daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Лютеин Қынаптық Таблеткалар 200 Мг №30 | Adamed Pharma S.A.

Қоймада жоқ
Таразе қаласындағы Лютеин Қынаптық Таблеткалар 200 Мг №30 | Adamed Pharma S.A.
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ақ немесе ақ дерлік түсті, бір жағында “100” және екінші жағында “22” өрнегі бар таблеткалар (100 мг доза үшін). Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар (200 мг доза үшін).

Халықаралық атауы:

Прогестерон

Өндіруші:

Adamed Pharma S.A.

Өндіруші ел:

Польша

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза моногидраты, желатинделген крахмал (жүгері), натрий кроскармеллозасы, гипромеллоза, лимон қышқылы моногидраты, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, тазартылған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ақ немесе ақ дерлік түсті, бір жағында “100” және екінші жағында “22” өрнегі бар таблеткалар (100 мг доза үшін). Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар (200 мг доза үшін).

Белсенді заттың дозасы:

200 мг

Дәрілік түрі:

Қынаптық таблеткалар, 100 мг және 200 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Бедеу әйелдерді жасанды жолмен ұрықтандыру бағдарламасын жүргізу кезінде лютеинді фазаны қолдау үшін.

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, Lapp (ЛАПП)- лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар

жыныс жолдарынан шығу тегі белгісіз қан кету

толық емес түсік немесе жатырдан тыс жүктілік

бауырдың ауыр жеткіліксіздігі немесе анамнездегі бауыр аурулары

сүт бездері мен жыныс мүшелерінің күдіктенген немесе анықталған обыры

артерия немесе вена тромбоэмболиясы (мысалы, терең веналар тромбозы, өкпе эмболиясы) немесе айқын тромбофлебит, сонымен бірге анамнезде болуы

порфирия

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Жасанды жолмен ұрықтандыру бағдарламасын жүргізу кезінде лютеинді фазаны қолдау үшін:

Ересектер эмбрион трансфері жүргізілген күннен бастап күніне 3 рет интравагинальды 1 таблеткадан қабылдайды. Егер жүктілік расталса, Лютеинді қабылдауды 30 күн бойы жалғастыру керек.

Егде жастағы пациенттер

65 жастан асқан пациенттерде қолданылуы бойынша клиникалық деректер жоқ

Балалар мен жасөспірімдер

Балалар мен жасөспірімдерде Лютеинді қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы жеткілікті деректер жоқ.

Халықтың ерекше топтары

Бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде Лютеинді қолдану тәжірибесі жоқ.

Қолдану тәсілі

Лютеин, қынаптық таблеткалар препараты қоса берілген аппликатормен тікелей қынапқа енгізуге арналған.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Прогестеронмен артық дозаланудың ең көп таралған симптомы: ұйқышылдық болып табылады. Артық дозалану емі тиісті симптоматикалық және демеуші ем тағайындаумен бірге Лютеин қабылдауды тоқтату болып табылады.

Шығарылу түрі

100 мг доза үшін поливинилхлоридті/90/поливинилдихлоридті (ПВХ/90/ПВДХ) үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 15 таблеткадан салынған.

200 мг доза үшін поливинилхлоридті/90/ поливинилдихлоридті (ПВХ/90/ПВДХ) үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

100 мг доза үшін 2 пішінді қаптамадан 100 аппликатормен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

200 мг доза үшін 3 пішінді қаптамадан 200 аппликатормен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладылютеин қынаптық таблеткалар 200 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube