблокаторларға қосымша ем ретінде қабылдау керек. Лизиноприлмен емді тәулігіне 1 рет 2.5 мг дозадан бастауға болады, препараттың артериялық қысымға алғашқы әсерін анықтау үшін, препаратты қабылдауды дәрігердің бақылауымен жүргізу керек.

Лизиноприлдің дозалануын жоғарылату керек:

дозаны 10 мг асырмай жоғарылатады;

дозаны жоғарылату аралығы 2 аптадан кем еместі құрауы керек;

пациент көтере алатын жоғары дозада, ең көп дегенде тәулігіне 1 рет 35 мг дейін.

Дозаны таңдау әрбір жеке пациенттің клиникалық реакциясына негізделуі керек.

Лизиноприлмен емді бастағанға дейін, симптоматикалық гипотензияның жоғары қаупі бар пациенттер, мысалы, гипонатриемиямен немесе онсыз организмнен тұздың жоғары шығарылуымен пациенттер, гиповолемиямен немесе диуретиктермен қарқынды ем алған пациенттер бұл мүмкін болса, жағдайын жақсартуы керек. Бүйрек функциясын және қан сарысуындағы калий деңгейін бақылау керек.

Диабеттік нефропатия

2 типті қант диабеті, асқынған гипертензия және нефропатияның бастапқы сатысы бар пациенттер үшін тәуліктік доза тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. Доза диастолалық АҚ 90 мм сын. бағ. төмен төмендету үшін тәулігіне 20 мг-ға дейін ұлғайтылуы мүмкін.

Жедел миокард инфарктісі.

Жағдайларға байланысты пациент тромболитиктермен, аспиринмен және β-адренорецепторлардың блокаторларымен ем секілді стандартты ұсынылған емді қабылдауы керек. Осымен бірге нитроглицеринді қабылдауға болады (оның ішінде трансдермальді).

Бастапқы доза (бастан өткерген инфарктіден кейін алғашқы 3 күн).

Лизиноприлмен емдеуді бірінші симптомдары пайда болғаннан кейін алғашқы 24 сағатта бастауға болады. Емді систолалық АҚ көрсеткіші 100 мм с. б. аз болса бастауға болмайды. Лизиноприлдің бастапқы дозасы пероральді 5 мг құрайды, содан кейін 24 сағаттан соң 5 мг, 48 сағаттан соң 10 мг және 10 мг күнделікті қабылдау керек. 120 мм с. б., аспайтын систолалық қысыммен пациенттерге инфаркттен кейін емнің алдында немесе ем кезінде алғашқы 3 күн емді төмен дозадан - 2,5 мг бастау керек.

Бүйрек жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі < 80 мл/мин) Лизиноприлдің бастапқы дозасын пациенттің креатинин клиренсінің көрсеткіштерімен сәйкес таңдау керек (кестені қара).

Демеуші доза. Ұсынылған демеуші доза тәулігіне 1 рет 10 мг құрайды. Артериялық гипотензия пайда болған жағдайда (систолалық қысым 100 мм с.б. төмен), тәуліктік демеуші доза 5 мг аспауы керек, қажет болған жағдайда аталған дозаны 2,5 мг дейін төмендетуге болады. Егер Лизиноприлді қабылдағаннан кейін ұзартылған артериялық гипотензия (систолалық қысым 1 сағаттан астам уақыт ішінде 90 мм с.б. төмен болып қалады), байқалса Лизиноприлмен емді тоқтату керек. 6 апта ішінде емдеу ұсынылады, содан кейін пациенттің жағдайына қайтадан бағалау жүргізу керек. Жүрек жеткіліксіздігі симптомдарымен пациенттерге емді ары қарай жалғастыру керек.

Егде жастағы пациенттер

Лизиноприлдің бастапқы дозасын кестеде келтірілген нұсқауларға сәйкес таңдау қажет. Осыдан кейін дозаны реакциясы және артериялық қысымға сәйкес таңдау керек.

Бүйрек ауыстырып салғаннан кейін пациенттерде қолдану

Жақында бүйрек трансплантациясын өткерген пациенттерде лизиноприлді қолдануға қатысты тәжірибе жоқ. Сондықтан бұл жағдайда лизиноприл қабылдау ұсынылмайды.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін айқындау үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін ұсынымдар

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладылизиноприл таблеткалары 5 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube